Қазақстан Республикасындағы банк қызметінің заңнамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 14:02, реферат

Описание работы

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін өндіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі
1.3. Коммерциялық банктер қызметтерінің принциптері
2 тарау. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
2.2. Альянс Банк кызметінің қазіргі жағдайын талдау
2.3. Альянс Банктің даму саясаты. Орта мерзімдік стратегия.
3 тарау. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
3.1. Банктік қызметтердің даму перспективалары
3.2. Қазақстан Республика банктерінің қазіргі проблемалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 120.50 Кб (Скачать)

 кепілдеме  және өзгеде міндеттемелерді  беру;

- тауар тасымалын  талап ету құқғыын, сатып алу  және қызмет көрсету, 

- осындай талаптардың  орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

- банктік операциялар  бойынша брокерлік қызметтерді  көрсету, клиенттердің тәуекелі  бойынша олардың агенттері ретінде  әрекет ету; 

- клиенттер  үшін құжаттар мен бағалылықтарын сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

- коммерциялық  мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ  сату құқысыз (форфейтинг);

- клиенттердің  тапсырмалары бойынша сенімдік  операцияларды (қаражаттарды қарау  және орналастыру, бағалы қағаздарды  басқару); банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

 Ұлттық банкінің  арнайы лицензиялары бар болса,  банктер басқа да банктік қызметтерді  жүзеге асыра алады. Соның ішінде  шетел валюталарымен операцияларды  жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты кызметтерді көрсету (инкассация).

 Осы операцияларды  топтай отырып, олармен атқарылатын  негізгі қызметтерді былай құруға  болады:

 • уақытша  бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);

 • экономиканы  және халықты несиелендіру (активтік  операциялар);

 • қолма-қолсыз  есеп айырысуларды ұйымдастыру  және жүргізу; 

 • инвестициялық  қызметті;

 • клиенттерге  басқа да қаржылық қызметтерді  көрсету. 

 Меншікті  капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын кұрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозитер басқа кәсіпорындардың материалдық объетілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимаратты ыңғайлы. өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

 Басқа кәсіпорындармен  салыстырғанда осы барлық міндеттемелер  коммерциялық банктерге меншікті  капиталдың тартылған ресурстарға  өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді.

 Жоғарыда  айтылып өткендей, банктер өздерінің  активтік операцияларын жүзеге  асыру үшін тартылған қаражаттардың  90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады,  сондай-ақ банктер өз клиенттерінің  уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы каражаттардың негізгі бөлігін депозиттер қүрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан баска мерзімді жәые мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.

 Депозиттік  операциялар мынадай қағидалармен  ұйымдастырылады: 

 • банктік  пайда алуға немесе болашақта  пайда алу үшін жағдай жасауға; 

 • депозиттік  операциялар әрекет ету керек;

 • банк  балансының оперативтік өтімділігін  демеу мақсатында икемді депозиттік  саясат жүргізілуі керек; 

 • банк  балансының өтімділігінің жоғары  дәрежеде демеп отыратын мерзімдік  салымдарға депозиттік операцияларды  ұйымдастыру процесіне ерекше назар аударылуы қажет;

 • депозиттік  операциялармен қарыздарды беру  бойынша операциялардың арасында  мерзім және сомалар бойынша  өзара байланыс пен сабақтастылықты  қамтамасыз ету қажет; 

 • депозиттерді  тартуға әрекет ететін банктік  қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

 Шетелдік  банктік тәжірибеде алып тастау  тұрғысынан қарағанда талап еткенге  дейінгі депозиттер, мерзімді және  жинақ салымдары деп ажыратылады.  

1.3. Коммерциялық  банктер қызметінің принциптері  

 Коммерциялық  банк қызметінің алғашқы және негізін қалаушы принципі нақты бар ресурстар шегіндегі жұмыстар болып табылады.

 Нақты бар  ресурстар шегіндегі жұмыстар  коммерциялық банктің тек қана  өз ресурстары мен несиелік  салымдарының арасындағы сандық  сәйкестігіне ғана емес, сондай-ақ оның ресурстарының жұмылдыру ерекшелігіне банктік активтер сипатының сәйкестігіне қол жеткізуі тиіс екендігін білдіреді. Ең алдымен, ол оның және басқалардың мерзімдеріне қатысты. Сонымен, егер банк басты түрде қысқа мерзімдерге қаражат тартатын болса, ал оларды ұзақ мерзімді несиелерге салатын болса, онда таралуына қауіп төнеді. Банк активтерінде жоғары тәуекелді несиелер санының көп болуы банктен оның ресурстарының жалпы көлемінде өз қаражатының басым көпшілігін ұлғайтуды талап етеді.

 Коммерциялық  банктер қызметі негізделетін екінші маңызды принцип өз қызметінің нәтижелері үшін банктің экономикалық жауапкершілігін білдіретін экономикалық дербестік болып табылады. Экономикалық дербестік банктің өз қаражатын және тартылған ресурстарды еркін иемденуін, клиенттер мен салымшыларды еркін таңдауын, банк табыстарын иемденуін білдіреді. Қолданыстағы заңнама барлық коммерциялық банктерді өз қорлары мен табыстарын иемденуге экономикалық еркіндік береді. Салықты төлегеннен кейін оның иелігінде қалатын банк табысы акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бөлінеді. Ол банктің әр түрлі қорларға аудару нормалары мен мөлшерлерін, сондай-ақ акциялар бойынша дивиденттер мөлшерін белгілейді.

 Үшінші принцип  коммерциялық банктің өз клиенттерімен  қарым-қатынасы әдеттегі нарықтық қатынастар сияқты құрылатындығын білдіреді. Несиелер бере отырып, коммерциялық банк, ең алдымен, табыстылықтың нарықтық шарттарынан, тәуекелділік пен таралымынан шығады.

 Коммерциялық  банк жұмысының төртінші принципі  оның қызметін реттеу тек қана жанама экономикалық (әкімшілік емес) әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін білдіреді. Мемлекет коммерциялық банктер үшін тек қана «ойын ережесін» анықтайды, бірақ оларға бұйрық бере алмайды.

 Коммерциялық  банктердің функциялары. Коммерциялық  банктің маңызды функцияларының бірі несиеде делдалдық болып табылады, оны олар кәсіпорындар қорларының және жеке адамдардың ақшалай табыстарының айналымы процесінде уақытша босатылатын ақшалай қаражатты бөлу жолымен жүзеге асырады. Коммерциялық банктердің делдалдық функциясының ерекшелігі ресурстарды қайта бөлудің басты шарты оларды қарыз алушының пайдалануымен табыстылығы болады. Ресурстарды қайта бөлу банктердің аралық буындардың қатысуынсыз жоғары тұрған банк құрылымдарының атынан араласуы кезінде несие берушіден қарыз алушыға көлденең шаруашылық байланыс бойынша ақылы және қайтарымды шарттарда жүзеге асырылады. Берілген және алынған қаражат қарызы үшін төлем қарыз қаражатының сұранысы мен ұсынысы ықпалымен қалыптасады. Нәтижесінде қатынастың нарықтық типіне сәйкес шаруашылықта қаржы ресурстарының еркін ауысуына қол жеткізіледі.

 Коммерциялық  банктердің бірінші міндеті –  шаруашылықтағы жинақтарды ынталандыру.  Коммерциялық банктер қаржылық нарықта несиелік айтыстарға түсе отырып, қолда бар шаруашылық жинақтарды барынша жұмылдырып қана қоймай, сонымен қатар қаражатты жинақтауға ынталандырудың қажетті тиімділігін қалыптастыруы керек. Қор жинауға және ақша қаражатын ынталандыру коммерциялық банктердің икемді депозиттік саясаты негізінде қалыптасады. Банк несиешілеріне салымдар бойынша төленетін жоғары проценттерден басқа, банкте жиналған қорларды сақтау орындарының беріктігі жөнінде жоғары кепілдік қажет. Кепілдікті жасау болып банк мекемелерінің активтерін коммерциялық банктерде сақтандыру қорларын қалыптастыру болып табылады.

 Банктердің  екінші міндеті – жекелеген  дербес субьектілер арасындағы  төлемдерде дәнекер болу. Қор  нарығының қалыптасуына байланысты  банктердің құнды қағаздармен  операцияларда дәнекер болу сияқты да міндеттері дамуда. Банктер құнды қағаздар нарығында дәнекер ретінде; инвестициялық кеңесші; инвестициялық компанияның және инвестициялық қордың жұмысын іске асыра алатын инвестициялық институттар ретінде жұмыс жасауға құқылы. Қаржылық брокер ретінде жұмыс жасауда банктер клиент есебіне және тапсырмасы бойынша комиссия келісімі немесе тапсырысы негізінде құнды қағаздарды сатып алу-сатуда дәнекер міндеттерін орындайды.

 Инвестициялық  кеңесші ретінде банк өз клиенттеріне  құнды қағаздардың шығуы және айналысы бойынша кеңестік қызмет көрсетеді. Егер банк өзіне инвестициялық компанияның рөлін алса, ол онда құнды қағаздарды шығаруды және оларды үшінші адамның пайдасына орналастыру бойынша кепілдік беруді ұйымдастырады; құнды қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу-сату, оның ішінде құнды қағаздарды баға кесу жолымен, яғни, өзі сататын немесе сатып алуға міндеттелетін белгілі бір құнды қағаздарға «сатушы бағасы» және «сатып алушы бағасы» етіп хабарлайды. Банк өз қорын құнды қағаздарға өз атынан салғанда мұндай орналастырудағы барлық қауіптер, сатып алынған құнды қағаздардың нарықтық бағасының өзгеруінен болған барлық пайда мен шығындар банк акционерлерінің есебіне енсе, ол инвестициялық қор ретінде жұмыс жасайды.  

3. Банк қызметтінін казіргі жағдайы

3.1.Банктік кызметтердің  даму перспективалары.  

 Экономикалық  механизмнің дамуы нарыққа өту  жағдайында, ақшалай айналым жүйесін  құруда, клиенттерге кассалық есеп  айырысулық қызметте ұйымдастыруда  өте жоғары талаптарды көрсетеді. Төлемдік айналымның өсуі немесе айналым шығынның өсуі, төлем түріндегі тез өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын және айналым шығындарын бір уақытта төмендетуде ақша құралдарының айналымын тездететін және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз ететін ақшалай айналымның жаңа механизмін құрудың қажет екендігін білдіреді. Осыған байланысты банктік қызмет нарығында жаңа банктік өнімдер және қызметтер түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, бұрын ұмытылып кеткен ескі аккредитив, банктік кепілдемелер және инкассо сияқты өнімдерді активтендіру жағдайларын да айтуға болады. Мынандай жаңа банктік қызметтерді атап өтуге болады: төлемдік карточкалар, форфейтинг, банк-клиент жүйесі, резервтік аккредитивтер, факторинг, траст операциялары, банк-клиент, НОМЕ-Банкинг және т.б.

 Бұл банктік  қызмет түрлері өздерінің қолдауларын  тапты және ҚР-да соңғы төрт  жылда кең тарады. Жаңа банктік  өнімдерді жеке-жеке қысқаша қарастырайық (тәуекелдер, артықшылықтары, кемшіліктері).

 Несиелік  және дебеттік карточкалар корпоративті  де болуы мүмкін. Корпоративті карточкалар жол сапарлық және басқа да қызметтік шығындарды төлеу үшін өзінің жұмыскерлеріне компаниямен беріледі.

 Компанияның  корпоративті карточкалары оның  қандай да бір шотымен байланысты. Карточкаларда бөлінген және  бөлінбеген шектері болуы мүмкін. Бірінші жағдайда корпоративті карточка ұстаушылардың әрқайсысына жеке шегі белгіленеді. Екінші вариант кішігірім компанияларға тура келеді және лимиттің шектелуін қажет етпейді. Корпоративті карточкалар кызметтердің қызметтік шығындарын қадалауға жақсы мүмкіндіктер береді.

 Қазіргі уақытта  форфейтингтін негізгі орталығы  Лондон болып табылады, жаңа банктік  технологияларды меңгеруде ешқашан  әлсіз болмаған, көптеген европалық  елдердің экспорты бұрыннан Ситиден  қаржыландырудан. Форфейтингтік бизнестің маңызды бөлігі Германияда шоғырланған.

 Банктік қызмет  нарығының әрі қарай дамуы  қор нарығының дамуымен тығыз  байланысты болады. ҚР-н бағалы  қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы  және ұлттық банкпен біріге  отырып, акциялардың және басқа  да бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қор нарығында айналымды белсендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Банктік қызметтердің  одан әрі дамуының перспективті  бағыты жаңа технологияларды  және банктік кызмет көрсету  түрлерін енгізу болып табылады. Қазақстанда банктік қызметтер нарығының маңызды перспективті бағыттарының бірі интернет әлемдік ақпарат жүйесін қолдану болып табылады. Бұл сырттай қызмет көрсету деп аталуы мүмкін.

 Қазақстанда  банктік қызметтердің даму перспективасы,  келе жатқан банктік жұмыстың  автоматизациясы. Айтпақшы Американ Экспрессте бұл даму типі келген және бір жылдан астам әрекет етеді.

 Ұсынылып  отырған қызмет саны аз, ал  персонал көп екендігін айта  кету керек, осылайша банктер  осындай түрде жаңа қызметтерді  енгізуде табыстылықты жоғарылату  және сәйкесінше өзінің бәсекелестік позициясын алу мүмкіндігінен айырады.

 Қазіргі күні  Қазақстандық банктік қызмет  нарығы үлкен өзгерістерді басынан  өткізуді және соңғы жылдары  динамикалық дамушы банктік қызмет  нарығына сипатты болды. Бір  жағынан жүргізуші Қазақстандық банктер халықаралык төлем жүйелерімен белсенді жүмыс істейді, басқаша жақынан олар өздерінің электрондық жүйелерін құрай отырып, бәсекелестік күреске өздері қосылды.  

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк қызметінің заңнамалық негіздері