Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 21:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12
ІІ. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары.
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау...................18
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау......................................................................................................................21
2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтерін бағалау.........................28
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 162.29 Кб (Скачать)

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай  бойынша төлем карточкаларын  шығаруға рұқсат беретін уәкілетті  органның арнайы лицензиясы 20 екінші  деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «ТұранӘлемБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай  бойынша қазақстандық банктердің  шығарған төлем карточкаларының  саны 2,16 млн. дана құрап, бұл  карточкалардың ұстаушыларының  саны - 2,11 млн. адам болған (2003 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда  бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының  ішінде неғұрлым көп тарағаны  халықаралық жүйе карточкалары  болып келеді.Олардың өзіндік  үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе  карточкаларының өзіндік үлесі  - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл  арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.

2006 жылдың шілдесінде қазақстандық  эмитенттердің төлем карточкаларын  қолдану арқылы сомасы 49,2 млрд  теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар  жасалып, бұл корсеткіштердің  мәні 2003 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан.

 

- 29 -

Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға  байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол  ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге  болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде  қалыптасқан:  95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.

Төлем жүйесі қызметінің толықтығы  әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде  және шетел валютада қолма-қол ақшаларды  қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының  халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының  локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес –  банктің клиенттерімен өзара  қарым-қатынастарды ары қарай дамытып  тереңдету үшін басымды бағыт  болып табылады.

2006 жыл  ішінде карталардың мынадай мөлшері  шығарылған:

    • Visa төлем жүйесі – 9417
    • Altyn төлем жүйесі – 1921
    • American Express карточкасы – 9

    2006 жылда көлемі 878 млн.  теңгені құраған сауда және  сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция  жасалған. Есеп беру кезеңінде  коммерсанттар қызметтерінен түскен  комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені  құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке  ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет  етіп жүрген коммерсанттардың  жалпы көлемі республика бойынша  157.

2006 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2005 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.

2006 жылы  Интернет желісінде есеп-айырысуларды  жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған  болатын. 2005 жыл ішінде банктің  төлем карталарын ұстаушыларға  әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.

American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша  банк жол чектерін АҚШ долларында  және еврода консигнация шартымен  алып отырады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 30 -

     III.  Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.

     3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары

     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын  шешу және Астана мен Алматы  қалаларында жылжымайтын мүлік  рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

     Екінші деңгейдегі банктер мен  тұрғын үйді әділ бағасы бойынша  сатуға дайын құрылыс салушы  компаниялар осы бағдарламаға  қатысушылар болады.

     Жылжымайтын мүлік рыногындағы  ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі  бағдарламаның негізгі параметрлері:

  1. “Самұрық – Қазына ” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен 15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
  2. Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
  3. Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
  4. Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы

 

- 31 -

         қалаларының рыногынан әділ бағамен  жаға тұрғын үйлер сатып алатын            

         болады.

     Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге  қолжетімділікті қамтамассыз ету  бойынша шаралар қабылдайтын  болады. Бұл үшін қолданыстағы  тұрғын үй құрылысын дамыту  бағдарламасына өзгерістер енгізілді. 

     Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан  пәтерлерді құрылыс аяқталған  және дайындығы жоғары дәрежедегі  нысандардан белгіленген  баға  бойынша сатып алу құығы берілетін  болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын  іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік  береді.

     Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз  етуді ұлғайту мақсатында арендалық  тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша  265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

     Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде  салынған барлық обектілер тұрғын  үй құрылыс жинақтарының жүйесі  арқылы сатылатын болады. Бұл  халықтың басым санаттарына жылдық  дан аспайтын пайыздық ставка  бойынша алдын ала тұрғын үй  қарыздарын ұсынуға және тұрғын  үй сатып алу үшін бастапқы  салымның жинақталуына байланысты  қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік  береді.

     Үлескерлердің құқықтарын қорғауды  арттыру мақсатында Үкімет үлестік  құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға  өзгерістер енгізетін болады.

     Экономиканы отандық қаржы институттары  тарапынан қаржыландырудың қысқаруы  жағдайында шағын және орта  бизнеске көмек көрсету жалғасатын  болады. Мемлекеттік қолдау олардың  салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

     Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

     Екінші деңгейдегі банктер шағын  және орта бизнеске кредит  беру бойынша барлық бағдарламалардың  операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.

     Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.

     “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.

     Екіншіден,”Самұрық-Қазына”қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді.

 

- 32 -

     Үшіншіден, шағын және орта  бизнес субъектілерін тұрақты  тапсырыстармен қамтамасыз ету  мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.

     Жер қойнауын пайдаланумен және  сервистік компаниялармен қазақстандық  қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс  күшейтілетін болады.

     Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін әкімшілік кедергілерді  төмендету және рұқсат беру.

     Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға  ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп  секторын экономиканы тұрақтандыру  мен сауықтыру бағыттарының бірі  ретінде белгілеуге мүмкіндік  беретін негізгі факторлар мыналар:

    1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т.
    2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды.
    3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.

      Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп  кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар  2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.

     Инвестициялар, ең алдымен, астық  секторы, ет және сүт өнімдерін  қайта өндеу және жеміс - көкеніс  дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы  секторларды қолдануға және жаңа  экспортқа бағдарланған секторларды  дамытуға бағытталатын болалды.  Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды  бар жылыжай шаруашылықтарының,  көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау  алаңдары мен қасапханалар желілері  құрылатын болады. Қазіргі заманғы  ет өндеу кешендерін ұйымдастару,  тамшылатып суару технологияларын  қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын  өндіруді және биязы жүнді  терең өндеуді дамыту, Қазақстан  астығы экспортының инфрақұрылымын  дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді  құру және дамыту, сондай-ақ ауыл  шаруашылығы техникасын құрастыру  жөніндегі жобалар іске асырылатын  болады.

 

 

 

 

 

 

 

- 33 -

     3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру

     Отандық банк жүйесін қолдау  қажеттілігі оның елдің экономикалық  жүйесіндегі маңызды рөлінің  болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік  жылдарында отандық банктер отандық  экономикалық жүйенің ажырамас  бөлігіне айналған, оның жұмыс  істеуін қамтамасыз ететін және  оның нарық жағдайында дамуын  ынталандыратын жетілдірілген қаржы  жүйесін қалыптастырды.

     Отандық банктерге қолдау жасай  отырып, мемлекет олардың ішкі  экономика мен нақты секторды  кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта  бизнес субъектілерін қаржыландыруларына  және ипотекалық несиелеу бойынша  қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне  сенім артуда.

     Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе  тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда  тиісті реттеу мен қадағалау,  сондай-ақ депозиттерге кепілдік  беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына  қауіп төнген жағдайларда мемлекет  банк секторына жағдайды тұрақтандыруға  қажетті тәртіпте және көлемде  қаржылық қолдау көрсетеді. 

     Мемлекет банктің борыштары бойынша  ешқандай міндеттемелер алмайтыны  сияқты банктердің операциялық  қызметіне араласпайды. Ағымды  жағдайда банктер банк депозиторларының  мүдделерін барынша қорғалатындай  етіп активтер мен пассивтерді  тиімді басқаруды қамтамасыз  етулері тиіс. Бұған қарамастан  мемлекет қызметі ел экономикасының  одан әрі дамуына ықпал ететін  жүйе құраушы банктерге қатысты  тұрақтандырушылық бастамаларымен  шығады.

     Қаржы секторын тұрақтандыру  үшін мынадай шаралар қабылданатын  болады:

     Біріншіден, ол қарапайым және  ерекше артықшылығы бар акцияларды  сатып алу, сондай-ақ реттелген  қарыздар беру арқылы төрт  жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

     Қазіргі таңда банктер берген  қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай  төмендеген жылжымайтын  мүліктермен  және жермен қамтамасыз етілген.  Бұл банктер активтерінің сапасын  төмендетеді. Осыңан байланысты  банк секторына шығындардың едәуір  көлемі әлеуетті түрде жинақталуда.  Банк секторын сауықтыру үшін  Қаржы қадағалау агеттігі банктер  құрған провизияларға қойылатын  талаптарды арттырады. Бұл банктердің  өз шығындарын мойындауына және  оларды жасақталған провизиялар  есебінен шығынға жазуына септігін  тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды  құруы үшін қосымша капитал  қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары