Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеуші органдарының қызмет ету ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:19, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған — Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығын реттеуші органдары.docx

— 24.51 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеуші органдарының қызмет ету ерекшеліктері 

    Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына  сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған — Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі болып табылады.

    Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  мемлекеттік реттеу мен қадағалаудыңміндеттері қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын  белгілеу,  олардың корпоративтік басқаруын жақсарту үшін ынталарды құру,  қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында қаржы ұйымдарының мониторингін жүргізу,  сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі жəне олар көрсететін қаржылық қызметтері туралы ақпараттың толықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету  болып табылады. Қор нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықтың қомақты қаражатын жинақтағандықтан,  бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің (эмитенттердің, бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының)  жəне жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу өз қаражатын бағалы қағаздарға салатын инвесторлардың, жəне зейнетақы қаражаты жинақтаушы зейнетақы қорларымен жинақталатын, сондай-ақ қаржы құралдарына инвестицияланатын салымшылардың  (алушылардың)   құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Агенттік көрсетілген кезеңде норма шығарушылық қызметін жүзеге асыруының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

    - зейнетақы қорларының жəне зейнетақы  активтерді инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық  реттеуін белгілейтін нормативтік  құқықтық актілерді жетілдіру; 

    -  қаржы нарығындағы қызметінің  нəтижесі туралы есептіліктеріне  қосымша талаптарды белгілеу  арқылы бағалы қағаздар нарығының  кəсіби қатысушыларының жəне  жинақтаушы зейнетақы қорларының  қызметіне қашықтықтан қадағалауды  жетілдіру жəне оның айқындылығы  дəрежесін арттыру;  

    -  жинақтаушы зейнетақы қорлары  жəне бағалы қағаздар нарығының  кəсіби қатысушылары үшін тəуекелдерді  басқару жүйелерінің болуы бойынша  талаптарды жетілдіру; 

    -  жинақтаушы зейнетақы қорларының  жəне зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың  зейнетақы активтерін жəне меншікті  активтерін басқару бойынша инвестициялық  қызметіне қатысты талаптарды,  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы  қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат  беру рəсімін жетілдіру; 

    -  эмитенттерге жəне олардың қор  биржасында айналысқа рұқсат  етілетін  (рұқсат етілген) бағалы  қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының  жекелеген санаттарына талаптарды  жетілдіру; 

    -  эмитенттің қаржылық есептілігін  жасау тəртібін жетілдіру,  бағалы  қағаздар шығарылымының проспектісіне  өзгерістер мен толықтыруларды  тіркеу тəртібі; 

    - исламдық бағалы қағаздарды, сондай-ақ  «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат  қоры» АҚ-ның бағалы қағаздарын  айналысқа жіберу мүмкіндігін  қамтамасыз ететін нормативтік  құқықтық базаны жетілдіру; 

    -  меншікті капитал жеткіліктілігі  нормативін есептеу тəсілін жетілдіру,  сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы  үшін қосымша ағымдағы өтімділік  нормативін енгізу;

     -  бағалы қағаздар ұстаушылар  тізілімін жүргізу бойынша    жəне номиналды ұстау бойынша  қызметті жүзеге асыру тəртібін  жетілдіру.

    Ұйым  мақсаты:

    •  қаржы  нарығының  жəне  қаржы  ұйымдарының  қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз  ету  жəне  жалпы  қаржы жүйесіне сенімділікті қолдау; 

    •  қаржылық  қызметті  тұтынушылардың мүдделерін  қорғаудың  тиісті  деңгейін қамтамасыз ету;

    •  қаржы нарығындағы əділ бəсекелестікті қолдауға  бағытталған  қаржылық ұйымдардың  қызметі  үшін  тең  жағдайлар жасау

    Міндеті:

    •  қаржылық  қызметті  тұтынушылардың  құқықтарына  жəне  заңды мүдделеріне  нұқсан  келтіруді  болдырмау  жөніндегі  шараларды  іске асыру;

    •  əділ  бəсекелестік  принциптері  негізінде  қаржы  ұйымдарының  тиісті түрлерінің жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау; 

    •  қаржы  ұйымдарының  қызметін  реттеу  жəне  қадағалау  стандарттары мен  əдістерінің  деңгейін  көтеру,  олар  қабылдаған  міндеттемелердің уақтылы жəне толық орындалуын қамтамасыз ету шараларын пайдалану 

    Ұстанымдары:

  1. ресурстарды жəне реттеу құралдарын тиімді пайдалану 
  2. қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржылық қадағалаудың айқындылығын қамтамасыз ету
  3. тəуекелдерді бағалауға негізделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру 
  4. қаржылық қызметті тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету шараларының кешенділігі 
  5. қаржылық ұйымдарды басқару органдарының жауапкершілігі

Қаржы нарығының  жəне қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау мынадай жүйемен іске асырылады:

  • Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау нəтижелері 
  • Қашықтықтан қадағалау 
  • Инспекциялау
  • Қадағалау арқылы ықпал ету
  • Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау 
  • Агенттіктің  халықтың  қаржылық  сауаттылығын  арттыру жөніндегі  қызметі жəне  БАҚ-пен өзара іс-əрекеті 
  • Қаржы ұйымдарын лицензиялау 
  • Тарату процесі 
  • Халықаралық ұйымдармен, рейтингтік агенттіктермен, орталық банктермен жəне реттеуші

органдармен өзара  іс-əрекеті 

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы

      және басқару органы 

    Ұлттық  банкінің басқару  құрылымы  мен  қызметін  ұйымдастырудың  мәселелері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі  туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» Ережесі  негізінде анықталады. Ұлттық  банкі  өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа  да жергілікті құрылымдық бөлімшелері  бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы  төменгі   сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару  органы Ұлттық банк төрағасымен  басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына –  Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір  өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен  бекітіледі.

    Басқарма  мынандай сұрақтарды шешеді:    

    • мемлдекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;                
    • Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;  
    • Парламент бекіткен тұжытым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
    • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджеті мен операциялары бойынша пайыздық мөлшермен бекітеді;
    • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
    • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
    • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
    • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаментінің директорларын тағайындайды;
    • банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық нормативтерін   бекітеді.
    • Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.                 
    • Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.    

    Ұлттық  банк өзінің негізгі қызметтерін  жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

    Ұлттық  банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай  қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;           
  • Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
  • Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің  қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу  және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен  байланысты  операциялар  жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.   
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызмет ету ерекшеліктері 

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржы нарығында бір жағынан мемлекеттік бағалы кағаздардың эмиссиясын жүзеге асырушы орган, ал екінші жағынан мемлекеттік реттеуші орган ретінде қызмет етеді. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу процесіне қатысатын негізгі ішкі министрліктің бөлімшелері мыналар:

    1. Қаржылық-валюталық бақылау комитеті.

    2. Қазынашылық.

    3. Бас салық инспекциясы.

    4. Қаржы министрлігінің Мемлекет мүлкін және активтерін басқару департаменті.

    5. Жекешелендіру жөніндегі департамент.

    6. Кедендік бақылау комитеті.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы нарығын реттеу саласындағы маңызды функциясы — Қаржылық-валюталық бақылау комитеті тарапынан қаржылық бақылауды жүргізу болып табылады. Ол өз бетімен ревизиялар мен тексерулерді ұйымдастырып жүргізеді, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын, ақша айналымынын ұйымдастырылуын, валюталық және несиелік ресурстардың қолданылуын, мемлекеттің ішкі жөне сыртқы қарыздарының, мемлекеттік резервтердің жағдайын және тағы сол сияқтыларды бақылайды.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қаражаттарды мақсатты және үнемді қолданылуын жүзеге асыратын басқа да бір бөлімшесі Қазынашылық және оның аумақтық органдары болып табылады. Қаржылык тәртіпті жақсарту мақсатында оған мынадай құқықтар берілген:

    • министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда ақша құжаттарын, бухгалтерлік есеп тіркеулердің, есеп берулердің, жобалардың, сметалардың және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттарын пайдалану және есептеумен байланысты басқа да құжаттардың тексеруін жүргізу;

    • Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттарын пайдаланатын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату;

    • кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың бюджеттік және бюджеттік емес каражаттарды мақсатсыз пайдалануы жағдайында айыппұлдың салынуы мен төленуі;

    • қазынашылық органның лауазымды тұлғасының жазбаша нұсқауы негізінде қаржылық тәртіпті бұзғанын растайтын құжаттарды алып тастау;

Информация о работе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеуші органдарының қызмет ету ерекшеліктері