Ақша айналыс Заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 10:09, реферат

Описание работы

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

Содержание

Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы

3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша айналысы.docx

— 46.59 Кб (Скачать)

    Ақша  массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға  әсер ететіндіктен, ұлттық экономика  дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.

    Ақша  массасын  өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша  өлшеу.

      Ақша массасын трансакциондық  өлшеу ақшаның айналым құралы  ретіндегі функциясына негізделеді.  Бұл ойды қолдаушылар ақшаның  мәні тауарлармен қызметтерді  төлеу үшін қолданылады деп  санады. Олардың ойынша , айналыс  құралы қызметін атқаратын ақшалар,  яғни активтерді басқа активтерден   ерекшелендіретін маңыздылығы осыда.  Барлық активтер құнды сақтау  қызметін атқарады, олардың ішіндегі  кейбіреулері ғана айналыс   құралы ретінде  қолданылады.

    Ақша  массасын трансакцонды  өлшеу айналыс  құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын   монеталар және қағаз ақшалар  жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды )  жатқызуға болады.

    Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу  ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік  сатушының  берілген берілген тауарды  кез келген уақытта аз шығындармен  және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл  ой бойынша ақшалар басқа активтерден  сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік  дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.

    Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге  айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте  төмен. Өтімділігі  төмен тауарларды сату көп уақытты алады.

    Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның  көлемін білу қажет.  Ақша айналымының  жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір  жыл көлемінде кез келген келісім шарт  жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:

                               MV = PQ, немесе   M = PQ / V

    Мұндағы:

    M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;

    PQ – тауар бағасының сомасы;

    V – ақша айналымының жылдамдығы;

    Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса  да, ол бұдан ертерек те мәлім  болған. К.Маркс өзінің « Капиталының  » І томында бұл теңдікті былай  көрсеткен болатын:

    Ақша  массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің  айналым саны

    Сондай  – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін  толығырақ сипаттады:

                            М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n

    Мұндағы:

    Ц*Т  – тауар бағасының сомасы;

    Кц  – несиеге сатылған тауарлар сомасы;

    П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;

    n – ақша бірлігінің айналым  саны;

    Коммерциялық  банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады, қаншалықты резервтеу нормасы  жоғары болса, соншалықты банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау  коэфицентімен анықталады. Яғни, ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша – несие саясатымен тығыз  байланысты деп айтуға болады. Мұндағы  ең басты мақсат ақша масссасының  өсуін сақтау екенін көруге болады. Мақсатты белгілеуде Орталық Банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

    1. нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;
    2. жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;
    3. жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;

    Ақша  массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері  елдің экономикалық потенциалының  болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану  дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

    Ақша  массасы көлемінің өзгеруіне  айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.

    Ақша  массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның  ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын  көрсетеді″.

    Ақша  массасының айналым жылдамдығы жалпы  экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен  бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара  есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы  процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.

    Ақша  массасы айналымының баяулауы –  ұлттық жиынтық өнімді орналастыру  коэфицентінің төмен екендігінің  көрсеткіші. Егер ақша айналысының  жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның  барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың  шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға  болады.

    Ақша  массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға  ұмтылысын және ақша массасының құрылымында  банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.

    Айта  кететін нәрсе – «ақша айналысының  жылдамдығы» және «төлемдердің өту  жылдамдығы» деген ұғымдардың бір  – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын  факторларға:

өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы  және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

    Өнеркәсібі  дамыған елдерде ақша массасы  айналымының екі көрсеткіші болады:

    1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші – жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына, дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
    2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша массасының орташа көлеміне қатынасы.
 
    1. Ақша  агрегаттары және ақша базасы

    Ақша  айналымының екі жағының  ( қолма  –қол ақша мен банктік айналымдағы  ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы - ақша айналымының  сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге  ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін  іс - шаралар  жүргізу үшін әр түрлі  көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

    Ақша  агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты  болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.

    Ақша  агрегаттары бір – бірінен  өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып  М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда  азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.

    М2 ақша агрегаты қолма қол ақша  және қолма – қол емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды  тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады.  Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.

    Әр  елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау  үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына  бір  күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша  ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел  келісімшарттар кіреді. Ал Жапония  мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес  ақша агрегаты қызмет етеді.

    Енді  осы ақша агрегаттарының әр қайсысына  бөлек – бөлек тоқталып өтейік.

    М1 ақша агрегатына қатысты бірегей  көзқарас бар, оған айналыстағы нақты  ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.

    Кейбір  елдерде бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда тек олар бойынша  пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ – та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала  хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.

    Негізінде, М1 агрегата айналыстағы ақша массасының « тар » көрсеткіші болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың  барлық өтімді қорларлануын қамтиды. Осы  уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз  ставкасының және халықтың өтімділікті  таңдауының арақатынасы деп саналды. Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін. Өкінішке орай қазіргі кезде бұл  заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық  шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.

    М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында  елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар.

    Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі мерзімсіз депозиттер;  АҚШ - та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ  – ғы банктерде және шетелдегі  банктердегі АҚШ резиденттерінің  еуродолларларын; Ұлыбританияда –  чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

    М3 агрегаты М2 агрегатынан басқа: Францияда  резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ  депозиттерін; Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды  жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының « кең » көрсеткіші болып табылады.

    М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып  алу қабілетінің толық соммалы  көрсеткіші деп санауға болады. Сондықтан  мемлекет көп жағдайда осы агрегатты  пайдаланады және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қолданады.

      Сонымен, барлық ақша агрегаттары  иерархиялық жүйеге тізбектеледі: әрбір келесі агрегат өзінің  алдындағы агрегатты қосып алады.

    Ал  енді Қазақстан Республикасындағы  ақша агрегаттарын көрсетейік:

    М0 – айналыстағы қолма – қол  ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

    М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы  депозиттері;

    М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы  аудармалы депозиттері;

    М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы  басқа да депозиттері;

    Ақша  агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта  бола бермейді. Оларға бірден – бір  әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары  дамуының өзгеруі.

    Ақша  массасының негізгі компоненті –  ол ақша базасы. Ақша базасы міндеттемелерге  жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол келесі формуламен анықталады:

                               МВ = СІС + RR + DCB

    Мұндағы:

Информация о работе Ақша айналыс Заңы