Қазақстан Республикасының қаржы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:29, курсовая работа

Описание работы

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе

І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары

1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі

ΙΙ Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

srs karjy.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынас-тарын жоспарлы ұйымдастыруды жөне қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету.
  • қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі.
  • бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау.
  • салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
  • негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу.
  • қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жөне қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық-шаруашылық механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын үйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бүл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарьшьщ қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы-шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі қурльшы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын жөне әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру түрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

Қаржылық жоспарлау қаржы тұтқалары мен ьшталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны үйымдастыру.

Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушьшардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің қүрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды үтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет мемлекеттің шығыстары пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, үлттық табыстарға көсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары түжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

  1. мемлекет шығыстарының көбеюі;
  2. салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискациялық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың кіріктірме тұрақтылық механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бүл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді, өрлеу кезінде сүранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді, құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бүл инфляцияны тежеуге жөрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталаңдыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.[2]

Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

  1. фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);
  2. ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бүл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қы-қаруында көрінеді;
  3. сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бүл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
  4. ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Стафляцияны  жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өңдіріс шығындарын төмендету жөніңдегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніңдегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

  1. еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оган ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
  2. өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);
  3. өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Бүл бағытта зандылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.

XX ғасырдың аяғында жаңа теория - тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Елдің ақша өлшемінің құрамындағы ресми алтынды азайту немесе басқа елдердің валюталарына қатынасы бойынша оның бағамын төмендету арқылы жүзеге асырылады; бір нәрсенің құндылығының, маңызының жоғалуы, құнсыздану.

Тұрақты даму теориясында тұрақты жүмыс істейтін жүйелерді - төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

  1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.
  2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қагидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
  3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтьшау ретіндегі ортараптандыру қағидаты. "Әртараптандыру" термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртарап-тандыру ретінде пайдаланылады.
  4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің қүлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамьпудың басты бағьптарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.

Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.

Экономика дамуының қазіргі  кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы саясаты