Банк қызметтерін қадағалау және бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 22:33, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (2004- ) ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[1] ҚР Ұлттық банкін одан агенттік бөліп шығару жолымен қайта үйымдастыру нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[2] агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік қаржы рыногы мен қаржы үйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.07 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (2004- ) ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[1] ҚР Ұлттық банкін одан агенттік бөліп шығару жолымен қайта үйымдастыру нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[2] агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік қаржы рыногы мен қаржы үйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

         Агенттіктің негізгі міндеттері:

         - қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен занды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру;

адал бәсеке принңиптерінде қаржы үйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау;

         - қаржы үйымдарының қызметін реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін арттыру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану;

         - қаржы үйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы үйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру шараларын жасау;

          - қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы үйымдарының мониторингі;

          - қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейім салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

          - қазіргі заманғы технологияларды ендіруді ынталандыру түтынушылар үшін қаржы үйымдары мен олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

         Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, соның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорларының қызметін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды.

          Агенттіктің құрылымы:

    - басшылық;

    - стратегия және талдаудепартаменті;

    - заң департаменті;

      - банктерді қадағалау департаменті;

       - бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы                              қорларын қадағалау департаменті;

      - сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы үйымдарын қадағалау департаменті;

      - қаржы үйымдарын тарату департаменті; агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті;

бухгалтерия;

       - лицензиялау басқармасы;

қаржылық  қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

        ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен[3] агенттіктің құрылымы мынадай бөлімшелермен толықтырылды:

       - ақпараттық технологиялар басқармасы;

       - өңірлік өкілдер басқармасы;

       - үйлестіру бөлімі — өкілдік (Астана қаласы);

       - халықаралық қатынастар және жүртшылықпен байланыс бөлімі.

 

2-бап. Қазақстан  Республикасының қаржы рыногы мен

               қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк

               реттеу және қадағалау туралы заңдары

 

      1. Қазақстан Республикасының қаржы  рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

       2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

       3-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды

               мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың

               мақсаттары, принциптерi мен мiндеттерi

 

      1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:

       1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;

       2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;

       3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

       2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:

       1) ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;

       2) қаржылық ұйымдар мен қаржылық  қадағалау қызметiнiң айқындығы;

       3) тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру;

       4) жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың кешендiлiгi, сондай-ақ қаржы рыногына қазiргi заманғы технологияны енгiзу;

       5) қаржылық ұйым органдарының  жауапкершiлiгi болып табылады.

       3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мiндеттерi:

       1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;

       2) қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;

       3) қаржылық тұрақтылықты қолдау  мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

       4) қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру, қаржылық ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының  қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау агенттігі

 

 

Аталмыш ұйым банктердің, зейнетақы қорларының және ЗАҚСБҰ-ның, қаржы нарығындағы кәсіби мамандардың, сақтандыру компаниялары мен жекелеген банктік операция- ларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейді және бақылайды. Оны қысқаша Қаржылық қадағалау агенттігі, не- месе ҚҚА деп атайды. Бұл агенттік бүкіл қаржы жүйесінің жұмысына мониторинг жүргізе отырып, қаржы нарығындағы ойыншылардың арасындағы негізгі бақылаушының қызметін атқарады.


Информация о работе Банк қызметтерін қадағалау және бақылау