Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудағы қаржының рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:36, реферат

Описание работы

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержание

1. Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол
2. Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиттер

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ - .docx

— 25.00 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

 

  1. Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол
  2. Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың  дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол

 

 

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал  нарықтарындағы бәсекелік күреске  дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі  экономикалық және саяси  міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр  білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген  мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған  басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.

Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты  саласы болып табылатын индустрияны  қайта құру мен дамытуда маңызды  да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер  өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы  жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік  және текстиль индустриясы өнімдерін  өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі таңда  ЖІӨ көлемінің 25,6% мен халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған индустрия  өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта отырып, өндірістік-техникалық потенциалын  күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле  бастады.

Индустриалды-инновациялық даму –  Қазақстанды қазіргі дағдарыстың  дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды  игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан  тезірек құтыламыз. [1]

Индустриялық өндірістің тұрақты  өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының айғағы.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен  перспективасын, қазіргі әлемдік  шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен  қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық  ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы  қазбаларды табудың және өңдеудің күшті  индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда  машина құрылысының көп профильді  жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы  нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде  қолданылмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері  ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия  мен қызмет көрсету саласындағы  шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  индустриалды – инновациялык саясаты

 

 «Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету. 

 
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық  экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк  және әлеуметтiк инфрақұрылымның  жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ  және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын  экономика салаларында негiзгi қорлардың  тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы  техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс  арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық  ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң  ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның  салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды  даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар  салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану  үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық  экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. 

 
Индустриялық-инновациялық дамудың  мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.  
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.  
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге  
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. 

 
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз  қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа  шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн  бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк  стандарттарға сәйкес келуi керек  және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.  
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:  
¾ жеке сектормен серiктестiк;  
¾ инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;  
¾ өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;  
¾ қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты; 
¾ тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;  
¾ қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;  
¾ индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.  
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс. 
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:  
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.  
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.  
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.  
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.  
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.  
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

 
Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай  және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.  
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:  
¾ ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;  
¾ ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;  
¾ ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);  
¾ Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. 

 
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн  құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу  үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы  өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн  өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн  және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.  
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды. 
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің  пікірінше, Қазақстанның индустралды-инновациялық бағдарламасында республиканың  өз алдына қойып отырған міндеттері мен оған жетудің нақты саяси  түсінігі көрсетілген.  
Ол бұл құжатта экономикалық стратегияны жүзеге асыру идеясына деген беріктік анық байқалатындығын айтты. Онда сонымен бірге, қаржылық міндеттемелер мен бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері айтылған. Ал жеке бизнестің дамуына Үкімет себепкер болу керектігіне тоқталған Жан Лемьердің айтуынша, орта және шағын бизнесті қолдау үшін тек бюджеттік әсер етумен қатар, тиісті нормативтік базаны жасау арқылы мемлекет тарапынан да көмек қажет. Индустриалды-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасында осы тетіктердің бәрі көрініс тапқан.  
Бұл ретте , индустриалдық саясатты дамытудағы мемлекеттің маңызын жоғары бағалаған Жан Лемьер түпкі нәтижеге қолдау көрсетілуі тиіс жеке сектордың күшімен ғана жетуге болады, деп атап көрсетті. Жалпы алғанда, Еуропалық Қайта құру және банк президенті аталмыш бағдарламаны аса тиімді деп бағалап, бұл стратегияны қолдайтынын мәлімдеді.

         Жалпы  қаржының Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі аса зор, өйткені кез-келген индустриалды-инновациялық даму стратегияларын жузеге асыру үшін қаржы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудағы қаржының рөлі