Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 20:35, курсовая работа

Описание работы

ҰШЖ қаржы шоты экономикалық секторлар бөлінісіндегі қаржылық активтер мен пассивтердің жыл ішіндегі өзгеруі туралы ақпаратты қамтиды. «Қаржылық емес корпорациялар» секторының институционалдық бірліктері кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан ҰШЖ қаржы шоты деректерінің талдауы осы сектор бойынша кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Работа содержит 1 файл

КРСтатистика агент.doc

— 72.50 Кб (Скачать)
       Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Жедел ақпарат                                                                            

2010 жылғы 15 маусым

№ Э-05-03/208

 
 
ҰШЖ қаржы шотының  деректері бойынша  кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдау

     ҰШЖ қаржы шоты экономикалық секторлар  бөлінісіндегі қаржылық активтер мен  пассивтердің жыл ішіндегі өзгеруі  туралы ақпаратты қамтиды. «Қаржылық емес корпорациялар» секторының институционалдық бірліктері кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан ҰШЖ қаржы шоты деректерінің талдауы осы сектор бойынша кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

     2003-2008 жж. кезеңінде ҰШЖ қаржы шотының деректері бойынша кәсіпорындардың жалпы берешегі жыл сайын өсіп отырды. 2008 жылғы кәсіпорындардың жалпы берешегі 4 678,5 млрд. теңгеге немесе 23,8% артқан.

     2008 жылғы қаржы шоты 

     млрд. теңге 

Активтердің өзгерiстері Операциялар және 
теңгерімдеуші баптар
Пассивтердің  және капиталдың таза құнының өзгеруі
Барлы-ғы соның ішінде: соның ішінде: Барлы-ғы
Басқа әлем Эконо-мика тұтас-тай  алғанда соның ішінде: соның ішінде: Эконо-мика тұтас-тай  алғанда Басқа әлем
Қаржылық  емес корпорациялар Қаржылық емес корпорациялар
        Таза  кредит беру (+), таза қарыз алу (-) -179,9 791,8 -791,8 0,0
9 460,8 589,5 8 871,3 4 498,7 F. Қаржы активтерін  таза сатып алу        
        F. Міндеттемелерді  таза қабылдау 4 678,5 8 079,5 1 381,3 9 460,8
0,0 17,8 -17,8 0,0  F.1. Монетарлық алтын және   ҚАҚ 0,0 0,0 0,0 0,0
1 243,9 -114,4 1 358,3 1 004,3  F.2. Қолдағы валюта және депозиттер 0,0 1 149,4 94,5 1 243,9
1 047,0 -86,5 1 133,5 -39,7  F.3. Акциялардан басқа бағалы қағаздар 391,4 456,0 591,0 1 047,0
2 758,8 327,1 2 431,7 675,2  F.4. Кредиттер мен қарыздар 1 651,3 2 437,3 321,5 2 758,8
1 181,5 313,3 868,2 206,2  F.5. Акциялар және капиталға қатысудың басқа да нысандары 512,4 993,7 187,8 1 181,5
310,4 0,0 310,4 0,0  F.6. Сақтандыру техникалық резервтері 0,0 310,4 0,0 310,4
159,0 62,8 96,2 1,4  F7.   Өндірістік қаржы құралдары -3,3 116,9 42,1 159,0
2 760,2 69,4 2 690,8 2 651,3  F.8. Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек 2 126,7 2 615,8 144,4 2 760,2
 

     Берешектің жыл сайынғы ұлғаюы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді, оған ағымдағы өтімділік, төлемқабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері дәлел болады.

     Кәсіпорындардың ағымдағы өтімділігінің талдауы ағымдағы өтімділік коэффицентінің мәні (ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті алып тастағандағы қысқа мерзімді активтер сомаларының қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерге қатынасы) кәсіпорындар бойынша 2008 жыл басына 2,07, ал жыл аяғына 1,94 құрағанын көрсетті. Ағымдағы өтімділік коэффицентінің ең аз мәні 1,7 тең болуы керек деп ұйғарылады. Дегенмен, кейбір елдерде, мысалы, Беларусь Республикасында, коэффиценттің ең аз мәні экономиканың әр түрлі салаларында 1,0-ден 1,7-ге дейін түрленеді. Осылайша, 2008 жыл ішінде ағымдағы өтімділік дәрежесі 0,13-ке төмендеді. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қысқа мерзімді активтер есебінен ағымдағы қаржылық міндеттемелердің өтелуі мүмкіндігінің төмендегенін көрсетеді.

Кәсіпорындардың өтімділігі, төлемқабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы  көрсеткіштері 

     

     Кәсіпорындардың қысқа мерзімді кезеңдегі төлем қабілеттілігін талдау үшін алты айға тең кезең ішінде төлем қабілеттілігінің қалпына келу коэффиценті ( ) есептелген:

     

     мұнда және – есепті кезең сәйкес соңы мен басындағы өтімділік коэфицентінің нақты мәні;

      – ағымдағы өтімділік коэфицентінің нормативті мәні;

     6 – төлем қабілеттілігінің қалпына  келу  кезеңі, ай;

     Т – есепті кезең, ай.

     Коэффицент мәні , демек, қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорындар төлемқабілетті болып табылады және мерзімі келген кезде өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

     Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын талдау үшін «Қаржылық леверидж деңгейі» көрсеткішін ұзақ мерзімді қарыз құралдарының меншікті капиталға қатынасы жолымен есептеу керек. 

     Қаржылық леверидж деңгейі серпінінің экономикалық интерпритациясы келесі: жыл басына меншікті құралдар 1 теңгесіне 0,87 теңге ұзақ мерзімді қарыз құралдары келетін, ал жыл аяғына - 0,91теңге. Қаржылық леверидж деңгейінің мәні 2008 жыл ішінде 4,6% ұлғайды және, сәйкесінше, кәсіпорындар қызметімен орайластырылатын тәуекелділік жоғарылады.

     Меншікті  және қарыз құралдары арасындағы айырмашалық меншікті қаражатты пайдалану үшін баға ретінде дивидендтер төлемі міндетті болмауы, ал қарыз құралдарын тарту үшін сыйақы төлеу міндетті болып табылады. Қарыз құралдарының тартылуы тұрақты қаржылық шығыстар және сыртқы инвесторларға қаржылық тәуелділік ауыртпалығымен байланысты.

     Меншікті  капитал шоғырлануының коэфиценті кәсіпорын қызметіне авансталған құралдардың жалпы сомасындағы кәсіпорын иелері меншігінің үлесін сипаттайды және меншікті капиталдың құрал көздерінің жалпы сомасына қатынасы жолымен есептеледі  (теңгерім валютасында).

     2007 және 2008 жылдарда коэфицент мәні  бірдей болды. Көрсеткіш интерпритациясы келесідей: оның 0,34-ке тең мәні кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1 теңгеде 66 тиын берешектік болып табылатынын және сәйкесінше,  активтік операцияларға салынған құралдардың 66% берешекке алынғанын білдіреді.

     Кәсіпорын қызметіне авансталған құралдар жалпы сомасында ұзақмерзімді міндеттемелер ерекше байқалады, олар ұзақ мерзімді құралдар сомасына қатысты (меншікті капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелер) капиталдандырылған көздердің қаржылық тәуелділігі коэфиценті болып табылады:   

      Ұзақ мерзімді міндеттемелер
      Меншікті  капитал+ Ұзақ мерзімді міндеттемелер
 
 

     Бұл коэфиценттің мәні 2008 жыл басына 0,46 құрады, жыл аяғына – 0,48. Осылайша, 2008 жылы кәсіпорындардың қаржылық тәуелділігі 0,02-ге өсті, ол ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемінің 1380,0 млрд. теңгеге өсуіне және оның теңгерім пассивтеріндегі үлесінің 29,9%-дан 30,8%-ға, яғни 0,9 п.т. өсуіне байланысты болды.

     Осылайша, ҰШЖ қаржылық шоты деректерінің «Қаржылық емес корпорациялар» секторы бойынша талдауы 2008 жылы сыртқы инвесторларға тәуелділіктің ұлғаюы есебінен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы біршама нашарлағанын көрсетті. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі