Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:11, реферат
Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру, резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.
Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сактаудың формалары түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) және т.б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды.