Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 18:59, статья
Бұл мақала банк қызметіндегі тәуекелділікті басқару жағдайы туралы жазылған. Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыруға нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
БАНК
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ
БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫ
Бұл мақала банк қызметіндегі
тәуекелділікті басқару жағдайы
туралы жазылған. Тәуекел – кез келген
өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз
қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян
шегуін сипаттайды. Банк ісінде тәуекел
– белгілі бір банктік операцияларды
жүзеге асыруға нәтижесінде қосымша шығын
жұмсау салдарынан пайда алмау немесе
өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту
қаупін білдіреді.
Банк тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатқанымен, оның өзіндік ерекшелігі бар. Өндірістік–коммерциялық қызмет немесе қаржы операцияларының жұмысы алғаш басталғанда немесе мәміле жасалған кезде тиімділігі толық белгісіз болатындықтан, тәуекелді болып келеді.
Тәуекел гректің ridskon, ridsa, италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque» қазақша «қауіп», «қатер»деген мағына береді.Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді. Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын бейнелейді. Дей, тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс. Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындаңғы банк стратегиясының сапасын көрсетеді [1].
Банк
үшін тәуекелді басқару ең маңызды
мәселелердің бірі болып келеді. Өйткені
кез келген банктің қалыптасу
процесінен бастап бүкіл қызмет ету
уақытысында оның іс-әректі көптеген
тәуекелдерге тікелей байланысты болып
келеді. Сондықтан банктің болашақта
банкротқа ұшырауы немес
Бұлардың барлығы да белгілі бір дәрежеде банк пен қожайындарының және олардың салымшыларының мүдделі сәйкеспеуіне байланысты бір біріне қайшы болады. Банктер қосымша пайда алуға ұмтылып, осы үшін тәуекелдікке барса, салымшылар үшін банкке сеніп тапсырған өз қаражатының аман сақталуы маңызды. Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың ең басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады [2].
Банк басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:
Банктік тәуекелдерді жоғарыдағыдай жіктеу – тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді. Тәуекелді басқару функциясы банк қызметінің барлық бағытын қамтиды. Қызмет барысында пайда болу орны мен уақыты арқылы ерекшеленетін, сыртқы және ішкі факторлардың қиюласу деңгейіне әсер ететін, соған сәйкес оларды суреттеу мен сараптаудың түрлі тәсілін қажет ететін тәуекелдің алуан түрімен кездеседі. Сонымен қатар, тәуекелдің барлық түрі бір бірімен байланысты және олар банк қызметіне, әдетте, бәрі бірге қосылып әсер етеді [3].
Банк қызметінде тәуекел
Банк
жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық
жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс
істеуін қамтамасыз етуде маңызды
рөл атқарады. Сонымен бірге Банк
жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі
принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда
өзі де экономикалық тұрақсыздық
көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін
барлық дерлік операциялар тәуекелмен
байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер
өзінің атқарар қызметі бойынша
экономика саласына жатады, алайда
шаруашылық субъектілердің қызметіндегі
тәуекелдермен салыстырғанда
Әрине,
банктер тәуекелдердің сан
Осы
проблемаларға байланысты әр банкте
тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын
функционалдық құрылым
Банктер
ондаған жылдардан астам уақыт
қатаң нарық жағдайында жұмыс
істейтін дамыған шет елдерде
бәсекелес ортада тіршілік ету тәжірибесін
бастан кешірді, олардың тәуекелді
басқару теориясы мен практикасының
тарихы көп жылдармен есептеледі.
Онда тәуекел-менеджменттің тиімді
құрылымдары, оның ұғымдық және құжаттық
аппараты қалыптасқан, нарықтағы сол
немесе басқа оқиғаларға ден қоюдың
айтарлықтай тәжірибесі жинақталған,
осыған қарамастан несие мекемелерінің
оқта-текте банкрот болуына
Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктерде тәуекел-менеджментін дамыту
мен олардың жай-күйі жөніндегі
қазіргі теориялық және практикалық
ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті
құрылымын ұйымдастыру әдістерінің
толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз
дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі
банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы
жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы
кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны
үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі
санкциялар табыс ету, кейбір ірі және
белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы
жатады. Сондықтан тәуекел-менеджментінің
құрылымын жоғарылату мен дамыту – банктердің
ішкі бақылауының өте қажетті элементі
болып табылады. Ол халықаралық талаптарға
жауап беретін мықты әрі сенімді банктің
қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктерде тәуекел-менеджментінің қалыптасуының
айта кетерлік ерекшелігі –оның менеджменттің
ілім ретінде дамуымен және еліміздің
нарықтық ақша-несие жүйесінің қалыптасуымен
бір уақытта қалыптасып өркендеуі. Бұл
ретте тәуекел-менеджменті жөніндегі
мамандар өз қызметінде әлемдік тәжірибенің
осы саладағы жетістіктерін барынша пайдаланады.
Сонымен бірге даму және қалыптасу, тиімділікті
жоғарылату процесі өз мәресіне әлі де
болса жете қойған жоқ, ол банк қызметі
қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейіне
байланысты [5].
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Информация о работе Банк кызметiндегi тэуекулдiлiктi баскару жаfдайы