Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 13:43, реферат
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады.
Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркеушінің сатып алуға құқығы болмайды;
3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;
4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Қазақстан БҚН бұдан он бес жылдай бұрын құрыла бастаған. 1991 ж. АҚ-дей брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылып, алғашқы Бағалы Қағаздар Нарығына кәсіби қатысушылар пайда болды. Қазақстанда өткен ғасырдың 90-шы жылдарының орта шенінде БҚН туралы заңдармен қор биржасының қызметін реттейтін нормативтік актілер шыға бастады. 1995 жылдың қаңтарында БҚ-дар жөніндегі ҚР-ның Ұлттық комиссиясы құрылып, ал үкімет БҚН-н дамытудың үш жылдық Бағдарламасын бекітті. Оны орындаудың нәтижесінде БҚН-ның кезде қалыптасу және одан әрі даму барысы мынадай:
•
БҚ-ды шығару мен айналысқа
түсіруді және қатысушы
• БҚН-ның институттың инфрақұрылымы қалыптасып, оның негізі болатын брокер-дилерлік фирмалар, кастодиандар және зейнетақы активтерін басқару компаниясы (ЗАБК), сонымен қатар техникалық инфрақұрылымы, орталық депозитарий қор биржасы қызмет істеуде.
• Қалыптасқан акциялар және облигациялар нарығы одан әрі дамуда;
• БҚН-на арнайы мамандарды дайындау жүйесі құрылып одан әрі өз жұмысын жетілдіруде;
• ҚР-сының БҚН-ғы әлемдік нарық жүйесімен интеграциялануда.
Алайда, эмитенттердің нақты эмиссиялық белсенділігінің төмендігінен Қазақстан қор биржасы өзінің нарықтын өсу деңгейіне жетті деуге болмайды. Сондықтан біртіндеп ішкі инвестициялық базаның өсіру инвестициялау реттеудің тиімділігін арттыру есебінен БҚН дамыту мүмкіндіктерін жалғастыру қажет.
Оқу құрамында әртүрлі авторлардың өз кітаптарында пайдаланған әлемдік тәжірибеде кең тараған БҚ-дардың жіктелуі салыстырмалы түрде Қазақстанды БҚ-дардың пайда болуы мен қор биржасының қалыптасу және даму кезеңдерін шолушы толықтырылды.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде БҚН-ында көптеген сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың акциялары; мемлекеттін және жеке фирмалардың облигациялары айналыста жүреді. Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі үздіксіз бәсекелерге өрбиді. Өндірістің экономикалық өрлеуі кезінде көптеген жағдайда жеке және корпоративтік акциялар мен облигациялар бойынша дивиденттер мен проценттер мемлекеттік БҚ-дар бойынша проценттерден жоғары болуы мүмкін.