Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 20:09, реферат
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қ
Кіріспе
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары
Қорытынды
Жоспар:
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізілген
экономикалық реформалар банк ісінің
дамуында жаңа белесін айқындап берді.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы»
атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Қазақстанның әлемдік
Ұсынылған бағыт Қазақстанды
2030 жылға дейін дамыту қағидаларына
негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар
мен оларды іске асыру стратегиялары
Ел Президентімен Қазақстан
Алға қойылған мақсаттарды
шешу Қазақстандық банктердің тәжірибесінде
енгізген ең ілгершіл және ұтымды жұмыстарының
нысандары мен әдістерін оқып,
білу, сонымен қатар біршама
Банктің клиентурамен қарым-қатынасы банктік өнімдерді сату, сатып алу үрдісінде туындайды. Олар мыналар: депозиттік шоттарды ашу, несие беру, валюталық қатынас, есеп-айырысу операциялары, бағалы қағаздарды сақтау және тағы сол сияқты операцияларды қамтиды. Банктік операцияларды кең клиентурамен жүргізу-әлемдегі барлық елдердегі қазіргі банк қызметіндегі ең негізгі ерекшелік. Қазақстанның ірі коммерциялық банктері өз клиенттеріне кең көлемде операциялар мен қызметтерді ұсына отырып, өз табыстылық базасын кеңейтуге, өтімділігін ұлғайтуға және бәсекеге қарсы тұра білуге тырысады. Банктің кең клиентурамен банктік операцияларды жүргізуіндегі тиімді де икемді жүйесі ішкі жинақтың жиналуына себепші болуы мүмкін және болуы керек. Банк қызметінің икемділігі өзгермелі экономиканың талабына әсер ете білуінде маңызды орын алады.
Банк мекемесінің белгілі бір коммерциялық кәсіпорындардан ерекше айырмашылығы, коммерциялық банктың ресурстардың көп бөлігі өз ақша қаражаттары есебінен қалыптаспай, тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Банктердің ақша қаражаттарды тартудағы мүмкіндіктері шексіз емес және 2004 жылға дейін Ұлттық банк тарапынан бақыланды, ал 2004 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі бақылауға алды. Біздің Республикамызда өзіндік капиталдың жеткіліктік коэффициентінің нормативі 1995 жылы ¥лттық банкпен екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы негізінде қолданыла басталды
Коммерциялық банктер салым (депозит) ретінде және сәйкесінше шоттар ашу арқылы халықтың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бос ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Банктермен тартылатын қаражаттар құрылымы әр түрлі. Олардың негізгілері, банктің клиенттерден ақша-қаражаттарды тарту қызметінен (депозиттер) қаражаттар, банкпен өзінің міндеттемелерінің (депозиттік және жинақ сертификаттары) эмиссиясы арқылы тартылатын қаражаттары.
Банк саясатының негізі- банктің ресурс базасын қалыптастыру саясаты болып табылады. Банкпен банктің ресурс базасын қалыптастыру процессі пассивтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі алғашқы тарихи мәнге ие және оның активті операцияларға қатынасына байланысты анықтаушы рөлді атқарады. Жоғарыда айтылғандай, банк ресурстарының көп бөлігі банкпен депозиттік операцияларды жүргізу кезінде қалыптасады, олардың тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесінде, әр бір несиелік ұйымның тұрақтылығы және пайдалылығы айқындалады. Сондықтаң, банктің ресурстар потенциалын өсіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету және пассивтерді тиімді басқару сұрақтары, ерекше өзекті.
Айта кететін жай, депозиттік саясатты қалыптастыруға байланысты мәселелер, біздің мемлекетімізде тоқсаныншы жылдары ерекше көңіл бөлінген жоқ. Өйткені, инфляцияның жоғарғы деңгейіне және арзан ақша ресурстарының көп болуына байланысты банк кызметтеріне жоғары сұраныс болып, ұсыныс қанағатсыз болды, ал осы пайда болған жағдайлар нәтижесінде, банк операцияларының пайдасының жоғарғы нормасын қамтамасыз етті.
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы және даму мәселелері
Қаазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр. Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты және тағы басқа сыртқы жағдайлары ескереді.
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкісінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы
ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын
анықтау туралы» Басқарма Қаулысын
қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы
оңтайлы өзгерістердің болуына,
сонымен қатар комерциялық
Халық Банкі депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылығын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырған. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар, Халық Банкі депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған.
Халық банкінің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Қазақстан Халық Банкі ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осыларды жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
- Жеке тұлғалардың депозиттері
нарығындағы банк үлесін
- Табысы орташа клиенттер үшін жаңа депозиттер түрін шығару;
- Арнайы салым операцияларын
шығару және сервисті
- Ірі шаруашылық субъектілеріне
кешендік қызмет көрсету
- Барлық депозиттер
бойынша жеткілікті табыстылық
дейгейін олардың әрқайсысына
қатысты пайыз мөлшерлемесін
инфляция дейгейіне сәйкес
- Барлық беттік шоттар
иелеріне дебеттік төлем
Қазіргі таңда бұл мақсат жүзеге асырылуда. 2003 жылдың шілде айында банк айналысында 12 197 карточка болды. 2003 жылы 2 095 карточка шығарылған, олардың 1 553 – VISA-Electron 638 – ALTYN, 504 – Cirrus maestro.
Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемелерін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу жолымен, депозиттердің сақталу мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және клиентке қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.
АҚ «Қазақстан Халық Банкінің»
2004 – 2006 жылдарға арналған даму стратегиясына
сәйкес Банктің бөлшек сауда қызметі
бойынша негізгі алға қойған мәселелері
мыналар болып табылады: нарықтағы
жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесін
сақтап қалу және көбейту; шағын
несиелеу жүйесін дамыту; халыққа
қызмет көрсету сапасын жоғарылату;
әрбір жеке клиенттің талаптарын
ескеріп, оған қызмет көрсету бағыиында
банктік технологиялармен жабдықтау;
нарық талаптарына сай
Фракциондық резервтік жүйе, яғни банктердің өз активтерінің белгілі бір мөлшерін орталық банктегі резервтік шоттарға орналастыруы тиістілгі біздің елімізде орын алып отыр. Бұл бір жағынан банктердің несиелік эмиссиясын қысқартады, екінші жағынан, салымшылардың депозиттік қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Халық жинақтарының банктік жүйеге шоғырлануының негізгі әсер етушісі – олардың банктік жүйеге деген сенімі болып табылады.
Қазақстанда 2000 жылдың 16 ақпанынан
бастап жеке тұлғалардың салымдарын
(депозиттерін) міндетті кепілдендіру
(сақтандыру) жүйесі қызметін атқара бастады.
Алғашында бұл ереже тек
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында қолданылатын тағы бір шара 1997 жылдың 23 мамыр айында № 222-ші Ұлттық Банктің Басқарма Қаулысымен «Минималды резервтік талаптар туралы Ереже» болып табылады.
Резервтік талаптарды төменгі мөлшері банктің жеке және заңды тұлғалардағы (банктерден басқа) барлық депозиттік міндеттемелерінің тұрақты пайызы ретінде анықталады. Минималды резервтік талаптарды есептеу үшін қажетті пайыз мөлшерлемесінің мөлшері Ұлттық Банк Басқармасымен белгіленеді.
Пассивтер мен активтерді басқарудың дүние жүзінде көптеген әдістері бар. Олардың мәні мынада: банктер өзінде бар міндеттемелерін бағалайды, оларды топтайды және соның негізінде салық салу жүйесі мен депозиттік нарықтағы жағдайды ескере отырып активтік операцияларды жүзеге асырады (яғни, несиелендіру, қаражаттарды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, негізгі құралдарды сатып алу және тағы басқалары). Осылайша, банк өзінің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің әрі қарай дамуын және нарықтағы қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары
Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Сондықтан коммерциялық банктер қаражат тартумен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптастырып отыруы қажет.
Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.
Информация о работе Банктің депозиттік саясаиының қалыптасуы