Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:46, реферат
Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%).
Кіріспе
Негізгі бөлім
Францияның макроэкономикалық жағдайы
Ақша – несие саясатының қалыптасуы
Франция Банкі
Қаржы – несиелік мекемелер жүйесі.
Қорытынды
Франция Банкінің аймақтық мекемелерінің ұйымдастырушылық жүйесі географиялық приндіп бойынша құрастырылған. Әр аймақтық мекеме әдетте әкімшілік бірліктердің шекарасымен сәйкес келетін өз географиялық аймағында істейді. Аймақ көлемі де есепке алынады. Сөйтіп, 66 департаментте бірнеше аймақтық мекеме жұмыс істейді, ал 30 департаментте – бір – бірден.
Франция Банкінің аймақтық мекемелер жүйесінің құрылуының функционалдық принціптері болып олардың салалық мамандануы және қызметтің нақты бағыттарына бейімделу табылады. Олардың ішінде:
● қолма – қол және қолма – қолсыз ақша айналысымен және есеп айырысу жүелерімен басқару;
● шетел операцияларымен басқару;
● банктік жүйені және тәуекелдерді бақылау;
● мәліметтерді жинау, талдау және қаржылық емес кәсіпорындар туралы ақпараттың – аналитикалық материалдарды дайындау;
● статистикалық материалдарды, экономикалық, қаржылық және ақша – несиелік шолуларды дайындау және тарату;
● жеке тұлғалардың артық шығындары туралы мәліметтерді дайындау, клиенттермен басқару, «Инфобанк» ақпараттық терезесін функционалдау және басқалары.
d)Қаржы – несиелік мекемелер жүйесі
Францияның қаржы – несиелік жүйесінің функционалдауы 1984 жылғы заңмен реттеледі. Ол өзіне үш деңгейді қосады: орталық банк ( Франция банкі); коммерциялық банктер, маманданған қаржы – несиелік мекемелер: инвестициялық, ипотекелық, ішкі сауда банктері, сақтандыру және қаржылық компаниялар, зейнетақы қорлары және басқалары.
Банктік мекемелер. Олар капитал салымдарын қаржыландыруға және несиелендіруге маманданады. Француздық банктердің үлесі жалпы ұлттық өнімнің шамамен 4 % тиісті, бұл шамалап көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты салалардың үлес салмағына сәйкес.
Әмбебап банктер қызметтің
барлық түрлерімен айналысады, оның ішінде
банктік функциялармен
Қазіргі уақытта Францияда жалпы саны 250 мыңнан астам жұмыскерлері бар 400-ден артық коммерциялық және инвестициялық банктер бар. 1984 жылы олардың бәрі Француз банктерінің Ассоциациясына бірікті. Оған 35 ірі ұлттандырылған банктер, сонымен қатар олардың 120 филиалы, 74 француздық жеке меншік банктер және шетел капиталымен реттелетін 151 жеке меншік банк кіреді.
Несиелік мекемелердің едәуір
мәнді категориясы болып коммер
● ресурстарды қалыптастыру;
● меншікті активтермен басқару;
● төлем құралдарымен басқару;
● банкаралық операцияларды орындау;
● қаржылық және өзге қызметтерді көрсету.
Француз банктерінде меншікті капитал екі бөліктен құралады: базалық және қосымша қаражаттардан. Меншікті капиталмен қатар банк пассивіне тартылған қаражаттар кіреді – депозиттік және депозиттік емес. Несиелік операциялар банк активтері статьяларының ең үлкен тобы болып табылады. Несиелендірудің кең тараған түрлері:кәсіпорындардың ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыруға, олардың инвестицияларына, жеке тұлғалардың тұтынуына және несиелендіруіне шығындары үшін несие.
Инвестициялық банктер кәсіпорындарға олардың салымдарын қаржыландару үшін несиелер ұсынады және ұзақ мерзімді және орта мерзімді операцияларды жүзеге асырады. Банктердің бұл категориясына жатады:
● қаржылық кеңес беруге, мүлікті басқаруға, сонымен қатар француз кәсіпорындарының капиталдарын халықаралық орналастыруға маманданған жеке меншік банктер;
● өнеркәсіптік банктер; олар кәсіпорын қызметіне қатысатын іскер банктер және кәсіпорындарға қаражат салу үшін қарыздар беретін және салымдар жинайтын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер банкі болып бөлінеді.
Еуропалық Одақтағы экономикасы ең қуаттылар қатарындағы Францияның көрсеткішін «ААА»-дан «АА+» деңгейіне дейін төмендету – әлемдік қор нарығында да әбігерге салды.
Францияның қаржы министрі Франсуа Баруэннің пікірінше, рейтингтік агенттіктердің болжамдары мен берген бағалары Францияның қаржы саясатына кері ықпал ете алмайды. Ал еуроаймақа мүше елдердің қаржы министрлерінен құрылған топтың басшысы Жан-Клод Юнкер рейтингтік агенттіктердің сынына қарамастан, аймақ экономикасын өсіруге күш салатындықтарын айтты
Франция үкіметі ақпан айының
аяғына дейін ауқатты адамдарға салынатын салықтың жаңа нұсқасын әзірлеп шығады.
Экономика және қаржы министрі
Пьер Московиси Франс-2 телеарнасына
берген сұхбатында елдегі ауқатты адамдарға
көбірек салық салу идеясынан бас
тартпайтынын мәлімдеді.
Ал Франсуа Олланд жылдық табысы 1 млн. еуродан асатын жеке тұлғаларға 75 пайыз көлемінде салық салу туралы ұсыныс айтты. Дегенмен, бай адамдар бұл ұсынысқа өз наразылықтарын білдіріп, активтерін шетелдік есепшоттарға аударып, тұрақты мекен-жайларын өзгертіп үлгерген.
Үкімет жыл басында жоғарыда аталған заң жобасын қабылдамақ болған еді. Конституциялық кеңес әзірленіп жатқан бұл жобаның заң талаптарына қайшы келетінін алға тартып, мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдірмеді. Сондықтан Министрлер кабинеті заң жобасын қайта қарастыратын болады.