Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 16:20, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I – бөлім. Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы................................5
1.2. Банк ресурстарын құрайтын операциялар..................................8
1.3. Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі...10

II – бөлім. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.
2.1. Банктің тарылатын қаражаттарын реттеу................................16
2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру
жолдары.............................................................................................22
2.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты.................25

Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................32
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а)меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

б)банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;

в)банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды  шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезендерден тұрады:

      1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
  1. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
  1. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
      1. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Банктің меншікті каражатының  түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ак, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк    пайдасы жатады.     Кейде,    банкте    пайда, болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Косымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры. яғни үлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы аиырма нотижесінде қүрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген  банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына   байланысты   құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

    • банк пайдасы;
    • акциялар шығару;
    • құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
    • облигациялар шығару жатады.

Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жане банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

    • қорғаныс қызметі;
    • шұғыл қызметі;
    • реттегіштік қызметі;
    • айналым қызметі;
    • резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғурлым банк өтімді болып саналады. Яғыни егерде банк банкротқа ұшыраған жағдайда, тек акционерлер ғана зиян шегеді.

«Капиталдың жеткілігі» термині банктің жалпы тұрактылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін  көрсетеді. Капиталдың  жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциядық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды.   Өйткені,   ол   банктің   қызметіне   кері   әсер   етуі мүмкін.

Банк меншікті капиталын ұлғайтута негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:

  • банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты,  олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
  • банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық пормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Банктің меншікті капиталының динамикасы   (миллиард тенге)

Баптардың аттары

01.01.2002

01.01.2003

өсім, %

І деңгейлі капитал

91,1

110,6

21,4

Жарғылық капитал

76,8

77

0,3        

Қосымша капитал

8,7

11,2

28,7

Бөлінбеген пайда

8,7

15,0

72,4

 ІІ деңгейлі капитал

36

55,7

Я,7 

Ағымдағы пайда

7,4

20,6

178,4

Субординирленген қарыз

15,3

30,1

96,7

Барлық меншікті капитал

122,1

161,2

32,0




 

 

Сандық мәліметтер Ұлттық банктің 2002жылғы есебінен алынған

2003 жылдың 1 қаңтарына  екінші деңгейдегі банктердің  меншікті капиталы 32,0% -ға өсіп, 161,2 миллиард теңгені (1 036 млн Америка Құрама Штаттары долларын) құрады. Бірінші деңгейдегі капитал — 21,4% -ға өсіп, 110,6 миллиард теңгені, оның ішінде: төленген жарғылық капитал — 0,2 миллиард теңгеге, өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда — 6,3 миллиард теңгеге, қосымша капитал — 2,5 миллиард теңгеге өскен. Екінші деңгейлі капитал 54,7% -ға өсіп, 55,7 миллиард теңгені, оның ішінде: ағымдағы таза табыс — 13,2 миллиард теңгеге, субординирленген міндеттемелер тізімі — 11,8 миллиард теңгеге өскен.

Банк меншікті капиталының  жеткіліктігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның ішінде: 2002 жыл бойына 0,11-ден 0,09-ға дейін (норматив мәні — 0,06 кем емес), 0,19 —дан 0,17-ге (норматив мәні - 0,12 кем емес) төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтық активтердің өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – бөлім.  Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.

2.1 Банктің тартылатын қаражаттарын реттеу.

 

Банк ресурстарының  құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік   тәжірибеде   барлық   тартылатын   қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  • депозитік қаражаттар;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған  қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік  ресурс көздері мен депозитгер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

 Банктін депозиттік  операциялары

Депозиттік операциялар активті және пассииті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда  орналастыруымен   байланысты   операциялар.  

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын калыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына 
жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді  мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қагаздар.

Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды   салу   жоне   қайтарьт   алу   шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
    • банктің  активтік операциялары бойынша  жеңілдіктер алуына қарай;
  • басқа.  

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді  депозиттер   сақталу   мерзіміне   қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жогары.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп   айырысу   үшін   пайдаланылмайды,   әрі   мұндай шоттарға    ешқандай      да  есеп  айырысу құжаттары толықтырылмайды;
  • шоттагы қаражат баяу айналады;
  • түрақты пайыз төленеді;
  • пайыз молшерінің ең жоғарғы деңгейі  Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны    алуы    туралы    салым    несінің    алдын    ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл    шоттағы    қаражаттар  бойынша ең    төменгі мөлшерде  резервтер белгіленеді.

Информация о работе Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу