Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 19:21, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Ақша-несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық
негізі .......................................................................................................................5
2. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі .................................................12
3. Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты.............................................20
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
Календарлық жылға ұсынылған аралық мақсаттарды ресми жариялай отырып орталық банк, болжауға арналған негізгі нүктені орнатып, сөйте тұра «құлағдар ету күшті әсерін» іске асыра алады. Оған қоса, ақша-несие саясаты табыстар саясатына қарағанда аса жеңіл өткізіледі, сонымен қатар экономикаға азырақ «ауырғыш» әсер көрсетеді.
Орталық банкі аралық мақсаттардың екеуінің біреуін ғана таңдау мүмкіншілігіне ие: пайыздық ставка немесе ақша массасы, немесе екі мақсатты бірге таңдайды. Бұл дегеніміз, ақша-несие саясатының стратегиясы сандық мақсаттардың екі категориясымен көрсетіледі: ақшалардың санынымен және несиелердің көлемімен.
Экономикасы дамыған елдердің орталық банкілері экономикаға әсер етудің белгілі бір әдістеріне ие. Оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды резервтер саясаты; депозиттық саясат; есептік және кепілдік саясатын қосатын ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру; ашық нарықтағы операциялар; валюталық саясат. орталық банк ақша-несие саясатының стратегиялық концепциясын жасайды, ол мақсаттарға жету үшін құралдар қолданылады. Сонымен қатар құралдардың белгілі бір құралдарын қолдануда реттелетін экономика күй-жағдайы ғана емес, сонымен қатар орталық банкінің банкілік жүйемен өзара қатынастарындағы дәстүрлері үлкен роль ойнайды.
Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негізгі түрлері заңмен бекітілген. Мысалға, Австрия мен Германияны айтуға болады, онда орталық банкілер құралдардың стандартты түрлерін қолданады. Англияның орталық банкісінің жүргізетін саясаты мүлдем заңмен реттелмейді, және әрбір нақтылы кезеңде Англия Банкісі ақша нарығына әсер етудің жаңа әдістерін қолданады. Сондықтан да Англия Банкісінің қолданылатын ақша саясатының негізгі құралдарын ерекшелеп көрсету жеткілікті түрде қиын, өйткені олардың жиыны саяси режимге аса тәуелді болады, яғни билік басында консервативті немесе лейбористтік өкіметтің ауысып отыруы жиі болып тұрады. Неміс федералдық банкісі заңмен көрсетілген құралдарды модернизациялау жолын ұстанып отыр. Сөйте тұра неміс федералдық банкісі ақша-несие саясатының түрлі механизмдерін қолданады.
Ұзақ
мерзімдік аспектіде орталық
банк стратегиясының компромистік вариантын
таңдау туралы айтуға болады. Қазіргі
кезде реттеудің әкімшілік
Орталық банкінің концепциясын бірнеше критериялар негізінде мінездемелеуге болады. Орталық банкілердің стратегиясын класификациялаудың негізгі принциптерінің бірі болып қызмет ететін ақша массасының өсу қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің басқа бір тұрақты шетел валютасына қатысты валюталық курсын реттеуге бағдарлану, яғни ішкі және сыртқы көрсеткіштер. (1 кестені қараңыз)
Кесет-1. Валюталық курсты реттеудің ішкі және сыртқы көрсеткіштері.
Ішкі
көрсеткіштерге
Бағдарлану |
Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану |
Ақша массасының өсу қарқынын реттеу | Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу |
Ескерту-Автормен
құрастырылған: Нуреев Р.М «Ақша,Банк
және ақша несие саясаты»
Мәліметтер негізінде алынған. |
Мысалға
Неміс федерадық банкісі
Айта
кететін бір жайт ақша массасы
Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі
банкілердің баланстарының
1. М0 (айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни банк жүйесінен тыс ақшалар);
2. М1 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
3. М2 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері, теңгедегі басқа да депозиттер және шетел валютасындағы халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
4. М3 (М2 агрегатының және басқа да шетел валютасындағы банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері сомасына тең).
Ақша базасы (резервтік ақшалар) ҚҰБ-нен тыс қолма-қол ақшаларын және екінші деңгейдегі банкілердің аудармалы депозиттерін қосады.
Ақша массасын елдің жалпы экономикалық ахуалына байланысты реттеген кезде ақша массасының өсуін ынталандыру шаралары (экспансиялық несие саясаты) және оның өсуін тоқтату шаралары (рестирикциялық несие және дефляциялық саясат) деп айырады. Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын реттеу орталық банкінің стратегиясының екінші варианты ретінде экспортқа бағытталған дамыған экономикасы бар Европа елдері қолданады. Мысал ретінде Австрия, Бельгия, Нидерландыны келтіруге болады. Австриялық Ұлттық банкісі қайта қаржыландыру саясатының шеңберінде есептік ставканың өзіндік мөлшерін мүлдем белгілемейді, өйткені австриялық шиллинг неміс маркасына бағаланбаған. Австриялық Ұлттық банкісі есептік ставканы Неміс федерал банкісінің есептік ставкасымен бір деңгейде немесе одан төмен деңгейде ұстауы керек. Автстриялық банкінің негізгі мақсаты валюталық саясатты жүргізе отырып ұлттық валюта мен неміс маркасының бағамдарының арасында тұрақты пропорцияны сақтап отыру.
Орталық банкі өзінің бұйрығында ақша-несие сферасын реттеуге көмектесетін құралдары болады. Бұл құралдар барынша көп әрекеттілікке ие болуға тиісті және оны орталық банкі белгілі бір экономикалық жағдайда қолданады. Ақша-несие саясатының құралдарын осылай бағалаудың критериясы орталық банкінің экономикалық реттеу мақсаттарын дәлірек іске асыру қабілеттілігін түсіндіреді.
Орталық банкінің құралдарына қойылған келесі талабы оның бөлек топтар немесе барлық несие институттардың бәсеке қабілеттілігіне әсер етуінің біркелкілігі болып табылады. Біріншіге сауда банкілерінің бір бөліміне әсер ету шаралары жатады. Мысалы, Германияда әр түрлі бөлек несие институттар үшін міндетті резервтер бойынша әр түрлі ставкалар қою; Ресей банкісінің валюталық лицензия беру тәжірибесі. Екінші топ барлық несие институттерге тиесілі шараларды қамтиды. Үлгі ретінде, орталық банкінің рестрикциялық есептік саясатын өткізу болып табылады.
Жоғарыда аталған талаптар есепке ала отырып, орталық банкінің барлық құралдарын бірнеше белгілердің негізінде сипаттауға болады:
Дәстүрлісіз операциялар халықаралық қаржы нарығында жағдайлардың өзгеруімен орайлас пайда болды. Әсіресе, өзінің қажетті құралдарын таңдауда ерікті Англия банкісі үшін дәстүрлісіз реттеу шаралар әдеттегі жағдай болып табылады.
Әкімшілікке директивалардың формаларын, нұсқаулардың және ережелердің түрін иеленетін құралдар жатады, сонымен қатар ұлттық банкіден шығатын және несие институттарының іс-әрекеттеріне және таңдау еркіндігіне шек қоюға бағытталған алдын ала белгіленгендер жатады. Әкімшілік әдістер дамушы экономикасы бар орталық банкілерге тән. Әкімшілік әдістердің арқасында Ұлттық банкі өзінің бақылау функциясын жүзеге асырып отырады.
60-шы
жылдарда барлық европалық
Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды құрастыру жолымен әсер етуді айтады.
Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Көптеген Европа елдерінде капиталлың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр. Дәл осылай, 1991 жылы Австрияда несие институттарының ірі ақша сомаларына шетелдік операцияларын жасағаны туралы орталық банкілерге мәлімет беру жүйесі алынып тасталды.
Орталық
банкінің экономикалық реттеуі тіке
және жанама әсер етуі мүмкін. Мысалға,
есептік саясатты жүргізгенде ақша
нарығындағы жағдайды жанама реттеу
жасалады, сонымен қатар бір уақытта
капитал нарығындағы жағдайға жанама
әсер жасалады.
2.
Ақша-несие саясатының
теориялық негізі
Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді. Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді – кейнсиандық және монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында ең ірі танымал кейнсиандық лагерь болып табылады, әсіресе П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың жұмыстары экономиканың ресми танылған ілімінің негізін қалайды. Оларпдың «жалпы теориясының» негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория міндетті түрде ақшалай болатынын дәләлдеу, бұдан ақшалай феноменнің макроэкономикалық анализде кездейсоқ түрде маңызды болып саналады. Сонымен қоса бұл ілім өзінің бойына соңғыкейнсиандық ақша нейтрализмінің өркендерін қамтыған еді.
Келесі
концептуалдық бағыт 50-ші жылдардың
ортасында кейнсиандықтарға қарсы
қалыптасқан еді. Оның жақтаушыларын
алғашында сандық деп атайтын
еді, содан кейін нақты – «
Егер кейнсиандықтар ақша-несие саясатынның рөлін бюджет саясатының немесе табыстарды бақылау саясатының пайдасына шешсе, монетаристтер ақша-несие саясатының өзін таңдағанды қалайды. Олардың келіспеушілігі тек мына әдістемемен ғана пайда болған: біріншілері саясаттың тиімділігін әрбір жеке жағдайдың негізінде болатынын айтады, ал екіншілері барлық нәтижелер кешенінің негізінде болатынын айтады.
Фишер
айналыста жүрген ақшаның көлемінің
өзгеру эффекті экономикаға әсері
тимейінше ақшаның сандық теориясы
дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Бірақ
ол сонымен қатар бұл теорияның
нақты «өтпелі кезеңдерде»
Алдымен
кейнсиандықтардың
Информация о работе Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты