Банктегі трасталық (сенімгерлік) операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 13:46, реферат

Описание работы

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Траст операциясы клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқада қызмет көрсетуге байланысты банктің операциясы.

Работа содержит 1 файл

Банктегі трасталық.docx

— 16.13 Кб (Скачать)

Банктегі  трасталық (сенімгерлік) операциялардың есебі

 

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.    

 

    Траст операциясы клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқада қызмет көрсетуге байланысты банктің операциясы.

 

    Сенімгерлікпен қызмет көрсету – меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алғы шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түседі.

 

    Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары:

 

    а) қаражат тартуда мүмкіндіктері шектеусіз, яғни, табыс көзішектеусіз. Банк операцияны өз есебінен немесе банкаралық несиені тартудың есебінен жүргізуде белгілі бір аядан шыға алмай қалады, өйткені, оның өзіндік ресурстары әлеуетті несие секілді шектеулі. Клиенттерге қызмет көрсеткенде берілетін несиенің мөлшері үлкен болады, бұдан шығатын қорытынды банктің табысы клиенттердің қатары көбейген сайын артып отырады;

 

    ә) банк жұмысының  нақты құрылымдануы: Клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операциялар әр бөлімге бөлінбей, бір функционалдық бөлімде (бөлімде, басқаруда және т.б.) қарастырылады;

 

    б) сенімгерлік операцияны жүргізуге кететін банк шығыны салыстырмалы түрде аз болады, көптеген банктерде ұқсас инвестицияларды өткізетін екі бөлім қатар жұмыс істейді: бірінші бөлім – банктің есебіне, екінші бөлім – клиенттің есебіне және пайдасына;

 

    в) банктің корреспондентік қатынасын ұлғайтады, оның банкаралық нарықтағы жағдайын жақсартады, репутациясын көтереді.

 

 

Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше (департамент) сенімгерлік активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді. Әдетте, трастың бөлек қолма-қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін сыйақыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында танылып және есепке алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.

 

Сенімгерлік қызметіндегі «актив» және «міндеттеме» терминдері әр түрлі болып анықталады. «Активтер» басқа тұлғалардың меншігін білдіреді, ал «міндеттемелер» шоттар типтерін болу кезінде, қолма-қол, негізгі қарыз немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.

 

Сенімгерлік(ағылш. trust - сенім, тапсырма)[1]

сенімгерлік негізде басқаруға берілген мүлік (сенімгерлік меншік);

иеленушісіне мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын беретін құжат;

меншікті сенімгерлікпен басқару. Мүлікті меншіктенуші оны басқа тұлғаға (сенімгерлікпен басқарушыға) табыстайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру меншік құқығының сенімгерлікпен басқарушыға ауысуын туғызбайды және трастылық шартпен, яки мүлікті сенімгерлікпен басқару шартымен рәсімделеді, бұл шарт бойынша бір тарап (басқарудың құрылтайшысы) өзінің мүлкін сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға береді, ол осы мүлікті басқару құрылтайшысының немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны (бенецифиардың — пайда алушының) пайдасына басқаруға міндеттенеді;

тапсырыскерлердің мүдделері үшін банкінің шаруашылық саласы мен басқа да қызмет салаларында қызмет көрсету жөніндегі сенімгерлік операциялары. Банк ісінде "траст-операцияларды" әдетте коммерциялық банкілер жүзеге асырады. Термин бірлестік, қор деген мағынада да қолданылады.

 

Сенімгерлік (траст) операциялардың мәні клиенттердің банктерге өз мүліктерін бұдан былай оларға иелік етуден (өз атынан немесе оған иелік етуші атынан) пайда алу мақсатында өткізуі, ол үшін банк комиссия түрінде белгілі бір ақы алады.

 

Сенімгерлік қызметтер (ағылшын тілінен trust-сенім) ежелгі кезден бері дамып келе жатқан операциялардың бірі. Ежелгі Египетте сенімділік меншік қатынастарының болғандығын дәлелдейтін әр түрлі құжаттар бар.

 

Тарихқа көз жіберетін болсақ, сенімгерліктің дамуы ең алдымен меншік жүйесінің дамуымен, содан кейін меншік иесінің құқын дербестендірумен байланысты. Алғашқы траст - бұл мұраға қалдырылған мүлікті басқару. Меншік нысанының дамуы мен күрделенуіне байланысты мүлікке қамқорлық ету, өсиетке қалдыру және басқару тәртібі күрделенді. Байлықтың даму нысаны бойынша қамқоршылар алдында тек капиталдың материалдық, заттық элементтерін сақтап қана қою емес, сонымен қатар байлықтың бір нысанын жойып, оларды жаңарту және қаржылық мүлікті басқару мәселесі де тұрады.

Сенімгерлік операциялар[1] — банкілер өз клиенттеріне — заңи және жеке тұлғаларға (шар негізінде) түрлі қызметтер көрсету түрінде жасайтын сенімгерлік операциялар. Сенімгерлік операциялар жылжымайтын мүлік пен басқа да мүлікті инвестициялық қоржынның жасақталуын және оны баскару құндылықтарды сақтауға қабылдауды, әрекетке қабілетсіз меншігінің корғаншысы ретінде мүлікті басқаруды, өсиет бойына ие мүлікті басқаруды, несиегердің банкротқа ұшыраған фирма жөніндегі талап-арыздарын реттеуді, тағы басқаларды қамтиды.


Информация о работе Банктегі трасталық (сенімгерлік) операциялардың есебі