«Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер......................................

Работа содержит 1 файл

Қаржы тәуекелін басқару.doc

— 295.00 Кб (Скачать)
 

     Ең алдымен, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық нәтижелердің деңгейі мен динамикасын талдау жүргізіледі. (№4 кесте)

     Талданған кезеңде өткізуден  түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

     Өткізуден түскен табыс өсімі нәтижесінде жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.

     Негізгі қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-

ға өсті. Талданған кезеңде кәсіпорында негізгі емес қызметтен табыс 12,11%-

ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан салық салуға дейін  917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2004 жылы 750651 мың теңге және 2005 жылы 917776 мың теңге құрады.

     Есеп беру кезеңінде төтенше  жағдайлар бойынша шығыстар болмаған  жағдайларынан таза табыс өзгеріссіз  қалды, бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті. 

№5 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері 

Көрсеткіш атауы Есептеу Көрсеткіш мәні Өзгеріс мәні
 
2004ж
 
2005ж
1. Өнім рентабельділігі (Таза табыс/өткізуден табыс)*100 40,28 45,06 +4,78
2.Жалпы  рентабельділік (салық салудан  бұрын қарапайым қызметтен табыс/өткізуден  түскен табыс)*100 44,56 43,27 -1,29
3.меншік  капитал рентабельділігі (таза табыс/меншікті капитал)*100 53,37 59,74 +6,37
4.Экономикалық  рентабельділік (таза табыс/баланс)*100 32,79 38,17 +5,38
5.Қор  рентабельділігі (таза табыс/ұзақ  мерзімді активтер)*100 37,1 41,92 +20,87
6.Негізгі  қызмет рентабельділігі (негізгі қызметтен табы/өткізілген өнімнің өзіндік құны)*100 93,79 91,11 -2,68
 

     Рентабельділік  көрсеткіштерін талдау №5 кестеде көрсетілген.

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының  рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді  есептеу келесі тұжырымдар жасауға  мүмкіндік береді. Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 4,7% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 1,29%-ға төмендеген.

     Меншікті капитал рентабельділігін  есептеу 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 6,37%-ға көбірек тапқан.

    Экономикалық рентабельділікті  есептеу кезінде келесі анықталды:  2004 жылмен салыстырғанда 2004 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 5,38%-ға көбірек қажет.

     Қор рентабельділігін есептеу  кезінде анықталатын негізгі  құралдар мен басқа да ұзақ  мерзімді активтерді пайдалану  тиімділігі 20,87%-ға өсті.

     Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2004 жылмен салыстырғанда 2,68%-ға төмен.

     Өткізілген талдау негізінде  кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады.

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:

- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;

- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;

- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;

- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.

     Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:

- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау 
 

     Тәуекелді бағалау тәуекелді  басқарудың жалпы жүйесінінің  негізгі құрамдас бөлігі болып  табылады. Ол тәуекел көлемін  (деңгейін) сапалық не саналық  әдіспен анықтау процесін білдіреді.

     Тәуекелді сандық бағалау нақты  шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының  тәуекелдерін бағалау қаржылық  есептілік негізінде жүргізіледі.  №6 кестеде «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.  

№6 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау 
 

Көрсеткіш атауы Есептеу тәсілі Нормативті  мәні Көрсеткіш мәні Өзгеріс
2004ж. 2005ж. Абсолютті Есептіліктің базистікке % түрі
1 2 3 4 5 6 7
1. Мүліктік жағдайды бағалау
1.1.Кәсіпорында  бар шаруашылық құралдар сомасы Баланс барлығы - 2380232 2503690 +123458 +5,19
1.2. Негізгі құралдардың модернизация коэффициенті есептелген  амортизация/ негізгі капиталдың бастапқы құны - 0,474 0,449 -0,025 -5,27
2. Өтімділікті бағалау
2.1.Өзіндік айналым капитал көлемі Меншік  капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді активтер - -641063 -680237 -39174 +6,11
2.2.абсолютті  өтімділік коэффициенті  Ақшалай қаражаттар/ ағымдағы міндеттемелер >0,2-0,7 0,01 0,002 -0,008 -80,00
2.3.Критикалық  өтімділік коэффициенті (ақшалай  қаражаттар+қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар+дебиторлық қарыз)/ағымдағы міндеттемелер ≈1 0,18 0,16 -0,02 -11,11
2.4.Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ағымдағы  активтер/ағымдағы міндеттемелер 1,5-2 0,3 0,25 -0,05 -16,67
2.5.запастарды жабудағы меншік капитал үлесі Меншікті айналым  қаражаттары/(ТМЗ+алдағы кезең шығыстары) >0,1 -5,51 -8,41 -2,9 +52,63
3. Қаржылық тұрақтылықты бағалау
3.1. Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті Меншік капитал/шаруашылық қаражаттар барлығы >0,5 0,61 0,64 +0,03 +4,92
3.2. Меншік капиталдың ептілік коэффициенті Меншік айналым  қаражаттары/меншік капитал ~0,5 -0,44 -0,43 +0,01 -2,27
3.3.қарыз  жә-не меншік ка-питал қаты-насы  коэф-фициенті Қарыз капитал/меншік капитал ≤1 0,63 0,57 -0,06 -9,52
3.4.Тұрақты қаржыландыру  коэффициенті (меншік капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)/ шаруашылық қаражаттар барлығы >0,8 0,61 0,64 +0,03 +4,92
4. Іскерлік белсенділікті бағалау
4.1. Өткізуден түскен табыс   - 1937586 2120816 +183230 +9,46
4.2. Салық салудан бұрын негізгі  қызметтен табыс   - 863314 917776 +54462 +6,31
4.3. Қорқайтармдылығы Өткізуден түскен табыс/негізгі құралдарды орташа құны - 0,92 0,93 +0,01 +1,09
4.4.Дебиторлық қарыз айналымдылығы Өткізуден түскен табыс/орташа дебиторлық қарыз - 12,48 14,63 +2,15 17,23
4.5.Қаражаттарайналымы-ның  ұзақты-ғы(күн) 360 күн/ 4.4 көрсеткіші - 29 25 -4 -13,79
4.6.Кредиторлық  қарыз айналымының ұзақтығы(күн)   - 363 326 -37 -10,19
4.7. Операциялық цикл ұзақтығы   - 75 54 -21 -25
5. Рентабельділікті бағалау
5.1.Таза табыс - - 780369 955704 +175335 +22,47
5.2.Негізгі  қызметтен табыс   - 854117 909693 +55576 +6,51
5.3 Өнім рентабельділігі Негізгі қызметтен  табыс/ Өткізуден түскен табыс - 1,09 0,95 -0,14 -12,84
5.4 меншік капитал рентабельділігі Таза табыс/меншік капитал - 0,53 0,6 +0,07 +13,21
5.5 Негізгі капитал рентабельділігі Таза табыс/баланс валбтасы - 0,33 0,38 +0,05 +15,15
 
 

     Кәсіпорынның мүліктік жағдайын  бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.

     Кәсіпорынның өтімділігін талдау  меншікті айналым капиталы көлемінің  6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.

     Кәсіпорын қаражаттарының тәуелсіздік  (автономия) коэффициенті кәсіпорын  иелерінің қаражаттардың жалпы  сомасындағы қызметке авансталатын  меншік үлесін сипаттайды. Қаржылық  автономия коэффициентін есептеу  қаржыландыру  көздерінің жалпы сомасындағы меншікті қаражаттар үлесі 4,92% өскенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуекелділігінің төмендеуін көрсетеді, бұл жақсы беталыс, нормативті мәнге де сәйкес келеді.

    Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.

     Қарыздық және меншікті капитал  қатынасының көрсеткіші 9,52%-ға төмендеуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артуын және кәсіпорынның кредиторлардан тәуелділігінің төмендеуін куәландырады.

     Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жаағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
 

     Тәуекелділік жағдайында шешімдер  қабылдау кезінде қолданылатын  нақты әдістер мен тәсілдер  кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған  мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

    Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

       Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

     Тәуекелді басқару жүйесінің  қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды  басқару жүйесінде құрылымдық  бөлімше – тәуекелді басқару  бөлімшесін құруды қарастырады.  Бұл бөлімше міндетті түрде  тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

     Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Информация о работе «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау