Автор: n***************@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 07:16, доклад
1.1 Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығы
1.1 Еңбек нарығы
– бұл тауар болып табылатын еңбек
ресурстарының нарығы, бұлардың тепе –
теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс
пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен
белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке
қабілетті адамдар нарықтың агенттері,
- еңбек нарығында өзара қатынаста болады.
Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс
механизімі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде
жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және
еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын)
экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады.
Еңбек нарығының қызыметтері қоғам өміріндегі
еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың
және жақсы хал – жағдайдың өте маңызды
көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз
өте маңызды өндірістік ресурс ( фактор
) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек
нарығы екі қызымет атқарады.
Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары
мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей
дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлерідің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде
ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады.
Еңбек нарығының экономикалық функциясына
еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану жатады.
Еңбек нарығы бір сыпыра ынталандыру функцияларын
атқарады, олар бәсекелестік қабілеттін
күшеюне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның
өсуіне, квалификацияның жоғарлуына, мамандықты
ауыстыруға тағы басқа мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық
үлгісінің негізін мынадай принциптер
құрайды : фирмалардың ынталарын бенелейтін
және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілернің
көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін
және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің
көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектілердің
тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріні
жетуді және пайда табуды көздегенмен
белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында
еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер
болмайды. Жұмыс берушілер ұсыныстын жұмыс
орындары және жұмыскерлер ұсыныстын
жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер
санымен өлшенеді.
Икемді нарықтын механизімі баға арқылы
жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген
бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай
нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген
жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға
әсер ете алмайды: жалақының тепе – теңдік
ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне
тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен,
яғни нарықтық прцестің барлық мүшелерінің
жалпы өзара әсерлермен белгіленеді.
1.2 Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке
сұраныстың қисық сызығының еңкеюі теріс
брышты болады: жалақының жалпы дәрежесі
өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей
түседі. Көлденең білік – еңбектің саны
(Q), тік білік (P) – жалақының ставкасы.
Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею
бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің
өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады
( 1.2 сурет ) . Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық
сұраныспен есептесе отырып, тауарлар
мен қызыметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы
бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс
берушілердің жалдауға қажеттіліктермен
белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті жастағы адамдардың
өздерінің қабілеттерін әдеттегідей ұдайы
өндіру керек қажеттіктермен белгіленеді.
Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың
әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен,
шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен,
адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалмфикациялық
– мамандық құрылымымен, несие – қаржы,
салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың,
мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызыметтерімен
қалыптасады. Сұраныс (DD) пен ұсыныстың
(SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының
тепе – теңдік дәрежесін (PE) көрсетеді
де жалақының осы дәрежесінде экономикада
толық жұмыспен қамту байқалады: Qe – еңбекке
сұраныс еңбек ұсынысына тең ( 1.3 сурет).
Жетілген бәсеке жағдайында жалақының
тепе – теңдік дәрежеден ұзақ мерзім бойы
ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен
тепе – теңдік дәрежеден артық өсуі фирма
жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді.
Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек
ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек
ұсынысының артықшылығы пайда болады.
Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық
жалақы мен оның тепе – теңдік дәрежесінің
жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден
төмендеп кеткен болса, керсінше процесс
жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы
еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының
жалпы тепе – теңдігімен және жалақының
тепе – теңдік дәрежесімен сипатталады.