Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 02:23, дипломная работа
Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкалармен операцияларын ұйымдастырылуы және дамуы.
Төлем карточкаларның қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдаланылуы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Кіріспе
1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның теориялық негізі
1.1 Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2 Төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі
1.3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
2.1 Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау
2.2 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы.
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері
3 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары шымкент
3.1 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру
3.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
| Кіріспе |
|
1 | Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның теориялық негізі |
|
1.1 | Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері |
|
1.2 | Төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі |
|
1.3 | Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері |
|
|
|
|
2 | Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы |
|
2.1 | Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау |
|
2.2 | «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы. |
|
2.3 | «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері |
|
|
|
|
3 | Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары шымкент |
|
3.1 | «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру |
|
3.2 | Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары |
|
3 | Қорытынды |
|
| Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
|
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкалармен операцияларын ұйымдастырылуы және дамуы.
Төлем карточкаларның қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдаланылуы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына төлем карточкаларын және электронды ақшаларды қолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналымының қысқаруын, ақша айналымына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Әлемде төлем карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді. Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN, ЕРТІС, Каспийский) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International, American Express, HSBC, Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
-халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
-алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
-магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктер магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым: Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау, карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыс міндеттері:
-Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін қарастыру;
-Төлем карточкаларның түрлерін қарастыру;
-Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін талдау;
-Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай экономист ғалымдардың еңбектерін пайдаландым: Сейтқасимов Ғ.С., Көшенова Б.А., Мақыш С.Б., және т.б.
Қазақстандағы төлем карточкаларын шығаруға байланысты қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін жалғыз орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекетгік мекемесі болып табылады.Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі. Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Төлем карточкалардың ұғымы мен мәнін қарастырылған, төлем карточкаларның түрлерін қарастырылған, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар қызметін талдау жасалған, Коммерциялық банктрдің төлем карточкаларын дамытуға байланысты ұсыныстар жасалған.
Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Пластикалық карточкалар алдағы уақытта төлем құралымен бірге төлқұжат ретінде қолданысқа енбекші.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалып, дипломдық жұмыстың міндеті, зерттеу нысаны, Зерттеудің ғылыми жаңалығы , Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің тәжрибелік маңыздылығы, зерттеудің ғылыми жаңалығы айқындалады.
Бірінші тарауда-Қазақстандағы коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларның теориялық негізі, төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері, төлем карточкаларының пайда болуы мен айналымға енуі, төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері.
Екінші тарауда-Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы, Төлем карточкалар айналымы операцияларының дамуын талдау, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның шығаратын төлем карточкаларның түрлері.
Үшінші тарауда-Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары, «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру, Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары мен перспективалары.
Диломдық жұмыстың қорытындысында, жұмыстың маңыздылығы, дамыту жолдары мен негізгі ұсыныстары беріледі.
1.1 Төлем карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады.
Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады.
Пластикалық карточкалар банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады
Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті шарттар болуы тиіс:
- төлем карточкасын беру талаптары;
- төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;
- қосымша картокалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде);
- төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;
- төлем карточкасының және/
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды.
Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең 2000 жылдардың бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.
Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.
Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.
24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану ережесіне сәйкес, төлем карточкасы – бұл заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас операцияларын жүргізу үшін колданылатын карточка.
Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация жасайық.
Карточкалардың классификациясы – бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек. Карточкалық қызметтің мәні – оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы болып табылады.
Карточкалардың түрлері:
- қағаз (картонды);
- пластикалық;
- металды.
Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ, қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.
Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:
1) графикалық жазу;
2) эмбоссирлеу (қысу);
3) штрих-кодтау;
4) магнит сызығын кодтау;
5) чипті кодтау;
6) лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
7) радиожелілік жазу.
Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.
Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.
Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға страндарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.
1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік беретін автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін карточканың арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып 1969 жылы «Docutel» фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.
Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы ұстаушы арнайы Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.
Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO – International Organisation of Standartization) ойластырып бекітеді.
Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:
- карточканың өлшемі;
- магнитті сызықтың орналасуы;
- магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
- символдарды қысудың орны мен формасы.
Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушынының жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар Смарт-карталар деп те аталады.
Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:
- оготипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы: «Master Card», «Visa» және т.с.с.;
- карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.
Pos (ағылш. Point of Sale — сауда орны) — эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлійеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Төлем карточқаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырылады.
Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) — төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.
- Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
- операцияның жасалған күн;
- операция сомасы және валютасы;
- эмитент банктің операцияларды авторизациялауды
- банктік карточканың өзіне тән белгілері;
- слипте карточканы ұстаушының қолы.
Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.
Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-
«Он-лайн» режимі (ағылш. on-line — нақты уақыт режимі) — банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайн» реэісимі (ағылш. off-line — қолжетімсіздік) — банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.
Эквайрер банк - банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.
Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.
Ұлттық процессингтік орталық — төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.
Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:
-төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетгі құжаттарды дайындау;
-төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
-телем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
-төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
-қатысушы банктерді техникалык және ақпараттык жағынан қолдау;
-төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру .
Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:
- интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы мүмкін, мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету мерзімі;
- интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards). Бұл карточкаларда мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін.
- суперинтеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards). Сырт пішінімен смарт-карталардың гибридін еске түсіреді.
Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуда «электронды әмияндар» қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық пен микросхема қоса орналасады.
Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады. Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.
Радиожелілік жазу радиосигналдар арқылы карточкадағы мәліметтерді айырбастауға мүмкіндік береді.
Радиожелілік карточкаларды келесі мақсаттарға пайдаланған жөн:
- кәсіпорын территориясында персоналдың қозғалысын электронды бақылау үшін;
- өндірісті, тауарды және кедендік қоймаларды, дүкендерді, тауарлардың қозғалысын бақылау үшін;
-мәліметтерді автоматты жинау және қажеттілік жағдайында темір жолдарда, ақылы автокөлік жолдарында, жүк станцияларында және терминалдарда төлемді жүргізу;
-қоғамдық транспорт-қозғалысты басқару, проезді төлеуді басқару т.б.
Мұндай карточкалардың негізгі ерекшеліктері:
- карточкалар тез оқылады;
- тікелей байланыс керек жоқ;
- карточкалар лай, бу, су, бояу, пластмасса арқылы да оқылады;
- карточкаларда көп мәліметтер сақталады.
Карточкаларды эмитент пен ұстаушы арасындағы есеп айырысу тәсілі бойынша классификациялаудың маңызы зор.
Карточкалардың келесідей түрлері бар:
1) несиелік;
2) дебеттік (төлем);
3) оверддрафтты (есеп айырысатын) дебеттік;
4) алдын-ала төленген.
Несиелік және дебеттік карточкалардың бір-бірінен айырмашылықтары:
1) Несиелік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемін банкпен берілген несие арқылы жүргізеді;
2) Дебеттік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемі карточкалық шотта қалған қалдық бойынша жүргізіледі.
Әрқайсысын дәлірек қарастырайық.
Несиелік карточкалар шет елде кеңінен таралған. Несие тек банкпен ғана емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен де беріледі. Несие карточкалары өзімен эмитент арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жеке клиенттерге шығарылатын төлем карточкаларын білдіреді. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы шығаратын банк пен клиент арасындағы келісім-шартты білдіреді. Келісім-шартта проценттік ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем, несиені пайдаланудың мерзімі және т.б. шарттар айтылады.
Несие карточкасын пайдалану келесі операциялардан тұрады:
1) клиент пен банк-эмитент арасындағы несие карточкасы бойынша контракт;
2) клиент пен коммерсант арасындағы саудалық шарт;
3) коммерсант пен саудалық банк арасындағы дисконттық шарт;
4) саудалық банк пен банк-эмитент арасындағы есеп айырысулық шарт.
Дебеттік карточка өзімен клиенттің банктегі карточкалық шотында бар соманы ғана пайдалана алатынын білдіреді. Дебеттік карточка бойынша тауар және қызмет көрсетуге төлемді жүзеге асырған кезде банктік шотыңыздың жағдайы тексеріледі. Егер операция сомасы шоттағы қалдықтан асып кетсе, операция орындалмайды. Дебеттік карточка компьютерде иесі туралы кодталған ақпаратты (оның аты-жөні, шотының сәйкестендірме нөмірі) құрайды. Карточканы иесі салым салу үшін, қолма-қол ақша алу үшін, аударымдар жасау үшін пайдалана алады. Дебеттік карточка бойынша орындалатын операцияларға мыналар қатысады:
- аккредитив беретін банк;
- ұстаушы;
- делдал;
- реципиент (банк-эмитент, алушы банк, немесе сатушы банк).
Дебеттік карточка бойынша операциялар банкоматтар немесе POS-терминалдар арқылы жүргізіледі. Банкоматтар банктерде және карточкалар иесіне шотын басқаруға мүмкіндік беретін жерлерде орналасады.
Овердрафтты дебеттік карточкалар – шоттағы сомадан жоғары төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін дебеттік карточка. Карточканың иелеріне бұндай жағдайда қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл аралас карточка және дебеттік карточка мен несие карточкасының ортасында тұратын карточка болып табылады.
Алдын-ала төленген карточка да дебеттік карточканың бір түрі болып табылады. Карточканың жасалуы кезінде оның ұстаушысы туралы ештеңе мәлімсіз. Карточка дайын болғанда, оның шотына белгілі бір көлемдегі сома салынады. Бұндай карточканы алғанда оның ұстаушысы карточканың шотындағы ақша сомасын төлейді. Алдын-ала төленген карточкалар метрополитен қызметтері үшін және байланыс кәсіпорындары қызметтері үшін төлем жүргізуде кең тараған. Мысалы, Телеком, Тұлпар, Актив т.б. карточкалары, сонымен қатар халықаралық төлем жүйесіндегі «Visa Travel Money» карточкалары.
Карточкалар әр түрлі ұйымдармен шығарылады, сондықтан оларды мынандай эмитент типтері бойынша бөлуге болады:
-банктік әмбебап-банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
-жекеменшік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
- American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары.
- карточкалар шотты басқарудың құралы болғандықтан, олар басқару тәсілі бойынша да бөлінеді:
- автономды «электронды әмиян»;
- эмитенттегі шоты көшірілетін «электронды әмиян»;
- «шоттардың кілті» – шоттың иесін сәйкестендіру тәсілі.
Карточканы пайдалану туралы келісім-шарт жеке тұлғамен де, заңды тұлғамен де жасалады. Осыған байланысты карточкалар жеке және корпоративті болады.
Жеке карточкалардың негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның банкпен келісім-шарт жасасып, осыған сәйкес банк жеке тұлғаға шот ашып, несие лимитін тағайындап, карточка шығарады, жеке тұлға карточка үшін, шот ашқандығы үшін ақы төлем келісім-шартта айтылған шарттарды орындауға міндеттеледі.
Корпоративті карточкаларда келісім-шарт банк пен заңды тұлға арасында жасалады, бұл келісім-шарт бойынша заңды тұлға карточканы пайдалану құқығын қандай да бір жеке тұлғаға береді. Келісімшартқа сәйкес банк алдында жауапкершілікті карточканы ұстаушы емес, шоттың иесі алады. Ал шотты карточканы ұстаушы басқарады. Бір шотқа бірнеше карточкалар шығарылуы мүмкін, ал олардың ұстаушылары жалпы шоттан әр түрлі лимитте қаржы иеленеді. Бұндай шотты тек қана шоттың иесі – заңды тұлға толтыра алады, өйткені корпоративті карточкалар жол жүру шығындарына, көрме шығындарына т.б. арналады.
Қазақстандық банктерде карточкалардың тағыда бір кең тараған түрі бар – бұл «жалақылық» деп аталатын карточка. Белгілі бір ұйым банкпен оның жұмысшыларына карточкалар шығару туралы келісімшарт жасасады, ары қарай ұйым банкке ақша аударып тұрады және әрбір жұмысшыға тиесілі төлем тізімін береді. Банк шоттарға карточкалардың қаражаттарын аударады.
Қазақстанда пластикалық карточкаларға негізделген төлем жүйесін енгізу жұмыстары 90-жылдардың басында ірі банктермен – Халық Банкі, Қазкоммерцбанк, ТұранӘлембанкпен басталды. Төлем жүйесін құруда екі негізгі технологиялық шешім болды – магнитті сызығы бар карточкалар және микропроцессорлы карточкалар.
Қазақстан Халық банкі 1995 жылдардың аяғында Қазақстанда бірінші болып Europay/MasterCard ассоциациясына мүше болды, ал мыңдаған персонал мен Europay-дің сертификатталған бағдарламалық қамсыздандыруын иеленіп банк 1997 жылдың басынан бастап магнитті сызығы бар пластикалық карточкаларға негізделген «Алтын-Карт» карточкаларының жүйесін енгізуге кірісті.
Қазақстан тұрғындарының әр түрлі деңгейіне қол жетілетін және бюджетті ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны беру құқығын иеленген «Алтын» карточкасы арқылы Халық банкі «Алтын-Карт» төлем жүйесінің магнитті сызығы бар карточкаға негізделген ұлттық төлем жүйесі ретінде танылуына барлық мүмкіндіктерге ие болды.
Алматыда магнитті сызығы бар карточкаға негізделген нақты өзінің төлем жүйесін құрған бірінші банк – Тұран Әлем Банкі болды. 1995 жылы Alem Card карточкасы айналысқа шықты, оның көмегімен қазіргі кезде қолма-қол ақшаны алуға, Қазақстанның барлық қалаларында тауарлар мен қызмет көрсетулерге есеп айырысуға болады.
Қазақстандық ірі банктердің үштігіне кіретін Қазкоммерцбанк 1995 жылдан бастап Europay International жүйесінің толық мүшесі болып, Cirrus/Maestro карточкасын шығарады. 1997 жылдан бастап Visa жүйесіне мүше болып Electron, Classic, Business және Gold карточкаларын шығарды.
Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет керсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, белшек саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма-кол ақшаның көлеңкелі айналымын азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді. Төлем карточкасы ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы қолма-қол ақша массасын экономикаға тартудың, оны қолма-қол жасалмайтын айналымға аударудың неғұрлым қолайлы құралы.
Төлем карточкасы — бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және карточкасының эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы.
Карточка ұстаушының тауар алуы оны ұсынған бойда жедел жүзеге асырылады, ал сауда ұйымының ақша алуы банкке орындалған операция туралы хабарлау үшін және оның шотынан ақша аударуға қажетті уақыт өткеннен кейін жүргізіледі.
Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет керсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, белшек саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма-кол ақшаның көлеңкелі айналымын азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді.
2 – сурет. Карточка түрлерінің классификациясы
Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.
Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.
Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.
1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.
Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық карточкаларға ауыстырады.
Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.
1-кесте
Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының даму тарихы
Жылдар | Мағынасы | |
1914 | АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы. | |
1928 | Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады. | |
1940 | Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата түседі. | |
2-кестенің жалғасы | ||
Жылдар | Мағынасы | |
1960 | Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді. | |
1974 | Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың пайда болуы. |
Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы КСРО территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісім-шартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды.
Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесін төмендегі суреттен көруге болады:
1- сурет. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесі
Көріп отырғандай қазіргі таңда әлемдегі үш ірі төлем жүйесінің үлесі көп.Олар: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «American Express».
«Visa International» - карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында негізі қаланған. Компанияның иелері – бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы – Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен орындалатын операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen) болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі – 50 % шамасында.
Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты, компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.
American Express – пластикалық карточкалар нарығында карточкалар көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.
Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.
JCB International- 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.
Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралық ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:
- ұзындығы – 85,6 мм;
- ені – 54 мм;
- қалыңдығы – 0,76 мм;
- карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.
Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.
Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.
Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980 жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980 жылдардың аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.
1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі жоғары шешімдер қабылдай бастады.
Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары – микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.
Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).
Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісім-шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
2-кесте
Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері
Көрсеткіштер | Несиелік карточкалар | Төлем карточкалары
|
Клиент шоты | Ссудалық шот | Ағымдағы шот
|
Несиелендіру лимиті | Клиенттің несиеге қабілет-тілігіне байланысты пайдаланылады. | Клиенттің несиеге қабілеттілігіне байланыс-ты пайдаланылады. |
Төлем | Артқа қалдырылуы мүмкін | Әп сәтте жүзеге асырылады. |
Жылдық төлем | Жылдық төлем немесе комиссиялық төлем несие карточкасын пайдаланғаны-на байланысты алынып отырады. | Жылдық төлем алынады |
Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы есептеулерінің электронды жүйесін т.б. кіргізеді.
Пластикалық карточка – карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.
Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.
Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.
Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты.
Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:
- бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
- валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
- карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
- бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
- жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
- Internet жүйесі арқылы сауда жасау т.б.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және кодтау, эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);
- несиеге қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын анықтау, карточкалық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);
- авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде немесе телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту, ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);
- ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;
- биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу мерзімдері көрсетілген көшірімдер дайындау және жіберу);
- карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;
- мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің сақталуын бақылау;
- клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);
- қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату (ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды оқшаулау);
- маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша рөлімен анықталады. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке ұсынған сауда шоттарының процессингі;
- мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;
- сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеге қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған сатушыларды тексеру;
- маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып алуға сатушыларға көмектесу.
Несие карточкаларының табыстылығы:
А) Эмитент үшін.
Несиелік карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға болады.
3 – сурет. Банк-эмитент
Алдымен табыстың құрамдас бөліктері анықталады, яғни, пайыздан түсетін табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролонгация деңгейіне қатынасы бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін несиелер сомасының барлық берілген несиелердің сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.
Банк-эмитентке міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелерінің (өткізу көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын толтыруы, өтеуі болып табылады.
авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитент банк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және өзге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.
Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.
«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.
«Офф-лайн» режимі (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді
4-сурет. Банк-эквайрер
Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентке төленетін сома. Карта ұстаушысы банкпен жасалған келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы, төлемдер өз мерзімінен кідірілген жағдайларда, Pin-кодты жоғалтқан немесе несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әр түрлі айыппұл ықпал-шаралары пайда болуы мүмкін.
Ал, енді шығын құрамдас бөліктерін қарастырсақ, ресурстар құны – карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып табылады. Бұл дегеніміз карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер сомасын қамтамасыз ету үшін банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан түрлері бойынша орташа шамамен алынған пайыздық мөлшерлеме.
Отандық банктік тәжірибеде пластикалық карточкаларын пайдалану арқылы есеп айырысу тәртібі 5-суретте берілген.
1
4
9 9 4 4 8
10 10
4 6 7
2 11
5-сурет. Пластикалық карточкаларын пайдалану арқылы
есеп айырысу тәртібі
Несиелік тәуекелдерге резервтер құру – қосымша ресурстар тарту қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.
Банк міндеттемелеріне резервтер құру деп коммерциялық банктердің ізденді және мерзімді міндеттемелер шоттары бойынша міндетті резервтер қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар, мерзімі өткен қарыздар немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте, жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді. Қызмет көрсету шығындары – бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражат.
Операциялардың орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы, операцияларды құжатты түрде рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға кететін шығындар, процессингтік, телекоммуникациялық компанияларға бағытталған пайда болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар болып табылады.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайер үшін пайдалылық келесідей көрсеткіштермен анықталады:
Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер (сатушы жеңілдіктері, саудалық түсімдер, дисконттар) – бұл эквайер жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін сауда немесе қызмет көрсету орнынан алатын карточкалар бойынша жасалған мәмілелер сомасының бір бөлігі. Жеңілдіктің мөлшері карточкалар бойынша өткізудің ақшалай көлемінің орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең. Ал, басқа да табыстар төлем терминалдары мен импринтерлері сияқты құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда болады.
Эквайердің эмитентке жүргізілген операцияларды өтеуі шығындар көлемінің ең үлкен бөлігін қамтиды.
Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету орындарының карточкалары бойынша операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын шоттарын жүргізу сияқты операцияларды қолдауға кететін шығындар.
Дебеттік (есеп айырысу) карточкаларының табыстылығы.
А) Эмитент үшін.
Дебеттік карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын анықтаушы негізгі табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға тән позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен ресурстар құнында. Дебеттік карточкалар бойынша ресурстар карта ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк басқа да тартылған құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.
Пайыздық табыс дебеттік карточка ұстаушылардың шоттарына тартылған құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен анықталады.
Жылдық төлем (жылдық мүшелік жарна) – карта ұстаушының банктік карточканы қолдану құқығы үшін банк-эмитентке төлейтін сомасы. Банкпен жасалған келісім-шарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан алынатын айыппұлдар да бар.
Ал, шығындар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны дегеніміз карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар бойынша банк-эмитентпен төленетін пайыз болып саналады.
Дебеттік карточкалар бойынша жобаның шығындарының негізгісі карта ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы және қылмыстық іс-әрекеттерінен туындайтын зияндар.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен толық ұқсас, ешқандай өзгешелігі жоқ.
Жалпы карточкалық бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша әрбір белгіленген қандай да бір уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула арқылы анықтауға болады:
Эn = (Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей + Шжанама) – [(Ттікелей + Тжанама) –
– Тжеңілдіктер]*Т–К+С
мұндағы, Эn – n-кезеңдегі табыстар ағымының элементі;
Ттікелей – Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар, банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін сыйақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе кәсіпорыннан алынатын картаның құны);
Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік ресурстық базасында қолданудан n-кезеңде табылған банктің пайдасы);
Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);
Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар: клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша шығындар; жарнамаға шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);
Тжеңілдіктер – салықтық жеңілдіктер тарапынан табыстар;
Т – салықтық қойылым;
К – инвестициялық шығындар;
С – әр түрлі компенсациялар түрлері.
Экономикалық есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың негізгі көзі болып оның ресурстық базасында клиенттердің шоттарындағы ақша қалдықтарын қолданудан түсетін табыстар болып табылады. Жоспарлау кезінде банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және сонымен қатар, банк табыстылығының орташа пайызын анықтайды.
Алдын-ала есептеу банктің мүмкіншілік деңгейін бағалауға, карточкалық бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алудың керек немесе керек еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.
Карта иегерлері үшін картаның мынадай негізгі жағымды жақтары бар:
1) қолдану ыңғайлылығы;
2) банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
3) қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі.
Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпараттарға ие бола алу мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп айырысулардың келесідей жасайтын жағдайлары бар:
1) сатылу көлемін кеңейте алады және жаңа сатып алушыларға ие болу мүмкіндігі көбейеді;
2) жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және есепке алудың арнайы жүйесін енгізу;
3) банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді төмендету сияқты жағдайларды және сонымен қатар, ең басты жағымды жақтарды, атап айтқанда:
- колма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын азайтуға әсері;
- банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері;
- банктер мен әр түрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының беделі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;
- төлемдер кепілдігін ұсыну.
Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері сияқты жағдайларды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады.
Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым айқындала түседі: карталық бизнестің табыстылығы «үш алып китке» негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу; маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ үшеуінің бірісіз жүйенің жұмыс жасауы мүмкін емес, ал бұл үшеудің біреуінің әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп соқтырады.
2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 21 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі - 96.7%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.
2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер 10.3 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 9.5 млн. адам болды (2011 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 17.1% және 17.5% өсу). Барынша таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 84.3%, кредиттік карточкалардың үлесі – 14.1%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесәіне тиісінше 1.5% және 0.1% сәйкес келеді.
2012 жылғы ақпанда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 390.6 млрд. теңге болды (2011 жылғы ақпан айымен салыстырғанда өсу 39.6%). 2012 жылғы ақпан транзакциялар саны 13.7 млн. транзакция болды және 2011 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 29.3% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 31.5% (2.9 млн. транзакция) және 18.8% (52.7 млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі тиісінше 28.8% (10.8 млн. транзакция) және 43.6% (337.9 млрд. теңге) болды.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 42,6% және 71,9%) және банкоматтар (тиісінше 43,8% және 17,4%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 97,5% және 88,2%).
2-кесте
Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының жағдайы
Көрсеткіштер | 01.03.11 | 01.03.12
|
Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік), оның ішінде | 8 762.6 | 10 263.3 |
Visa International, оның ішінде: | 7 139.4 | 8 484.0 |
2-кестенің жалғасы | ||
Көрсеткіштер | 01.03.11 | 01.03.12
|
дебеттік | 6 331.9 | 7 002.7 |
|
|
|
кредиттік | 616.3 | 1 380.4 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 191.2 | 100.9 |
MasterCard Worldwide, оның ішінде: | 1 440.1 | 1 406.2 |
дебеттік | 1 338.5 | 1 289.5 |
кредиттік | 61.2 | 53.8 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 40.4 | 62.9 |
Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде | 8 050.4 | 9 456.8 |
Visa International, оның ішінде: | 6 556.2 | 7 813.1 |
дебеттік | 5 941.7 | 6 477.0 |
кредиттік | 437.7 | 1 247.4 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 176.7 | 88.8 |
MasterCard Worldwide, оның ішінде: | 1 321.4 | 1 293.4 |
дебеттік | 1 231.0 | 1 179.4 |
кредиттік | 53.3 | 51.7 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 37.1 | 62.3 |
Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде | 3 818.1 | 4 883.0 |
Visa International, оның ішінде: | 3 147.4 | 3 948.0 |
дебеттік | 2 910.9 | 3 653.3 |
кредиттік | 162.4 | 246.7 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 74.2 | 48.0 |
MasterCard Worldwide, оның ішінде: | 572.8 | 725.6 |
дебеттік | 544.9 | 658.5 |
кредиттік | 20.6 | 29.1 |
кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген | 7.3 | 38.0 |
POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде | 25 743 | 28 929 |
сауда кәсіпорындарында | 20 994 | 23 989 |
банктерде | 4 749 | 4 940 |
Импринтерлер саны (дана), оның ішінде | 670 | 659 |
сауда кәсіпорындарында | 397 | 406 |
2-кестенің жалғасы | ||
Көрсеткіштер | 01.03.11 | 01.03.12
|
банктерде | 273 | 253 |
Банкоматтар саны (дана), оның ішінде. | 7 613 | 8 190 |
қолма-қол ақшаны беру функциясымен | 6 030 | 7 283 |
қолма-қол ақшаны беру және қабылдау функциясымен | 1 583 | 907 |
Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік) | 10 970 | 12 191 |
Банк киоскілерінің саны (бірлік) | 1 131 | 1 434 |
3-кесте
Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы туралы
| ||||||||
Көрсеткіштер |
01.03.12 | |||||||
Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік) | Карточка ұстаушыларының саны (мың адам) | Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік) | ||||||
дебет тік | кредиттік | өзге | дебет тік | кредиттік | дебет тік | кредиттік | ||
Барлығы,оның ішінде | 8 653.6 | 1 445.4 | 164.3 | 7 995.3 | 1 310.0 | 4 514.3 | 282.5 | |
Ақмола облысы | 287.6 | 1.9 | 6.5 | 271.8 | 1.8 | 178.8 | 0.7 | |
Ақтөбе облысы | 510.1 | 3.8 | 5.2 | 483.4 | 3.7 | 262.6 | 1.3 | |
Алматы облысы | 378.0 | 3.7 | 12.5 | 354.2 | 3.6 | 217.7 | 0.8 | |
Атырау облысы | 422.9 | 6.3 | 9.2 | 389.9 | 6.0 | 205.4 | 2.7 | |
Шығыс Қазақстан облысы | 738.2 | 9.4 | 10.7 | 665.9 | 9.0 | 406.5 | 2.4 | |
Жамбыл облысы | 360.1 | 1.1 | 3.1 | 341.4 | 1.1 | 225.5 | 0.4 | |
Батыс Қазақстан облысы | 315.1 | 3.2 | 5.2 | 291.5 | 3.1 | 160.3 | 1.3 | |
Қарағанды облысы | 849.4 | 9.0 | 16.3 | 780.1 | 8.7 | 465.4 | 2.8 | |
Қостанай облысы | 380.8 | 2.5 | 3.6 | 360.7 | 2.4 | 223.4 | 0.9 | |
Қызылорда облысы | 328.0 | 1.8 | 5.2 | 306.2 | 1.7 | 186.9 | 0.6 | |
Маңғыстау облысы | 409.4 | 3.6 | 13.6 | 371.2 | 3.5 | 206.7 | 1.7 | |
Павлодар облысы | 477.3 | 5.2 | 11.7 | 439.8 | 4.9 | 260.3 | 1.6 | |
Солтүстік Қазақстан облысы | 222.2 | 1.4 | 4.0 | 208.9 | 1.3 | 127.9 | 0.4 | |
Оңтүстік Қазақстан облысы | 671.4 | 4.7 | 13.4 | 628.8 | 4.5 | 357.9 | 1.2 | |
Алматы қаласы | 1 614.8 | 1 373.2 | 32.2 | 1 464.7 | 1 240.7 | 696.3 | 256.1 | |
Астана қаласы | 688.2 | 14.5 | 11.6 | 636.8 | 13.9 | 332.7 | 7.6 |
4-кесте
Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы туралы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрсеткіштер | 01.03.12 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
POS- терминал. саны (дана) | Импринтерлер саны (дана)
| Банкоматтар саны (дана) | Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік) | Банк киоскілерінің саны (дана) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы, оның ішінде | 28 929 | 659 | 8 190 | 12 191 | 1 434 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ақмола облысы | 667 | - | 295 | 340 | 61 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ақтөбе облысы | 1 214 | 9 | 456 | 462 | 88 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алматы облысы | 674 | 8 | 333 | 214 | 63 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Атырау облысы | 1 426 | 41 | 470 | 559 | 64 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шығыс Қазақстан облысы | 1 728 | 17 | 668 | 795 | 108 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жамбыл облысы | 701 | 4 | 289 | 306 | 73 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Батыс Қазақстан облысы | 929 | 16 | 307 | 373 | 60 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қарағанды облысы | 1 935 | 20 | 735 | 781 | 141 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қостанай облысы | 937 | 11 | 336 | 375 | 54 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызылорда облысы | 446 | 5 | 232 | 195 | 46 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Маңғыстау облысы | 1 078 | 11 | 413 | 487 | 69 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Павлодар облысы | 1 478 | 13 | 501 | 693 | 88 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Солтүстік Қазақстан облысы | 726 | 3 | 243 | 356 | 47 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оңтүстік Қазақстан облысы | 1 143 | 8 | 500 | 443 | 81 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алматы қаласы | 9 904 | 443 | 1 588 | 3 980 | 270 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Астана қаласы | 3 943 | 50 | 824 | 1 832 | 121 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5-кесте Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы туралы
Қазақстан Республикасы аумағында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының аймақтар бойынша қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International, Visa International және MasterCard Worldwide карт 6-кесте Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы туралы
2.2 ЦентрКредит банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы
1991 жыл, тамыз Банк Қазақ Акционерлік Центр Банк ретінде қайта тіркелді. 1993 жыл, қарашаБанк Қазақстан Қор Биржасының мүшелігіне кірді. 1994 жыл, қыркүйекШағын және орта бизнесті дамыту үшін ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша агент ретінде – екі Қазақстандық банктің бірі болып арнайы өкілеттікке ие болды. 1995 жыл, мамырҚазақстандық Интернационалдық банк Chase Manhattan Bank-тен және Қазақстан Республикасы Үкіметінен 100 % акция пакетін сатып алды. 1996 жыл, қарашаБанк "Банк ЦентрКредит" ААҚ ретінде қайта тіркелді. 1996 жыл, қазанБанк Ақтау қаласындағы теңіз портын қайта өңдеу үшін бөлінген 54 млн. USD мөлшеріндегі ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша өкіл ретінде таңдалды. 1996 жыл, маусымБанк Western Union ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша өкілі болды. 1997 жыл, желтоқсанБанк "Жилстройбанк" ЖАҚ жекешелендіру бойынша тендерді ұтып алды. 1997 жыл, қазан"Фронт-офис және Бэк-офис" қағидалары бойынша қызмет көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді. 1997 жыл, мамырБанк екінші деңгейлі банктердің бірінші тобына енгізілді. 1997 жыл, сәуірАвстриялық «Raiffaisen Investment AG" және Ирландиялық "Bank of Ireland International Services Ltd" бірлесіп Twinning бағдарламасына қатысу басталды. 1988 жыл, қыркүйекКСРО-ның алғашқы кооперативтік банктерінің бірі – Алматылық Орталық кооперативтік банк құрылды. 1998 жыл, шілде"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың "Жилстройбанк" ЖАҚ-пен қосылу арқылы қайта ұйымдасуы аяқталды. 1998 жыл, сәуірБанк «Қазақстандық инвесторлар» бірлестігінің құрамында ТұранӘлем Банкін жекешелендіру бойынша тендерді ұтып алды. 1999 жыл, желтоқсанКастодиандық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша лицензия алынды. 1999 жыл, қарашаThomson Bank Watch агенттігі тарапынан халықаралық несиелік рейтингі расталды. 2000 жыл, шілдеThomson Bank Watch агенттігі тарапынан халықаралық несиелік рейтингі расталды. 2000 жыл, мамырБанк Visa International жүйесіне қатысушы мүше (Participant Member) ретінде қабылданды. 2000 жыл, ақпанБанк жеке тұлғалардың салымдарына міндетті түрде ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болды. №2 сертификат. 2001 жыл, қыркүйекСомасы US$ 11 млн. құрайтын синдикатталған бірінші қарыз алынды. 2003 жыл, желтоқсанFMO Голландиялық даму банкімен және DEG Неміс даму банкімен мерзімі 5 жылға жалпы сомасы 8 млн. долларды құрайтын несиелік келісімге қол қойылды. 2003 жыл, желтоқсанНарықты зерттеу жөніндегі Еуропалық орталықтың құрметті кеңесі (EMRС) «Банк ЦентрКредит» ААҚ-на «Шағын және орта бизнес бойынша үздік банк» номинациясында «Еуромаркет-2003 жүлдесі» сыйлығымен марапаттады. 2003 жыл, қазанШетелдік банктер синдикатынан тағы бір жылдық опционы бар, мерзімі бір жылға 36 млн. доллар көлемінде жаңа қарыз ұсынылды. 2003 жыл, қазанЦентрКредит Банкі 2003 жылы ЕҚДБ шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы (ШБНБ) бойынша Қазақстандағы ең қарқынды дамушы банк ретінде танылды. Барлық рейтингтердің болжамы – «тұрақты». 2004 жыл, қараша28 шетелдік банктерден құралған синдикатпен сомасы 70 млн. АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарыздың мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жыл, қарашаЦентрКредит Банкі Қазақстан тарихында бірінші болып қазақстандық Валют-Транзит банкіне әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды ұйымдастырушы болды. Бұл қарыз қазақстандық нарықта ұйымдастырылды. 2004 жыл, қарашаЕуропалық қайта құру және даму банкімен ауыл шаруашылық жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруды қамсыздандыру үшін сомасы 6 млн. долларды құрайтын келісімге қол қойылды. 2004 жыл, қаңтар«Эксклюзив» сараптамалық шолушы журналы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең үздік іскерлік беделі бар коммерциялық банктердің арасындағы рейтингте екінші орынды иеленді. 2005 жыл, желтоқсанЦентрКредит Банкі АҚШ үкіметінің OPIC мемлекеттік агенттігінің кепілдігімен 9 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада несие алу жөнінен Wachovia Bank National Association (АҚШ) банкімен келісім жасады. Қарыз шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Банктің жеке клиенттерін қаржыландыруға бағытталған. 2005 жыл, желтоқсанБанк өзінің бес жылдық реттелген облигацияларының бірінші эмиссиясын өтеуді жүзеге асырды. 2005 жыл, қыркүйекFitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Банктің рейтингтерін: ұзақ мерзімді – «В+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде, жеке - "D" деңгейінде, қолдау – «4» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». 2005 жыл, қаңтар"Эксклюзив" журналының кезекті тәуелсіз рейтингіне сәйкес ЦентрКредит Банкі Қазақстанның банктік нарығындағы көшбасшылардың бестігіне қайта кірді. 2005 жыл, қаңтарThe Banker журналының мәліметтеріне сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ өтпелі экономикасы бар елдердің елу ең қарқынды дамушы банктері рейтингінде жетінші орынды иеленді. 2005 жыл, қаңтарБанктің еурооблигацияларына халықаралық рейтинг агенттіктері – Moody’s Investors Service "Ва1" және Fitch Ratings "В+" ұзақ мерзімді рейтингтерін берді. 2006 жыл, желтоқсан«Клуб-500» сайысының нәтижесі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ Western Union төлемдеріне ең үздік қызмет көрсету сапасы үшін дипломмен марапатталды. 2006 жыл, желтоқсанСомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын еуробондтарды орналастыру аяқталды. 2006 жыл, қарашаRaiffeisen Zentralbank AG (Вена) және Citibank N.A. (Лондон) банктерімен әр түрлі қаражат көзінен алынған несиенің сомасын 200 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтып, мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды. 2006 жыл, қаңтарMoody′s халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің жүз пайыздық еншілес құрылымы болып табылатын CenterCredit International B.V. компаниясының Нидерландыда тіркелген еуроноталардың болашақтағы шығарылымына "Ва1" ұзақ мерзімді рейтингін берді. 2007 жыл, мамырХалықаралық «Euromoney» журналы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия банктерінің ішінде «Менеджменті ең үздік банк» деп таныды. 2008ЕҚДБ наградасы – 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк. 2009ЕҚДБ наградасы – 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк. 2010 жыл, желтоқсанThe Banker журналы (Financial Times баспасы) ЦентрКредит Банкін «Қазақстандағы 2010 жылы Жыл банкі» деп таныды.
2.3 ЦентрКредит банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың халықаралық төлем карточкасы – бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкалары Сіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы және жедел алуыңызды қамтамасыз етеді. ЦентрКредит Банкінің төлем карталары Сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттілігінен босатады, ал бұл Сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында сауда жасау мен қажет болғанда қолма-қол ақша алудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар карточкалық шотты заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғайды. -ЦентрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карточкалық есепшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ – кез келген қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді. Ал барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады. -Сіз карточкалық есепшотқа / карточкалық есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз, бұл кезде Сізге мұндай операциялардың толық құпияда болатынына кепілдік беріледі. - Қонақүйге бронь жасау үшін Сізге халықаралық төлем картаңыздың нөмірін операторға хабарлау жеткілікті. - Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карта ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны басқару құқығын бере аласыз. Сіз тауар мен қызметтерге ақы төлеу үшін VISA немесе MasterCard төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орталығында картаны пайдалана аласыз. Бұл кезде Сізден комиссия сомасы ұсталмайды. Visa/ MasterCard карточкасы бойынша қызмет көрсетілетін кез келген банкоматтан немесе банк бөлімшесінен қолма-қол ақша алуға болады. Төлем карточкаларының түрлері 1) VISA INTERNATIONAL – карточкаларының саны бойынша, сондай-ақ айналым бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі. Дүниежүзілік нарықтағы үлесі – 50%-дан жоғары. АҚШ-та басқа американдық банктермен бірге пластик есеп жүйесін алғаш енгізген Bank of America негізінде 1972 жылы ұйымдастырылған. Әр түрлі елдердің қаржы ұйымдарының қауымдастығының принципі бойынша құрылған. Ұйымдастыру принципі – табыссыз корпорация, АҚШ Делавер штатында тіркелген. Қауымдастықтың мүшелері ортақ иеленуші болып та табылады. Әлемдік ірі қаржы ұйымдарының қатарынан 19 мыңнан аса мүшелері бар.
|
2)MasterCard Worldwide – әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы мекемесін біріктіретін халықаралық төлем жүйесі. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. Бірнеше американдық банктердің арасында Interbank Card Association деп аталатын қауымдастық құру туралы келісімнің нәтижесінде 1966 жылы құрылған. Әлемдегі төлем карталарының 26 %-ға жуығы MasterCard үлесіне тисе, 57%-ы әлемдік көшбасшы VISA төлем жүйесіне тиесілі.
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|
3)AMERICAN EXPRESS пластик карталар нарығындағы көлеміне қарай үшінші орындағы компания, үлесі шамамен 18%-ды құрайды. Компания 100 жылдан астам уақыт бұрын ұйымдастырылған және алғашқыда курьерлік тасымалдаумен, кейінірек туристік сапарларды ұйымдастырумен және саяхатшыларға әр түрлі қызметтер, оның ішінде қаржы қызметтерін («жол чектері», ал содан кейін пластик карточкаларды да) көрсетумен айналысты. Саяхатшыларға қызмет көрсету нарығында атқаратын қызметі күні бүгінге дейін сақталған. Қазіргі таңда акционерлік қоғам болып табылады, акциялары Нью-Иорк биржасында сатылады. Штаб-пәтері Нью-Иорк қаласында орналасқан. Еуропалық кеңсесі Брайтон қаласында (Ұлыбритания). Ресейде 100%-дық еншілес компаниясы – AmEx Ресей арқылы жұмыс жүргізеді.
көшбасшы VISA төлем жүйесіне тиесілі.
|
7-кесте
Карточка түрлері
Мақсаты | Карт-шот ашу және төлем карточкасын алу, сол карточка бойынша жалақы, зейнетақы алу |
Кімдерге арналған | Жеке тұлғалар – ҚР резиденттері және бейрезиденттері |
Карточканың түрлері | Несиелік карточкалар: Visa Platinum, Visa Gold, MasterCard , Visa Classic, MasterCard Standard – орташа сегмент клиенттеріне арналған Дебеттік карточкалар: Visa Electron, Cirrus Maestro. |
Карточканың қызмет көрсету мерзімі | Дебеттік карточка – 3жыл Несиелік карточка – 1 жыл |
Карт-шоттың валютасы | Теңге, доллар, еуро |
Жылдық қызмет көрсету құны | Visa Platinum – 30000 теңге Visa Gold, MasterCard Gold – 18000 теңге Visa Classic, MasterCard Standard – 4500 теңге Visa Electron, 600теңге |
Құрметті ЦентрКредит Банкінің Visa және Visa Electron карточкаларын ұстаушыларына акция «Бүкіл әлем сенімен бірге».
2012 жылғы 01 наурыздан бастап 30 сәуірге дейінгі кезеңде сауда орындарында және Интернет желісінде ЦентрКредит Банкінің Visa картасымен төлем жасап, 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін екі адамға арналған жолдаманы немесе Банктің атынан басқа да ынталандыратын жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Visa-мен go деп айтар адамдардың саны күн сайын артуда! Промо-акцияның егжей-тегжейлі талаптары: иАталған промо-акцияның талаптары ЦентрКредит Банкінің клиенттеріне арнап әзірленген.
Промо-акция Қазақстан Республикасының аумағын қоса алғанда 2012 жылғы 01 наурыздан 30 сәуірге дейінгі кезеңде өткізілетін болады.
Промо-акцияны өткізу кезеңінде екі ұтыс ойынын өткізу қарастырылған. Ұтыс ойындары өткізілетін күндер: 2012 жылғы 10 сәуір және 2012 жылғы 07 мамыр.
1)ЦентрКредит Банкінің Visa төлем карталарының көмегімен POS-терминалдар немесе Интернет (электрондық коммерция) арқылы 2012 жылғы 04 наурыздан 30 сәуірге дейінгі мерзімде қолма-қол ақшасыз операциялар жасаған Visa төлем карталарын ұстаушылар ұтыс ойынына қатысушылар болып табылады.
2)1-ші ұтыс ойынының жеңімпаздары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұтыс операциясын кездейсоқ таңдау әдісін қолдану арқылы 2012 жылғы 10 сәуірде анықталатын болады.
1-ші ұтыс ойынының жүлде қоры: 10 спорттық сөмке, 10 доп.
3)2-ші ұтыс ойынының жеңімпаздары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұтыс операциясын кездейсоқ таңдау әдісін қолдану арқылы 2012 жылғы 07 мамырда анықталатын болады
2-ші ұтыс ойынының жүлде қоры: 1 басты жүлде – Лондонда өтетін 2012 жылғы жаздық Олимпиадалық ойындарға 2 адамға арналған жолдама және қосымша жүлделер: 10 спорттық сөмке,10 доп.
4)Ұтыс ойынына (акцияға) қатысуы арқылы ойынға қатысушылардың барлығы аталған талаптармен келіседі және оларды орындауға міндеттенеді, сондай-ақ Жүлделерді алу процедурасын құжат жүзінде растау үшін барлық қажетті құжаттарға қол қоюға келіседі.
|
|
Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары |
3 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін дамыту жолдары
3.1 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерін жетілдіру
Центр Кредит банкінің төлем карталарын ұстаушылар үшін Қазақстан Республикасында банкоматтардың ауқымды желісі ұсынылған. Қолма-қол ақша берумен қатар банкоматтар төлем карталарын ұстаушыларға тәулік бойы және ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қосымша қызметтерді атқарады.
Банкомат арқылы пайдалануға болатын қызметтердің негізгі артықшылықтары:
-Тәулік бойы қол жеткізу: 24/7;
Кезектің болмауы;
Қолданудың қарапайымдылығы.
Қазіргі кезде банкомат арқылы келесі қызметтерді пайдалануға болады:
Ұялы байланыс қызметінің ақысын төлеу;
«SMS хабарлама» қызметіне қосылу;
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылу;
Банкомат арқылы картадан депозитке/ағымдағы есепшотқа ақша аудару;
Банкомат арқылы картадан қазақстандық/шетелдік банктің кез келген картасына ақша аудару;
«Жинақтаушы» (Карточкалық депозит) өнімі;
Картаны қолма-қол ақшамен толықтыру қызметі (Cash-in қызметі).
1.Ұялы байланыс қызметіне төлем жасау
Абоненттік есепшотыңызда ақша бітті ме? Енді Сізге қолма-қол ақшамен төлем жасайтын орынды іздеудің қажеті жоқ. Сіз ЦентрКредит Банкінің төлем карталары арқылы барлық банкоматтардан ұялы телефоныңыздың есепшотын толықтыра аласыз. Қызмет көрсету тегін!
Енді қосымша қызметтің арқасында ЦентрКредит Банкінің банкоматтары арқылы Dalacom/ Pathword/City, K-Mobile/Beeline, Kcell/Activ ұялы байланыс қызметтеріне төлем жасауға болады. Сонымен қатар өз ұялы есепшотыңыздың балансын тек ЦентрКредит Банкінің карточкалары арқылы ғана емес, сондай-ақ басқа банктердің карточкалары арқылы да толықтыруға мүмкіндік бар.
Ұялы байланысқа төлем жасау үшін клиентке:
1. Төлем карточкасын банкоматқа салу;
2. PIN-кодты енгізу;
3. Банкомат мәзірінен «ТӨЛЕМДЕР» операциясын таңдау;
4. Dalacom/Pathword/City, K-Mobile/Beeline/Kcell ұялы телефондарының 10-сандық нөмірлерін (желінің немесе қаланың кодымен) теру;
5. Теңгемен төлем сомасын енгізіп, «Енгізу» түймесін басу қажет.
Төлем тез арада ұялы байланыс провайдеріне жөнелтіледі.
Қосымша мүмкіндіктер:
байланыс қызметінің ақысын тәулік бойы төлеу;
жедел ақша аудару;
уақытты үнемдеу;
банкоматтардың кең ауқымды желісі;
провайдердің/банктің бөлімшесіне барудың қажеті жоқ;
негізгі карточкаларды ұстаушылардың келісімімен қосымша карточкаларды ұстаушылар да осы қызметті пайдалана алады;
банкомат арқылы ұялы байланыс қызметіне ақы төлем жасау үшін карт-шоттан алынатын комиссия – 0 теңге;
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлем жасауға болады.
2.«SMS хабарлама» қызметіне қосылу
«Карточка бойынша SMS-хабарлама»қызметі – бұл ұялы телефонға жіберілетін SMS-хабарлама арқылы қашықтан қызмет көрсету, ол төлем карточкасы мен карт-шот бойынша қаражаттың қозғалысын банк бөлімдеріне бармай-ақ бақылауға мүмкіндік береді.
Жаңа қызмет баланстың өзгеруі мен карт-шот бойынша жасалған әрбір кіріс және шығыс операциялары туралы клиентті 5 секунд ішінде SMS-хабарлама түрінде автоматты түрде хабарландырады. Негізгі карт-шот бойынша ашылған карточкалар бойынша жасалған барлық операцияларға толық бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Олар – карт-шотқа ақша қаражатының түсуі немесе қолма-қол ақша алу, сауда операциялары (сатып алу) немесе қызметке төлем жасау және т.б.
Жасалған операциялар туралы ақпарат: сомасы, валютасы, операция жүргізілген уақыт, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны.
Аталмыш қызметке негізгі карта ұстаушылардың келісімі болған кезде қосымша карта ұстаушылар да қосыла алады.
Ұялы телефонында роуминг болса, мұндай хабарландыруларды клиент шет елде жүрсе де ала алады.
Аталмыш қызметке K-Mobile, Beeline, Kcell, Dalacom байланыс қызметін тұтынатынбарлық абоненттер қосыла алады.
Әрбір алынған хабарландыру үшін қызмет құны – 20 теңге.
Қызметтің құны SMS-хабарлама келгеннен кейін дереу карт-шоттан алынады.
Қызметке қосылу талаптары:
1. ЦентрКредит Банкінің карточкасын иелену;
2. K-Mobile, Beeline, Kcell, Dalacom байланыс қызметінеқосылған ұялы телефонды пайдалану.
Клиент «Карточка бойынша SMS-хабарлама» қызметіне қосылу үшін Банктің құрылымдық бөлімшесіне немесе Авторизация орталығына хабарласады. Сондай-ақ төлем картасы болған кезде банкомат арқылы өз бетінше қызметке қосыла алады. «Карточка бойынша SMS-хабарлама» қызметін пайдалана отырып, клиент карт-шоттағы ақша қаражатын рұқсатсыз пайдалану қаупін едәуір төмендетеді.
Қосымша ыңғайлы талаптар:
тәуліктің кез келген уақытында қызметке қосылу мүмкіндігі;
карта бойынша жасалған операциялар туралы клиентке тез арада (5 секунд ішінде) хабарлау;
24/7 режимінде өзіңіздің карточкалық есепшотыңызға бақылау жасау, ол алаяқтық операцияларды немесе рұқсат етілмейтін транзакцияларды болдырмау үшін Сіздің банкке уақтылы хабарласуыңызға мүмкіндік береді;
қосымша карточка бойынша балаларыңыздың және туысқандарыңыздың шығындарына нақты уақыт режимінде бақылау жасау.
Карт-шоттағы баланстың өзгеруі туралы хабарландыруды электронды пошта арқылы да алуға болады.
Электронды пошта арқылы хабарландыру алу қызметіне қосылу үшін Банктің құрылымдық бөлімшесіне барып, өтініш толтырыңыз.
Карт-шоттағы баланстың өзгергені туралы электронды пошта арқылы хабарландыру қызметі клиенттерге тегін көрсетіледі.
Сіз ұялы телефоныңыздың нөмірін өзгерткен болсаңыз, аталмыш қызметті жаңа нөмірге қосуға мүмкіндік беретін «Банкомат арқылы телефон нөмірін ауыстыру» қызметін пайдаланыңыз. Аталмыш қызмет тегін ұсынылады.
«Банкомат арқылы телефон нөмірін ауыстыру» қызметін пайдаланған жағдайда, «Мобильді банкинг» және «SMS-хабарлама» қызметтері бойынша телефон нөмірлерін де ауыстыруға болады. Осыдан кейін банкоматтың экранына жоғарыда көрсетілген қызметтер мен сервистердің жаңа телефон нөміріне қайта қосылғаны жөнінде хабарландыру шығады.
ЦентрКредит Банкінің карточка ұстаушылары үшін карта бойынша балансты банкоматтардан білудің немесе ұялы байланыс ақысын провайдерлерге барып төлеудің қажеті жоқ. «Мобильді банкинг» қызметіне қосылсаңыз, Сіз өзіңіздің мобильді телефоныңыз арқылы карта бойынша барлық іс-әрекеттерді қашықтықтан бақылай аласыз.
Қолжетімді қызметтер:
өзіңіздің мобильді телефоныңызға төлем жасау (K’cell, Beeline, Dalacom);*
карточкадағы ақшаның қалдығы туралы ақпарат алу;
карточка бойынша соңғы 10 операция туралы шағын үзінді көшірме алу;
карточканы жоғалтып/ұрлатып алған немесе күдікті операция байқалған жағдайда, карточканы тосқауылдау.
Қызметке қосыла отырып, Сіз келесі артықшылықтарды пайдалана аласыз:
өзіңізге қолайлы жерде: супермаркетте, көшеде, үйде немесе роуминг болған кезде шет елде аталған қызметті пайдалана аласыз;
Қай жерде болсаңыз да, Сіз карточка туралы ақпаратқа қол жеткізе аласыз. Қызмет Сізге картаның қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді, себебі карточкалық есепшотқа бақылау жасау тәулік бойы жүзеге асырылады;
карта бойынша балансты білу немесе ұялы телефон ақысын төлеу үшін банкоматтың қажеті жоқ. Өйткені «Мобильді банкинг» Сіздің жолға жұмсайтын уақытыңызды үнемдейді.
Қызметке қосылу талаптары:
ЦентрКредит Банкінің карточкасын ұстаушы болу;
K’cell, Beeline, Dalacom операторына қосылған ұялы телефоны болу.
Қызметке қосылу тәртібі:
1-кезең – Қызметке қосылу**
А) Сізге ЦентрКредит Банкінің банкоматтары арқылы қарапайым тіркеу процедурасынан өту қажет:
1. Карточканы банкоматқа салыңыз, қызмет көрсету тілін таңдаңыз және PIN-кодты теріңіз;
2. «SMS банкинг» операциясын таңдаңыз;
3. Банкомат ұсынған нұсқауға сәйкес жүйелі түрде қызметті тіркеу процедурасынан өтіңіз.
Б) Немесе ЦентрКредит Банкінің өзіңіз Қызметке қосылуға өтініш толтырған жердегі филиалы арқылы тіркеу процедурасынан өтіңіз.
Тіркеу процедурасынан өткеннен кейін Сіздің ұялы телефоныңызға «Мобильді банкинг» қызметіне қосылғаныңыз туралы sms-хабарлама келеді.
2-кезең – қызметтің бағдарламалық қосымшасын ұялы телефонға көшіру
«Мобильді банкинг» бойынша барлық операцияларды орындау үшін ұялы телефоныңызға қызметтің қосымшасын орнату (көшіру) қажет. Ол үшін оны сайттан жүктеп алуға болады. Одан әрі мүмкін болатын құралмен (USB-кабель, ИК порт, Bluetooth арқылы) телефонға бағдарламалық қосымшаны көшіресіз. Қосымшаны көшірмес бұрын телефоныңыздың модельдер тізімі қосымшасын қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз.
Қосымшаны пайдалану: Қосымшаның мәзірі түсінікті. Алайда Сізге қиындық келтіретін болса, Сіз әрқашан қосымшаны пайдалану жөніндегі нұсқаулықты толық пайдалана аласыз. Мәзірге кірген кезде бағдарлама қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін PIN-кодты енгізуді сұрайды. Сіз оған 4 санды жазуыңыз қажет. Осы PIN-код «Мобильді банкинг» қосымшасына кірген сайын сұралады.
Қызметтің тарифі
*Ұялы байланыс қызметі үшін ең жоғарғы төлем сомасы – тәулігіне 40 000 теңге.
**«Мобильді банкинг» қызметіне қосылу «SMS-хабарлама» қызметіне автоматты түрде қосылуды көздемейді.
Банкомат арқылы карточкадан карточкаға ақша аудару
Аталған қызмет неліктен ыңғайлы:
аудару үшін бланк толтырудың қажеті жоқ;
банк бөлімшесіне келу үшін уақыт жұмсамайсыз;
ақшаны аптаның кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында аударуға болады.
Қызметті пайдалану үшін:
ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының ұстаушысы болу;
Ақша алушының ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының нөмірін білу қажет.
Банкомат арқылы ақша аударған кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
1. Банкомат мәзірінен «Ақша аудару» операциясын таңдаңыз;
2. Аударымның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растаңыз;
3. «Картадан картаға» операциясын таңдаңыз;
4. Ақша алушының төлем карточкасының нөмірін (16 сан) енгізіңіз;
5. Аударғыңыз келетін ақшаның сомасын көрсетіңіз;
6. Енгізілген карточка нөмірінің және соманың дұрыстығын тексеру үшін «Ақша аударымын растау» мәзірін таңдаңыз.
Карточкадан депозиттік есепшотқа ақша аудару
Аталған қызмет неліктен ыңғайлы:
аудару үшін бланк толтырудың қажеті жоқ;
банк бөлімшесіне келуге уақыт жұмсамайсыз;
ақшаны жексенбі күнінен басқа, аптаның кез келген күні сағат кешкі 20:00-ге дейін аударуға болады.
Бұл кезде ақшаңыз санаулы секундтар ішінде аударылады.
Қызметті пайдалану үшін:
ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының ұстаушысы болу;
Ақша алушы жеке тұлғаның ЦентрКредит Банкіндегі депозитінің нөмірін білу қажет.
Банкомат арқылы ақша аудару үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Банкомат мәзірінен «Ақша аудару» операциясын таңдаңыз;
2. Аударымның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растаңыз;
3. «Ақша аудару» мәзіріндегі «Аударым түрі: «Картадан есепшотқа» немесе «Несиені өтеу» мәзірін таңдаңыз;
4. Депозиттің 20-сандық нөмірін енгізіңіз («KZ XXXXXXXXXXXXXXXXXX»);
5. Карточка мен депозиттің валютасына қарай валюта түрін таңдаңыз;
Картаның, операцияның және депозиттің валюталары сәйкес келуі қажет!
1. Банкомат экранынан аударғыңыз келетін ақша сомасын таңдаңыз немесе оны қолмен енгізіңіз;
2. Енгізілген карточка нөмірі мен соманың дұрыстығын тексеру үшін «Ақша аударымын растаңыз»;
3. Чекті алыңыз.
|
«Visa-to-Visa аударымдары» – бұл төлем карточкаларының көмегімен ақшаны тез және қолайлы аудару операциялары. Visa халықаралық төлем жүйесінің қауымдастығына кіретін әлемнің кез келген банкінде ашылған Visa төлем карточкаларының барлық ұстаушылары аталған мүмкіндікке қол жеткізе алады.
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша орналасқан ЦентрКредит Банкінің банкоматтар желісі арқылы Сіз өзіңіздің Visa төлем карточкасын ұстайтын жақындарыңыз бен достарыңыздың осы сәтте қай жерде болғанына қарамастан, олардың карт-шоттарын кез келген уақытта толықтыра аласыз.
«Visa-to-Visa аударымдары» өз ақшаңызбен тәулік бойы операциялар жүргізуге, валюталарды автоматты айырбастау мүмкіндігімен қажетті соманы жөнелтуге және қабылдауға жол береді.
ЦентрКредитБанкінің «Visa-to-
1. Төлем карточкасының кез келген эмитенті
Аталған мүмкіндік қазақстандық, сондай-ақ шетел банктері шығарған Visa төлем карточкаларын ұстаушылардың барлығына беріледі. ЦентрКредитБанкінің банкоматтары арқылы енді ақшаны кез келген Visa карточкасынан кез келген басқа Visa карточкасына аударуға болады.
2. Валютаның кез келген түрі
Қызмет 4 валютаның: теңге, АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің қолданылуын қарастырады(Қазақстандық банктер арасындағы аударымдар тек теңгемен ғана жүргізіледі).
3. Тәуліктің кез келген уақыты
ЦентрКредитБанкінің банкоматтары тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Сізге есеп айырысу-кассалық бөлімшелерді іздеуге және ондағы кезекке уақытыңызды бөлудің қажеті жоқ.
4. Кез келген орналасу орны
Аталған қызметті ЦентрКредит Банкінің Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша орналасқан 170 банкоматының кез келгені арқылы пайдалануға болады.
Осы қызметті пайдалану үшін:
Visa төлем карточкасын ұстаушы болу;
Ақшаны алушының Visa төлем карточкасының нөмірін білу;
Егер Сіздің төлем карточкаңызды ЦентрКредит Банкі шығармаса және аударым шетелдік (қазақстандық емес) банк шығарған карточкаға жүргізілсе, ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімшесінде осы қызметке алдын ала тіркелу;
Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатты (төлқұжатты) тіркеу үшін беру қажет.
ЦентрКредит Банкінің банкоматтары арқылы аударуға болатын қаражаттың ең жоғарғы сомасы:
бір транзакция үшін – $2 500 (Банктің есептік бағамы бойынша);
бір күн үшін – $10 000 (Банктің есептік бағамы бойынша);
3 күн үшін, жиынтық – $25 000 (Банктің есептік бағамы бойынша).
Ақша аударымдары бойынша шектеу қойылған елдер:
АҚШ, Колумбия, Венесуэла, Нигерияның барлық банктері, сонымен қатар бірқатар басқа елдердің жекелеген банктері.
6. Картаны қолма-қол ақшамен толықтыру қызметі (Cash-in қызметі)
Карточкаңызды жедел толықтыру қажет пе? Ал банктің бөлімшесі жабық болса ше?!.... Енді бұл проблема емес! Банкоматтағы «Қолма-қол ақша қабылдау» қызметі Сізге картаңызды әп-сәтте толықтыруға мүмкіндік береді. Осылайша тәулік бойы қызметке қол жеткізе аласыз.
Жақындарыңызға ақша аудару қаншалықты оңай? Банктің бөлімшесіне бармай-ақ аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы ЦентрКредит Банкінің төлем карталарымен банкомат арқылы дүние жүзі бойынша ақша аударуға болады.
3.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкалармен есеп айырысудағы мәселелерді шешу жолдары.
Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дағдарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады.
Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.
Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құқықтық әдістермен, яғни пластикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардың материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтықтың (кардерлер – пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет.
Бірақта пластикалық карталар жаңадан бір проблемаларды алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында Қазақстан Республикасының бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.
Қазақстан Республикасында қылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы бірқатар банктерге шабуыл жасады, 2004-2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санының өсе түсуі байқалады.
Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы кағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 207-бабында белгіленген.
Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiру үшiн мынадай iс-шараларды дәйектi түрде iске асыру қажет:
жүйенi құруға байланысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру;
тұтынушылардың сұранымын, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау;
төлем карточкаларын пайдаланумен әлеуеттi қылмыстарды болдырмау әдiстерiн, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшiн салдарлар мен әлеуеттi тәуекелдердi анықтау.
Қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады. Оны біз күнделікті қоғамда тұрғындардың тауарлар сатып алғанда және басқа да төлемдермен есеп айырысқан кезінде көре аламыз.
Қазіргі заманғы төлем ретінде төлем жүйесінің пайдалануына жасалған анализ келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:
1) Қазақстанның нарықтық қатарға өту процесінің өзі банктік жүйенің қайта құрылуымен байланысты болды. Көптеген коммерциялық банктерге төлем карточкалары жаңа бизнес бағыты және тиімді құралы болып табылады.
2) Халықтық нарықтарда әр түрлі төлем карточкаларын пайдалану технологиясын дамытуда көптеген жетістіктер бар. Ал Қазақстанда төлем құралы ретінде пластикалық карточкалар қарқынды даму кезеңін бастан кешуде.
2) Төлем карточкаларының нақты даму тенденциялары болып микро процессорлы техника мен электронды коммуникациялардың жетістіктері негізінде олардың жетілдірілуі саналады.
Сондықтан болашақ смарт карточкаларының артында, электронды ақшалар қолма-қол ақшаларды қағаз купюралар металды монеталарды жартылай ығыстырғандай ығыстыруы мүмкін екендігін көруге болады. Магнитті карточкаларға негізделген төлем жүйелері дамыған елдерде, жаңа технологиялардың ендірілуі күтілуде. Және де әлемнің кейбір банктерінде дәстүрлі жүйелердің даму кезеңінен әп-сәтте смарт-технологияларға «секіру» болуы мүмкін.
ISO халық стандарттары EMV спецификациясымен тіркелген. Магнит сызығының кодталуы мен карточкалардың микросхемасындағы мәліметтерді алмастыру стандартталған.
Болашақ банктік төлем карточкалары келесідей артықшылықтарға ие болады:
- PVC пластик (поливинилхлорид) немесе жоғары дәрежелі;
- магниттік сызық;
- микропроцессор;
- енгізілген шифрлеу алгоритмі;
- ISO және EMV стандарттарына сай келетін басқарулар жүйесі.
Қазақстанда біз интеграциялық процестерге үміттенеміз: әр түрлі жүйелердің бірігуі мен өзара енуі. Осының хабаршысы болып пластикалық карточканың ірі элементтерінің өкілдері қатысатын ұлттық стандарт бойынша жұмыс табылады.
Сонымен пластикалық карточкалар – қолма-қол ақшаларды пайдалану сферасын ұлғайтатын өте икемді құрал екеніне көзіміз жетті. Егер сіз әрқашан карточканы қабалдайтын дүкендердің тауарларын тұтынсаңыз және өзіңізбен бірге үлкен ақша сомасын ұстап тәуекелге бел буғыңыз келмесе немесе үлкен сауда жасағыңыз келіп, оны қашан жасайтыныңызды білмесеңіз, онда сіз өзіңізді пластикалық карточканы иеленіп, сақтандыруыңыз мүмкін. Сіз өзіңіздің валютаңызды конвертациялаудан құтыласыз. Сіздің банкіңіз биржалық курс бойынша конвертацияны аз ғана комиссиялықты ала отырып жүзеге асырады. Осыдан келе, карточканы иелене отырып, сіз өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаны ұстаудың қажеттілігінен құтыласыз, карточкалық шотыңыздың шегінде жоспарланбаған сауда жасай аласыз және сіздің банк жасайтын конвертация курсы мен дүкендегі айырбас курсы арасындағы айырмадан ұтасыз. Пластикалық карточканы қолма-қол ақшаның орнына пайдаланудың тағы да бір артықшылығы, карточканы жоғалтқан кезде, тек қана карточканы шығарған банкке хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысулар тоқтатылады. Біз тек қана клиенттің карточканы пайдаланудағы пайда туралы ғана айтып келдік, бірақ клиент белгілі бір шығындарға да кезігеді. Біріншіден, клиент барлық ақшасын бірден беріп, оны белгілі бір уақыт аралығында ұстайды және екіншіден, карточканың көмегімен ұсынылатын ыңғайлылыққа төлеу керек. Банктер карточка бойынша жүргізілетін әр транзакция үшін белгілі бір процентті ұстап қалады. Бірақ, басқа жағынан, клиент үшін бәсекелестікте, бүгінгі күні банктер алатын комиссияның көлемін қысқартуда. Осыдан клиент өзіне ыңғайлы банк таңдай алады.
1. Ақша, несие, банктері. Оқулық Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасимов – Алматы Экономика, 2001.
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы. Экономика, 2000.
3. Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер – Алматы: Алматы экономика және статистика институты. 2001.
4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2003.
5. Мақыш С. Банк ісі// Оқу құралы.-Алматы.-Қазақ университеті.-2004.-205б.
6. Абылхасимов С. «Центр Кредит Банк» Казахстана переходит на чиповые платежные карточки//Банки Казахстана. 2006. № 5.
7. Брушковский К. Особенности исследования поддельных пластиковых карт //Правовая реформа в Казахстане. 2007. №3.
8. Брушковский К. Особенности исследования поддельных пластиковых карт//Правовая реформа в Казахстане. 2006. №3.
36