Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:19, реферат

Описание работы

Мемлекеттік қаржы ресурстарын кешенді басқару нарықтық экономика жағдайына негізгі проблемалардың бірі болып кіреді. Бұл мәселені қаржы ресурстарын басқарудың негізгі ережелері қарастырылған, мемлекеттік біріктірілген қаржы балансының мәні мен рөлі заңдылық тәртіпте анықталған, «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» жаңа Заңы шеше алады. Ол барлық мемлекеттік қаржы ресуртарын қарастыра және көрсете отырып, әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын жалпы ақшалай көрсетеді. Бюджет бұл бағдарламаны мекендерде, аймақтарда, салалар қиысуында айқындайды.

Работа содержит 1 файл

бюджет.docx

— 49.31 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

        Біздің  мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарға  жетуі үшін, алуан қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді пайдалануды қажет ететін, ол өз ретінде әрі қарай барлық қаржы жүйесін  реформалауды ұсынатын, жеті ұзақ мерзімді приоритеттерді іске асыруы қажет. Осы тұрғыда Қазынашалықтың алдында үлкен мақсаттар тұр, ең негізгісі - бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану.

        Республикамыздың  дамуының маңызды басылымдылық  міндеттерінің бірі ретінде шетелдік инвестиция мен ішкі жиналымдарды жоғары деңгейдегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу. Экономикалық реформалар барысындағы күнгей мен көлеңке жақтарына баға бере келіп, Елбасы – Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз егер қазынаны қорғаштап және еселеп отырмасақ, ешқашанда қалыпты да күшті мемлекет  болып саналмаймыз» деп тұжырымдады. Сол себепті де болар, халықаралық стандартқа жету мақсатында, Республика Президентінің Жарлығымен 1994 жылғы қазан айында Қаржы министрлігінің Қазынашылығы құрылды.

           Мемлекеттік қаржы ресурстарын кешенді басқару нарықтық экономика жағдайына негізгі проблемалардың бірі болып кіреді. Бұл мәселені қаржы ресурстарын басқарудың негізгі ережелері қарастырылған, мемлекеттік біріктірілген қаржы балансының мәні мен рөлі  заңдылық тәртіпте анықталған,  «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы» жаңа Заңы шеше алады. Ол барлық мемлекеттік қаржы ресуртарын қарастыра және көрсете отырып, әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын жалпы ақшалай көрсетеді. Бюджет бұл бағдарламаны мекендерде, аймақтарда, салалар қиысуында айқындайды.

         Еліміздің әлеуметтік- экономикалық жедел даму қаржылық жоспарына, өндіріс тіршілігіне, шарушалық шешімдердің ілгері жылжыуына қаржылық баланс жасау  және бюдеттерді жасау процестерінің белсенді әсерленуін қамтамасыз ету қажет .  Сондықтан, қаржылық баланс және  мемлекеттік бюджет, облыстық, аудандық бюджеттер республиканың біріктірілген қаржы жоспары жүйесі ретінде әзірленеді.

       Республикалық  және жергілікті бюджеттердің  жасалу механизмі мен атқарылуы «ҚР бюджет жүйесі туралы» Заңынада бір тұтас бүтін ретінде қарастырылған.

        Қазіргі  кезде республикада бюджетті жасау механизмі мен атқарылуын дамыту мен жетілдіру қарастырлуда. Бюджетті жасаудың негізгі кезеңдері мен атқарылуының комплексті қарастырылуы: біріншіден, бюджеттің атқарылуын бюджеттік жоспарлау, бақылау және талдау механизмін комплексті болжамдау ; екіншіден, бюджеттің жасалуы мен атқарылуы бойынша экономикалық процедуралардың кезегін, өзара байланысын анықтау; үшіншіден , республика экономикасын басқарудағы, қаржы жүйесі іс-қимыл жасау механизмінің негізгі принциптері мен дамыту бағыттарын әзірлеу болып табылады.

          Қаржы жүйесі алдына қойылған міндеттерді дұрыс атқару үшін, қаржы саясатының мақсаты мен жүзеге асыру механизмінің, сондай-ақ, оны құраушы элементтердің ішкі мәнін түсінудің айқын және терең болуы қажет.

         1994 жылы қазынашылық жүйесінің құрылуы республикадағы бюджет құрамын дамытудың өте мәнді қадамы болып табылды.    

      Қазынашылықтың негізгі міндеті  республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюжеттің мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөнінде салааралық үйлестіру.

Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы

 

Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін  таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық  енді ғана аяғынан тұра бастаған жас  мемлекетке үлкен сынақ болды.

Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау  мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік  қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.

Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан  Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік  мекемелердегі бухалтерлік есептің  әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік  басқарылу функциясы берілген бюджеттің  атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен  қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған  бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды.

Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық  жүйенің алғашқы құрылымдануы жасалды, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары  қазынашылық басқарманың аумағына шоғырландырылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің  шотына аударылуын қадағалап отырды.   Аумақтық басқарма ҚР Ұлттық банкі мекемесінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.

1995 жылы Қазынашылық әлемдік  тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан  Республикасы бюджетінің шығындары  мен кірістерінің жаңа бюджеттік  классификациясын жасап шығарды.  Сонымен бірге қазынашылық жүйенің  қызметтік бөлігін құрылымдады. 

Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп айырысу  кассаларының орталығы Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің  қарауына берілді. Бұл банк -  бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді, бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды пайдалану бірнеше сатыға жоғары болды.

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін  дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын  ашу болып табылады. Оған мемлекеттік  және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары  шоғырландырылды.  Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі.  Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.    

1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік  банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері  аумақтық қызынашылық органдарына  берілді.  

 

 

Қазынашылық –  ҚР қаржылық жүиенің элементі. Оны  құру кезеңдері мен мақсаты.

           Қазынашылық жүйесінің дамуы  бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы  кезеңде, Ұлттық банктің есеп- кассалық орталығы бар барлық  аймақтарда ҚР Қаржы Министрлігінің 1995 ж. 7 ақпандағы № 23 бұйрығымен  Қазынашылықтың аумақтық органдары  құрылды. 

               1995 жылдың аяғында Қазынашылықтың  аумақтық органдары барлық 20 облыста  және 32 ауданда құрылды, бірақ  шын мәнінде, осындай ауқымды  және қиын жұмысты атқару үшін  қазынашылықтың аймақтық бөлімдері  шамалы және материалдық –  техникалық жабдықтары болмады;  қолданыстағы, қалыптастырылған, компьютерлендірілген  банк жүйесінің кіріс,шығыс есебін, мемлекеттік бюджет бойынша есептілікті  өзіне қабылдай алмады; үлкен  ауқымдағы ақпарат ағымын қамтамасыз  ете алмады. Бұл жаңа қазынашылық  жүйесінің құрылуының ең басынан  қаржы жүйесіндегі бей- берекеттікке  және келеңсіз салдарға әкелері  сөзсіз. Сондықтан, «ҚР орталық  атқарушы органдарының құрылымын  дамыту туралы» № 2451 1995 ж. 13 қазандағы  ҚР Президентінің Өкімімен, Қазынашылық  бас басқармасы негізінде ҚР  Қаржы Министрлігіне қарасты  ҚР Ұлттық банкінің есеп айырысу  – кассасын жүргізуімен Қазынашылық  құрылды. Жоғарыдағы Өкімді орындау  бойынша, бюджеттік мекемелерге  қызмет көрсетуінің құбылуынсыз  және ауыртпалықсыз ауысуы үшін  Ұлттық банктің  есеп айырысу  кассалары орталықтары негізінде  1996 ж. 6 ақпандағы № 167  ҚР Өкіметінің  қаулысымен Республикалық бюджеттік  банк құрылды. Ең басынан бюджеттік  банкті құру ауысу кезеңіндегі  уақытша мекеме ретінде жоспарланды.  Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда,  біздің республикамызда қазынашылық  жүйесінің тез дамуы мен өркендеуі    жөніндегі іс-шаралар  бюджеттік  банк жүйесінің негізін қалаушы  болуының дұрыс шешімі болып  шықты. 

          Бюджеттік банктің ұйымдастырлыуымен  қатар Қазақстан Республикасындағы  бюджетік жүйені дамыту және  реформалау  іс-шаралары басталды.  Бюджеттің кірісі мен шығысына  байланысты жаңа бюджеттік жіктеу  енгізілді, сонымен қатар шығысты  қаржыландыру тәртібі өзгертілді. Мемелкеттік бюджеттік кіріс  есебіне де көптеген өзгерістер  енгізілді.

        Бюджеттік  банк жүйесін материалдық - техникалық  қамтамасыз ету мақсатында және  ҚР бюджеттерінің кірісі мен  шығысының жаңа бюджеттік   топтастыруын дамыту үшін және  жаңа программамен қамтамасыз  ету мақсатында техникалық көмек  ретінде 3 млн. АҚШ доллары көлемінде  қарыз қаражат бөлінді.

        Қазынашылықта  шағын тендер өткізіліп, Бүкіләлемдік  банктен құптау алуымен рессейлік  «КОРВУС» фирмасымен бюджеттік  банк үшін, бағдарламалық әзірлеуін  тағайындау үшін келісім-шарт  әзірленіп, 1996 жылдың 27 ақпанында қол  қойылды.

          Ең қиын мәселенің шешімі, ҚР  Ұлттық банкінде, қазынашылықпен  Біріңғай Қазынашылық шоттың (БҚШ)  ашылуы мен іс жүзіне асырылуы  болды (1996 ж. 6 маусым). Бұл шотты  ашу мәселесі 1994 жылы көтерілгенімен, ҚР Ұлттық банкінде іс жүзінде   кіріс  (100) және шығыс (120,181) шоттарында  жеке-жеке есептелуіне байланысты  Басты шот арқылы аудару мүмкін  болмады, себебі  халықаралық  стандартқа бойынша бұл бұхгалтерлік  есептің негізгі принциптерін  сақтамау болып табылады. Сондықтан, 70 жылдан астам уақыт бойы  бұрынғы Одақтық аймақтарда қалыптасқан,  іс- жүзіндегі шаралардан бас   тартуға тура келді.    Қазынашылықпен  БҚШ төлемдер механизмін өткізу  әзірленді, бағдарламалық қамтамасыздандыру  іске асырылды.

         1996 жылдың 1қыркүйегінен Облыстық  Қазынашылық басқармаларында республикалық  бюджет бойынша кірісті талдаушы  есептіліктер кіргізіле бастады,  сонымен қатар Ұлттық банк  арқылы жалпы мемлекеттік салықтардың  республикалық және жергілікті  бюджеттерге аударылуының дұрыстығы  тексерілді, республикалық бюджеттегі  мемлекеттік мекемелердің бюджеттік   қаражаттарын тиімді пайдалану   мақсатында қосымша бақылаулар  жүргізілді.

         Қаржы жүйесін реформалаудың  реформалау этаптарының бірі  жаңа Біріңғай бюджеттік Топтастыруды  әзірлеу мен дамыту болып табылады. Республикалық және жергілікті  бюджеттерді жасау және орындау  үшін, сондай-ақ негізгі халықаралық  стандартқа сәйкес мемлекеттік  бюджет есептілігін жасау үшін,  Біріңғай бюдеттік топтастыру  негізгі құжат болып табылады. Кірістердің әдістемелік есебіне  көптеген өзгерістер кіргізілді.

        ҚР  Қаржы министрлігінің ұйымдартыушы-құрылымын  жетілдіру мақсатында ҚР Өкіметінің 1997 ж. 30- қазанында № 1466 қаулысы  қабылданды, онда  Қазынашылық департаментіне  заңды тұлға статусы беріліп,  ҚР Бюджеттік банкі қысқартылып,  қолма-қол ақшамен қамтамасыз  етуден басқа, Қазынашылыққа барлық  атқарушы қызметтерін, мүлкін  және ісін басқаруы берілді.

         Бюджеттердің барлық түрінің  атқарылуының үзіліссіз технологиялық  процессін қамтамасыз ету үшін  және Қазынашылық органдарымен қабылдаған функцияларды іс жүзіне асыру үшін үлкен жұмыс жасалды:

  • Қазынашылықтың аймақтық бөлімдерінде ұлттық және шет ел валютасында банктік операциялар жасау бойынша Ұлттық банктен лицензия алынды;
  • өз кодтарын сақтау арқылы облыстық қазынашылық басқармаларда корреспонденттік шоттарын ашу мәселесі шешілді;
  • Екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алу кезіндегі есептесу тәртібінің жаңа механизмі әзірленді. Бюджет қаражаттарының екінші деңгейдегі банктерде қалықтап кетпеуін және алар уақытта бақылаусыз қалмауын қамтамасыз ету жаңа механизмнің негізгі мақсаты болып табылды. Қазынашылықтың ақшалай чектері бойынша мемлекеттік мекемелер степендияларды, еңбек ақыларды бере бастады, ҚР Өкіметінің  1997 ж. 4 тамыздағы № 1214 қаулысына сәйкес, тұлғалық шоттарға немесе пластикалық қарталарға аудару ұсынылды;
  • Бюджеттік банк филиалдарынан Қазынашылық жүйеге бағдарламалық қамсыздандыруды және деректердің ауыстырылуын бейімдеу жасалды.

       ҚР Өкіметінің 1999 ж. 6 наурызындағы № 207  қаулысымен  Қазынашылық Департаменті Қазнашылық  Комитеті болып өзгертілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазынашылықтың  аумақтық органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

          Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – Қазынашылық) республикалық  бюджеттің атқарылуына қызмет  көрсету мемлекеттік бюжеттің  мемлекеттік мекемелерге есеп  айырысу-кассалық қызмет көрсету   және мемлекеттік бюджет қаражаттарының  мақсатты пайдаланылуына алдын  ала және ағымдағы бақылау  жасау жөнінде салааралық уйлестіруді,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі құзіретінің  шегінде арнайы атқарушылық және  бақылау қадағалау функцияларын  жүзеге асыратын ведомство болып  табылады.

Информация о работе Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы