Холдингтік компаниялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Аралас холдингтен диверсификацияның жоғары дәрежесі мен және топ компанияларының арасындағы байланыстардың әлсіреуімен сипаталатын өндірістік концерндер немесе конгиомераттар болып табылатын ҚӨТ/ң көбісінің бас компаниялары ретінде тараған. Бірақ соңғы онжылдықтарда қаржылық және қаржылық емес фирмаларды көпұлттық топтың құрлымдарға біріктіретін қаржылық холдинттік компаниялардың артуы байқалып отыр. Мұндай холдингтар қаржылық ұйымдар бола отырып басқа қаржылық институттардан-банктерден, инвестициялық қорлардан функционалды ерекшеліктері бар. Банктерге қарағанда холдинттік компаниялар қаржылық емес кәсіпорындарға яғни өнеркәсіптік, сауда, құрлыс және басқа да фирмаларға тікелей инвестицияларды жүзеге асыруда заңмен шектелмеген.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 . Холдингтік компаниялар
1.1.Компаниялар топтарының құру механизмі
1.2 Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері
1.3 «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы
1.4 Холдингтік Компания «Топаз»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

холдинг.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

Республикасының Премьер-министрі басқаратын "Самрұқ-Қазына"

Директорлар кеңесі арқылы мемлекеттің тікелей қатысуын айқындайды.

Директорлар кеңесіне қаржы, экономика және сауда, мұнай-газ өнеркәсібі, индустрия және жаңа технологиялар министрлері және үш тәуелсіз директор.

 

Қазақстандық "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басымдылықтағы қамсыздандырылмаған ноталарының шығарылымына "ВВВ+" алдын ала рейтингі берілді

Лондон (Standard & Poor’s), 2011 жылдың 17 наурызы - бүгін Standard

& Poor’s Кредиттік  рейтингілер қызметі "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ ("Самрұқ-Қазына" қоры) (шетел валютасындағы міндеттемелері

бойынша рейтингі: ВВВ/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша: ВВВ+/Тұрақты/А-2) қазақстандық мемлекеттік холдингтік компаниясы орналастыруды жоспарлаған, 75 млрд теңге көлемінде ноталардың жетіжылдық шығарылымына ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша басымдылықтағы қамсыздандырылмаған қарыздың ұзақмерзімді "ВВВ+" рейтингісі берілдгендігін хабарлады.

 

Ноталар рейтингтері "Самрұқ-Қазына" қорына берілген шетел валютасындағы 

міндеттемелер бойынша ұзақмерзімді кредиттік  рейтингіге теңестірілді.

Шығарылым көлемі және пайыздық мөлшерлемесі, сондай-ақ басқа да

детальдары  орналастыру процесі барысында анықталады.

 

 

 

1.4 Холдингтік Компания «Топаз»

 
Шығыс Қазақстанда геологиялық  қызметтің туылуы 1929 жылы руда басқармасында  геологиялық бөлімдер мен кеңселер құруымен басталды.

1940 жылы кенөндіру  мекемеснде бірнеше геологиялық  барлау кеңселерін қосқан «Алтайцветметразведка» тресті құрылды. Соғыс уақытында қайта құрылған бұл құрылым қорғаныс өнеркәсібі үшін түрлі-түсті металл қорларын барлауда ұлкен рөл атқарды. 1957 жыл Республиканың шығыс өңірінде геологиялық барлау жұмыстарының күшеюімен, Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының құрылуымен белгіленді, кейін бұл басқарма 1979 жылы Шығыс Қазақстан өндірістік геология бірлестігі «Востокказгеология» болып аталды. 80-ші жылдары бірлестік құрамын 8000 артық адам құрады, оның ішінде 23 ғылым кандидаты, мыңдаған мамандар жоғары білімді, 1440 орта техникалық білімі бар адамдар жұмыс істеді.

«Востокказгеология» бірлестігі құрамында 9 экспедиция, 47 дала партилары, 160 бұрғылама бригадаларымен 280 мың.кв.км. аумағында табиғат айырмашылығына ұарамай, шөл даладан бастап таулы орман және мұз қатпарларда жұмыс атқарды. 1993 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің № 797 Қаулысымен Шығыс Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестік «Востокказгеология» Мемлекеттік Холдингтік Компания «Топаз» болып қайта құрылды.

1996 жылы Шығыс Қазақстан Аймақтық мемлекеттік мүлік басқарма комитетінің № 369 Қаулысымен МХК «Топаз» Акционерлік Қоғам «Топаз» болып қайта құрылды. ТОО геологиялық компания «Топаз» АҚ «Топаз» компаниясының ресми құқық қолданушысы болып табылады және ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Востокказгеология» бірлестігінің білікті мамандарын қайта жинақтап және материалдық-техникалық базаны сақтап қалды. МХК «Топаз» кәсіпорыны қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстан аумағындағы ең ірі геологиялық барлау кәсіпорының біреуі болып табылады. Тиімдә басқару, жақсы материалды-техникалық база және барлық бағыттағы жоғары білікті мамандар (геологтар, гидрогеологтар, геофизиктер, бұрғылаушылар, палеонтологтар, химик-аналитиктер) мемлекеттік сұраныс жұмыстарын және Қазақстанның жеке кәсіпорындарының келісім жұмыстарын жемісті орындауға көмек көрсетеді. МХК «Топаз» геологиялық қызмет нарығында белсене жұмыс атқаруда. Геологиялық барлау жұмыстары кәсіпорынның жеке ұызметтерімен жүргізіледі. Біз өз тапсырушыларымызға толыұ геологиялыұ барлау жұмыстарын және жер пайдалануларын шешетін жеке іздеу әдістерін ұсынамыз.

МХК «Топаз» мамандарымен аймақтық – геологиялық түсіру, 1:200 000 көлемде және жергілікті –  іздеу, іздеу-бағалау,әртүрлі тиімді көмбелерді барлау жұмыстары шешіледі. Сонымен қатар, іздестіру құрамына жерасты суларын қорғауды қадағалау, сутартқыштарының ластану заңдылығын және бастауын зерттеу, оны қалпына келтіру, геологиялық үрдістердің қауіптілігін зерттеуде инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізу, арнайы жабдықталған орындарда жер асты сілкіну жаршыларын зерттеу кіреді. Үлкен аумақты лабороториялық жұмыстар атқарылады. Және тұрғындарға гидрогеологиялық құбырларды бұрғылау қызметі көрсетіледі. Біздің кәсіпорын өз потенциалын арттыруда, бұрынғы жинақталған жұмыс әдістерін толықтандыруда және әрдайым өзінің материалдық-техникалық базасын жаңартып отырады. Қазіргі уақытта МХК «Топаз» кәсіпорынымен ҚХР шекарасынан Семей Ертіс жағалауының солтүстік батысына дейін, және де Зайсан өңірінде, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында геологилық түсіру, гидрогеологилық, іздеу және барлау жұмыстары атқарылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 
Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып  табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.  
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.  
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.  
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.  
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.  
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

 
1. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2003ж  
2. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы»,Алматы, 2008ж  
3. «Қаржы қаражаты» журналы,2003ж, №4

 

 
                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Холдингтік компаниялар