Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 08:19, реферат

Описание работы

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді: 1-топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

Работа содержит 1 файл

Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері.docx

— 24.20 Кб (Скачать)

Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. 

Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі. 

Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:

ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;

екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.[1

Информация о работе Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері