Центркредит банкі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 08:36, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым негізгі қызмет барысымен танысу, ақшалай опперациялардын жүзеге асырылу тәртібін, банктің ішкі қүрылымын зерттеп, ресурстарының қалыптасу тәсілдерін және меншікті капитал құрамын бағалау болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этникалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
- мекемеде белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- белгіленген жұмыстар мен тапсырмаларды толығымен әрі уақытылы орындау;
- мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу;

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................3
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызметіне қажетті қаржылық ресурстары.......4
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның меншікті капиталының жалпы салыстырмалы жағдайы.......................................................................................................................9
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның меншікті капиталының толықтығын анықтайтын көрсеткіштерін бағалау......................................................................11
4. Коммерциялық банктердегі меншікті капиталдың атқаратын қызметі мен үлесін толықтыру бағыттары .................................................................................26
Қорытынды...............................................................................................................29Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 332.50 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................................3                                                                                                                    

 

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызметіне қажетті қаржылық ресурстары.......4

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның меншікті капиталының жалпы салыстырмалы жағдайы.......................................................................................................................9

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның меншікті капиталының толықтығын анықтайтын көрсеткіштерін бағалау......................................................................11

4. Коммерциялық банктердегі меншікті капиталдың атқаратын қызметі мен үлесін толықтыру бағыттары .................................................................................26

Қорытынды...............................................................................................................29Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................................30

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Кіріспе

 

        Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Бүгінгі таңда кез келген кәсіпорын нарық жағдайнда өз қызмет барысын жетілдіріп отыруды басты міндеттердің бірі ретінде қойған. Сол міндеттердін бірі сапалы маман иелерін таңдау болып табылады, ал ол үшін жас студенттерді кәсіпорын жұмысымен таныстырып , тарту болып табылады, Бұл, әрине, студенттер үшін де, оқу орны үшін де өте тиімді болып келеді. Соған байланысты алғашқы кәсіптік іс-тәжірибеден өту әрбір студеннттің міндеті болып табылады.

         Осы себептен  мен 3 маусым мен 5 шілде аралығында  «Банк Центркредит » АҚ-на кәсіптік  тәжірибеден өтуге жіберілдім.

      «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.

Банктің республикамыз бойынша  кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылызаңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді. Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі – «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді. Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды

      Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым негізгі қызмет барысымен танысу, ақшалай опперациялардын жүзеге асырылу тәртібін, банктің ішкі қүрылымын зерттеп, ресурстарының қалыптасу тәсілдерін және меншікті капитал құрамын бағалау болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этникалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

  • мекемеде белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
  • белгіленген жұмыстар мен тапсырмаларды толығымен әрі уақытылы орындау;
  • мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу;

Мен тәжірибені өту кезінде банктің  ресурстарын қалыптасу тәсілдерін, меншікті капиталын толықтыру көздері мен тәсілдері туралы зерттеп білдім.

 

 

 

1 «Банк ЦентрКредит»  АҚ-на жалпы сипаттама және  оның  экономикада алатын орны

 

1988 жылы негізі салынған  банк  – активтерінің көлемі бойынша  Қазақстандағы төртінші банк. Банк  мақсаты – шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.

Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі  қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Бұл банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында – «BCC Invest» АҚ, лизинг саласында – «Центр Лизинг» ЖШС және зейнетақы қызметі саласында – «Капитал» ЖЗҚ» АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі – «Банк БЦК-Мәскеу» ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.

Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.[2]

  Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап  банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдынан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Банк клиенттерінің банкке артқан сенімін жоғары бағалайды және құрмет тұтады, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.

Банктің жоғары технологияларды қолдануының  арқасында банк клиенттері Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің  кез келген елінен нақты уақыт  режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына жүгінеді.

«Банк ЦентрКредит» жүйесінің шағын  және орта бизнесін қолдауы

Банктер кәсіпкерлерге көптеген қызмет көрсетеді. Осылардың бірі (мысалы, бизнес-есеп ашу, лизингтік несие беру және тағы басқа ) олар барлық банктерде бірдей. Тек несиелендіпу шарттары ғана әр түрлі.

Бизнес-есеп жай есеп шотынан бірнеше  ерекшеліктермен айқындалады.

Біріншіден, ірі банктерде бизнес-есеп шотына арнайы бөлімшелер бар. Олар бизнес- есеп шотын жүргізуді, ссуда, бизнесті дамытуға несие алуға көмектеседі.

Екіншіден осы бизнес- есеп шотымен  тек белгілі тұлғалар ғана жұмыс  істей алады, осы тұлғаларды компанияның  директорлар кеңесінде шешеді. Осы шешімді шот ашқан кезде банкке ұсыну қажет.

Үшіншіден, бизнес- есеп шотының тұрақты  иесі болсаңыз сізге ерекше мән бөледі.

Несие және ссудалар.

Несие бұл уақытша бос ақша қаражаттарының шоғырлануы. Несие Қазақстанның барлық банктерімен ұсынылады. Несиенің шарттары несие саясатына және банк қызметкерлерінің сіздің бизнесініздің тәуекелдігіне байланысты болады. Банк несие бергенде оны мақсатына қарай жұмсалғандығын бақылайды және сіздің қаржылық кірістеріңізді тексереді.

Несие шартын және мерзімін несиенің мақсаты анықтайды. Мысалы, құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді несиелер беріледі.

Бизнес- несиенің негізгі түрлері:

Қысқа мерзімді несие тұрақты немесе тұрақсыз процентпен беріледі;

Бағалы қағаздарды кепілге қалдыру  арқылы несие алу;

Шетел валютасында берілетін несие;

Айналымдағы дебиторлық есеп (қайта  есеп айырыск арқылы берілетін несие  мүмкіншілігі)

Банк несие келісім шарт құрылғаннан  кейін бірақ береді.Келісім шарттардың орындалмауы айыппұл арқылы төленеді.

Несие белгілі кепілге бағалы зат немесе жылжымайтын мүлікті алу арқылы беріледі. Осы кепілдің негізгі түрлері:

Жылжымайтын мүлікті немесе бағалы қағаздарды кепілге беру несиенің толық  өтеу мерзімі бітпегенше;

Ипотека (жылжымайтын мүлікті белгілі  мерзімге кепілге беру)

Банктік жүйесіндегі функцияның негізінің бірі болып экономикадағы инвестицияны қаржыландыру болып табылады. Банктің пайыздық саясаты келесі принципке сай болуы керек, несиенің қарызшыға және банктерге де үнемді болуы тиіс.

Дағдарыс кезінде шағын кәсіпкерліктердің  қаржы нарығында несиелендіру операцияларынан кіріс алу жағдайдың болмауы банктерге өте ыңғайлы. Осыған байланысты БЦК несие бюросын құру мәселесін қарастырып отыр, бұл айтарлықтай дағдарыс болған жағдайда  қарызшының қаржылық жағдайын және қарызшының несиелік досьесі туралы ақпаратты бермейді.

«Банк ЦентрКредит» –тің негізгі  несиелік саясаты болып қысқа  мерзімді несиелер тиімді және пайдалы  механизмін құру. Несиенің жоғары пайызы жарғылық фондтың төлемділігін тұрақтатады.

«Алматы Мәдени Тұрмыс Құрылыс» корпорациясы өзінің қол астындағы 18 шағын серіктестікке жол ашты. «Банк ЦентрКредит»  АҚ бұл корпорациясының серіктестіктеріне ерекше көңіл бөлді. Инвестициялық несиені 25 пайызынан бастап 19 пайызға дейін төмендетті. Бұл серіктестіктерде кепілдеме болып корплорацияның жылжымайтын мүлігі болды.

Банктер көмегімен шағын бизнестің  дамуы жедел түрде даму сатысына түсті . Несиелеу шарттары жеңілдетіліп, несиелер түрлері әр алуан болды. Қазіргі кезде несиелеу шарттары өте тиімді және ыңғайлы. Халық банктерден несиені бұрынғыға қарағанда жиі алатын болды.

Лизинг- бұл ұзақ мерзімге машиналарды  жалға беру, сатып алу мүмкіншілігімен  берілетін несиенің түрі. Бұл қазіргі  кәсіпкерліктерді несиелендіру жүйесінде  аз орын тапқан . Өйткені бұл несиенің түрі ұзақ мерзімді құрал-жабдықтарды  жалға алу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Лизингтік компаниялар арқылы кәсіпкердің құрал-жабдықтары жаңартылып тұрады және өзіндік капиталды бұзбайды.

Бүгінде ЦКБ атына көптеген құрметті отандастарымыздан келіп түсіп  жатқан жағымды пікіпрлер аз емес. Бұл ЦентрКредит Банкінің әуел бастан – құрылған күнінен бастап бүгінге дейін дұрыс саясатты таңдап алғанын қуаттайды. Соның арқасында банк ертеңгі күніне сеніммен қарап отыр. Тәжірибе банк бизнесінің қүрделі екендігін, мол табыстың соңын қуалаудың пайда әкелмейтінін көрсетіп отыр. Бұл бизнес шамасына қарай консервативті болуы, сақтық үлесі де белгілі дәрежеде қатысуы, сонымен қатар бүгінгі заманғы технологиялар тұрғысына жауап бере алатын ілгерішіл де болуы тиіс.

 ЦентрКредит Банкінің дәстүрлі  саясаты оның шағын және орта бизнес үшін таңдаулы банк ретінде өзінің тиісті орнын алуына қол жеткізді. Қазақстанға да әсерін тигізген қаржы дағдарысының күрделі жағдайы ЦКБ-нің шағын және орта бизнес секторы клиенттерін қаржыландыруын жалғастыруына бөгет бола алмады. Бұған банк «Самұрық-Қазына» қорынан ғана емес, Еуропалық даму банкі, немістің даму банкі (DEG), американдық National City Bank, голландтық даму банкі (FMO) сияқты қаржы құрылымдарының қаражаттары арқылы қол жеткізді. Нарықтың тұрақсыздығы жағдайында жасалған шетелдік елдер даму банкілерімен жасалған бұл мәмілелер сенімді беделі және сарабдал саясаты бар қаржы институты ретіндегі ЦентрКрендит Банкіне деген сенімнің зор екенін қуаттайды. Ұзаққа созылған экономикалық және қаржы дағдарысы бизнесті дамытудың әртүрлі стратегияларының өміршеңдігіне елеулі сын болды. ЦКБ активтерінің жоғары сапасы әріптестер мен клиенттердің сенімін қуаттады және сын сағаттарда банк олардың үдесінен шығ білді. Бүгінгі кезде ЦКБ-ында оңтүстіккореялық стратегиялық инвесторы Kookmin Bank тарапынан технологиялар трансферті және базалық құзырет бойынша жұмыстар толыққанды жүргізілуде (2008 жылғы тамызда Kookmin Bank ЦентрКредит Банкінің капиталына кірді). Мәртебесі жағынан стратегиялық жоба ЦКБ қызметінің барлық бағыттарын қамтиды және 2009 жылдан 2013 жылға дейінгі бес жыл ішіенде 30-ға тарта міндетті жүзеге асыруды қарастырады. Олардың арасында Базель 2 басқару ұстанымдарына сай келетін тәуекелдерді және АТ-технологиялар негізінде клиенттермен өзара қатынастарды басқару жүйелерін енгізу мәселелері бар. Банк бұл шарасы операция тиімділігі мен банктің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың өзінде осындай өрелі 11 міндетті жүзеге асыру көзделіп отыр. Биылғы жылдың басынан бері ЦентрКредит банкінде Kookmin Bank өкілдері іссапарда жүр, олар ішкі бизнес-үдерістерді диагностикадан өткізуде және оның нәтижелері бойынша оңтайландыру жоспарлары пысықталуда.

    Егер Астанаға қатысты айтар болсақ, ЦентрКредит Банкі елорданың дамуына, құрылысына және абаттануына бұрынғыша қомақты үлес қосуда. Ол Астанадағы көптеген жобаларды қаржыландыруға белсене қатысуда, бұлар – ондаған километрлік қала жолдары, салынып жатқан тұрғын үйлер, жас шыбықтар отырғызылған саябақтар. Сонымен қатар қаланың көптеген ұйымдары банктің елордалық филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, қалыптасу үстінде және бизнесін өрістетуде. Олар көп жылдардан бері банктың сенімді клиенттері болып келеді «ҚазГерҚұрылыс» холдингі жолдарды саябақтарды, әртүрлі бағыттағы нысандарды салады. Кәсіпорын 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 «Жасыбай-Инвест» ЖШС ЦентрКредит  Банкімен 1999 жылдан бері ынтымақтасып  келеді. Бұл банк қазақстандық  аймақтардағы серпінді дамып  келе жатқан агросекторды қалыптастыру  және кеңейту үдерісіне белсене  қатысып келеді Біздік компанияның ЦентрКредит Банкімен ынтымақтасуы Қостанай және Ақмола облыстарында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бүгінде  ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істей отырып, осы банктің Алматыдағы бас кеңсесімен, сондай-ақ Астана, Қостанай, Көкшетау қалаларындағы филилдарымен тығыз ынтымақтасып отыр.  «Квинтек» ЖШС Центркредит Банкімен 2004 жылғы 15 қазаннан бері қоян-қолтық жұмыс жасап келеді.

 «Сана Компаниясы» ЖШС   «SANA» компаниялар тобына кіретін  кәсіпорындар ЦентрКредиттің Астана  қаласындағы филиалымен 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. заманауи және сапалы жолдар – кез келген елдің экономикасын дамытудың қажетті шарты. серпінді дамып отырған холдингі үшін автожолдар құрылысы.

 «Вербсте» ЖШС ЦентрКредит  банкімен 2004 жылдан бері жұмыс  жасап келеді. ЦентрКредит Банкінің қатысуы арқасында қала тұрғындарына Президенттік саясақты, «Олимп» саябағын, Уәлиханов пен Абай көшелерінің бұрышындағы скверді, Сарыарқа көшесінің бойындағы украин мейрамханасының ландшафтық-саябақ ансамблін тарту етті.

2009 жылғы 25 қыркүйекте Kookmin Bank Co Ltd, ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акционерлері және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасында келісім жасалды, соған сәйкес Kookmin Bank Co Ltd үлесін 41,9% дейін ұлғайту және Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) БЦК шығарған және төлеген акциялардың барлық мөлшерінің 10% сатып алуы жоспарланды. Осы келісім аясында 2009 жылдың қазан айында ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы Банктің орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрлерін өзгерту туралы шешім қабылданды. 2009 жылғы қарашада ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акция шығарылымының жобасына енгізілген өзгертулерді тіркеді, соған сәйкес шығарылым 260 750 745 жай акцияларға және жай акцияларға айырбасталатын 39 249 255 артықшылықты

акцияларға бөлінді. 2009 жылғы желтоқсанда  ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ Директорлар  кеңесі 17 976 269 жай акцияларды және жай  акцияларға айырбасталатын 39 249 255 жаңадан  шығарылған артықшылықты акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдады.

Банктің 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған акцияларының 5 және одан көп пайызын иеленетін  акционерлер:

Байсейітов Б.Р.                 36,39 %

Kookmin Bank Co Ltd.    30,52 %

2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған жай акциялардың саны 144 534 154 дананы, артықшылықты акциялар 65 217 дананы құрады, жарғылық капитал 52 619,2 млн. теңге сомасында төленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Банк ЦентрКредит  АҚ-ның меншікті капиталының динамикасына талдау жасау.

 

Комерциялық банктің меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарын құрудың  негізгі көзі болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеде банктің қаржы ресурстарына деген сұранысын меншікті капиталы есебінен 12-20% мөлшерінде қанағаттандырады. Банктің меншікті капиталы оның қызметін бастаған кезде өте үлкен рөл атқарады. Себебі, банк құрылтайшылары банк қызметін бастай сала, ең алғашында кететін шығындардың орнын осы меншікті капиталдың көмегімен жабады.

Базель келісіміне сәйкес банк капиталының сенімділігін арттыру мақсатында банк капиталының құрылымына қойылатын талаптар:

1.Банктің меншікті капиталының  жалпы көлеміндегі базистік капиталдың  мөлшері 50% -дан кем болмау керек.  Банктің Базистік капиталының  мөлшері түскен пайдадан салықтар  төленгеннен кейін есептелінеді;

2. Қосымша міндеттемелердің сомасы  базистік капиталдың жалпы сомасының  50% -нан аспауы керек;

3. Егер несиелер қайтарылмаған  жағдайда банктің резервтік қорының  мөлшері тәуекелді активтердің  жалпы сомасының қалыпты жағдайда 1,25 %-нан аспауы керек, ал қалыпсыз жағдайда 2% -нан аспауы керек;

4. Активтердің құнының өсуі жағдайында  құрылатын резервтер сатылмаған  бағалы қағаздарды сатудан түсетін  құпия табыстар формасында болуы  керек және бұл жағдайда меншікті  капиталдан 55%  мөлшерінен аспауы керек.

 

1 кесте. Банктің 2008-2011 жылдардағы  банктің меншікті капиталы 

 

Меншікті капитал, мың,тг

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

132 675 230

154 760 228

176 019 058

134 899 543


Мәлімет көзі : ҚР екінші деңгейлі банктердің пруденциялық нормативтерді орындауы мәліметтері негізінде

Аудит жасалған шоғырландырылған қаржы  есептілігіне сәйкес Банк 2009 жыл бойынша  жиынтық активтерінің мөлшері бойынша 4-орынға және меншікті капиталы бойынша 6-орынға ие болды. Есепті кезең ішінде Банк активтерін 23,4%-ға ұлғайтты, бұның жиынтық мәні 1 160,6 млрд. теңгені құрады. Банктің ұстамды саясаты 2009 жылдың қиын жағдайларында 3,5 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда алуға мүмкіндік берді. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік базасы 2009 жылы 44,6%-ға өсті, бұл кезеңдегі Қазақстанның банк жүйесіндегі халықтың депозиттері 29,1%-ға ұлғайды. Нәтижесінде Банктің жеке тұлғалардың депозиттер нарығындағы үлесі бір жыл ішінде 13,2%-дан 14,1%-ға дейін өсті. Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда да жетекші орындарға ие.

2009 жылы Банктің активтері 23,4%-ға  өсті және 1 160,6 млрд. теңге деңгейіне  дейін жетті. Қазақстанның банк  жүйесінің жиынтық активтеріндегі ЦентрКредит Банкінің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайып, 10,0%-ды құрады.

2009 жылы Банктің капиталы 3,2%-ға өсті және 2010 жылғы 1 қаңтарда 97,6 млрд. теңгені құрады. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес 2010 жылғы 25 ақпанда «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың стратегиялық серіктестері Kookmin

Bank Co Ltd мен Халықаралық қаржы  корпорациясы (IFC) ЦентрКредит Банкінің капиталына қатысу жөніндегі мәмілені аяқтады. Аталмыш мәміле аясында Kookmin банкі мен IFC ЦентрКредит Банкінің қолданыстағы, сондай-ақ жаңа акцияларын сатып алды. Соның нәтижесінде ЦентрКредит Банкі KZT17.2 миллиард (US$116 миллион) теңгені құрайтын жаңа акционерлік капитал түрінде күшті қолдау тапты. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған жай акциялардың саны 162 456 800 дана жай акцияны, жай акцияға айырбастауға болатын 39 249 255 дана басымдықты акцияны құрады, жарғылық капитал 69 751млн. теңге сомасында төленді.

 Банктің меншікті капиталы 2011 жылғы 1 қаңтарда 134 409 млн. теңгені құрады. Банктің 2010 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес ЦКБ жиынтық активтердің мөлшері бойынша және меншікті капитал бойынша 4 орынды иеленді. Есепті кезең ішінде ЦентрКредит Банкі активтерінің көлемін 5,5%-ға өсірді, жиынтық мәні 1 224,6 млрд теңгені құрады. 2010 жылы Банк 30,7 млрд теңге мөлшерінде теріс қаржылық нәтиже көрсетті. Жеке тұлғалардың ЦентрКредит Банкіндегі депозиттік салымдары 2010 жылы 17,2%- ға өсті. Тұрғын халықтың ЕДБ-ге салымдары осы кезең ішінде 16,2%-ға ұлғайды.

Банктің жеке тұлғалардың салымдары  нарығындағы үлесі 14,9%-ды құрады. Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жетекші орындарға  ие. Несие саясатындағы басымдықтарды өзгерту көзделмеген және 2011 жылы ШОБ-тың несие портфелін ұлғайту жоспарланып отыр. Ірі корпоративтік клиенттер несие портфеліндегі қомақты үлесті – шамамен 25%-ды иеленеді, осы кезде экономиканың құрылыс секторын қаржыландырудың табиғи төмендеуі байқалатын болса,

3. Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталының жеткіліктілік бағамы

    Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді. «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді.

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін талдау барысында негізгі 2 коэффициент анықталуы керек:

  1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті:

КМКЖ=МК/Активтер≥8% (1)

Алдымен "Банк ЦентрКредит" банкінің балансы бойынша мынадай кесте  құрып алайық:

2 кесте. Банктің қаржылық көрсеткіштері

жыл

Меншікті капитал

активтер

Сырттан тартылған қаражаттар

2008

79 909 809

943 656 763

601221

2009

88 616 379

1 137 085 941

659474

2010

106 115 201

1 238 373 907

695284

2011

83 390 489

1 077 162 731

739753


      Мәлімет көзі: 2008 жылғы 1 желтоқсанға жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерінің қаржылық көрсеткіштері негізінде жеткіліктілігі автор есебімен

КМКЖ=79 909 809 / 943 656 763=0.09

КМКЖ=88 616 379 / 1 137 085 941=0.08

КМКЖ =106 115 201 / 1 238 373 907=0.08

КМКЖ =83 390 489 / 1 077 162 731=0.07

3 кесте. Банктің меншікті капиталының  жеткіліктілік коэффициенті

жыл

КМКЖ

өзгеріс, +-

2008

0,09

-

2009

0,08

-0,01

2010

0,08

-

2011

0,07

-0,02


Мәлімет көзі :2008-2011 "Банк ЦентрКрелит" АҚ-ның меншікті капиталының 

Кестеден 2008 жылы меншікті капитал жеткіліктілік 0,09-ға, 2009 жылы өткен жылдан 0,01 –ге төмендесе, 2011 жылы 0,07 тең болған.

  1. Банктің меншікті капиталы мен сырттан тартылған қаражаттарының арақатынас коэффициенті:

КМК/СТҚ=МК/СТҚ (2)

КМК/СТҚ=79 909 809/601 221=132.9

КМК/СТҚ=88616379/659474=134.4

КМК/СТҚ=106115201/695284=152.7

КМК/СТҚ=83390489/739753=112.8

Есептелген  төмендегідей кесте  арқылы қорытындыласақ:

жыл

КМК/СТҚ

МК

СТҚ

2008

132,9

79 909 809

601 221

2009

134,4

88616379

659474

2010

152,7

106115201

695284

2011

112.8

83390489

739753


Есептелген есептеулер барысында  көріп отырғанымыздай, банктің 2008-2011 жыл аралықтарында меншікті капиталдың жеткіліксіздігі айқындалды.Дүниежүзілік банк тәжірибесінде банктің меншікті қаражаттарының ішінде ең үлкен үлес алатыны – жарғылық қор болып табылады ( 80-85%).

  1. Жарғылық қордың меншікті қаражаттардағы үлесі:

D1=ЖҚ/МҚ*100% (3)

Мұндағы: D1 -Жарғылық қордың меншікті қаражаттардағы үлесі:

ЖҚ- жарғылық қор;

МҚ- меншікті қаражат

4 кесте. "Банк ЦентрКредит"  АҚ-ның 2008-2011 жылдардағы көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

ЖҚ

40740179

38918902

64076362

64076261

МҚ

79909809

88616379

106115201

83390489


Мәлімет көзі : ҚР екінші деңгейлі банктердің пруденциялық нормативтерді орындауы мәліметтері негізінде

Осы мәліметтер негізінде банктің  жарғылық қорының меншікті қаражаттардағы үлесін есептейтін болсақ,

D1=40740179/79909809*100%=0.5%

D1=38918902/88616379*100%=0.4%

D1=64076362/106115201*100%=0.6%

D1=64076261/83390489*100%=0.7% яғни, бұдан жылма-жыл көбейгендігін байқауға болады. Енді банктің жарғылық қорының жалпы баланс қорытындысындағы үлесін табайық:

D2=ЖҚ/БҚ*100% (4)

Мұндағы БҚ- баланс қорытындысы болып  табылады.

БҚ=Барлық активтер+міндеттемелер+меншікті капитал

Ол үшін мынадай кесте құрап  алсақ:

5 кесте. Банктің жарғылық қорының  жалпы баланс қорытындысындағы  үлесі 

Мың,тг

 

2008

2009

2010

2011

Активтер

943656763

1137085941

1238373907

1077162731

Міндеттемелер

863746954

1048469562

1132258706

993772242

Меншікті капитал

79909809

88616379

106115201

83390489

БҚ

1884156783

2274171882

2476747814

2154325462


Мәләмет көзі:2008-2011 жылғы 1 желтоқсандағы  жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерінің  қаржылық көрсеткіштері негізінде

Енді банктің жарғылық қорының  жалпы баланс қорытындысындағы үлесін табайық:

D2=40740179/1884156783*100%=2.16=0.02%

D2=38918902/2274171882*100%=1.71=0.01%

D2=64076362/2476747814*100%=2.58=0.02%

D2=64076261/2154325462*100%=2.97=0.02%

Банк қызметін ұйымдастыруға оның меншікті қаражаттары жеткіліксіз. Қазіргі кезде банк операцияларын жүзеге асыру үшін сырттан тартылған және қарызға алынған ресурстарды пайдаланады. Банк өзінің несиелік ресурстарын көбейту үшін негізгі 2 қаражат көзін пайдаланады:

  1. Үлестірілмеген табыс.
  2. Сырттан тартылған қаражат.

Банктің сырттан тартылған қаражаттары мен қарызға алынған қаражаттарының жиынтығы банктің міндеттемелерін құрайды.

Банк міндеттемесі дегеніміз- ол банктің  меншігіне жатпайтын, бірақ оның активтік операцияларын жүзеге асырудың көзі болып табылатын, банк қорларының айналымына уақытша қатысатын қаражат.

Банк міндеттемелерін талдаған кезде талдаудың келесі көрсеткіштері  қолданылады:

  1. Банктің сырттан тартылған қаражаттардың тиімділігі:

ТСТҚ=ΣСТҚ(сырттан тартылған қаражат) / Σ Несиелер    (4)

6 кесте. Банктің сырттан тартылған  қаражаттардың тиімділігі:

жыл

СТҚ

Несиелер,млрд,тг

ТСТҚ

2008

601221

64390

9,337

2009

659474

66025

9,988

2010

695284

71931

9,665

          2011

739753

79507

930,4


Мәлімет көзі:Баланстан тыс есептен  шығарылған, мерзімі өткен төлемдері  бар кредиттер және жұмыс істемейтін кредиттер мен олар бойынша құрылған провизиялар жөніндегі мәліметтернегізінде

Бұл көрсеткіш берілген несиелердің  әрбір теңгесіне шаққандағы сырттан  тартылған қаражаттардың мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткішьердің  төмендігі- банктің сырттан тартылған  қаражаттарын тек ғана несие беру үшін емес, басқа да мақсаттарға қолданатынын көрсетеді. Сол себепті де «Банк Центр Кредит» АҚ- ның соңғы жылдардағы несиелік банктік өнімін бағалап көрсек.

Несие - нарықтық   экономиканың  тірегі   ретінде  экономикалық  дамудың  ажырамас  элементін  білдіреді. Оны  барлық  шаруашылық  субьектілерімен  қатар, мемлекетте,  үкімет  те,  сондай-ақ  жеке  азаматтар  да  пайдаланады.

        Несиенің  экономикадағы  орны  мен  рөлі,  оның  атқаратын қызметтерімен  сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория  ретінде  мынадай  қызметтерді  атқарады:

  • қайта  бөлу;
  • айналыс  шығындарын  үнемдеу;
  • айналыстағы  нақты  ақшалардың  орнын  уақытша  алмастыру;
  • капиталдың  шоғырлануын  жеделдету;
  • ғылыми -  техникалық  прогресті жеделдету.

  Коммерциялық  несие – бұл  қарыз  берушінің   қарыз  алушыға  қарызға берген  тауарын  білдіреді.

       Банктік  несие – бұл  экономикадағы  кеңінен  тараған  несиелік  қатынастардың  формасы  болып  табылады. Банктік  несие  бойынша  несиелік  қатынастың  құралына  несиелік  шарт  немесе  несиелік  келісім  жатады. Банктік несиеде  несие  беруші:  банк  және арнайы  қаржы  мекемелері  болса,  ал  қарыз  алушылар  ретінде : кәсіпкерлікпен   немесе бизнеспен  шұғылданатын  қаржы   ресурстарына  деген  сұранысы  бар  кез  келген  заңды  ұйым  болып  табылады. Мұндағы  қарыз  берушінің  басты  мақсаты – бұл  пайыз  түрінде  табыс  алу.

Төменде «Банк Центр Кредит» АҚ- ның несиелік өнімдері көрсетілген. Несиелік өнімдер валюта, жеке және заңды тұлғаларға берілуі, пайдалану мақсаттары мен салалары, түрлері бойынша көрсетілген.

1. Валютамен  берілуіне  қарай:

- Ұлттық  валютамен;

- Шетел  валютасымен.

7 Кесте .Берілген несиелерді валютамен талдау

Валюта

2007 ж

 

2008 ж 

Ауытқуы

(+,-)

Мың тг

Үлесі

%

Мың тг

Үлесі

%

Мың тг

1

2

3

4

5

6

Теңге

358 227 805

56,53

446 762 685

52,3

88 534 880

АҚШ доллары

262 710 639

41,46

368 299 890

43,1

105 589 251

Евро

11 767 289

1,857

38 030 601

4,45

26 263 312

Басқалары

986 157

0,156

582 533

0,07

-403 624

Барлығы

633 691 890

100

853 675 709

100

219 983 819


Мәлімет көзі: «Банк Центр Кредит»  АҚ- ның ресми сайты

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай «Банк Центр Кредит» АҚ – да несиелік өнімдердің көп көлігін ұлттық валютамыз теңге құрап отыр. Атап айтсақ, өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы банктен теңге түрінде берілген несие өнімі 88 534 880 мың теңгеге (446 762 685 - 358 227 805) артқан. Бұл банк клиенттерінің ұлттық валютаға деген сенімділігіңің жоғары екендігін көрсетеді. Одан кейінгі орынды АҚШ доллары құрап отыр. 2007 жылға қарағанда 2008 жылы несие өнімі  105 589 251 АҚШ долларына (368 299 890 - 262 710 639) көбейген.

Берілген несиелерді валютамен  талдайтын болсақ теңгенің 2007 жылғы үлесі 56,53% болса, 2008 жылы теңгенің үлесі 52,3% құрап, өсу қарқыны 24,71% болған.  Ал АҚШ долларына келер болсақ, ол 2007 жылы үлес салмағы 41,46% болса, 2008 жылы 43,1% құрап, ауытқуы 40,19% артқан. Евромен есептегенде 2007 жылы үлес салмағы 1,857% болса, 2008 жылы 4,45%-ды құрап, өсу қарқыны 223,2% болған.

Төменде несиелік өнімнің валюта түріндегі  көрінісін суреттен (Сурет 6) көруге болады.

2 Сурет . «Банк ЦентрКредит»  АҚ-ның валютамен берілген несиелері

    2. Пайдалану мақсаты бойынша несиелер мынадай үш түрге бөлінеді:

- бизнес;

- тұтынушылық;

- ауылшаруашылық.

«Банк Центр Кредит» АҚ- да 2007-20008 жж. пайдалану мақсаттары бойынша  несиелердің көлемі  төмендегі  кестеде көрсетілген.

8 Кесте.  Пайдалану мақсаттары  бойынша клиент қолындағы несиелер, пайыз

Мақсаттары бойынша берілген несиелер

2007ж

2008ж

Ауытқуы

(+;-)

1

2

3

4

5

1.

Бизнес

81,4

80,7

-0,7

2.

 Тұтынушылық

14,5

10,0

-4,5

3.

Ауылшаруашылық

4,1

9,3

5,2


Банк пайдалану мақсаттарына қарай  несиелер береді. Атап айтатын болсақ, бизнеске, ауылшаруашылығына және тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

Жоғарыдағы кестеде көріп отырғанымыздай, банктің бизнесті дамытуға берген неиелерінің  көлемі жоғары. Бұл саланы «БанкЦенртКредит»  АҚ тарапынан несиелендіру 2007 ж. 81,4%- ды құраса, 2008 ж. 80,7%- ды құраған, яғни 0,7%- ға төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы тұтынушылық мақсатында берілетін несиелердің мөлшері 4,5%-ға (10,0% - 14,5%) кеміген. Бизнес пен тұтынушылық мақсатында берілетін несиелердің саны азайғанмен ауылшаруашылығына берілетін несиелердің саны аз мөлшерде өскен. Есепті кезеңде бұл салаға берілген несиелердің мөлшері 9,3%- ды құраса, өткен жылы 4,1%-да болған. Демек, ауылшаруашылығы саласына берілген несиенің көлемі 58,2%-ға (9,3% - 4,1%) жоғарылаған. Оны төмендегі суреттен көруімізге болады.

3 Сурет. 2007-2008жж пайдалану мақсаттары  бойынша клиент қолындағы несиелер 

3. Тұтыну мақсатына  берілетін несиелер мынадай:

- тұтыну несиесі;

- ипотекалық несие.

 «Банк Центр Кредит» АҚ  –да тұтыну несиесі мен ипотекалық несиелердің үлесі жоғары.

Тұтыну  несиесі – бұл жеке  тұлғаларға  тұтыну  тауарларын  сатып  алу  үшін  және  тұрмыстық  қызметтерді  өтеуге  берілетін  несие.

Қазақстанда  тұтыну несиесі  кеңінен  дамып  отырған несиеге жатады. Екінші  деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну  несиесінің мынадай түрлері қолдануда:

- автомобильдик несие;

- ұзақ  мерзімде  пайдаланатын  тауарлар  сатып  алуға арналған  несие;

-  тұрғын үйді жөндеу  жұмыстарына  берілетін  несие;

- кейінге  қалдырылмайтын  қажеттіліктерге  берілетін  несие.

      Мұнда  автомобильдік несие бойынша  жаңа  және жүрілген  автомобильдерді  банк несиесі көмегімен алуға  болады.

      Ұзақ мерзімде  пайдаланылатын  тауарларға  мыналар  жатады:

- жиһаз;

- сантехника;

- аудио- видео  және  тұрмыстық  техникалар;

- компьютер  және оргтехника;

- басқа да  тұтыну  тауарлары.

      Тұрғын  үйді  жөндеу  жұмыстарына: үйдің  ішінде  және  сыртында  құрылыс  және  басқа  да  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  жатады.

Ипотекалық  несие – бұл қозғалмайтын  мүліктерді кепілге ала отырып,  ұзақ  мерзімге берілетін несие.

Банкте банктік маркетинг қарқынды дамығандықтан жылдан жылға берілетін  несие өніміне деген сұраныс  артуда, оны келесі кестеден көруге болады ( Кесте 11)

9 Кесте.  Тұтыну мақсаттары бойынша несиелердің көлемі, мың тг

Көрсеткіштер

2007 ж

2008 ж

Ауытқу, +;-

Өсу қарқыны,

%

Сомасы,

Мың.тг

Үлесі,

%

Сомасы,

мың.тг

Үлесі,

%

Ипотекалық несие

86,907

10,6

161,611

18,9

+74,704

184,1

Тұтыну несиесі 

110,274

81,8

160,663

64,5

+50,389

22,4

Басқалар 

43,846

7,6

17,587

16,6

-26,259

249,1

Барлығы

629,870

100,0

1,096,970

100,0

-628,77303

54,6


Банктің есеп беру жылы жеке тұлғаларға берген тұтыну несиесінің көлемі 160,663 мың теңгені құрапты, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  50,389 мың теңгеге немесе 22,4 пайызға артық. Мұндай нәтиже банктің қызмет көрсету түрлері мен өнімдеріне халықтың сұранысы артқанын көрсетеді. Жалпы барлық несие түрлері бойынша банктің берген несиелер көлемі өскен, оның өсу динамикасы төмендегі суретте көрсетілген (Сурет 4)

4 Сурет. Несие түрлерінің 2007-2008 жылдардағы динамикасы

4. Шаруашылық субъектілеріне  берілетін  несиелер:

- жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;

- коммерциялық кәсіпорындар;

- мемлекеттік ұйымдарға берілетін  несиелер.

Зерттеу объектісі бойынша шаруашылық субъектілерге берілетін несиелер келесі кестеде көрсетілген. (Кесте 3)

10 Кесте .Несие өнімін шаруашылық субъектілердің типіне байланысты жіктеу

Көрсеткіштер

2007 ж

2008 ж

Ауытқуы,+:-

Өсу қарқ,

%

Сомасы,

Мың.тг

Үлесі,%

Сомасы,

мың.тг

Үлес%

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

43567706

38,5

67380274

53,6

23812568

54,7

Коммерциялық кәсіпорындар

48592423

43,1

40806543

32,5

-7785880

-16,0

Мемлекеттік ұйымдар 

20825324

18,4

17488520

13,9

-3336804

-16,0

Барлығы

112985516

100

125675337

100

1268982

12,2


Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие көлемі есеп беру жылында өткен жылға қарағанда 23812568 мың теңгеге немесе 54,7% - ға  артық, коммерциялық кәсіпорындарға 7785880 мың теңгеге немесе 16 % - ға кем, ал мемлекеттік ұйымдарға 3336804 мың теңгеге немесе 16 % - ға кем ақша қаражаттары орналастырылды. Шаруашылық субъектілердің типіне байланысты несиенің құрылымы келесі суретте көрсетілген. (Сурет 9)

5Сурет .  Несие портфелінің субъектілер типтеріне байланысты

бөліну динамикасы

5.Қаржылық  емес  агенттерге  берілетін несиелер төмендегідей  болып жіктелінеді:

- өнеркәсіп  салаларына;

- ауыл – шаруашылығына;

- саудаға; 

- дайындау  ұйымдарға;

- жабдықтау-сату  ұйымдарына;

-  кооперативтерге;

- жеке  кәсіпкерлерге.

11 Кесте.  «Банк Центр Кредит АҚ-ның экономика салалары бойынша несиелерінің  құрылымы, мың тг

Көрсеткіштер

2007 ж

2008 ж

Ауытқуы,

+;-

Өсу қарқыны,

%

Сомасы,

Мың.тг

Үлесі,

%

Сомасы,

мың.тг

Үлесі,

%

Ауыл шаруашылығы

47,474

8%

67,112

6%

+19,638

14,1

Мұнайгаз саласы

13,532

2%

30,289

3%

+16,757

2,2

Тау кен өнеркәсібі

4,835

1%

9,343

1%

+4,508

1,9

Машина жасау

2,194

0%

7,296

1%

+5,102

3,3

Көлік

11,503

2%

9,679

1%

-1,824

-8,4

Көтерме сауда 

113,510

18%

223,549

20%

+110,039

19,6

Бөлшек сауда 

42,098

7%

87,650

8%

+45,552

20,8

Автокөліктерді сату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

4,639

1%

9,683

1%

+5,044

20,8

Тамақ өнеркәсібі

10,359

2%

16,439

1%

+6,08

15,8

Құрылыс

70,064

11%

147,908

13%

+77,844

21,1

Қызмет көрсету

23,213

4%

59,921

5%

+36,708

25,8

Энергетика

14,745

2%

6,236

1%

-8,509

4,2

Зерттеуге және ізденуге

2,444

0%

505

0%

+502,556

2,0

Жылжымайтын мүлік

14,896

2%

40,141

4%

25,245

2,0

Байланыс 

1,888

0%

1,323

0%

-0,565

-7,0

Тұтыну несиесі 

86,907

14%

161,611

15%

+74,704

18,5

Ипотекалық несие

110,274

17%

160,663

15%

+50,389

14,5

Басқалар 

43,846

7%

17,587

1%

-26,259

-40,1

Барлығы

629,870

100%

1,096,970

100%

-628,77303

-0,17


Кестенің мәліметтері бойынша  банктің несиелерінің құрылымы көтерме  саудаға несие, ипотекалық несие, тұтыну несиесі, құрылысқа несиелер жоғарғы үлес салмақты алады. Ауыл шаруашылығына несиелер көлемі өткен жылға қарағанда 2%-ға дейін қысқарды және 2008 жылы 67,112 мың теңге болды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 19,638 мың теңгеге кеміді. Сондай-ақ несие портфеліндегі үлес салмағының басым бөлігін көтерме сауда алады. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 110,039 мың теңге сомасына өсіп отыр. Содан кейінгі көп сома көрсеткішін жеке тұлғаларды несиелендіру  құрап отыр. Есеп беру жылы оның көлемі 110,039 мың теңгеге  немесе 18,5 пайызға жоғарылады. Құрылыс саласына несие көлемін өткен жылмен салыстырғанда  77,844 мың теңгеге немесе 21,1 пайызға жоғарылады. Транспорт, тау-кен өндірісі, тұтыну тауарларына, металлургия және химия өнеркәсіптеріне бірыңғай шамада несие бөлінген. Жалпы соңғы уақытта ауылшаруашылық, өндіріс, құрылыс салаларында алға жылжу байқалады. Сауда саласының үлесі жоғары болып қала береді, өйткені саудалық несиелер тез өтелетін болып есептеледі. Банктік несиелер мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.  Қысқа мерзімді несиелер – 1 жылға дейін мерзімге берілетін несиелер. Көбінесе бұл ссудалар  айналым капиталының, клиенттердің ағымды қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелер. Басқада қажеттіліктерге берілген несие есепті жылы 26,259 мың теңгеге кеміген және ол 40,1 пайызды құрады.

6.  Қайтарылу   дәрежесіне  қарай:

- стандартты несие – қайтарылу   уақыты  жетпеген, бірақ  қайтуында   ешқандай  күмән жоқ  несиелер;

- күмәнді  несиелер – қайтарылу   уақыты кешіктірілген,мерзімі  ұзартылған және  банк  үшін  тәуекел  туғызатын  несиелер.Соңғы қабылданған  активтердің  жіктеу  ережесіне  сәйкес, күмәнді  несиелер  бөлінеді: 1, 2, 3 4,5  санатты  күмәнділер.

- үмітсіз  несиелер – қайтару   уақыты  кешіктірілген,  мерзімі  өткен ссудалар  шотына  жазылған  несиелер.

12 Кесте .Қайтарылу дәрежесіне  қарай несиелік операциялардың  жіктелінуі, мың тг

Несиенің типтері

2007

 

2008 

Ауытқу (+;-)

Мың тг

Үлесі

%

Мың тг

Үлесі

%

Мың тг

1

2

3

4

5

6

Стандартты

497 725 177

78,5

421 435 087

49,4

-76 290 090

Күмәнді

127 825 047

20,2

420 575 199

49,3

292 750 152

1 категориялы күмәнді

82 201 160

13,0

111 498 012

13,1

29 296 852

2 категориялы күмәнді

22 953 700

3,6

289 245 629

33,9

266 291 929

3категориялы күмәнді

4 680 815

0,7

1 021 141

0,1

-3 659 674

4категориялы күмәнді

6 027 696

1,0

9 571 737

1,1

3 544 041

5 категориялы күмәнді

11 961 676

1,9

9 238 680

1,1

-2 722 996

Үмітсіз

8 141 666

1,3

11 665 423

1,4

3 523 757

Барлығы

633 691 890

100

853 675 709

100

219 983 819


Несие операцияларының қоржынының жіктелуін кесте арқылы көрсетер болсақ:  стандартты несиелердің 2007 жылғы үлес салмағы 78,5% болса, ал 2008 жылы оның үлесі 49,4% болып, ауытқуы -15%-ға кеміген. Ал күмәнді несиелер 2007 жылы үлес салмағы  20,2% құраса, 2008 жылы 49,3% болып, өсу қарқыны 229%-ға  артқан. Үмітсіз несиелердің 2007 жылғы үлес салмағы 1,3% болса, 2008 жылы 1,4%-ды құрап, өсу қарқыны 43% болған.

Зерттелу объектісі «Банк Центр  Кредит» АҚ мәліметтері негізінде  несиелік өнімді пайдалану мақсаттары, валюта түрлері, тұтынушылық мақсаттары, экономиканың салалары, қайтарылу дәрежесі және шаруашылық субъектілірдің типтері бойынша жіктеп талдау жасадық.

Талдау нәтижесі келесідей қорытынды  жасауға мүмкіндік берді:

Банкте несиелік өнімдердің көлемі артқан, бұл банктің маркетингтік қызметінің кеңейгендігін көрсетеді. Сұраныстың артуы банктік өнім ассортиментінің ұдайы жақсартып және жетілдіріп отырылуын талап етеді.

  1. Тұрғындардың, яғни жек адамдардың салымдарын ( депозиттерін) тарту нормативі ( Н11):

(Н11)=ΣТС (тұрғындардың салым суммасы) / Σ МК (меншікті капитал)                                                                        (5)

13 Кесте. Тұрғындардың, яғни жек  адамдардың салымдарын ( депозиттерін) тарту нормативі

Көрсеткіштер

жылдар

2008

2009

2010

2011

Жеке тұлғалардың салымдары

185260823

277148952

327646262

356283022

МК

79909809

88616379

106115201

83390489

Н11

2,31837

3,12751

3,08164

4,27246


Мәлімет көзі: ҚР Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігі

Кестеден көргендей, банктің меншікті капиталының қажет жағдайда тұрғындардың салымдарын қайтарып беруге жеткіліктілігін көрсетеді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ банктік шартты салымдардың келесі түрлерін ұсынады:

Шетелдік жұмыс күшін  тарту үшін – «Қазақстан Республикасына тартылған шетелдік жұмыс күші үшін енгізілетін кепілдік және кепіл жарналарын орналастыру тәртібі және талаптары туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында тартылған шетелдік мамандар үшін жасалатын кепілдік жарна. Салым бойынша «Талап еткенге дейінгі» мөлшерлеме қарастырылған.

Резидент емес тұлғаларға салық салу мақсаты үшін – Салым резидент емес тұлғадан төлем көзінен табыс салығын ұстау және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне аудару бойынша Салық агентінің міндеттемесін қамсыздандыру болып табылады.

Эскроу-шот – Салымшының және Клиенттің міндеттерін орындауды қамсыздандыру мақсатында Клиенттің пайдасына Эскроу-шот ашылады. Салымшы Эскроу-шот шартында белгіленген талаптарға сәйкес Эскроу-шотқа Клиентпен есеп айырысуға арналған ақшаны салады. Эскроу-шот шартында көзделген талаптарды Клиенттің орындағаны расталған жағдайда, Банк Клиентке Эскроу-шоттан алынған салым сомасын қайтарып береді. Клиент Шарттың талаптарын орындаған жағдайда, бұрын белгіленген мерзім орнаған кезде Банк салым сомасын Салымшыға қайтарады немесе Эскроу-шот шартында қарастырылған басқа іс-әрекеттерді орындайды.

Жер қойнауын пайдаланушы  қоры – Салымшы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілген операцияның салдарын жою мақсатында жер қойнауын пайдаланушының зардаптарды жою қорын құруына байланысты соманы салады. Салым бойынша «Талап еткенге дейінгі» мөлшерлеме қолданылады.

Депозит - кепілдік – Банктің Салымшыдан қабылдаған және банктің немесе үшінші тұлғалардың алдында Салымшының немесе үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша Банктің кепілдік міндеттемелерін қамсыздандыру болып табылатын ақша.

 

4.Коммерциялық банктердегі меншікті капиталдың атқаратын қызметі мен үлесін толықтыру бағыттары

Қазақстанда соңғы жылдары макроэкономикалық  тұрақтылық, халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы, елдегі қолайлы инвестициялық  климат, банк секторының белсенді дамуына  қатысты жетістіктер байқалуда. Жоғары ішкі сұраныс жəне капиталдың халықаралық рыногындағы заем ресурстарының төмен бағасы банктердің шетел капиталының елеулі көлемін тартуға ынталандырды.

Шетелден капиталдың мейлінше төмен  құнмен келуі екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базасын ұлғайтуға ықпал етті жəне банк қызметінің белсенділігінің артуына негіз болды. Мұнымен қатар сырттан қарыз алудың өсуінің теріс салдарлары да бар, осы банк секторының валюталық тəуекелге душар болу дəрежесінің өсуіне байланысты пайда болған теріс ықпал банктердің валюталық міндеттемелерін артық бағалаудан, сондай-ақ кері қаржыландыру тəуекелдерінен, пайыздық тəуекелдерден жəне өтімділік тəуекелдерінен туындауы мүмкін. Осыған байланысты Агенттік Басқармасы 2006 жылы резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерді төмендетуге бағытталған бірқатар пруденциалдық шараларды жəне банк секторының валюталық өтімділігін көтеруді көздейтін, атап айтқанда мерзімге қатысты валюталық өтімділік лимитін, резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді барынша жоғары лимит белгілейтін, сондай-ақ валюталық позиция лимиттерін төмендететін «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мəнi мен əдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 120 қаулы қабылдады. Қадағалаушы орган қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимитін енгізуді қысқа мерзімді міндеттемелердің құбылмалылығының жоғарылығына жəне банк секторының өтімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін, əрі осыдан былайғы ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін банктердің сырттан алатын өтеу мерзімі қысқа қарыздарын тарту тəжірибесіне ілесіп отыратын тəуекелдерге байланысты мазасыздануынан пайда болды деп қарайды.

Қазіргі сəтте көрсеткіштер динамикасы банк секторының өтімділігінде жəне өз кезегінде жалпы банк секторының тұрақтылығында оң көрініс беретін  банктердің резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің салыстырмалы көрсеткіштерінің төмендетілгендігін куəландырады. Атап айтқанда, 1 сəуірден бастап 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жиынтық міндеттемелердегі қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесі 22,3 %-дан бастап 11,8% дейін төмендеді.

Сонымен қатар 2006 жылғы 1 қыркүйектен  бастап валюталық нетто-позициясы  банктің меншікті капиталының 30%-қ  шегінен 25%-ға дейін төмендеді. Шетел  валютасындағы міндеттемелердің өсу  қарқынының баяулауы ашық валюталық  позицияның төмендеуіне себепші болды. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша меншікті капиталға валюталық нетто-позициясы қатынасының көрсеткіші 2006 жылғы 1 сəуірдегі 4,6% -ға қарама-қарсы 1,48 % болды. Валюталық нетто-позициясы қатынасының меншікті капиталға деген төменгі көрсеткіші банк жүйесінің валюталық тəуекелге қатынасы бойынша «мықты қорының» жеткілікті екендігін білдіреді.

Шетел валютасындағы банктердің активтері  мен міндеттемелерінің өтімділігін  реттеу банктердің меншікті тəуекелдерімен өтімділікті жоғалтуын тиімді басқаруға ықпал етеді.

Осыған байланысты 2006 жылғы 1 қазаннан бастап мерзімге қатысты болатын  банктердің валюталық өтімділік  лимиттерін сақтау міндетті болып енгізілді. Қазіргі сəтте жалпы алғанда  жиынтық коэффициенттер еуро валютасындағы  банктердің жоғары өтімді активтерінің жеткіліксіздігі себепші болуына байланысты еуродағы ағымдағы валюталық өтімділік көрсеткішін қоспағанда валюталық өтімділіктің жеткіліктілік деңгейін сипаттайды.

Резидент еместер алдындағы  банк секторы міндеттемелеріне қатысты  Агенттік енгізген талаптар Қазақстанға жыл сайынғы кеңестер беру мақсатымен келген ХВҚ миссиясының халықаралық тəжірибелері мен ұсынымдарын ескере отырып белгіленді. Агенттік қабылдаған шараларға қарамастан, қазіргі сəтте екінші деңгейдегі банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің көлемі нəтижесінде банк секторының тəуекелдері өсуінің ықпал етуіне мүмкіндік жасап, жеткілікті түрде жоғары қарқынмен өсуді жалғастыруда.

Қазақстанның қаржы рыногындағы  бар үрдісті ескеріп, Агенттік ҚР Ұлттық Банкімен жəне «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп, банк секторының сырттан қарыз алуға байланысты тəуекелдерді барынша төмендетуге мүмкіндік беретін банктерге қатысты қосымша шараларды қабылдау туралы мəселе қарауда.

Банк секторының резидент еместер  алдындағы міндеттемелерінің өсуіне байланысты тəуекелдерді шектеу бөлігі бойынша Агенттіктің қабылдаған шараларына қарамастан екінші деңгейдегі банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің көлемі жеткілікті түрдегі жоғары қарқынмен өсуін жалғастыруда, бұл нəтижесінде банк секторы тəуекелдерінің өсуіне ықпал етуде.

Осыған байланысты Агенттік банк секторының резидент еместер алдындағы

міндеттемелерінің өсуіне байланысты тəуекелдерді барынша төмендетуге  бағытталған бірқатар шаралар қабылдады. Қабылданған шаралардың негізі екінші деңгейдегі банктердің капиталдың сыртқы рыногынан қаражат тартқан жағдайдағы қосымша капиталдандырылуы болып табылады. Атап айтқанда, банк секторының резидент еместер алдындағы міндеттемелеріне қатысты екі жаңа коэффициентті енгізуі көзделіп отыр: банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерді капиталдандыру коэффициенті (k8); банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенті (k9).

Есеп айырысу əдістемесіне жəне екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының мөлшеріне қатысты осы нормативтердің мөлшеріне дифференцацияланған тəсіл көзделген.

Агенттік қабылдаған шаралар бірінші  кезекте оның сыртқы борышының абсолютті  көрсеткіштерін төмендетуге емес, керісінше  сырттан қарыз алуға байланысты тəуекелдерді шектеуге жəне банк секторының капиталдандырылуын ұлғайтуға бағытталған.

Келешекте пайда болып отырған  жағдайлар жəне банк секторының сырттан  қарыз алу көлеміне көрсетілген  шаралардың ықпал ету бағасы аясында  банктер қызметін пруденциалдық  реттеуді жетілдіру аясында жекелеген нормативтер мен лимиттер қайта қаралуы мүмкін.

 «Банк ЦентрКредит» АҚ тәуекелдерді  басқару процесін әсерлі және  тиімді жүргізу қажеттігін мақұлдайды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ы негізгі  міндеті- өз мақсатына тәуекелдерге ұшырамай жету болғандықтан, тәуекелдерден сақтандыру жүйесін енгізеді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызметтеріне тән тәуекелдері:

-несие тәуекелі;

-өтімділік тәуекелі;

-нарықтық тәуекел.

                                                                 

                                                                Қорытынды

Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының көлемі үлкен болып табылмайды. Оны  банктердің ерте жұмыс істеуімен  түсіндіруге болады немесе бұрыңғы  мемлекеттік банктер меншікті капиталға үлкен мән берген жоқ. Себебі, олардың банкротқа ұшырауы болуы мүмкін емес болған. Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының (Ұлттық банктен басқа) мөлшері 100 млн долларға дейін жетеді және ол ірі әлемдік банктердің меншікті капиталдарынан 100 есе аз.

Банктің ресурсы ретінде, меншікті капитал акционерлерге дивидент формасындағы құнға ие. Бұл ресурстің  өсуі екі әдіспен жүруі мүмкін: жарғылық капиталды немесе банк табысының  өсуі. Банктердің кірісін қалыптастырудың  талдауы көрсеткендей кірістерді қалыптастыру процессі екінші деңгейлі банктерге қиынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда банктердің көбі үлкен емес меншікті капиталдарға ие және оны қазіргі уақытта кірістер есебінен ұлғайту қиынға түсіп жатыр.Сонымен қатар, кірістері жоғары топ банктер бар, бырақ олардың меншігінде қалатын және жинақталатын кірістер сомасын несиелік қызметтен болатын шығындарды жабуға қалыптасқан резервтер (провизиялар) кемітеді.

Ал жарғылық капиталды ұлғайту, қазіргі таңда бірнеше себептерге байланысты қиынға түсетін операция болып табылады. Яғни:

    • Ұзақ мерзімді салымдарға резиденттердің инвестициялық мүмкіншіліктерінің шектеулілігі;
    • Банктердің көбісі құрылымдық өзгерістерді басынан кешіріп жатыр, сонымен қатар меншікті қаражаттарының көп бөлігі провизияларды құруға жұмсалып жатыр;
    • Инвесторлардың көбілерін, банк қызметіне әсер ету мен қадағалау механизімінде «айқындылықтың» болмауы қорқытады және т.б.;

Осы және тағы басқа себептерге байланысты ірі банктер эмисся жүргізген  кезде, әлемдік инвесторлардың назарын  аударып, оларды алдын ала тартуға тырысады. Шетелдік инвесторлардың арасындағы қарым-қатынастар сұрағы әлі де болса шешілуде.Сонымен, банктер капиталдандыру сұрағын акционерлердің меншікті қаражаттарын тарту есебінен шеше алмайтындығына көзіміз жетуде.Сонымен, банктің меншікті капиталы – консервативтік ресурс түрі деп те айтуға болады және оны тез арада ұлғайту әр түрлі қиыншылықтарға ие.Банктердің көбісі ресурстар жетіспеушілігін, жарғылық капиталды ұлғайту арқылы шешпейді.

Дүниежүзілік тәжірибеден өзіміз білетіндей «Дамымаған банктік жүйеде дамыған банктер өмір сүруі мүмкін емес»,сондықтан да халықаралық банктердің деңгейіне жету үшін, отандық банктік жүйені дамытудағы әр түрлі іс шаралар жүргізу керек және де екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталына міндеттерді халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы” Қ.Р. Президентінің Заң  күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444

“Қазақстан Ұлттық банкі туралы “ Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы     № 2155

2. “ҚР-дағы банктер және банк  мекемелері”  Негізгі заң актілері.  2002 ж. 1 мамырында. Алматы: Юрист, 2002ж  – 108 бет.

3. Валюталық реттеу және валюталық  бақылыу туралы Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 Заңы

4 .Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған        Ғ.С. Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж – 466 б.

5. Финансовый анализ коммерческой деятельности: Учебник. /Подред. АбрютинойМ.С.-

6. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау /Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж – 330 бет

7. Көшенова Б.А. «Ақша. Несие. Банктер» Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000ж– 328 бет.

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж

9. Ғ.Мүсіров «Ақша.Несие.Банк» Ақтөбе 2006 ж  117 -38бет

10. Мақыш.С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» ИздатМаркет Алматы, 2004 ж 272б-5б

11. Финансовый анализ в коммерческом банке: Учебник. /Под ред. Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. - 256с.

12. Финансовый менеджмент: Учебник. /Под ред. Павлова Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2001г. - 269с.

13. Тавасиева А.М. Банковское дело.-Москва,2005 г -662 с

14.Хамитов Н.Н. «Банк ісі» Алматы Экономика 2006 ж 214б

15.www.kapital.kz

16.www.nationalbank.kz

17.www.stat.kz

18.www.centrсredit.kz





Информация о работе Центркредит банкі