Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 10:19, курсовая работа
Бiрiншiден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етудi және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және iшкi нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл - мемлекеттiк сектордың борышын басқару тетiктерiн жетiлдiру және қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесi.
Кіріспе
І бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
1.1 Жалпы сыртқы борыш статистикасын қалыптастырудың ерекшеліктері
1.2 Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау
ІІ бөлім
2.1. Жалпы сыртқы борыштың құрылымы
2.2. Борыштың салыстырмалы параметрлері
2.3. Жалпы үйлестіру, ұйымдастыру мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1) кредиттер бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындамау. Жергiлiктi атқарушы органдардың борыштарын жүйелi қайта құрылымдау республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуына терiс әсер етедi;
2) Yкiметтiң және жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен тартылған өткен жылдардың кредиттерi бойынша республикалық бюджет алдында борыштарды растау және өтеу проблемасы.
1.4. Мемлекеттiң шартты мiндеттемелерi
Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, үшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың қарыздарды тартуы және оларға кейiннен борышкерлердiң тiкелей қызмет көрсетуi тиiмсiз жүзеге асырылады. Yшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың қаржы жағдайын бақылаудың тиiстi жүйесi жоқ. Заңнамада көзделген берiлген (берiлетiн) кепiлдiктер бойынша мемлекет мiндеттемелерi басталуының ықтимал тәуекелдерiн азайту жөнiндегi шаралар үшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың борышын басқарудағы кемшiлiктерге уақтылы ден қою және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк-жеке әрiптестiктiң қолданыстағы тетiктерiн жетiлдiру және жаңаларын енгiзу және концессиялық келiсiмдер бойынша жобаларды iске асыру нәтижесiнде мемлекет "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнына сай келетiн сомада мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiмнiң шеңберiнде кепiлдеме бередi.
Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру барысында берiлген кепiлдемелер бойынша мемлекеттiк жауапкершiлiктiң орындалу тәртiбiне және мөлшерiне байланысты проблемалар анықталды.
Кепiлдеме институты жеке сектор қаражатын, атап айтқанда инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру үшiн, сондай-ақ инфрақұрылымдық облигациялар нарығын дамыту үшiн зейнетақы жинақтауларын тарту мақсатында енгiзiлгендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта мемлекет тарапынан бағалы қағаздар нарығының осы сегментiн дамытуды институционалдық қамтамасыз ету проблемасы шешудi талап етедi.
2. Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышы
Үкiметтiң, жергiлiктi атқарушы органдар мен Ұлттық Банктiң борышының мониторингi мен оны басқарудан басқа, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың, олардың еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақылайтын ұйымдарын қоса алғандағы борышының мониторингi мен оны басқарудың қажеттiлiгi бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамның акционерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және оған тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Бұл норма бүкiл әлемдегi барлық корпоративтiк құрылымдар үшiн тән екендiгiн атап өткен жөн.
Сонымен бiрге, шетелдiк компаниялардың мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың борыштық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi, оның iшiнде заң тұрғысынан мемлекеттiк борышқа жатқызылмаған борыштар бойынша сот қуынулары Үкiметке қойылатын жағдайлар орын алып отыр. Мұндай сот талқылаулары елдiң халықаралық имиджiне терiс әсер етедi.
Еншiлес құрылымдарын ескермегенде, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың сыртқы борышы 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша 1714 млн. АҚШ долларын құрады (жалпы сыртқы борыштың жалпы көлемiнiң 3,2%-i және ЖIӨ-нiң 2,6%-i).
Мемлекет қатысатын ұйымдар борышының жай-күйi мониторингiмен проблемалар бар. Ақпарат жинақтау ыдыраңқы және толық емес сипатта. Қазiргi уақытта мемлекеттiк органдардың олардың сыртқы борышының мониторингiн жүзеге асыру мақсатында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың тiзбесiн беру жөнiндегi өзара iс-қимылды жақсарту қажет.
Бұдан басқа, тұтастай алғанда, қазiргi уақытта мемлекет қатысатын ұйымдардың сыртқы қарыз алуы мен борышын басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясат жоқ.
3. Жеке сектордың сыртқы борышы
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша жеке сектордың сыртқы борышы (мемлекет қатысатын ұйымдардың сыртқы борышын және мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борышты қоса алғанда) 52,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
ЖIӨ-нiң жыл сайынғы жоғары қарқынмен өсуiне қарамастан, 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 2001 жылы ЖIӨ-нiң 68,5%-iнен ЖIӨ-нiң 80,9%-iне қол жеткiзген елдiң жалпы сыртқы борышының үздiксiз өсуi Yкiметтiң және Ұлттық Банктiң назарын аудармай қоймайды. Жалпы сыртқы борыш өсiмiнiң жоғары қарқыны көп деңгейде жеке сектордың сыртқы борышының өсiмi есебiнен, оның iшiнде банк секторының борышы есебiнен қолдау табады. 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығына қол жеткiзiлген елдiң жалпы сыртқы борышы өсiмiнiң 10,4 млрд. АҚШ долларының 5 млрд. АҚШ долларын ("Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-ны қоспағанда) банк секторының борышы құрайды.
3.1. Қаржы секторының борышы
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша қаржы секторының сыртқы борышы (мемлекет қатысатын ұйымдарды, атап айтқанда, "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-ны қоспағанда) 20,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазiргi уақытта банк секторының белсендi сыртқы қарыз алу үрдiсi сақталып отыр. 2003, 2004, 2005 жылдары және 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығында екiншi деңгейдегi банктердiң сыртқы борышының өсу қарқыны тиiсiнше 150,4%-тi, 118,3%-тi, 99,4%-тi және 32,6%-тi құрады. 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындылары бойынша банк секторының сыртқы берешегi, "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-ны қоспағанда, 19,9 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл жалпы сыртқы борыштың жалпы көлемiнiң 37,0%-iн және қаржы секторының сыртқы борышының 97,6%-iн құрады.
Банк секторының сыртқы қарыз алуының қарқынды өсуi жалпы сыртқы борыш өсiмiне елеулi әсер етедi, бұл ретте халықаралық қаржы нарықтарында ахуал нашарлаған жағдайда банктердiң әлсiздiгi күшейе түседi.
Банк секторының валюта тәуекелдерiн басқару мақсатында валюталық позицияның лимиттерi қайта қаралды:
Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-дан" төмен емес егемен рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валюталары және өз капиталы шамасының 15%-iнен аспайтын мөлшерде "Eypo" валютасы бойынша ашық валюталық позицияның (ұзын және қысқа) лимитi 30%-тен азайтылды;
Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-дан" төмен егемен рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң өз капиталы шамасының 5%-iнен аспайтын мөлшерде осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валюталары бойынша ашық валюталық позицияның (ұзын және қысқа) лимитi ұзын ұстаным бойынша 30%-iнен, қысқа ұстаным бойынша 15%-iнен азайтылды;
банктiң өз капиталы шамасының 30%-iнен аспайтын мөлшерде валюталық таза позиция лимитi 50%-тен азайтылды.
Елдiк тәуекелдi ескере отырып, банктердiң активтердi шетелде орналастыру жөнiндегi тәуекелдерiн шектеу мақсатында 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап резидент емес ұйымдарда (еншiлес резидент емес банктердi қоспағанда) орналастырылған активтер бойынша 100%-тен 150%-ке дейiн тәуекел дәрежесiн арттыру көзделдi.
Кейiннен банк секторын реттеу құралдарын одан әрi қатаңдату мақсатында валюталық позицияның жекелеген лимиттерi азайтылды:
Standard & Poor's агенттiгiнiң "A-дан" төмен емес егемен рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валюталары және "Еуро" валютасы бойынша ашық валюталық позицияның (ұзын және қысқа) лимитi банктiң өз капиталы шамасының 15%-iнен 12,5%-iнe дейiн азайтылды;
банктiң өз капиталы шамасының 30%-iнен валюталық таза позиция лимитi 25%-кe дейiн азайтылды.
Аталған лимиттер 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiлдi.
Бұдан басқа, өзге қаржы ұйымдары сыртқы қарыздарды елеусiз көлемде тартатындығын атап өткен жөн. 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша өзге қаржы ұйымдары (екiншi деңгейдегi банктердi қоспағанда) тартқан сыртқы қарыздар 481,8 млн. АҚШ долларын құрады (жалпы сыртқы борыштың 0,9%-iн) құрады.
Қаржы секторының осалдығы қомақты, өйткенi қаржы институттарының әдетте төлем мерзiмiнiң сәйкес келмеуiне әкеп соқтыратын жоғары левереджi бар, ассимметриялық ақпарат тәуекелi мен моральдық тәуекел жоғары нарықтарда жұмыс iстейдi.
Резидент еместер алдында мiндеттемелер өсiмiнiң негiзгi проблемаларының бiрi нақ банк секторының қайта қаржыландыру тәуекелдерiне, валюталық, проценттiк тәуекелге және өтiмдiлiк тәуекелiне бейiмдiгiнiң артуы болып табылады. Шетел валютасында тартылатын сыртқы қарыз алу банктердiң валюталар бағамының тұрақсыздығына байланысты валюталық тәуекелге ұшырауын күшейтедi, ал өз валюталық көздерi жоқ қарыз алушыларға кредиттер беру жолымен осы қаражатты қайта кредиттеу сонымен қатар банктердiң кредит тәуекелiн күшейтедi. Бұдан басқа, орналастырылған активтер мен тартылған мiндеттемелердiң мерзiмiндегi теңгерiмсiздiк отандық банктердiң валюталық өтiмдiлiк деңгейiне терiс әсер етедi.
3.2. Қаржылық емес корпоративтiк сектордың борышы
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша қаржылық емес корпоративтiк сектордың сыртқы борышы (мемлекет қатысатын ұйымдарды қоса алғанда) 31,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қаржылық емес корпоративтiк сектордың, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын қоспағанда, сыртқы борышының 2003 - 2005 жылдарда және 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы өсу қарқыны тиiсiнше 16,1%-тi, 37,7%-тi, 17,9%-тi және 18,5%-тi құрады. Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын қоспағанда қаржылық емес корпоративтiк сектордың сыртқы борышы 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 29 380 млн. АҚШ долларын (ЖIӨ-нiң 44,1%-iн) құрады.
Сонымен қатар, жалпы сыртқы борыштың 41,5%-iн шетелдiк бас және еншiлес компаниялар алдындағы қазақстандық ұйымдардың фирмааралық берешегi құрайды.
Бұдан басқа, шетелдiк мердiгерлердiң филиалдары өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (ӨБК), жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асыратын барлауға арналған шығындар сыртқы борышқа жатқызылады. 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындылары бойынша аумақта жер қойнауын барлаумен айналысатын шетелдiк компаниялар филиалдарының өздерiнiң бас компаниялары (шетелдiк) алдындағы сыртқы берешегi 10 млрд. АҚШ долларын құрады.
Сыртқы борышты басқару контексiнде фирмааралық берешек соншалықты қауiптi емес, өйткенi тiкелей инвестор-кредитор қарыз алушының төлем қабiлетсiздiгi тәуекелiн оның қызметiн басқаруға өзiнiң қатысуы арқылы бөледi. Алайда, дағдарысты жағдайда фирмааралық борыш валюта бағамына қосымша қысым жасауға қабiлеттi, өйткенi шетелдiк инвесторлар мiндеттемелердiң өтеуi түрiнде төлем қабiлетi бар кәсiпорындардың iшкi активтерiн (мысалы, банктердегi жедел депозиттер және өзге де уақытша бос қаражат) айырбастап, әкете бастауы мүмкiн.
Барлаудың оң нәтижелерi кезiнде шығындардың барлық жинақталған сомасы өнiммен оны өндiру және сату басталғаннан кейiн өтелуi мүмкiн. Демек, өтеудi талап ететiн шығындар неғұрлым жоғары болған сайын, мұнай сату салдарынан ЖIӨ мен экспорттың өсуiне қарамастан, ел iшкi валюта нарығында ұсынылуы мүмкiн соншалықты аз валюта түсiмiн алады.
Шектеулi рентабельдiлiкпен бiрлесiп корпоративтiк секторды шетел валютасында шектен тыс қаржыландыру және/немесе қысқа мерзiмдi қаржыландыруға қатысты жоғары левереджi бар құрылымды қаржыландыру жалпыға ортақ корпоративтiк төлем қабiлетсiздiгiне әкелуi мүмкiн. Шетел валютасында қарыз алатын, бiрақ шағын экспорт тауарларын немесе қызмет көрсетулерiн (мысалы Индонезияда болғандай) өндiретiн корпорациялар ұлттық валюта құнсыздана бастағаннан-ақ қолма-қол ақша (және табыс) ағынының өткiр қысқаруына ұшырайды.
Корпоративтiк сектордағы айтарлықтай қауiптер сонымен қатар сала құрушы компаниялар болып табылатын және қомақты сыртқы берешегi бар iрi қарыз алушылар тарапынан да туындауы мүмкiн. Мұнда, мысалы, мұнайдың және республиканың негiзгi экспорттық номенклатурасының өзге де тауарлары бағасының құлдырауы нәтижесiнде болатын борышты төлеуге байланысты уақытша қиындықтар тәуекелi бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасында сыртқы қарыз алу кезiнде туындайтын корпоративтiк сектордың тәуекелдерiн азайту мақсатында белгiлi бiр шектеулер (Салық кодексiнiң 94-бабында белгiленген "жеткiлiктi капиталдандыру ережесi" (бұдан әрi - ЖКЕ)) көзделедi.
ЖКЕ-нiң мәнi, егер қарыз алушының мiндеттемелерi өзiнiң капиталына (левередж) ара қатынасы қаржылық ұйымдар үшiн - 7-ден, қаржылық емес ұйымдар үшiн - 4-тен асып кетсе, резидент еместерге сыйақы беру жөнiндегi шығыстарды шегеруге жататын мөлшерiн азайтуға әкеледi. Бұл ретте қарыз алушының мiндеттемелерiнiң жалпы сомасынан сыйақы аударылмайтын мiндеттемелер алып тасталады. Бұдан басқа, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес ЖКЕ бiрiктiрiлген резидент еместердiң және осындай келiсiмдер жасалмаған елдердiң резидент еместерiнiң қарыздарына қатысты ғана қолданылуы мүмкiн.
Соған қарамастан, тиiстi салықтық әкiмшiлендiру кезiнде ЖKE аффилиирленген кредиторлардан жеткiлiктi капиталдандырылмаған субъектiлердiң сыртқы қарыз алуын ынталандырмайды: 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша қаржылық емес корпоративтiк сектордың сыртқы борышының 72%-iн құрайтын фирмааралық берешектен бөлек, АМК-нiң (арнайы мақсаттағы банктердiң еншiлес кәсiпорындары) қарыздары мен депозиттерi банктердiң сыртқы борышының 43,8%-iн құрады. ЖКЕ тиiмдiлiгiн күшейту үшiн корпоративтiк левередждiң 2,5-тен аспайтын орташа деңгейi кезiнде Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнiң қаржы дағдарысына тап болғанын ескерiп, жоғарыда көрсетiлген шектi коэффициенттердi төмендету мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
Осылайша, практика көрсетiп отырғандай, заңнамада белгiленген шаралар корпоративтiк сектордың сыртқы борышын тежеу үшiн жеткiлiктi тиiмдi емес.
Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы