Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 09:26, реферат

Описание работы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Работа содержит 1 файл

Ақша реформасы.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденток шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендейді.

Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденток шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыз-дық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында - 48,4 %.

1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрінде) санкциялары қолданылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚІІІ-та және Германияда қолданылады.

АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерцияылқ банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономичный тұрақтылығы) резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л.Брю).

Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы каңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.

1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында - 56,4% -ға өсті.

Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг аяу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп Үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етті.

1947 жылғы ақша реформасы

Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.

Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Халық арасында мемлекеттік заемдарға өз еркімен жазылу және әскери техника жасауға ерікті жарна төлеу сияқты науқандар жүрді. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Бұл сома тікелей әскери шығындардын жартысын жабуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарына түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940 жылғы 19%-тен 1945 жылы 46%-ке өсті. Сөйтіп колхоз базарындағы тауарлар бағасы көп мөлшерде өсті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Оған қоса мемлекет меншігіндегі тауар ресурстарының аздығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:

• біріншіден, біруақытта артық ақшаны айналымнан шығару;

• екіншіден, мемлекеттік тауар  ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру;

• үшіншіден, бюджеттің негізі - қаржы жүйесін нығайту қажет болды.

1947 жылдын соңғы кезінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне берік негіз қалады. 1947 ж. бөлшек сауда айналымы 1945 жылмен салыстырғанда 52%-ке артты. Бұның бәрі ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды.

Ақша реформасы 1947 жылдың 16 желтоқсанында басталып:

• біріншіден, 1947 ж. 16 желтоқсанда айналымға 1947 жылғы үлгідегі жаңа сом шығарылды;

• екіншіден, ескі қолма-қол ақша жана үлгідегі ақшаға 10-нын 1-ге арақатынасымен айырбасталды, ал майда тиындар айырбасталмай, бұрынғы көрсетілген құнымен айналымда қалды;

• үшіншіден, ақшаны айырбастауды Мемлекеттік банк бір апта мерзімде, ал кейбір алыс аудандарда екі аптада өткізді;

• төртіншіден, қолма-қол акшаны айырбастаумен бір уақытта жинақ кассалары мен Мемлекеттік банктін шоттарындағы халықтың ақшасын айырбастау мына жағдайда өтті:

а) үш мың сомға дейінгі жинақ өзгеріссіз 1:1 арақатынасы мен;

ә) үш мың сомнан он мың сомға дейінгі жинақ: 3 ескі сом 2 жаңа сомға;

б) он мың сомнан жоғары жинақ: 2 ескі сом 1 жаңа сомға алмастырылды. Ұсақ ақша салымдарын бұндай женілдікпен айырбастау халықтың ақшасын жинақ кассаларында және Мембанкте сақтауына қызығушылығын арттырып және де халықтың алдында несие мекемелерінің беделін көтерді;

в) кооператив мекемелері мен колхоздардың есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы ақшаның қалдығы 5:4 арақатынасымен (яғни 5 ескі сом 4 жаңа сомға) айырбасталды. Осылай кооператив мекемелері мен колхоздардың банктік шоттарындағы ақшасын

бірсыпыра азайтудың себебі олардың соғыс кезінде өз өнімдерінің біраз бөлігін жоғары бағамен нарықта сатып, қосымша қор жинауы еді;

г) мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің

шоттарындағы ақша қайтадан бағаланбай, тек жаңа ақшамен қайта есептелді.

• бесіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигацияларды конверсиялау (яғни бұрынғы облигациялардың алғашқы жағдайларын: мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына алмастыру). Нәтижесінде бұрынғы облигациялар (1947 ж. облигацияларынан басқалары) 1948 ж. 2%-тік облигацияларға 3 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды. Ал 1938 жылғы облигациялар 5 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды.

Қорыта айтқанда, ақша реформасының нәтижесінде: халық жалақысын және басқа да табыстарын бұрынғы мөлшерде тек жаңа ақшамен алды; халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды; мемлекеттік бөлшек сауда ашық шектелмей, бұрынғы екі бағаның - төменгі-карточкалық және жоғары-коммерциялық бағаның - орнына біртектес бағамен жүргізілді; нанның және кейбір азык-түліктің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанда 10-12%-ке арзандатылды. Колхоз базарындағы азық-түліктін де бағасы төмендеді. Бағаның төмендеуі нәтижесінде халық жылына 86 млрд. сом үнемдеді. 1948 жылдыңд I токсанында 1947 жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда жаңа ақшаның сатып алу күші 41%-ке өсті. Қоғамдық еңбектің өндіргіш күші 1948 жылы 15%-ке артты.

Жүргізілген маңызды шаралардың қорытындысында Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудін бірінші бесжылдык, жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда көптеген тауарлар бағасын қайыра төмендетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1950 ж. 1947 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда тауарлар бағасының деңгейі 57%-ке төмендеп, халық 400 млрд. сом табыс алды.

Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Сондықтан 1950 жылдың 1 наурызында 1 рубль 0,222168 г таза алтынға тең деп бекітілді. Осыған қарап жаңа рубльдің шетелдік валютаға шаққандағы курсы (бағамы) де анықталды. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рубль 1 АҚШ долларына теңгеріліп есептелді (ол кезде 1 доллар 0,888671 г алтынға тең еді).

Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатыскан басқа бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден-бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубль-мен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді. 


Информация о работе Ақша реформасы