Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:08, реферат
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Өтімділіктің едәуір өсуі жағдайында банктердің депозиттік саясаты ұзақтау мерзімді ресурстарды тартуға бағытталды. Осыған байланысты жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері бойынша табыс өсті. Қараша айында жеке тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерін тарту бойынша сыйақы ставкасы 16,9% (жыл басында – 13,5 %) болды.
Банктердің ресурстық базасының негізін құрайтын мерзімдік теңгелік депозиттер бойынша нақты сыйақы ставкаларының өзгеру серпінділігі 2000 жылы Қазақстан банктерінің инфляцияның (жыл бойы - 9,8%) елеулі төмендеуіне қарамастан депозиттер бойынша номиналды сыйақы ставкаларын жоғары күйде сақтап қалды. Бұл олар бойынша нақты сыйақы ставкаларының біртіндеп өсуіне алып келді. Себебі 2001 жылы инфляцияның жыл бойына 6-8%-ке төмендеуі күтілгенде, онда бұл жағдайда банктер депозиттер бойынша номиналды ставкалардың жыл бойына 10-12%-ке деңгейге дейін төмендетті. Бұған қарамастан салымдар бойынша нақты табыс азаймады.
2001 жылдың 4 сәуіріндегі депозиттік рыноктың жағдайын талдау ұлттық валютаның елеулі девальвациялануы жағдайында сыртқы қарыздар алудың қымбаттағанына көп жағдайда коммерциялық банктердің ресурстық базаларын ішкі көздер есебінен өсіруі бойынша қызметінің арта түсуіне жағдай туғызды. Банктік мекемелер арасында халықтың және кәсіпорындардың бос ақшасын тарту үшін бәсекелестік едәуір ұлғайды. Депозиттік қызметтер түрлері ұлғайып, қызмет көрсету сапасы артты. Ұлттық валютаның девальвациясынан теңгелік депозиттерді қорғау үшін Ұлттық Банк және Үкімет жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерін уақтылы ауыстырып берді. Макроэкономикалық тұрақтану халықтың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет етуі және азаматтардың жеке табыстарының өсуі жағдайында банктерге депозиттерге халықтың және кәсіпорындардың ақша ағынының күшеюіне алып келді.
1999 жылдың сәуірінен бастап 2001 жылдың ақпаны аралығында резиденттердің депозиттері 4,1 еседен (айырбас бағамының айырмашылығын ескерместен – 3,3 есе) астам номиналды өсті және 301,2 млрд. теңге (685,5 млн. доллар) болды. Атап айтқанда халықтың шетел валютасындағы салымдары ұлғайды. Өйткені банктерге негізінен қолма-қол долларларды алып барады, бұрындары «үйде сақталған» ақша - қазіргі кезде жалпы депозиттер көлеміндегі валюталық депозиттердің үлес салмағы 1999 жылғы наурызбен салыстырғанда 40,5-тен 65,4%-ке өсті.
2001 жылдың мамырында резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 1,8%-ке (жыл басынан бастап өсуі – 5,9%) өсті және 307,8 млрд. теңге (2,1 млрд. доллар) болды.
Ай ішінде заңды тұлғалардың да, сондай-ақ жеке тұлғалардың да депозиттері: заңды тұлғалардың депозиттері – 0,8%-ке 199,6 млрд. теңгеге дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері – 3,8%-ке 108,2 млрд. теңгеге өсті.
Мерзімдік депозиттердің жалпы көлемі 1,9%-ке 173,1 млрд. теңгеге төмендегенде талап етілгенге дейінгі депозиттер 7,1%-ке 134,7 млрд. теңгеге ұлғайды. Мерзімдік депозиттердің үлес салмағы 58,4%-тен 56,2%-ке дейін төмендеді.
Халықтың (резидент еместерді ескере отырып) салымдарының өсу үрдісі жалғасуда. Олар 3,9%-ке өсіп, 112,1 млрд. теңге (768 млн. доллар шамасында) болды. Жыл басынан бастап халықтың депозиттерінің өсуі 20,4 млрд. теңге (133 млн. доллар).
Депозиттік рынокта ставкалар деңгейі аз ғана өзгерді. Жеке тұлғалардың теңгелік мерзімдік депозиттері бойынша орташа алғандағы сыйақы ставкасы 14,6%-тен 14,7%-ке өсті, ал валюталық депозиттер бойынша 7,9%-тен 7,7%-ке дейін төмендеді. Сәуірде және мамырда жеке тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары ставкалар жылына 16-17%-тен аспағанын, ал екі ай бұрын бұл көрсеткіш жылына 19-20%-тен астам болғанын атап өткен жөн. Осылайша инфляцияның және қайта қаржыландыру ставкасы деңгейінің төмендеу кезінде теңгелік депозиттер бойынша номиналдық ставкалардың жалпы төмендеуі байқалды.
Шілдеде маусымдағыдай депозиттік рыноктағы жағдай «Азаматтардың ақшасын жариялауына байланысты рақым жасау туралы» ҚР Заңының жүзеге асу аясында қалыптасты. Бұл шара 2001 жылдың 14 маусымынан бастап 13 шілдеге дейін созылды. Жоғарыда аталған заңның нормаларына сай шара аяқталғаннан кейін арнайы есепшоттардың иелеріне жария етілген ақшалармен өз қалаулары бойынша жұмсауына рұқсат берілді, осыған байланысты заматтардың біршамасы өздерінің ақшаларын алды. Соған қарамастан арнайы есепшоттардағы жария етілген ақшалардың үлкен бөлігі (55%-тен астамы) мерзімдік депозиттерге салынды. Бұл жөнінде банктік жүйеде депозиттер көлемінің күрт өсуі дәлел бола алады. Нәтижесінде шілденің соңында резиденттердің депозиттері 10%-ке өсіп, 393,2 млрд. теңге (2,68 млрд. доллар шамасында) болды. Азаматтардың капиталын жариялау жөніндегі шара халықтың салымдарының өсу үрдісін жеделдетті. Мұндайда жарияланған ақшалардың негізгі салмағы азаматтардың банк жүйесіне сенімділігінің артуына куә болады.
Қыркүйекте салымдардың жалпы көлемі (резидент еместерді ескере отырып) 2,2%-ке өсті және 172,5 млрд. теңге (1,17 млрд. доллардан астам) болды. Халық салымдарының құрылымында ұлттық валютадағы депозиттердің басымдықпен өсуі байқалды, олар ай ішінде 3,9%-ке өссе, шетел валютасындағы депозиттер 1,6%-ке ұлғайды. Халықтың мерзімдік салымдарының үлестік салмағы қыркүйекте 75,3%-тен 78,6%-ке өсті. Жеке тұлғалардың теңгелік мерзімдік депозиттері бойынша орташа алғандағы сыйақы ставкасы 14,4%-тен 13,7%-ке, заңды тұлғалардың сыйақы ставкалары – 5,8%-тен 5,7%-ке төмендеді.
Біздің елдің қаржы рыногының серпінді дамыған сегменттері туралы айтқанда банктердің бос қаражаттарды тарту саласында оң үрдістері туралы сенімділікпен айтуға болады, банктердің қолайлы жағдайларда сапалы қызметтер ұсынуы салымшылардың банктік мекемелерге сенімдерінің өсуімен расталады.
Банк жүйесіне халық сенімінің нығаюы көп жағдайда азаматтардың мерзімдік салымдарына кепілдік беру жүйесінің және жеке тұлғалардың есепшоттарына қатысты қолданылатын қабылданған «Банктік құпия туралы» Заңның қызмет істеуіне байланысты. Қазіргі уақытта салымдарды қорғау жүйесінде Қазақстанның барлық банктерінің жартысы дерлік (21 банк) қатысады.
Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде банк секторының таза табысы (пайдасы) 4,9 млрд. теңге болды, бұл өткен жылғы осындай кезең ішіндегі банктердің табысынан 53%-ке артық.
«Euromoney» басылымында жарияланған ақпаратқа сай 2001 жылдың 1 жартысында Қазақстанның банк секторы қолайлы қаржы заңдарының арқасында ТМД елдері ішінде ең дамығаны деп танылды.
2002 жылғы Қазақстандағы банктер жүргiзген депозиттiк операциялары жоғарғы қарқынмен дамып үлкен нәтижелер бердi. Өйткенi, 2001 жылғы жүргiзiлген акция көлеңкелi айналымда жүрген 500 млн. доллардан астам қаржыны ел экономикасына құйды. Нәтижесiнде банктiк жүйеде экономикалық көрсеткiштер оң нәтиже бердi.
Екiншi деңгейлi банктердiң активтерi 2002 жылдық қаңтарымен қарашасы аралығында 225 млрд. теңгеге немесе 28,7 %-ке ұлғайып, жалпы 1009 млрд. теңгенi құрады. Активтердiң ұлғайуы экономиканы банктермен несиелендiру секторының тұрақты түрде жедел қарқынмен дамуына алып келдi. 2002 жылдың қазан айында бұл көрсеткiш 155,5 млрд. теңгенi құрады. Ал, жылдық 8 ай iшiнде 1178,2 млрд. теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.
2003 жылғы қаңтар айында резиденттердiң депозиттерiнiң жалпы көлемi 3,5 %-ке төмендеп 581,9 млрд. теңгенi (АҚШ долларымен 3,7 млрд.долл.) құрады. Бұл көрсеткiш аусымдық болып табылады. өйткенi, мұндай түсiм банктердiң басынан өткерген әр жыл сайын байқалады.
Заңды тұлғалардың депозиттерiнiң көлемi 2003 жылғы қаңтар айында 7,0 %-ке төмендеп 327,8 млрд. теңгенi құрады. Бұл төмендеу «Қазақмыс» ААҚ-ның мемлекеттiк акцияларының бiр бөлiгiн инвесторлардың сатып алуының нәтижесi болып табылады. Депозиттердiң жалпы көлемiнiң төмендеуiне қарамастан Қаңтар айында халықтың депозиттiк салымдарының өсiмi байқалды. Халық салымдары (резидент емес тұлғаларды қоса алғанда) ай iшiнде 1,6 %-ке өсiп 261,4 млрд. теңгенi құрады.
Депозиттерден түсетiн түсiмнiң мөлшерi бойынша 2003 жылы қаңтар айында 2002 жылдың қараша айымен салыстырғанда бiршама азайды. Орташа сыйақы мөлшерi жеке теңгелiк мерзiмдiк депозиттер бойынша 11,0 %-тен 10,4 %-ке дейiн, ал, заңды тұлғалар депозиттерi бойынша 5,4 %-тен 5,2 %-ке дейiн төмендедi.
Қазiргi кезде Ұлттық банк екi функциялық қызмет атқаратын саясатты жүргiзiп отыр: бiрiншiсi реттеушi функциясы, екiншiсi дамуға ықпал жасау функциясы. Қазақстан банктерi даму барысында өткен 10 жылды батыс елдерiнiң банктерiнiң көпшiлiгiне 100-150 жыл қажет болған.
Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне – банк жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.
Коммерциялық банктердің қаржы тұрақтылығын нығайту мақсатында тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат тиімді банк саясатының құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады, ал оны қалыптастыру үш кезеңмен жүргізіледі:
• зерттеу кезеңі;
• жоспарлау кезеңі;
• шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі.
Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің тұтынысын зерттейді: депозиттердің қандай түрлері тартымды; депозиттердің, салымдардың әр түрлеріне қандай проценттер белгілеу керек. Бұлардың барлығы банктің банк операцияларын жүргізу жөніндегі мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезеңде қоршаған ортаны, рынокты, банктің бұл рыноктағы орнын және ролін талдауы кіретін рынокты зерттеу және талдау жүзеге асырылады. Яғни, банктің географиялық орны, оның клиентке жақындығы, филиалдар желісінің жеткіліктігі, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің бар екендігін депозиттік саясатты дайындаудың бастапқы сатысының өзінде-ақ бұларды зерттеу қажет.
Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша талдау және табысты бағалауды жүзеге асырып, түрлі тәуекелдерді жоспарлап, ұсынылатын қызметтердің ассортиментін және т.б. кеңейтеді.
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңінде белгілі кезең (жоспарлы) ішінде қандай депозиттер көлемі тартылатыны шешіледі. Мұнда қаражаттарды депозиттерге тартудың рәсімі (банк қызметкерлерінің клиенттермен табысты жұмысы, салымдардың түрлері, мерзімдері, артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары) роль атқарады.
Осылайша, депозиттік рынок – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі. 1994-2001 жылдардағы қазақстандық депозиттік рынокты талдай отырып бұл күндері біздің республикамызда (ТМД елдерімен салыстырғанда) жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тартудың жеткілікті түрде дамыған жүйесі бар деуге болады. 1996 жылдан бастап депозиттер бойынша ставкалар оң болды, бұл әлеуетті салымшылар үшін тартымды болды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 05.11.1999 ж. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы.
2. «Банковское дело» / под ред. Г.С. Сейткасымова, Алматы «Каржы-Каражат», 1998г.
5.Деловая неделя //Садыков А. «Неработающие вклады»,№16, 2000г.
6.Бизнес-курьер/Сагиндыкова М. О. «Казахстанский фонд гарантирования вкладов физических лиц»,№36, 2002г.
1
Информация о работе Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы