Банктік емес кредиттік ұйымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:43, курсовая работа

Описание работы

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Банктік емес кредиттік ұйымдар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Кредиттік одақ (КО)
Кредит серіктестігі (КС)
2.2. Сақтандыру компаниялары
2.3. Инвестициялық қорлар
2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
ІІІ. Қорытынды
3.1. Қор биржалары

Работа содержит 1 файл

Банктік емес кредиттік ұйымдар.doc

— 167.50 Кб (Скачать)
ustify">   ҮЖИҚ  қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттеліп отырады.

   Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық  жарна қоры 2004 ж соңына таман пайда болды. Басқарушысы Compass компаниясы 2004 ж қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен,  екінші тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларды тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының жаңа сегменті ашылды.

   Сол жылы инвестициялық қоржынды басқару  жөніндегі (бойынша) Сентрас-Секьюритиз компаниясы Қазақстанда алғаш рет  «Қазыналық» ашық ҮЖИҚ құрды. Қазақстанда бірінші рет құрылып отырған ашық ҮЖИҚ  қаржы нарығының даму тарихындағы елеулі кезеңі болып табылады. Сонымен ол елдегі қалыптасқан жинақ ақша мен инвестицияның құрылымын жеке тұлға ретінде және корпоративті құрылымын өзгертуге  қабілетті. Себебі банктегі депозиттің пайызына қарағанда үлес жарнасының табысы анағұрлым жоғары.

   Ресейде бірінші ҮЖИҚ 1996 ж пайда болды. 5 жылдан кейін олардың кейбіреудері жылына 125%-ға дейін пайда тапты. Шынында, кейіннен олардың табысы төмендеп, 10-45%-ға дейін ауытқыды, қазірде олардың саны бірнеше жүздеп саналады.

   2005 жылдың басында Қазақстанда 6ҮЖИҚ  тіркелген болатын, мамандардың болжамдары бойынша шамамен қазақстандардың 10% өздерінің жинаған ақшалары осы қорларда сақтайды, - дейді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.4. Мемлекеттік емес  зейнетақы қорлары

   Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл  қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы  шығындарды азайтатын, қаржы нарығында  тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалық институт.

   Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЗЕҚ) халықың  зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан – 10%) және келісімшартқа  сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБҚ)

   Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң кастодиян-банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиян  ақша қаржысының құнды қағаздармен мәмілеге арналған және оған сеніп тапсырылған бағалы қағаздардың есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

   Зейнетақы қоры корпоротивті активтердің жалпы  сомасын, инвестицияланған қаржының сомасын, қаржылық инвестиция құнының өзгеруі, бағалы қағаздардан өткізуден болған түсімнің сомасы мен комиссиялық сыйақы сомасын кастодиан-банкісі салыстырып тексеріп отырады. Зейнетақы активін басқару компаниясымен мыналар салыстырылып тексеріледі: зейнетақыф жарнасының түскен сомасы, жинақталған зейнетақыдан төленген сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаржы сомасы, ивестициялық табыстан алынған сома, басқа қорларға ауысып кеткен салымшылар саны мен олардың сомасы.

   Жинақтаушы  зейнетақы қорлары:

  • Ашық;
  • Корпоративті болады;

   Азаматтың жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшыдан жинақтау жарнасын қабылдауды ашық зейнетақы жинақтаушы қорлары  жүзеге асырады.

   Корпоративті  ЖЗҚ – осы қордың акционерлері мен құрылтайшылары болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды тұлғаның алушы қызметкерлері үшін құрылады.

   ЖЗҚ акционерлік қоғам нысанында  құрылады және ҚР қадағалау мен бақылау  агенттігінің келісімі бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынща қызметті және зейнетақы төлемін жүзеге асыру ҚР заңында белгіленген ҚР қадағалау және басқару бойынша агенттігінің тәртібімен лицензияланады. 20 маусым 1997 ж ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы( заңына с»йкес ЖЭҚ өзгертуге және толықтыруға құқы бар:

  • Зейнетақы қорларының іске асыруға;
  • Өзінің қызметі (жұмысы) үшін комиссиялық сыйақы алуға;
  • Зейнетақы активін басқарудың инвестиция бойынша қызметін өз алдына жүзеге асыру;
  • Зейнетақы келісімшартының жағдайына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

   ЖЗҚ міндетті:

  • Зейнетақы алушының төлемдерін жүргізу;
  • Жинақталған зейнетақыны жеке есепке алып және төлеуді жүзеге асыру;
  • Салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақысының жағдайы туралы ақпаратты беру;
  • Зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдармен келісімшарт жасасу;
  • ЖЗҚ зейнетақы  шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайды жасауды қамтамасыз ету.

   ЖЗҚ салымшыларының  мүдделері мен  құқықтарын қорғау мақсатымен мыналарға  тыйым салынады: өндірістік қызмет, зейнетақы активтерін кепілге коюға, акциялардан басқа қағаздар шығаруға, сақтандыру қызметіне.

   Қадағалау жөніндегі-агенттік белгіленген пруденциялық нормативті міндеттемелерін ЖЗҚ  сақтауға міндетті. ЖЗҚ меншікті капиталы мыналар есебінен құралады:

  • Акционерлер мен құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған салымдарынан;
  • Комиссиялық сыйақыларынан.

   ЖЗҚ меншікті капиталы – оның міндеттеме сомасының шегерілімін шығарғандағы ЖЗҚ активтерінің құны. 

   3.1. Қор биржалары

   Қаржылық  қолдауды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына  сәйкес экономикада қайта құруды міндет  етіп қойып отыр. Нарық  қатынасы дамыған елдерде қаржы  ресірстарын тиімді түрде қайта  бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы  үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

  • Қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен ауқытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;
  • Ел үкіметінің шығындар мен  өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
  • Жалған капиталдың қалыптасыу және ұсыныс  пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілец, құнды қағаздармен  болатын операцияларды шоғырландыру.

   Қаржылық  ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші  қор биржасы экономиканың маңызды  буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды

   Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:

  • Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;
  • Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялық пен ашықтық;
  • Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудитрлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

   Баға  белгілеуге рұқсат етілген құнды  қағаздары мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін биржа мұқиятназарда  ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын  осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап  отырады. Ал қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының  шұғыл түрде нашарланғанда немесе тоқырағанда) бағалы қағаздарын тізімнен шығарып дели-стинг рәсімін қолдануы мүмкін.

   ТМД елдері қор биржасының тәжірибесінде  листинг рәсімі біртіндеп болса  да еніп келе жатыр. Бағалы қағаздар инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындарды жаппай акционерлік қоғамға айналдыру алдында инвесторлардың салынғанжұмсалымдардың сенімділігіне кепілдеме беріп және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін азайту өте маңызды.

   Барлық  күрделі жағдайларда, инвестициялық  процестегі қор нарығының атқаратын  рөлі арта түседі. Бұл ең алдымен  кәсіпорындарды көптеп ( жаппай) акцияландырумен  байланысты. Өйткені олардың көп  бөлігі қаржыландыру үшін күрделі қаржы ресурстарының салымын қажет етеді. Өндіріс пен инфрақұрылымдарға шетелдік инвестиция үшін, қор нарығы арқылы жүзеге асатын барынша қолайлы жағдайдың негізі жасалады.

   Сонымен қатар бюджеттен тыс түрлі  қорлар қалыптасады. Қаржының жинақталу шамасына қарай олар құнды қағаздарға инвестиция жасайды. Осы және басқа факторлар инвестиция үшін қаржыларды жинақтау ретінде қор нарығының әоуетінің арту мүмкіндігінің салынуын көрсетеді.

   Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығын келешектегі  дамуы үшін ресурстардың құрылу мәселесін ғана қамтымай (материалдық база, адамдарды оқыту, заң шығару ісін құру, ақпараттық және технологиялық базасы т.б.) бағалы қағаздар нарығын  ұзақ мерзімді дамытудың саясаты керек. Сонымен қатар нарыққа қарай жылжыған кезде туындайтын басқару мәселелері мен макроэкономикалық талдау шешімдері қажет.

   Соншама, осы бағдарламаның әрекеті мемлекеттік  шеңберде, оның қаржылық саясатында қалыптасатынын күту, әрине қиындау. Мемлекеттік  қазыналық мүддесінің әлсіздігі  мен оның құрылымдарының арасындағы қайшылықары бұл міндеттің шешілуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, атап айтқанда  қаржылық тұрақтылыққа барынша толық жәрдемдесу үшін және республикада жаңа өндірістің кеңеюінің бастау алуы мен ұзақ мерзімді биржалық мүдделерінің,  брокерлік фирмалардың және т.б келісім әрекеттерін қамтитын жаңадан құрылып жатқан бағалы қағаздар нарығының стратегиясына кәсіби қатысушылар бірлестіктерінің дербес өнімдерінің маңызы зор. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қолданылған әдебиет:

   «Ақша, кредит, банктер»

   Ғ.С. сейтқасымов,

   Алматы, 2006.

Информация о работе Банктік емес кредиттік ұйымдар