Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:16, реферат
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді.
Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттердің негізінде маңызды мәліметтерге көптеген сілтемелер жасалынды.
Енді, курстық жұмыстың тақырыбын ашуда қарастырылған сұрақтардың негізде жоғарыда айтылғандарға қысқаша қорытындыламалар жасайтын болсақ:
1. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
2. Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Ақшаның құнсыздануын төменді деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 8 – бабына сәйкес Қазақстанның Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасы көлемін реттеу жолымен бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстанның Ұлттық банкі эмиссиясын жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады және олар бойынша жауаптылықты Қазақстанның Ұлттық банкі көтереді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Егемен Қазақстан. 1993. 13 қараша.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 13 карашадағы Жарлығымен 15 караша Ұлттық валюта - тенге Күні, Қазакстан Республикасы каржы саласы кызметкерлерінің кәсіби мейрамы болып жарияланды (ҚР ПҮАЖ, 1997. №49. 454-бап.)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттык Банк Басқармасының 2001 жылы 3 наурыздағы каулысымен колма-кол ақша белгісі — тиын акща айналымынан алынды. (Қараныз: Егемен Қазакстан. 2001. 29 наурыз).
4. Ақша айналымы дегеніміз елдегі тарихи калыптасқан және ұлттық заңнамамен бекітілген ақшаның жүзеге асуының ұйымдастыру нысаны болып табылады. Қараңыз: Хусбяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1955.
5. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002
8. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. - М.: Финансы и статистика, 1999.
9. Банковское дело /Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1998.
10. Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
11. Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и их операции. — М.: Банки и биржи, 1995.
12. Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие. — Алматы: Ирбис, 2000.
13. Гвоздев Б.З. Факторинг. — М.: Ассоциация авторов и издателей, Тандем, Экмос, 2000.
14. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
15. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.
16. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. Алматы, Экономика 2005. – 680 б
17. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под.ред. Дробозиной Л.А. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 2001.
18. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда» - 2002 ж 159 – 161 б
19. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, изд. 2-е, перераб. и доп. Қаржы-қаражат 1997.
ТІРКЕМЕЛЕР
2004 - 2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің, болжамы.
| Көрсеткіштер | 2003 (бағалау) | 2004 | 2005 | 2006 |
1. | Инфляция жылына орташа, % | 6 | 4-6 | 4-6 | 3-5 |
2. | Кайта қаржыландыру жылдың соңына | 7,5 | 6-7 | 5-6,5 | 4,5-6 |
3. | Алтын-валюта резерві млн. АҚШ доллары | 3008 | 3355 | 3541 | 3673 |
| өзгерістер, % | 16 | 11,5 | 5,5 | 3,7 |
4. | Ақша базасы |
|
|
|
|
| млрд теңге | 207 | 237 | 268 | 304 |
| өзгерістер, % | 18,1 | 14,8 | 12,9 | 13,9 |
5. | Ақша массасы |
|
|
|
|
| млрд тенге | 707 | 865 | 1008 | 1168 |
| өзгерістер, % | 22,7 | 22,4 | 16,6 | 15,9 |
6. | Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері |
|
|
|
|
| млрд теңге | 544 | 671 | 788 | 910 |
| өзгерістер, % | 22,3 | 23,3 | 17,4 | 15,5 |
7. | Экономикаға беретін банктің несиелері |
|
|
|
|
| млрд теңге | 439 | 571 | 718 | 866 |
| өзгерістер, % | 58,8 | 30,1 | 25,7 | 20,8 |
8. | Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа |
|
|
|
|
| өлшенген мөлшерлемесі, % | 13 | 11,0 | 9,0 | 7,5 |
9. | Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа |
|
|
|
|
| өлшенген мелшерлемесі, % | 17,5 | 16 | 15 | 13,5 |
Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы.
Көрсеткіштер | 2005 есеп | 2006 | Болжам | |
2007 | 2008 | |||
ЖІӨ, млрд. теңге | 7457,1
| 8725
| 9988
| 11459
|
Өткен жылға %-бен ЖІӨ-нің нақты өзгеруі | 109,5
| 108,3
| 108,3
| 108,9
|
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми бағам бойынша | 56,1
| 68,7
| 78,6
| 90,2
|
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. сатып алу қабілетінің шамасы (САҚШ) бойынша | 160,7
| 173,9
| 194,2
| 218,1
|
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. ресми бағам бойынша | 3703
| 4486
| 5092
| 5799
|
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. САҚШ бойынша | 10619
| 11358
| 12571
| 14018
|
Тұтыну бағалары индексі (жылға орташа алғанда), %-бен |
7,6
| 5,7-7,6
| 5-7
| 5-7
|
Ақша базасы, млрд. теңге | 663
| 939
| 1184
| 1416
|
Ақша массасы, млрд. теңге | 2065
| 2789
| 3561
| 4413
|
Экономиканы монеталандыру деңгейі, % | 271
| 32
| 35,7
| 38,5
|
Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің пайыздық саясаты