Қазақстандағы ипотекалық несиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:46, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселелердің бірі-ипотекалық несиелеу мәселесі.Қазақстанда 2001жылдан бастап халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған ипотекалық несиелеу жүиесі енгізілген.Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі,әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырамайтын элементі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ МӘНІ,МАЗМҰНЫ,АЛАТЫН ОРНЫ.
1.1 Несиенің мәні,мазмұны,түрлері,формалары.................................................5
1.2 Қазақстан Рпеспубликасындағы ипотекалықнесиенің дамуы,оның алатын орны........................................................................................................................
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ НАРЫҒЫ,ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
2.1 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу нарығы..................
2.2 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің даму перспективалары..................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы ипотекалық несиелеу.doc

— 63.50 Кб (Скачать)


                                                        МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1.ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ МӘНІ,МАЗМҰНЫ,АЛАТЫН ОРНЫ.

1.1 Несиенің мәні,мазмұны,түрлері,формалары.................................................5

1.2 Қазақстан Рпеспубликасындағы ипотекалықнесиенің дамуы,оның алатын орны........................................................................................................................

 

2.ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ НАРЫҒЫ,ОНЫҢ  ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.

2.1 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу нарығы..................

2.2  Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің даму перспективалары..................................................................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        КІРІСПЕ

              Тақырыптың өзектілігі:

              Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселелердің бірі-ипотекалық несиелеу мәселесі.Қазақстанда 2001жылдан бастап халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған ипотекалық несиелеу жүиесі енгізілген.Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі,әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырамайтын элементі болып табылады.

Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы  ипотекалық несиелеуді     зерттеу.

Зерттеудің әдістемелік негіздері:

-       ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен
берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған
жылжымайтын  мүлік сатылады және одан түскен  қаражатпен
несиегердің алашағы өтеледі.  Сол  себепті  де  ипотека несиесі
несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады:

-       ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға
ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржы-
ландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру
үшін пайдаланылады;

-       ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мер-
зімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп
өтелетін болады.

              Курстық жұмыстың құрылымы – 2 бөлімнен тұрады:

1-         бөлім.Ипотекалық несиенің мәні мазмұны,алатын орны деп аталады.Бұл бөлімде ипотекалық несиенің мәні,мазмұны,түрлері,формалары,несиенің дамуы және оның алатын орны туралы жазылған.

2-         бөлім. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу нарығы,оның даму перспективалары деп аталады.Бұл бөлімде ипотекалық несиелеу нарығы және оның перспективалары туралы жан-жақты қаралып жазылған.

Жаhандану, әлемдік экономиканың интернационалдануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Егер шикізат өндіру және өңдеу салаларында Қазақсатнның көптеген ұстанымдар бойынша бәсекелесі болмаса, жоғары деңгейде өңделген өнімге байланысты жағдай мүлдем басқаша. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш-жігер болса, әлемдік нарықта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              1 ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ МӘНІ,МАЗМҰНЫ,АЛАТЫН ОРНЫ.

1.1 Несиенің мәні,мазмұны,түрлері,формалары.

Несие-ақша  сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «несие», «қарыз» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде  (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарнына мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы емн қарыздары өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің мәнін  анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

-       несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек.Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса,онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдреді;

-       несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын,қозғалыс сатыларын,несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өэгерілмейтін,тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым.Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады.Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері,сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай,бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады.Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды.Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.Несие беруші – несиелік мәмленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Несиелік мәмледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәмленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымның үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қохғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Несиенің  қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын анықтайды.Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

            Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ,келесідей көрсетіледі:

                                          Но – Қан-Нп... Рб.... Нқ...–Бқ,

мұндағы: Но – несие орналастыру;

                     Қ ан– қарызға алушының несиені алуы;

                     Нп – несиенің пайдалануы;

                     Рб – ресурстарды босату;

                     Н қ– несиенің қайтарылуы;

                     Бқ – банктің аталмыш қарызды алуы.

Несие алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырып, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану (Нп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, снеие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (Нк) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несинің қайтарылуы (Нк) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

Несиенің мәнін тану оның негізін  ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрететіннесиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О.И. Лаврушин оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысынң барлық сатыларын  қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану – қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу негізінде кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені болып табылады, яғни оны мәмленің табиғатын өзгертпей, кейінгі қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Банкке, несие берушіге қарыз алушының қарыз алушының несиені қайтарылуы соңғысына кез-келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылуы сияқты.

Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.[1,108]

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.Несиенің түрлері- бұл оның несиелерді жіктеу пайдаланатын,экономикалық - ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы,яғни,несиенің іс – тәжірибедегі нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие түрлері былаиша жіктеледі: несиелеу объектісінің  экономикалық белгілері бойынша:

- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

- негізгі құрал – жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ,нормативтен тыс     қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

- өндірістің маусымдық шығыны аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

- жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие,аккредитивтер;

- төлем несиелері.

ә) қамтамассыз етілуі бойынша:

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен,ТМҚ – пен,кепілдікпен,сақтандыру келісімшартымен толық қамтамассыз етілген;

- ішінара қамтамассыз етілген;

- қамтамассыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік).

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді;

- орта мерзімді;

- ұзақ мерзімді;

в) өтелу тәртібі бойынша:

- бөліп – бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);

- бір жолғы өтеу;

- кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес)өтеу.

г)тәуекелді деңгейі бойынша:

- субстандартты;

- стандартты;

- күмәнді;

- сенімді;

- сенімсіз;

- ұзартпалы.

ғ) ақылылығы бойынша:

- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты );

- жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары );

- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен );

- пайызссыз.

д) салалық бағыты бойынша:

Информация о работе Қазақстандағы ипотекалық несиелеу