Банктік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:36, реферат

Описание работы

БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар да олардың арасында ашылған тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді жүргізе алады. Тікелей корреспонденттік қатынастар банктердің арасында, банктер мен банктік емес ұйымдар арасында корреспонденттік шот шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты операцияларды жүргізу мақсатында корреспонденттік шоттарды ашқан кезде туындайтын шарттық қатынастарды білдіреді. Өзара немесе біржақты корреспонденттік қатынастар пайдасына таңдау әртүрлі факторға байланысты болады, оларға: өзара төлемдер ағының көлемі, кредиттік ресурстар нарығындағы сұраныс, өңірлік валюталық биржалардағы сауда-саттыққа қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ корреспонденттік шоттардағы қаражатты шұғыл қайтарып алу мүмкіндігі сияқты факторларды жатқызуға болады.

Работа содержит 1 файл

БЕ 3-тапсырма.docx

— 69.83 Кб (Скачать)

БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ

 

     Банктер және банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар да олардың арасында ашылған тікелей  корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді жүргізе алады. Тікелей корреспонденттік қатынастар банктердің арасында, банктер  мен банктік емес ұйымдар арасында корреспонденттік шот шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банктік қызмет көрсетуді  жүзеге асырумен байланысты операцияларды  жүргізу мақсатында корреспонденттік шоттарды ашқан кезде туындайтын шарттық қатынастарды білдіреді. Өзара  немесе біржақты корреспонденттік қатынастар пайдасына таңдау әртүрлі факторға байланысты болады, оларға: өзара төлемдер ағының көлемі, кредиттік ресурстар  нарығындағы сұраныс, өңірлік валюталық  биржалардағы сауда-саттыққа қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ корреспонденттік шоттардағы қаражатты шұғыл қайтарып алу  мүмкіндігі сияқты факторларды жатқызуға  болады.

     Сонымен бірге, Ұлттық Банкте ашылған шоттар бойынша түпкілікті есеп айырысуларды жүзеге асыруға қарағанда, тікелей  корреспонденттік шоттар арқылы есеп айрысуды жүзеге асыру корреспонденттік шот ашылған банк банкрот деп  танылуы мүмкін немесе өз міндеттемелерін  орындау үшін жеткілікті ақша сомасының  болмауы сияқты тәуекелімен байланысты болады. Бұдан басқа, қатысушылардың айтарлықтай санын біріктіретін күрделі банк жүйесінде ашылған  корреспонденттік шоттарының көп санының  болуы өтімділіктің елеулі бөлігінің  аударылуын талап етеді. Осыған байланысты, ең тиімді және тәуекелсіз түпкілікті банкаралық есеп айырысу тәсілі Ұлттық Банк болып табылады (Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот арқылы), өйткені ол өзінің ерекше жағдайына  байланысты өзінің клиенттері-банктер  үшін кредиттік тәуекелін және өтімділік  тәуекелін болдырмайды.

     Төлемдерді  тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жүргізген кезде тәуекелдерді басқару  мақсатында Ұлттық Банкі банктер  мен банктік емес ұйымдар үшін осы төлемдердің ай сайынғы лимитін  белгіледі. Осы лимиттің мөлшері  банктің немесе банктік емес ұйымның  алдынғы айда төлем жүйелері арқылы жүргізілген жалпы төлемдер көлемінің 5% құрайды. Ұлттық Банкі белгілеген төлемдер көлемінің лимитінен асып кеткен жағдайда,  банк Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік атқарады.

     Төменде қоса алғанда 2001 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі  аралықтағы тікелей корреспонденттік қатынастардың дамуы динамикасы келтірілген. (1-сурет).  
 
 
 
 
 
 

     1-сурет.

     Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесі арқылы жасалған төлемдер көлемі

 

     Талданатын  кезеңде банктер мен банктік  емес ұйымдардың арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жалпы сомасы 10 585,1 млрд. теңгеге (БААЖ бен БКЖ арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы сомасының 1,2%) төлемдер жүргізілген.

     2010 жылы банктер мен банктік емес  ұйымдардың арасында ашылған  корреспонденттік шоттар арқылы 1 404,3 млрд. теңге сомасына (БААЖ бен  Банкаралық клиринг жүйесі арқылы  жүргізілген төлемдердің жалпы  сомасының 0,7%) төлемдер жүргізілген,  төлем транзакцияларының саны 3 729,1 мың транзакция болды. 2009 жылдағымен салыстырғанда төлемдер көлемі 10,2%-ға немесе 130,2 млрд. теңгеге өскен, бұл ретте транзакциялар саны 13,6%-ға немесе 584,6 мың транзакцияға азайған.

     Тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жасалған бір төлемнің орташа сомасы 2010 жылы 376.6 мың теңге болды және 2009 жылмен салыстырғанда 27,5 %-ға (немесе 81.2 мың  теңгеге) өскен.

     Сонымен бірге, тікелей корреспонденттік шоттар арқылы жасалған төлемдер 2010 жылы алдыңғы  айдағы корреспонденттік қатынастарға қатысушыларының БААЖ арқылы жасалған жалпы шығыс төлемдері көлемінің 0,7% құрады (лимиті 5% құрайды). Сөйтіп, белгіленген 5% лимиттің 0,7% ғана пайдаланылған.

     Бұл ретте, лимитті пайдалану тиімділігінің  коэффициенті жалпы барлық көрсеткіштер бойынша 32,4% болды. 2009 жылмен салыстырғанда  лимитті пайдалану тиімділігінің  коэффициенті 3,4 п.т. 2009 жылы  36,1%-дан төмендеді. (1-кесте). 
 
 
 
 
 
 
 

     1-кесте.

     Лимитті пайдалану кестесі

Тоқсан 2009 жыл 2010 жыл
ТКШ арқылы жасалған төлемдер сомасы

(млрд. теңге)

Лимит сомасы

(млрд. теңге)

Лимитті пайдалану коэффициен-ті ТКШ арқылы жасалған төлемдер сомасы

(млрд. теңге)

Лимит сомасы

(млрд. теңге)

Лимитті пайдалану коэффициен-ті
I тоқсан 370,2 899,6 41,2% 243,6 1 075,4 22,6%
II тоқсан 303,6 692,3 43,9% 308,5 1 138,2 27,1%
III тоқсан 324,6 989,4 32,8% 389,3 1 066,0 36,5%
IV тоқсан 275,7 947,9 29,1% 463,1 1 058,6 43,7%
Жалпы жиынтығы 1 274,1 3 529,2 36,1% 1 404,3 4 338,1 32,4%
 

     
        Корреспонденттік  қатынастар – бұл екі немесе одан да көп банктермен төлемдерді жүзеге асыруы және  келісімдік қатынастары.

 

        КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТ - корреспонденттік шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктің және оның клиенттерінің банк операциялары жүзеге асырылатын банктік шот. 

Корреспонденттік  шот арқылы банкаралық есеп-айырысуларды ұйымдастырудың 2 түрі бар:

  • Орталықтандырылған – ҚРҰБ-де міндетті түрде ашылған банктердің  коррсепонденттік шоттары арқылы банктер арасында есеп-айырысулардың жүргізілуі.
  • Орталықсыздандырылған – тікелей өзара коммерциялық банктердің бір-бірімен қарым-қатынасы.
 

    Корреспонденттік  шот арқылы жасалатын операциялар:

  • банк клиенттерінің ақша қаражаттарын аудару мен төлеу;
  • банктің өндіріс-клиентері мен бюджет, зейнеткерлік қорлар мен т.б. ұйымдар арасындағы есеп айырысуы;
  • клиенттерді қолма-қол ақша беру мен қабылдау, яғни еңбекақы төлеу;
  • банктің бюджетке төлейтін салығы;
  • банкаралық қарыздар мен депозиттер, құнды қағаздар, ҚР ҰБ-мен жүргізетін кассалық операциялар;
  • депозиттік шоттар бойынша пайыз төлеу;
  • клиенттерге берілген несиелер мен басқа түсімдер пайызын төлеу;
  • банк аппаратына қажетті шығындар, т.б.
 

    Банкаралық  есеп-айырысуларды ұйымдастыруда келесідей  қағидалар қолданылыда:

    Бірінші қағида – басқа банктермен есеп-айырысуларды жүргізуде толық көлемде, үздіксізкті қамтамасыз ететін деңгейде банктердің өзінің өтімділігін ұстап отыруы қажет.

    Екінші  қағида – банкаралық есеп-айрысуларды жүргізу дұрыстығы, оның ерекшелігі және маңызы ҚРҰБ-дегі корреспонденттік шоттары бойынша және клиенттердің банктағы шоттары бойынша жүргізілетін соммалардың толық сәйкестігін өзара әрдайым бақылауда болып табылады.  

     Қазақстан Республикасының резиденті - банк ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

     1) Ұлттық Банк Төрағасының атына  валюта түрі көрсетілген корреспонденттік  шот ашу туралы өтініш;

     2) банк операцияларын жүргізуге  лицензиясының көшiрмесi;

     3) уәкiлеттi мемлекеттік орган берген, мемлекеттік тіркеуден (қайта  тіркеуден) өту фактісін растайтын  белгіленген нысандағы құжаттың  көшiрмесi;

     4) жарғының нотариатта куәландырылған  көшiрмесi;

     5) Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 қаулысына 1-қосымшада (бұдан әрі – №266 ереже) көзделген нысан бойынша қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар, нотариатта куәландырылған екі данадағы құжат;

     6) қол қою үлгiлерi және мөр  таңбасы бар құжатқа сәйкес  клиенттің корреспонденттік шотын  жүргізуге (корреспонденттік шоттағы  ақшаны басқаруға) байланысты  операцияларды жасау кезінде  төлем құжаттарына қол қоюға  уәкілетті тұлғаның (-лардың) жеке  басын куәландыратын құжаттың (тардың) көшірмесі (-лері);

     7) қол қою үлгiлерi және мөр  таңбасы бар құжатта көрсетілген  тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік  шот бойынша операциялар жүргізу  өкілеттіктері берілген құжат  (-тар);

     8) салық қызметі органы берген, клиенттің салық төлеуші ретінде  тіркелу фактісін растайтын құжаттың  көшiрмесi. 

     Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк ұлттық валютада корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:

     1) Ұлттық Банк Төрағасының атына  валюта түрі көрсетілген корреспонденттік  шот ашу туралы өтініш;

     2) құрылтай құжаттарының түпнұсқасы  не нотариатта куәландырылған  көшiрмелерi не шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелер;

     3) резидент емес елдің уәкiлеттi органы банк операцияларын жүргізуге  берген лицензияның нотариатта  куәландырылған көшiрмесi (шет мемлекеттердің  ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);

     4) №266 ереженің 1-қосымшасында көзделген  нысан бойынша қол қою үлгiлерi  және мөр таңбасы бар, нотариатта  куәландырылған екі данадағы  құжат. №266 ереженің 1-қосымшасында  көзделген деректемелер болған  кезде еркін нысандағы қол  қою үлгiлерi және мөр таңбасы  бар құжатты ұсынуға рұқсат  етiледi;

     5) қол қою үлгiлерi және мөр  таңбасы бар құжатқа сәйкес  клиенттің корреспонденттік шотын  жүргізуге (корреспонденттік шоттағы  ақшаны басқаруға) байланысты  операцияларды жасау кезінде  төлем құжаттарына қол қоюға  уәкілетті тұлғаның (-лардың) жеке  басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмесі (-лері);

     6) қол қою үлгiлерi және мөр  таңбасы бар құжатта көрсетілген  тұлғаға (тұлғаларға) корреспонденттік  шот бойынша операциялар жүргізу  өкілеттіктері берілген құжат  (-тар);

     7) бар болған жағдайда Қазақстан  Республикасының резиденті емес - банктің Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшiрмесi.

     Егер  осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында  көрсетілген құжаттар шет тілінде  жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк Ұлттық Банкке олардың нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. 
 

     Ұлттық  Банкте корреспонденттік шот ашу  үшін банк ұсынған құжаттарды қарау  және корреспонденттік шот шартын жасау  үшін оған жіберу толық құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады. 

    Ұлттық  банктің филиалында коммерциялық банктердің корреспонденттік шотары 1051 «Банктің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоты»  баланстық шотында ашылады.

    ҚРҰБ  филиалдары арқылы төлемдерді жүргізу

  • жіберушінің банкінде

             Дт     2203

             Кт     1051

  • алушының банкінде

          Дт     1051

            Кт       2203 

    Банк  араларындағы тікелей корреспонденттік операциялар бойынша есеп 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары» деген баланстық шотта  көрініс табады.  

Информация о работе Банктік есеп