Багалы кагаздар нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:11, курсовая работа

Описание работы

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2

1 Тарау. Бағалы қағаздар нарығы .........................................................5
1.1 Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері ........................... 5
1.2 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері ..................12
1.3 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі .......14

2 Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау...16

2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы......................................................................................................................16

2.2 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері................................................................................................................. 18

2.3 Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері................................. 23

3 Тарау. ҚР бағалы қағаздар нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..28
3.1 Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары................................. 28

3.2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі......................................................................................................................31

Қорытынды............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы КУРСОВАЯ.doc

— 245.50 Кб (Скачать)

     Мемлекеттік бағалы қағаздар:

  • мемлекеттік қазыналық вексельдер;
  • мемлекеттік қазыналық облигациялар;
  • Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімдегі ноталары;
  • Жекеменшіктендіру купондары;

     Мемлекеттік қазыналық вексельдер  мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды  ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландырумақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылады, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарын орнына берген акциялар оны иемденушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре қойған жоқ. 
 
 
 
 
 

          2.2. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны реттетейтін жүйелері

     Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенің көрсетеді. Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі(сауда, несие капиталдары).Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылқтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструментінемесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек ол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.Бағалы қағаздар нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететің құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу – сатуға және есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

        Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.

     Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңында  көрсетілетін бағалы қағаздар  нарығының  негізгі идеологиясы  келесідей қағидалардан тұрады:

  • әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудан барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
  • Бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларыныңқор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б) біліктілігі.

     Бағалы қағаздар нарығына қатысты  мемлекеттік саясатың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көніл аударуға тиіс.Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.

      Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік  ықпал етудің мақсаты мынадай:

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
  • нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетің қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау.

       Құқықтық қорғау – бағалы қағаздарды  әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы  қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері , шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.

       Экономикалық қорғау – бағалы  қағаздар мен жасалатын операциялар  бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану ; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.

      Өзін - өзі реттеу екі негізгі  элемент арқылы анықталады:

  • стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері мәміле жасау тәжірибесіне қатынасады;
  • өзін-өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.

     Өзін - өзі реттейтін ұйымның міндеттері мен мақсаттары:

  1. Өзін - өзі реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонай ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Өзін - өзі реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:
  • өзін - өзі ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай ережелер мен стандарттарын белгілеу;
  • өзін - өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін және олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарды сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
  • өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері арасындағы дауларды, сондай-ақ мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу;
  • мемлекеттік өкімет пен басқару органдарында, сот және өзге де ұйымдарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру болып табылады;

     Өзін - өзі реттейтін ұйымның қызметтері

  • уәкілетті органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар беру;
  • бағалы қағаздар нарығындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасында туындайтын дауларды және мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарау;
  • уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген адамдарға оқу бағдарламаларын әзірлеу және оларды оқытуды жүргізу;
  • бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген немесе өзінің кәсіби деңгейін растайтын адамдарды тестілеу процесіне қатысу;
  • өзін -өзі реттейтің ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасау және жариялау;
  • уәкілетті органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін тексеруге қатысу.
  • бағалы қағаздар нарығында өз мүшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру және  Қазақстан Республикасының заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген өзін - өзі реттейтін  ұйым мүшелеріне өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері

      Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркенднуінің нарықтық үлесіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етеді. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа империясы мен Кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру еді. Сонымен бірге нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп , оны мемлекетіміздің  экономикасын реттеуге бейімдендіру керек. Соның ішінде, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін құқықтық ережелерді қайта дамыту қажет.

       Бағалы қағаздар нарығын құқықтық  ережелермен қамтамасыз ету деген  мемлекеттік органдардың бағалы  қағаздар айналымы тиімді және  мағналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарық қатынастарына бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары , сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы және белгілі – бір ұйымдық – құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Айтылып отырған бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ азаматтық құқық қатынастарымен расталғанымен кейбір бағалы қағаздар  нарығына айналысқа түспейді. Мыс., Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығында, яғни тауар биржасында айналымға түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құралатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

     Бағалы қағаздар туралы Қазақстан заңдары орыстың азаматтық құқықтарына негізделіп шығарылады. Қазіргі кезде заң шығару біраз кезеңнен өтті.

     2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы            заңдары

  1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халық аралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу процесінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

   Бағалы  қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.

     Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңында  көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:

  • әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудан барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
  • Бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларыныңқор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б) біліктілігі.

Информация о работе Багалы кагаздар нарыгы