Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай
қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк
шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың
жинақ ақшалары және т.б. бар. Банктер
осы қорлардың қалыптасуына белсендi
қатысады, яғни, оларды пайдалану бойынша
бақылау жүргiзедi, ақша айналымын
реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк
үрдiске әсер етедi. Қазақстанның
нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң
алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда.
Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру
нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң
ұжымдық және акционерлiк түрлерi,
кооперативтiк қозғалыс кең етек
алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде
кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда
белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар,
кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық
қатынастардың дамуы бойынша
экономикада, қоғамда банктердiң
рөлi күшеюде. Олардың жұмысында
әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын
– экономикалық әдiстер алмастырды.
Сөйтiп, экономикаға банктiк ықпал
етудiң құндық құрылымдарының мағынасы
арта түстi.
Қазақстан
Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң
құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР
– нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған
“Банктер және банк қызметi туралы”
заңынан бастау алады. Заңға сәйкес
республикада екi деңгейлi банк жүйесi
құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi
банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және
төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi.
Әлемдiк
тәжiрибе көрсеткендей экономикада
нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей
алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет
әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып,
реттеп отырады. Мұндай экономиканы
реттеу саясаттарына ақша-несие және
бюджеттi-салық саясаты, валюталық
саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының
саясаттарын мемлекет тарапынан банк
жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан
берi нарықтық қатынастар күннен-күнге
дамып келедi. Бiрақ, экономикада
қанша нарықтық қатынастар орнағанымен,
оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған
белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң
саясаттары арқылы әсер етiп отыруы
керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң
ақша – несие саясаты және қаржы
(бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы
ақша-несиелi реттеудi қаржы саласының
басты секторы банк жүйесi iске асырады. Банк жүйесi
қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi
болып келедi, яғни, мемлекеттiң эмиссия
саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң
елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi
банктер.
Қазiргi таңда
нарықтық экономикада банктiк жүйенiң
рөлi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың
ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының
бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң
барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады.
Қазақстан
Республикасында екi деңгейлi банктiк
жүйе 1990 ж. ҚазКСР-нiң “Қазақ КСР-дағы
банктер және банктiк қызметтер
туралы” заңы бойынша қалыптасты.
Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке
айналды. Ал қалған банктер акционерлiк
банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның Халықтық
Банкi деп аталды.
Осылайша
банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып,
экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын
басты секторға айналды. Оның әр түрлi
саясаттары арқылы экономиканы өтпелi
кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге
бет алдық.
Қазiр
елiмiзде банк жүйесi егемендiгін
алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан
нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi
қалыптасқан жүйе болып отырғаны
белгiлi. Ал бiз осымен тоқтамай банктiк
жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн
банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық
деңгейiмiз жоғары болуы керек.
«Банк» сөзi «banco» деген ағылшын
тiлiмен аударғанда “айырбас орны”
дегендi бiлдiредi. Бұл “айырбас орыны”
тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Банктер пайда
болардың алдында ақша-сауда капиталының
өкiлдерi саудагерлердiң ақшалай
салымдарын қабылдап, оларды әр
түрлi елдiң ақшаларына айырбастауға
маманданып отырған. Уақыт өте
келе, айырбастаушылар бұл салымдарды,
сондай-ақ өздерiнiң ақша қаражаттарын
саудаға берiп, пайыз алу
үшiн пайдалана бастайды.
Сөйтiп, айырбастаушылар бiртiндеп
банкирлерге айналады. Менiң
түсiнiгiмше, банк ұғымы айырбастаушылардың
және олардың айырбас орындарымен
сипатталады. Өйткенi, алғашқы
банктердiң Италияда пайда
болу себебi, оның сол уақыттарда
дүниежүзiлiк сауда орталығы
болғандығын ескерiп, әр елдiң
ақшалары мен тауарларының
сол елге қарай ағылып,
банкирлердiң сауда операцияларына
тiкелей қатысуына байланысты
түсiндiрiледi.
Банк арнайы ұйым ретiнде материалды
өндiрiс сфераның айтарлықтай ерекшелiктерiн
өнiм шығарады, ол жай тауар емес,
ақша, төлем қаражаты түрiндегi тауар.
Қызмет көрсету сферасындағы банктiң
негiзгi өнiмi өнiмдердi, тұтыну заттарын
емес, несиелердi ұсыну болып табылады.
Банктiк несиенiң ерекшiлiгi, ол қандай да
бiр ақша сапасы ретiндегi ұсыну емес, капитал
ретiнде ұсыну. Ал бұл, несиеге ұсынылған
ақша қаражаттары қарыз алушының шаруашылығында
айналым жасауды ғана емес, сонымен бiрге,
өзiнiң алғашқы заңды нүктесiне өсiрiлген
қарыз пайызы түрiнде оралуы керек. Банк
өндiрiстiк кәсiпорыннан өзiнiң эмитациялау
сипатымен ерекшеленедi. Ол тек қана акцияларды
және бағалы қағаздарды шығарып қана қоймай,
сонымен бiрге басқа эмитенттердiң бағалы
қағаздарын сақтау мен есептеу бойынша
операцияларды да жүзеге асырады.
Банк - банк жүйесiнiң элементi болып табылады.
Бұл дегенiмiз ол келесi реттегi мiндеттердi
атқарады:
1) жалпының бiр бөлiгi болуға,
ойынның жалпы тәртiптерi бойынша
қызмет етуге мүмкiндiк беретiн
қасиеттерiн иемдену;
2) жалпы және арнайы заңдар, қауымның
заңды нормалары шегiнде қызмет ету;
3) өзiн-өзi реттеуге, дамуға және жақсартуға
икемдi болу;
4) банк жүйесiнiң басқа да элементтерiмен
қатынасу.
Банк жүйесiне банктерден бөлек басқа
да банктiк операцияларды орындайтын,
бiрақ, банк статусы жоқ кейбiр қаржы институттары,
банктiк инфрақұрылымды құрайтын және
ақша-несие институттарының iс-әрекетiн
қамтамасыз ететiн басқа да ұйымдар жатады.
Банк iсi – қарыз капиталын жинақтау мен оны бөлумен
шұғылданатын кәсiпкерлiктiң ерекше түрi.
Банктер арқылы ақша айналымы мен несие
қатынастарын ұйымдастыру ғана емес, сонымен
қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды
сатып алу-сату, ол кейбiр жағдайларда
делдалдық келiсiмдер және мүлiктi басқару
операциялары жүргiзiледi.
Қандай жүйе болмасын, оның өзiнiң
формалары мен қызметтерi болатыны
анық. Жалпы банктiң атқаратын
қызметтерiн төмендегiдей қарапайым
жiктеуге болады:
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар, депозиттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
- Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
- Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
- Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
- Банктердің және тауарлай ақшалай қарым – қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүйеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
- Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
- Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
- Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
- Әртүрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттардың “тобын” құрайды және де оларды жұмыс істеп тұра капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
- Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық – несиелік, қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.
- Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметпен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе “ертегідей күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. К.Маркс келесіде “Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескереді.
- Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы, басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
- Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әр түрлі буындардың қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма – қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғаласын қамтамасыз етеді.
- Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін- айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін - өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
- Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
- Банктер экономиялық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомстволық тәуелсіздігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни, өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізеледі.
- Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті күтпей – ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
- Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма – қол және қолма – қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
- Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни, оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.