Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:42, реферат

Описание работы

Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы “Қазақстанның қаржы және банк секторы” деп аталатын мәжілісте “Қазақстан Халық банкі” АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір білдірді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы.docx

— 45.14 Кб (Скачать)
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда. Алматыда өтіп жатқан конференция барысындағы “Қазақстанның қаржы және банк секторы” деп аталатын мәжілісте “Қазақстан Халық банкі” АҚ Басқарма төрағасы Григорий Марченко осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.

ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жан басына шаққандағы инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында тұрған Қазақстанның ішіндегі банктер арасында үлкен бәсекелестік бар. Бұл мемлекет үшін аса қолайлы жағдай, деп атап өткен Г.Марченко елдегі инвестициялық климатты әлі де жақсарта түсу керектігін ескертті.

Мәжіліс барысында баяндама жасаған ҚР Ұлттық Банкі Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ҚР Қаржы вице-министрі Әлихан Смаилов және Commerzbank АҚ Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Гельмут Фишер еліміздің қаржы және банк секторының инвестициялық әлеуетін аса жоғары бағалап, оны әлі де жетілдіре түсу керек екендігін ескертті.

Бір күндік конференция барысында Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.

 Конференцияның жабылуында сөз алған шараның ұйымдастырушысы Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының президенті Еркін Тұқымов: “Осы мәселе бойынша өзара пікір және тәжірибе алмасу мақсатында өткен конференция негізгі міндеттерін орындаған секілді. Инвесторлар мен қаржы салымдарын қажет ететін мекемелер арасындағы осы секілді диалог алаңын ұйымдастыру үлкен нәтижелерге жеткізеріне сенімдімін” деп пікір білдірді.

 
– Жоғарыда айтқан макроэкономикалық көрсеткіштерді республикамыздың банк жүйесінен бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені аралық институттарды дамыту мен нығайту экономикалық өсу саясаты мен азаматтардың жағдайын көтеруді жүзеге асыруда аса маңызды құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып кірер қарсаңында Ұлттық банк жүйесін одан әрі қарай дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемалары аса өзекті мәселе болып есептелуі тиіс. Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін шешуге болады. Алдымен валюталық бағам режимі кезіндегі кейбір макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқтала кетейін. Әлемдік тәжірибе негізінде валюталық саясатты жүзеге асыратын мынадай негізгі варианттарын бөліп көрсетуге болады: «еркін айналымдағы» валюталық бағамдар, реттелетін валюта «айналымы», тұрақты фиксациялық бағам. «Еркін айналымдағы» валюталық бағам, негізінен, нарықтық экономикасы дамыған және табысы жоғары деңгейлі елдерде пайдаланылады. Оны табысты қолдану үшін мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылық болуы тиіс. Тұрақты макроэкономикалық ахуал және инфляция мүлдем жоқ немесе өте төмен болуы тиіс. Реттелетін валюта «айналымы». Бұл саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттің оған араласуы аздау және күрт қысқа мерзімді тербелістердің тігісін жатқызу үшін қолданылады. Сонымен қатар, экономика неғұрлым тұрақсыздау болса, валюталық резерв солғұрлым көп болуы керектігін ескеру қажет. Реттелетін «айналым» мемлекет үшін орасан шығындарды алып келіп, жоғары дәрежелі кәсіби шеберлікті талап етеді. Тұрақты фиксациялық бағам. Валюталық саясаттың бұл варианты, Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, тұрақсыз экономикадағы ішкі дағдарыстық ахуалда қолданылғаны дұрыс. Ол инфляцияның ең төменгі қарқынын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, ол валютаны алып-сатарлыққа жол ашып, елде тұрақсыздықты дамыту қаупі бар. Қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарда бағалық бәсекеге қабілеттілігін сақтауға ықпал ету мақсатында Қазақстанның еркін айналымдағы теңгенің айырбас айналымы жүйесіне көшкені белгілі. Ұлттық банк ішкі валюталық рынокқа аз мөлшерде қатысуды іс жүзіне асыра отырып, айырбас бағамына араласпайтынын мәлімдеді. Ал шынтуайтына келгенде, Ұлттық банктің валюталық деңгейдегі қимылын аз қатысуда деп айта алмайсыз. Сонымен, Ұлттық банк жылдың басынан бері қарай биржалық рыноктан 4,5 млрд АҚШ долларын алды және елдің халықаралық резервін 21 млрд АҚШ долларына жеткізді. Мұндай ахуал 2004 жылы да қалыптасты. Нәтижесінде Ұлттық банк жылды 6,2 млрд теңгедей шығынмен аяқтады. Егер ағымдағы жылы да Ұлттық банкте осындай жағдай қайталанатын болса, яғни алтын-валюта резерві айналымдағы ақша массасынан бірнеше есе артық болатын болса, Қазақстан Республикасының ақша ресурстары шет елдер экономикасын қолдауға бағытталып, еліміздің қаржы игілігі резервтер орналасқан шетелдік қаржы институттары мен мемлекеттік органдарының төлем қабілетіне бағынышты болып қалады. Осылай ұзақ мерзімді жоспарда айналым бағамының мұндай саясаты республика экономикасының тұрақты дамуына еш ықпал ете алмайды.  
Банк секторының ағымдағы жай-күйі 

2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 
банк секторының ағымдағы жай-күйі

2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің жалпы саны 38.

    01.01.10 01.12.10
1 Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде: 38             39
  -мемлекетаралық 1 -
- 100% жарғылық капиталмен Қазақстан Республикасы Парламентінің қатысуымен 2 2
- шетел банктерінің қатысуымен 16 17
2. Екінші деңгейдегі банк филиалдарының саны 400 366
3. Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің саны 1020 1026
4. Екінші деңгейдегі банктер өкілдіктерінің саны 8 8
5. Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктер өкілдіктерінің саны 12 14
6. Кастодиалдық қызметті жүргізу құқығына лицензиясы бар банктердің саны 11 10
 

Екінші деңгейдегі банктердің 2010 жылғы 11 айдағы жиынтық меншік капиталы 31%-ке(37,9 млрд. теңгеге) көбейген және 160,1 млрд. теңге болды. Оның үстіне, төленген жарғылық капиталдың 4,8 млрд. теңгеге көбейгенінің, өткен жылдардың таратылмаған пайдасының 11,6 млрд. теңгеге және қосымша капиталдың 2,4 млрд. теңгеге өскенінің есебінен бірінші деңгейдегі капитал 20,2%-ке (18,4 млрд. теңгеге) көбейген. Банктердің ағымдағы пайдасының 5 млрд. теңгеге өскенінің, бағынышты борыш мөлшерінің 24,1 млрд. теңгеге өскенінің есебінен екінші деңгейдегі капитал 53,9%-ке (19, млрд. теңгеге) көбейген.

  01.01.10 01.12.10
млрд. теңге млрд. теңге
Барлық меншік капиталы 122,2 160,1
1- деңгейдегі капитал 91,2 109,6
2-деңгейдегі  капитал 36,0 55,4
 

Банк  секторы меншік капиталының баламалылық көрсеткіші жоғары деңгейде сақталады. Соның ішінде, банктердің меншік капиталы өсуінің қарқынынан банктік жүйенің активтер жиынтығының өсу қарқынының кейбір көтерілулері себебінен k1 еркін коэффициенті анализ жүргізу мерзімінде 0,11-ден 0,1-ге (нормативте – 0,06) төмендеген.

№ п/п   01.01.10 01.12.10
1 Бірінші дейгейдегі меншік капиталының жиынтық активтерге қатысы (К1) 0,11 0,1
2 Меншік капиталының тәуелдік деңгейі бойынша салмақтанған активтерге қатысы (К2) 0,19 0,18
3 Меншік капиталының жіктелген активтерге қатысы 0,77 0,8
4 Қалыптасқан провизиялардың меншік капиталына қатысы 0,16 0,23
5 Меншік капиталының несие портфеліне қатысы 0,24 0,23
6 Меншік капиталының үмітсіз кредитке қатысы 18,0 16,7
 

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері есеп беру мерзімінде 250 млрд. теңгеге немесе 31,9-ке көбейген және 1 034 млрд. теңге болды.

Банктер орналастырылатын қаражаттар құрылымында 2002 жылғы 11 айда мына өзгерістер болды: бағалы қағаздар портфелінің ұлғаюы жалғасуда, корреспонденттік шоттардағы ақшаның талап етуге дейінгі азаюы есебінен басқа банктердегі мерзімді депозиттердегі ақшаның көбеюі тенденциясы пайда болды.

№ п/п   01.01.10 01.12.10
млрд. теңге Жиынтыққа %-пен млрд. теңге жиынтыққа %-пен
  Барлық активтер 784,0 100,0 1 034 100
1 Қолда бар ақша 24,6 3,1 31,7 3,1
2 Банктердегі кор. шоттар 50,1 6,4 39,6 3,8
3 Басқа банктерде орналастырылған депозитттер 36,3 4,6 25 2,4
4 Бағалы қағаздар 106,9 13,6 173,3 16,8
5 Клиенттерге қойылатын талаптар 457,3 58,3 673,7 65,2
6 Заңды тұлғалар капиталына инвестиция 4,7 0,6 6,7 0,6
7 Негізгі қаражат және материалдық емес активтер 20,3 2,6 26,8 2,6
8 Басқа дебиторлар 15,2 1,9 32 3,1
9 Басқа активтер 68,6 8,8 25,2 2,4
 

2010 жылғы 11 айда жіктелуге жататын активтердің және шартты міндеттердің көлемі 239,7 млрд. теңгеге (34,2) көбейген және 941 млрд. теңге болды. Оның үстіне, олардың құрылымындағы сапаларының кейбір нашарлаулары байқалады.

  01.01.10 01.12.10
Негізгі борыш сомасы, 
млрд. тенге
жиынтыққа %-пен Негізгі борышқ сомасы, 
млрд. тенге
жиынтыққа %-пен
Жіктеуге жататын активтердің және шартты міндеттердің жиынтығы, оның ішінде: 701,3 100 941,0 100
Стандартты 536,0 76,4 741,2 78,8
Күмәнді 158,3 22,6 189,6 20,1
Субстандартты 150,1 21,4 146,6 15,6
Қанағаттандырмайтындар 11,0 1,6 33,2 3,5
Жоғары тәуекелдік деңгейіндегі күмәнділер 7,2 1,0 9,8 1,0
Үмітсіз 7,0 1,0 10,2 1,1
 

2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктердің кредит портфелінің құрылымындағы стандартты кредит үлесі - 73,3%, күмәнді үлесі - 25,4%, үмітсізі –1,4%. 2002 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктердің жиынтық міндеттері 32,6%-ке (221,7 млрд. теңгеге) көбейген және 901,8 млрд. теңге болды.

  01.01.10 01.12.10
млрд. теңге жиынтыққа %-пен млрд. теңге жиынтыққа %-пен
  Барлық міндеттемелер 680,1 100,0 901,8 100,0
1 Клиенттер алдындағы міндеттемелер 487,3 71,7 642,5 71,2
2 Банкаралық депозит 45,2 6,6 32,4 3,6
3 Банкаралық кредит 48,1 7,1 70,5 7,8
4 Үкімет кредиті 6,6 1,0 8,3 0,9
5 Бағынышты борыш 15,3 2,2 30,3 3,4
6 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар 29,5 4,3 25,8 2,9
7 Айналымға шығарылған бағалы қағаздар 20,9 3,1 22,4 2,5
8 Басқа кредиторлар 18,0 2,6 29,9 3,3
9 Басқа міндеттемелер 9,2 1,4 39,7 4,4
 

Жиынтық міндеттемелер құрылымындағы клиенттердің депозиттері 48,9% (441,4 млрд. теңге), оның үстіне клиенттер депозиттерінің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың депозиттері 54,5% (240,7 млрд. теңге).

<

  01.01.10ж. 01.12.10 ж. Жиынтыққа 
 %-пен
11 айдағы 
млрд. теңгемен және %-пен өзгертулер
Барлық депозиттер, оның ішінде: 339,95 441,4 100 101,45 29,8
1. Заңды тұлғалардың депозиттері, оның ішінде: 156,8 200,6      
 

Информация о работе Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы