Бағалы
қағаз нарығының
қатысушылары дегеніміз бағалы қағаздарды
сатушы, не сатып алушы, сонымен қатар
олар бойынша есеп айырысуды және олардың
айналымын қамтамасыз ететін жеке немесе
заңды тұлалар. ҚРның бағалы қағаздар
нарығы туралы заңында кәсіби мамандардың
келесідей қызметтері көрсетілген:
- Брокер –
диллерлік қызмет;
- Костодиандық қызмет;
- БҚды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметі;
- Клирингтік
қызмет;
- Орталық депозитаридің
қызметі;
- Инвестициялық портфельді басқару
қызметі;
- Трансфер
– агенттік қызмет;
- Сауда саттықты
ұйымдастырушы қызмет;
Кәсіби делдалдық
қызмет экономикалық категория ретінде
қор биржасында ақша қаражаттары ресурстарын
қайта бөлу кезінде б.қ дың ақшалай құнын
тасымалдаушы арнайы маманданған нақты
ұстаушылар.
ҚРның бағалы қағаздар
нарығы туралы заңына сәйкес, костодиандық
қызмет дегеніміз банктің клиенттері
сеніп тапсырған бағалы қағаздар
мен ақша қаражатын сақтауды және есепке
алуды қамтамасыз ету жөнінде бағалы қағаздар
нарығында жүргізілетін кәсіби қызмет.
Костодиандық
қызметтің объектісі болып ҚР
сы айналысқа жіберген ақша қаражаттары мен
бағалы қағаздар, ал оның субъектісі -
оның клиентері.
Костодиан келесі
функцияларды іске асырады:
- Ақшаға, эмиссиялық
бағалы қағаздарға және костодиандық
қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы
құралдарына қатысты клиенттерге шоттар
ашу;
- Ақшаны, эмиссиялық
бағалы қағаздарды және костодиандық қызмет көрсетуге
берілген өзге де қаржы құралдарын есепке
алуды қамтамасыз ету;
- Нақты ұстауды
жүзеге асырады;
- Эмиссиялық бағалы
қағаздармен және костодиандық қызмет
көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарымен
мәмілелер бойынша төлем агентінің функцияларын
атқару;
- Клиенттің эмиссиялық бағалы
қағаздармен мәмілелерді тіркеу және
осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;
- Эмиссиялық
бағалы қағаздар және костодиандық қызмет
көрсетуге берілген өзге қаржы құралдары
бойынша кіріс алу және оны клиенттің шотына есептеу;
- Эмитенттің
тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;
- Клиентке
костодиандық қызмет көрсету жөніндегі
шартта көзделген өзге де қызметтерді
көрсету;
- Құжатты бағалы
қағаздарды және құжатты нысанда шығарылатын өзге
де қаржы құралдарын сақтау;
- (мәндетті
клиент шоттары туралы ақпаратты 3-ші тұлғаға
клиенттің бұйрығынсыз жарияламау);
Бағалы қағаздарда
котодиандық қызметті, костодиандық қызметпен
сейфтік оперцияларға лицензиялары бар
банктердің барлығы жүзеге асырады. Костодиан өзінің қызметін ҚРның
заңдарына және клиентпен жасалған костодиандық қызметті көрсету
жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Тіркеуші ҚР-ның
заңнамасына сәйкес кез-келген ұйымдық-құқықтық
нысанда құрылып, қызмет жасайтын және
бағалы қағаздар ұстаушыларының регистрін жүргізу бойынша
кәсіби қызмет көрсететін заңды тұлға.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізуді осы заңға, уәкілетті органдардың
нормотивтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің
ішкі құжатына және эмитентпен жасалған шартқа
сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды
ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу
эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты
міндетті болып табылады.
Тіркеушінің функциялары:
- БҚ-ды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру,
жүргізу және сақтау;
- Тіркелген тұлғаға
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесінде жеке шот ашу;
- Тіркелген
тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді
тіркеу;
- Тіркелген тұлғаның бағалы
қағаздары бойынша құқықтарын растау;
- Бағалы қағаздарды
ұстаушылар тізілімінің жүйесін қалпында
ұстау;
- Қайталама бағалы
қағаздар нарығында айналыста жүрген бағалы
қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген бағалы
қағаздардың санына сәйкестігін бақылау;
- Бағалы қағаздарды ұстаушыларға ҚРның заңдарында белгіленген жағдайда немесе эмитенттің
тапсырмасы бойынша эмитенттің қызметі,
оның бағалы қағаздары жөнінде хабарлау;
- Эмитенттің сұратуы
кезінде оған бағалы қағздарды ұстаушылар
тізілімінің жүйесін құрайтын ақпаратты
табыс ету;
- ҚРның заң
актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімінің жүйесін құрайтын мәмілелер алу
құқығы бар мемлекетік органдарға ақпарат
табыс ету және ҚРның заң актілеріне сәйкес өзге
де функцияларды атқару.
Клирингтік қызмет
- бағалы қағаздармен мәмілені жүргізу барысында
есеп айырысуда қатысатын екі жақтың өзара талаптарын
және міндеттерін есепке алу бойынша қызметі.
Клирингтік қызмет бағалы
қағаздар нарығында лицензияланатын кәсіби
қызмет түрі болып табылады.
Клирингтік ұйымдар мынандай
қызметтер көрсетеді:
- Мәміле қорытындылары бойынша
бағалы қағаздарды жеткізу және аудару
үшін негіз болатын құжаттарды қадағалау және
бағыттау;
- Жасалған мәмілелер бойынша
міндеттерді орындау және тәуекелдерді бақылау;
- Бағалы қағаздармен
мәмілелердің шарттарын теңестіру;
- Есепке қатысушылар арасында мерзімі
келген барлық мәмілелері бойынша талаптарды
есептеу және процедураларды бекіту;
Клирингтің мәні
болып табылатын мәмілелер туралы
ақпарат бес жылдан артық сақталуы тиіс.
Бағалы қағаздар мәмілелерінің орындалмау
тәуекелін төмендету үшін клирингтік ұйым арнайы
қорлар құрады және мәмілелер бойынша
толық міндеттерді қамтамасыз ету үшін
қадағалау жүргізіледі. Арнайы қамтамасыз
ету үшін қадағалау жүргізіледі. Арнайы қорларды
құру және қадағалау тәртібі, олар туындаған
кезде клирингтік қызмет көрсету келісімінде бұл
шаралар көрсетілуі керек.
Депозитарлық қызмет
- бағалы қағаздар иесінің құқықтарын қолдау
және есептеу, бағалы қағаздардың құжатсыздандыру
жүйесі және бағалы қағаздармен мәмілелердің
технологиялық қызмет көрсетуі бойынша,
сонымен басқа да қызметтерге сәйкес бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қызметі.
Орталық депозитарий бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және
халықаралық ұйымдары құратын акционерлік қоғамдар
түріндегі коммерциялық емес ұйым болып
табылады.
Орталық депозитаридің
функциялары:
- Нақты ұстауды
жүзеге асыру;
- Эмиссиялық бағалы
қағаздар және өзге де қаржы құралдары жөніндегі құқықтарды
есепке алу;
- Эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге
де қаржы құралдарымен жасалынатын мәмілелрді тіркеу.
- Өзінің депоненттерімен олардың
клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары және
өзге де қаржы құралдары бойынша құқықтарын
растау;
- Қаржы құралдары
мен мәмілелер бойынша клирингтік есеп
жүргізу;
- Консультациялық,
ақпараттық және ҚРның заңдарына қайшы
келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге
асырады.
Инвестициялық
портфельді немесе зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асырудың талаптарымен
тәртібі ҚР-ң заң актілерімен ж/е ұкіметті
органдардың нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді.
Инвестициялық
факторларді басқару немесе зейнетақы
активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызмет клиенттің мүддесін
көздеп,кіріс алу мақсатымен жұзеге асырылады.
Инвестициялық
портфельді немесе зейнетақы активтерін
басқарудың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын
нақты ұстаушылар өздерінің ішкі құжаттарына
сәйкес есепке алады.
Инвестициялық портфельді
немесе зейнетақы активтерін басқарудың
функциялары:
- Ақшаны эмиссиялық бағалы
қағаздарға және уәкілетті органдарының
нормативтік құқықтық актісінің талаптарына
сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы
шешімдер қабылдау;
- Қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында
инвестициялық портфельді басқару және
зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
процесінде бағалы қағаздар нарығының
субхектілерімен келісімшарт жасау;
- Уәкілетті
органдарының нормативтік құқықтық актісінде
және олардың ішкі құжаттарында белгіленген
тәртіппен эмиссиялық бағалы қағаздармен
және өзге де қаржы құралдармен жасалатын
мәмілелердің есебін жүргізу;
- Инвестициялық
портфельді басқару немесе зейнетақы
активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
шарттың талаптарын орындау болып табылады.
Брокерлік- диллерлік
қызмет ҚРсы конституциясымен және басқа
да заңнамасымен ҚРсы қатысушысы болып
табылатын халықаралық келісім шарттарымен,
банктің ішкі шарттары және ішкі құжаттарымен
реттеледі.
Брокермен оның
клиенттің арасындағы қатынастар ҚРның
азаматтық кодексіне белгіленген тапсырма
немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсету туралы
шарт негізінде туындайды. Брокер - диллер
клиенттер бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәліметтер
жасайды.
Клиенттің бұйрықтарының түрлері:
олардың мазмұны және рәсімделуі уәкілетті
органдарының нормативтік құқықтық актілермен
және брокер-диллердің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Клиенттің бұйрығын
орындауды брокер - диллер, сол бұйрықта көрсетілген
мәміле жасау талаптарын сақтай отырып,
жүзеге асырады.
Брокер клиенттің
қызығушылығында, клиенттің ақша қаражаттарымен
жұмыс жасайды, ал диллер аз ақша қаражаттарымен
өз қызығушылығында спикулятивті пайда
алу мақсатында жұмыс жасайды.