Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

Сонымен халықаралық валюталық қатынастар дегеніміз - ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Содержание

Жоспар
І.Кіріспе...........................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
1)Халықаралық валюталық қатынастар және валюта жүйесі.........................4
2)Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері(эволюциясы)................10
ІІІ.Қорытынды..............................................................................................14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................15

Работа содержит 1 файл

Халықаралық валюталық қатынастаржәне.docx

— 53.54 Кб (Скачать)

            Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 192919З6 жылдары дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей:

-циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;

-құрылымдық сипат; дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;

-ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

-30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа 9шырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын терендете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

         Бреттон-вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт нысанын карастырды:

-валюталардың  алтынның құрамы сақталып, оларды  ХВҚ-да тіркеу енгізілді.

-алтын  халықаралық төлем және резервтік  құрал қызметінде қала берді.

-АҚШ  өзінің валюталық-экономикалық әлеуетінің  және алтын қорының өсуімен  байланысты долларды алтынға  теңестіріп, оған басты резервтік  валюта мәртебесін талап етгі.

-осы  мақсатта, АҚШ қазынашылығы долларды  шетелдің орталық банктерінің  алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы 1 троиск ункциясы 31,1035г=35 долларға тең болатын.

-валюталардың  бағамдық шекті қатынасы мен  олардың алмастырылуы долларға  бейнеленген валюталық құрамы незгізінде жүзеге асырылды.

-бірінші  рет тарихта халыкаралық валюталық-несиелік  ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры  және Дүниежузілік қайта құру  және даму банкісь(ДКДБ) құрылды.

           60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей:

-Экономкалық  тұрақсыздығы және қайшылықтар;

-Бәсекелестік  қабілетіне кері әсер етті;

-Төлем  балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір  елдердің балансында тапшылық  болды (АҚШ, Ұлыбритания);

     Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.

          СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:

-эмиссиялау  және бөлу;

-қамтамасыз  ету;

-бағамды  анықтау әдісі;

-СДР-дің  пайдалану ауқымы;

         1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес,    Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

-Доллар  бағамының төмендеуі мынадай  факторларға байланысты болды:

-АҚШ  экономикасы өсуінің баяулануы;

-доллар  бағамының, оның сатып алу қабілетімен  салыстырғанда 15—30%-ке жоғарылауы;

-АҚШ-тың  төлем балансының тапшылығы мен  мемлекеттік бюджет тапшылығының  өсуі;

-Инфляцияның  ұлғаюы;

-АҚШ-тың  ішкі және сыртқы қарыздарының  өсуі;

         Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

        Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

        Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.

        Еуропалық экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.

 1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.

        ЕҚ-тың максаты:

-шаруашылықты  мемлекетаралық реттеу базасында  экономикалық және саяси одақ  құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке  айналдыру;

-Батыс  Еуропа орталығының, АҚШ және  Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы  монополияларымен күресуде ұстанымдарын  нығайту;

-Батыс  Еуропалардың бұрынғы отарлары  ретінде дамушы елдерді, өзінің  әсер ету аясында ұжымдық күште  ұстау.

       Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

          Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.

         Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

         Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).

         Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.

         ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.

          Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;

        ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;

         Әлеуметтік экономикалық комитет және— кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.

          Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

          Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        Қорытынды

     Сонымен қорыта келгенде, халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

        Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

-Ұлттық валюталық жүйе;

-Дуниежүзілік валюталық жүйе; 

-Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

         Бұл жерде тағыда айта кетсек, валюталық бағам дегеніміз - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

         Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал ететінін айта кетсек болады:

        Бұл жерде инфляция қарқынына тоқталдық.Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы,ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

         Төлем балансының жағдайы айта кеттік. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

          Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

-нарықтық реттеу;

-мемлекет тарапынан реттеу;

         Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

I кезең  — жаңа жүйенің қағидаларының  қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы  жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең  — жаңа жүйенің қағидаларының  құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең  — толық қызмет ететін жаңа  дүниежүзілік жүйе құрылады.

         Ең басты осы валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің эрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. 
 

        Пайдалынылған әдебиеттер

 
1. 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы.  Алматы. Атамұра., 2008. 
2. "Валюталық реттеу туралы" ЌР заңы, 24.12.96. 
3. "ҚР Ұ¦лттық Банкі" туралы ҚР Президентінің Жарлығы 30.03.95. 
4. "Банк және банк қызметі туралы" ҚР Президентінің Жарлығы 31.08.95. 
5. "Шетел валютасымен пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялаудың тєртібі туралы ереже", 24.04.97 /өзгерістер мен толықтырулармен 27.01.98. 
6. Капиталдың қозғалуына байланысты валюталық операцияларды тергеудің Ережесі,27.10.98./ 
7. ҚР Валюталық операцияларды жүгізудің Ережесі 23.05.97 /өзгерістер мен толықтырулар 19.02.99./ 
8. "Экспорттық-импорттық валюталың бақылауды ҚР-да ұйымдастырудың Нұсқамасы", 05.12.98. 
9. «ҚР-да қолма-қол шетел валюта Нұсқамасы", 19.02.99. 
10."Шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды есепке алу ережесі". БЕЖ. ҚР ¦Бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген. 13.11.96. 
11.
География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.

12.Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7 

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйелері