Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:38, реферат
Нарық жағдайында ақшалай капиталды жинақтау маңызды рөл ойнайды. Осы капиталды шоғырландыру процесінен бұрын оны өндіру кезеңі өтеді. Ақшалай капитал құрылғаннан немесе өндірілгеннен кейін оны қайтадан өндіріске жұмсалатын және уақытша бос қалатын бөліктерге бөлу қажеттілігі туындайды. Көпшілік жағдайда соңғысы кәсіпорындар мен корпорациялардың ссудалық капитал нарығында қаржы-несиелік институттармен және бағалы қағаздар (БҚ) нарығымен шоғырландырылатын уақытша бос ақшалай қаражаттарын сипаттайды.
Қазақстан қаржы
нарығының
құрылымындағы бағалы қағаздар нарығы
Е.А.Дәрібаев,
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
магистранты
Нарық жағдайында ақшалай капиталды жинақтау маңызды рөл ойнайды. Осы капиталды шоғырландыру процесінен бұрын оны өндіру кезеңі өтеді. Ақшалай капитал құрылғаннан немесе өндірілгеннен кейін оны қайтадан өндіріске жұмсалатын және уақытша бос қалатын бөліктерге бөлу қажеттілігі туындайды. Көпшілік жағдайда соңғысы кәсіпорындар мен корпорациялардың ссудалық капитал нарығында қаржы-несиелік институттармен және бағалы қағаздар (БҚ) нарығымен шоғырландырылатын уақытша бос ақшалай қаражаттарын сипаттайды.
Капиталдың БҚ сияқты түрінің пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтің күрделене түсуі нәтижесінде несиелік ресурстардың үлкен көлемін тарту қажеттігіне байланысты. Осылайша қор нарығы тарихи түрде ссудалық капитал негізінде дами бастаған. Себебі БҚ сатып алу ақшалай капиталдың бір бөлігін қарызға беруді білдіреді.
Капитализмнің шарықтау кезеңінде пайда болған БҚ монополисттік және мемлекеттік-монополисттік капитализм тұсында да өмір сүруде. Қазіргі таңда БҚ нарығының ұйымдастырушылық құрылымында, оның функционалдық механизмінде бірталай өзгерістер болды. Сонымен қатар БҚ нарығы экономиканы қаржыландыруда, мемлекеттік БҚ-ды өткізуде басты рөлдердің бірін ойнай бастады.
БҚ нарығы мемлекеттің қаржы жүйесінің индустриалды және ұйымдастырушылық-функционалдық ерекшелігімен сипатталатын құрамдас бөлігі. БҚ нарығындағы КБ-ың орны ерекше және маңызды. Көптеген елдерде банктер БҚ нарығында маңызды да кілтті рөл атқаруда. Бұл бүгінгі нарықтың өзекті мәселелерінің бірі. Себебі - дамыған нарықтық экономикада БҚ және олардың нарығы кәсіпорындар мен мемлекет қажеттілігі үшін бос ақшалай қаражаттарды шоғырландыруда аса маңызды.
Қазақстанда 90-жылдарға дейін БҚ нарығы болмады. Елімізде БҚ нарығының пайда болуына 1991 жылғы бағдарламасына сәйкес өткізілген жекешелендіру процесі негіз болды. Акционерлік қоғамдардың (АҚ) құрылуы акцияларды шығаруға жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда сатылды, бірақ олар тек бірінші реттегі ғана нарықта сатылды. Соған қарамастан АҚ құрылуы, акцияларының шығарылуы, инвестициялық пай қорларының құрылуы Қазақстанда дамып келе жатқан БҚ нарығының негізіне айналды.
БҚ нарығының қызмет етуінің бас мақсаты - қаражаттарға деген қажеттілік сезінген қатысушылар мен артық табысын инвестициялағысы келетін қатысушыларды бір-бірімен кездестіру арқылы экономикаға инвестицияларды тарту механизмінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
БҚ нарығы жіктелген түрінде мынадай бағыттарға бөлінеді: халықаралық; ұлттық; ұлттық; аймақтық; акциялар мен облигациялық; мемлекеттік; корпоративтік; алғашқы; туынды болып табылатындары.
Сауданы жүргізу тәсіліне қарай БҚ нарығы келесідей түрлерге бөлінеді: алғашқы және қайталамалы; ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған; биржалық және биржадан тыс; дәстүрлі және компьютерлендірілген; кассалық және мерзімді. Алғашқы пайда болғаны шығару және оларды орналастыру кезінде эмитент немесе оның тапсырысы бойынша.
БҚ нарығының кәсіби қатысушысы және инвесторлар арасында қатынастар пайда болады. БҚ өзінің эмитентінен алғашқы сатып алушыларына дейін кең экономикалық кеңістікте жүріп-өтеді. Екінші ретті БҚ нарығы қатысушылары арасындағы қатынастар бұрын шығарылған бағалы қағаздардың айналысы кезінде пайда болады. Яғни бұл бағалы қағазды эмитенттен (оның өзінен немесе делдал арқылы) алғашқы сатып алған сатып алушы осы бағалы қағазды қайта сатқан кезде бағалы қағаздардың айналатын кеңістігі.
Ұйымдастырылған БҚ нарығын ұйымдастырушылардың жұмысы заңды түрде алған лицензиялары бар болғанда бірегей ережелердің сақталуына сәйкес жүргізіледі. Ұйымдастырылған БҚ нарығы қор биржасы ретінде және биржадан тыс БҚ нарығының котировкалық жүйесі ретінде көрінуі мүмкін.
Қор биржасы – ғылыми, ақпараттық және техникалық жағынан ұйымдастырылған және келесідей принциптер негізінде қызмет ететін БҚ нарығы:сатылатын бағалы қағаздардың сапасы мен сенімділігін тексеру; сауда негізінде бір эмитенттің бірдей бағалы қағаздары үшін бірегей курсты орнату; биржада жүргізілетін операциялардың жариялылығын қамтамасыз ету.
Биржалық нарық – БҚ-мен сауданың қор биржаларында өтуі. Бұл ұйымдастырылған БҚ нарығы. Сауда қатаң түрде биржаның ережелеріне сәйкес және тек биржалық делдалдар арасында жүреді. Биржалық делдалдар БҚ нарығының басқа қатысушыларын таңдап алады.
Биржадан тыс нарық – БҚ-мен сауданың биржадан тыс өткізілуі. Бұл нарықта сауданы ұйымдастыратын және заң талаптарының сақталуын бақылап отыратын бірыңғай орталық болмайды. 2002-2006 жылдардағы БҚ нарығын алсақ, онда Қазақстан қор биржасындағы нарықтың барлық секторларындағы операциялардың өсуі мен жеткен жалпы көлемі $169 344,6 млн. немесе теңгелей эквивалентте Т 21 351,0 миллиард құраған. 2005 жылмен салыстырғанда бұл 2 еседен жоғары өскен. Ал 2002 жылдан бері қор биржасындағы нарықтың барлық секторларындағы операциялардың жалпы көлемі 6,87 есе өскендігін көрінеді. Мемлекеттік БҚ алғашқы нарығында Қаржы Министрлігі 2006 жылдың 27 желтоқсанында KASE-да KZKDKM960011 (MUM096_0001; 1000 теңге, 30.03.06-30.03.14, жылдық купон - жылына 4,3%) МЕУКАМ-96 БҚ орналастыру бойынша қайталамалы аукцион жүргізді. Жоспар бойынша 32 300 000 облигация орналастыру керек болды, сұраныс жарияланған көлемнің 115,2%-нан аспады. Бірақ Қаржы Министрлігі сомасы 2 945,1 млн. теңгені құрайтын 2 854 000 облигацияға деген тапсырысты ғана қанағаттандырды. Барлық облигацияларды бір қазақстандық банктің клиенттері сатып алған. Сұраныстың жалпы көлеміндегі қазақстандық банктердің үлесіне 89,8% тисе, банктердің клиенттеріне 7,7% тиген. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР мемлекеттік БҚ түрінде шығарылған (с.і. муниципалды облигациялар) мемлекеттік қарызы ағымдағы бағамен Т 1 116,6 млрд. немесе $1 = 127,00 теңге курсы бойынша $ 8 792,1 млн. құрады. 2005 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіштің құрылымындағы ең үлкен қарыз көлемі ҚР Қаржы Министрлігінің мемлекеттік БҚ келген. Ол мемлекеттік БҚ түріндегі мемлекеттік қарыздың 71,81% құрады. Екінші орында Ұлттық банктің қарыздары - 27,06% және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарызына 1,13% тиген.
2006 жылы
Қазақстан қор биржасында, жергілікті
атқарушы органдардың
Отандық
нарықта өтімді инструменттердің пайда
болуын ынталандыру үшін ҚР Парламенті
Мәжілісінің жұмыс тобының
3-кесте. 2004-2006 жылдардағы ҚР мемлекеттік БҚ биржалық нарығы
Кезең |
2004 жылдағы жалпы сомасы |
2005 жылдағы жалпы сомасы |
2006 жылдағы жалпы сомасы |
Қаңтар |
60 134,4 |
69 311,1 |
41 538,2 |
Ақпан |
37 397,2 |
44 167,7 |
28 739,1 |
Наурыз |
49 250,1 |
53 133,5 |
48 544,1 |
Сәуір |
57 472,5 |
47 954,5 |
68 852,2 |
Мамыр |
40 059,5 |
74 262,90 |
44 855,4 |
Маусым |
150 262,5 |
58 905,60 |
44 177,5 |
Шілде |
42 007,2 |
41 835,20 |
17 723,9 |
Тамыз |
57 445,9 |
52 129,90 |
101 930,5 |
Қыркүйек |
59 270,3 |
59 189,60 |
63 337,9 |
Қазан |
43 836,6 |
64 584,6 |
62 003,5 |
Қараша |
55 554,3 |
25 808,8 |
93 492,5 |
Желтоқсан |
105 412,4 |
40 467,0 |
221 899,3 |
Барлығы |
753 102,8 |
631 750,50 |
837 094,1 |
Алдыңғы жылғы мән |
353 979,6 |
753 102,8 |
631 750,5 |
Өсімі |
2,1 |
0,84 |
1,33 |
Бұл кестені автор “Рынок ценных бумаг Казахстана” журналының мәліметтері негізінде жасаған - 2005, №1, 2006, №1-2, 2007, №2 |
Осы ұсынылған өзгертулерге сәйкес, ұйым - ҚР резиденті эмиссиялық БҚ, с.і. туынды БҚ-ды шетел мемлекетінің территориясында орналастыруды жүзеге асыруға құқылы. Бірақ бұл тек уәкілетті органның сәйкес рұқсаты болған және осы компанияның бұрын шығарылған БҚ-ы отандық сауда ұйымдастырушысының тізіміне қосылуы, ал шығарылатын БҚ қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы немесе жоғарғыдан кейінгі категориясы бойынша қосылуы сияқты талаптар орындалған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Облигациялар орналастырғанда олар бір уақытта ішкі ұйымдастырылған нарықта да бірдей бағамен ұсынылуы тиіс. Акциялар шығарған жағдайда ішкі нарықта орналастырылуға орналастырылатын акциялар санының 20%-нан кем емес бөлігі ұсынылуы тиіс. АҚ қатысуымен шығарылатын және базистік активі оның акциялары болып табылатын туынды БҚ-ды орналастыру кезінде аталған акциялар листингтің жоғарғы не одан кейінгі категориясы бойынша қор биржасының тізіміне қосылуы тиіс.
Сондай-ақ, БҚ нарығының қызметін белсендету және АҚ жариялылығы принципін жүзеге асыру мақсатында қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы категориясы бойынша қосылған акциялардың эмитенттері, оларды осы категорияға жіберу бастамашылары нарықтағы орналастырылатын және еркін айналыста болатын акциялардың қор биржасының ережелерімен бекітілген минималды көлемін қамтамасыз етуі тиіс.
Осы нормаларды орындау нәтижесінде жеке және институционалды инвесторлармен инвестициялау объектілері ретінде қолданылуы мүмкін қаржылық инструменттердің қатары кеңейе түседі. Қазақстандық БҚ нарығында бірінші класты эмитенттердің өтімді БҚ пайда болады.
Қорытынды - жоғарыда аталған тенденциялар қаржы нарығының, с.і. қор нарығының дамуына жағымды әсер ететінін ескерген жөн.
Информация о работе Қазақстан қаржы нарығының құрылымындағы бағалы қағаздар нарығы