Ақш қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 16:26, реферат

Описание работы

АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман және қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.

Содержание

1. Мемлекеттің экономикасының қазіргі жағдайы.
2. АҚШ қаржы жүйесі.
3. Салық жүйесінің құрамы мен құрылымы.
4. АҚШ салық реформасының мазмұны мен мәні.
5. Америка федерациясының бюджет құрылысының принциптері.
6. Бюджет процесі және қаржылық басқару аппараты.
7. Федералды бюджеттің кірістері мен шығыстары.
8. АҚШ бюджет тапшылығының проблемалары.
9. Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру.

Работа содержит 1 файл

АҚШ фзс.docx

— 20.44 Кб (Скачать)

Тақырып 4.  АҚШ мемлекеттік қаржысын ұйымдастыру

 

1. Мемлекеттің экономикасының қазіргі жағдайы.

2. АҚШ қаржы жүйесі.

3. Салық  жүйесінің құрамы мен құрылымы.

4. АҚШ салық реформасының мазмұны мен мәні.

5. Америка федерациясының бюджет құрылысының принциптері.

6. Бюджет процесі және қаржылық басқару аппараты.

7. Федералды бюджеттің кірістері мен шығыстары.

8. АҚШ бюджет тапшылығының проблемалары.

9. Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру.

 

1. АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар кұрайды.

АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман және қағаз.

Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.

Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапоиия (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%), Франция және Нидерландия.

Импорт бойынша осы  мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5%), Ұлыбритания және Тайванъ.

Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының  көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 млн-ға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі - 9,963 трлн доллар, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халык, - 12,7%, - құрайды, еңбекке жарамды халық саны - 140,9 млн адам жұмыссыздық деңгейі - 4%. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы 2002 қаржы жылында 1,828 трлн доллар құраса, шығыс бөлігінде - 1,703 трлн доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт - 776 млрд доллар, импорт 1223 млрддоллар.

 

2.  АҚШ-ның мемлекеттік  қаржысының қазіргі жүйесі мыналардан  тұрады:

1) Бюджет жүйесінен, федералдық бюджет, 50 штаттардың бюджеті және үш мыңға жуық жергілікті бюджеттерден.

2) Арнайы қорлардан.

 

3. АҚШ-тағы  салықтар үш деңгейде алынады:  федералды, штаттар және жергілікті  деңгейде.

Қазыналық тұрғыдан қарайтын болсақ, негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді.

Федералды бюджеттің барлық табысының  41% азаматтармен корпорацияға салынатын табыс салығы құрайды.

Сонымен, салықтардың ішіндегі ерекше мәнге ие салық ~ халықтан алынатын табыс салығы. Прогрессивті шкаланы  пайдалана отырып бес түрлі мөлшерлемелер  қолданылады. Ал, салық төлеушілердің  өз мәртебелері, немесе категориялары  бар, мысалы: декларацияны бөлек толтыратын ерлі-зайыптылар, бірлесе отырып толтыратын ерлі зайыптылар, отбасының жалғыз басты иелері, жеке басты адам, жесір адам т.б. сол сияқты.

Ал, салық төмендегі тәсіл  бойынша есептеледі. Жалпы жиынтық  табысты анықтау үшін барлық табыстар топтастырылады: еңбек ақы, кәсіпкерлік  істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы қағаздан түсетін табыстар т.б.

Жалпы жиынтық табыстан іскерлік шығындар алынып тасталады. Оған жататындар, капиталдық активтерді алу шығындары: жер учаскелері, ғимараттар, құрал-жабдықтар, ағымдагы өндіріс шығындары т.с.с. осы шығындарды алып тастаған соң төлеушінің таза табысы қалады.

 

Таза табыс көлемінен  жеке салықтық женілдіктер алынып тасталады, ең алдымен табыстың салық салынбайтын  ең аз мөлшері. Салық салынбайтын  ең аз мөлшерінен кейін қайырымдылық қорға жарна, алименттер сомасы, медициналық қызмет көрсету шығындары т.с.с. шығындары азайтылады. Нәтижесінде барлық шығындарды алып тастағаннан кейін салық салынатын табыс калады.

Салық салынбайтын ең аз мөлшер - өзгермелі шкала, бұл көрсеткіш жоғарылап отырады, мысалы 1990 жылдары ол 4 мың доллар көлемінде болды.

4. АҚШ-ғы соңғы күрделі  бюджет тапшылығы 80-ші 90-шы жылдармен  байланыстырылады. 1991 жылы АҚШ-тың таза қарызы 700 млр доллар құрады. (ЖІӨ 10%)

АҚШ-тың 70-ші жылдардағы экономикалық қиындықтары жүргізіліп   отырған   саясаттың,   яғни   нарықтық  экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қолайсыздығын байқатып, экономиканы реттеудің консервативтік нұсқасын қолдануға көшу қажеттілігі туындай бастады. Бұл үлгіні тәжірибе жүзінде билік басына сол жылдары келген Р. Рейган (1981-1988 жж.) жүргізді. Бұл бағдарлама  АҚШ - экономикасыньң тарихында «Рейгономика» деген атпен қалды.

1992 жылы АҚШ президенті Б. Клинтон өзінің алғашкы Конгреске жолдаған экономикалық баяндамасында: «американдық халык өзгерістерді қалады, мен қолдау сұрадым, бәрін қамтитын

қысқа және ұзақ мерзімді стратегия,  стратегиялық  бағытым - халқымның   экономикалық   болашағын   қайта   жандандыру. Халқым бірге болса, біз бірге жүреміз, алға басамыз» деген

сөздерден бастады. Б. Клинтонның әкімшілігі тез арада іске кірісіп, тура жол таба білді.

 

5. АҚШ-тың бюджеттік құрылымының  негізі Ата заңға (Конституция)  сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске  бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.

Негізгі заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар Конгрестің екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет кейпі ұзак уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келді. XX ғасырдың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі болып - кеден баждары мен акциздер саналды. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі танда аталмыш салық федералды бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие.

 

6.  Жалпы АҚШ-тың бюджет процесі тарихи үш негізгі кезеңнен өткен:

• 1921 жылға дейін;

• 1921 жылдан 1976 жылға дейін;

• және 1976 жылдан бері.

Қазіргі таңда АҚШ - та бюджет жолдауын және федералды бюджет жобасын әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) даярлайды.

        ӘББ-нің  міндеті федералды бюджет саясатымен  нақты бюджетті салықтық шараларды  жедел түрде өңдеу, федералдық  министрліктермен ведомстволардан  қаржы жағдайларына түзетулер   енгізіп, тәжірибелі түрде басқару болып табылады.

АҚШ-та қаржыларды басқару  Қаржы министрлігі мен ӘББ-на жүктелген.

Қаржы министрлігінің негізгі  міндеттері: қаржы және салық саясатын даярлау, қаржы заңдылықтарының  орындалуына бақылау жасау, үкіметтің  қаржы агенті ретінде іс-шараларды  жүзеге асыру, тиын ақшаларды соғу, құю (чеканка), ақша белгілерін эмиссиялау.

 

7. Мемлекеттік  кірістер  жүйесі - мемлекеттегі әрекет етуші салықтар жиынтығы емес, кірістерді жинауды толық және дер кезінде қаражаттардын, бюджетке түсуіне бақылау жасаудың механизмдері. Маңызды да күрделі міндет — бұл  бюджетті салықтық федерализм кұрылымын кұру және оған қолдау көрсету болмак, себебі бюджетаралық қатынастар аясында экономикалык саяси, этникалық т.б. факторлар мен мүдделердің қилы түрлері кездесіп отырады.

        Конгресте  шығыстарды бекіту процесі айтарлықтай  іс-әрекеттерімен ерекшеленеді. Аталмыш процесс үш сатыдан өтетіндігімен ерекше. Алғашқы  саты: конгресстің  «профильды» комитетінде қаражат бөлінуге тиісті бағдарлама бекітілуі тиіс. Осыдан кейін қаржы бөлу бойынша комитет қаражаттарды бөлу мәселесін талқылауға кіріседі. Осылайша, алдымен конгресс бағдарламаның принциптілік түрде жүзеге асуына рүқсат береді, одан кейін бағдарламаның құны, ұзақтығы қарастырылады, ақырында жалпы бөлінген қаражаттар туралы заң негізінде нақты қаржы жылына бөлінген қаражаттар, яғни нақты ақшалар бөлінеді.

 

8. АҚШ-ғы соңғы күрделі  бюджет тапшылығы 80-ші 90-шы жылдармен  байланыстырылады. 1991 жылы АҚШ-тың таза қарызы 700 млр доллар құрады. (ЖІӨ 10%)

АҚШ-тың 70-ші жылдардағы экономикалық қиындықтары жүргізіліп   отырған   саясаттың,   яғни   нарықтық  экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қолайсыздығын байқатып, экономиканы реттеудің консервативтік нұсқасын қолдануға көшу қажеттілігі туындай бастады. Бұл үлгіні тәжірибе жүзінде билік басына сол жылдары келген Р. Рейган (1981-1988 жж.) жүргізді. Бұл бағдарлама  АҚШ - экономикасыньң тарихында «Рейгономика» деген атпен қалды.

1981 жылдың 18 ақпанында Р.  Рейган «Америка үшін жаңа  өмір» атты экономикалық бағдарламасын конгрестің қарауына ұсынды. Аталмыш бағдарламаның авторы әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) директоры - Д. Стокмен болатын. Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі федералды бюджет жобасына түзетулер енгізу болып саналды. 1984 қаржы жылында-ақ федералды бюджетті теңестіру көзделді. Бюджетті теңестіру ЖІӨ 19,3% деңгейінде қарастырылды. Стокмен әлеуметтік қажеттілікке деген федералды шығындар көлемін азайту арқылы теңестіру жолын ұсынды.

Клинтон американың аралас экономикасының әлеуметтік инфрақұрылымын сақтап қалуды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар  қоғамдык денсаулық сақтауды да қолға ала бастады.

Бюджеттік жаңа саясат «тапшылыққа  қарсы градуализм» деген атқа ие болды, оңды нәтижелер көрініс танытты. 1995 жылы федералды бюджет тапшылығын қысқарту тұрақтала бастады.

1996 жылы ол ЖІӨ 1,4% құрады.

Клинтон әкімшілігінің жұмыстары  экономиканың көтерілу сатыларымен байланыстырыла бастап 1993-1995 жж. АҚШ-та-ғы экономикалық өрлеу ырғағы шамамен жылына 4% құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5% көтерілді, себебі ішкі сұраныс жоғарылай бастады.

Клинтон еңбегінің жемістері: ЖІӨ-ң өсуі, бюджет тапшылығын қысқарту, инфляция мен жұмыссыздық  деңгейінің төмендеуі, 10 млн жаңа жұмыс орындарының пайда болды.

 

9. Штат бюджетіндегі ерекше  мәндегі келесі салық - халықтан  алынатын табыс салығы. Ол жалпы  түсімдердің шамамен 30% құрайды.  Бұл салық түрі 50 штаттың 44-де алынады. Тек мына штаттарда бұл салық салынбайды: Флорида, Невада, Оңтүстік Дакота, Техас; Вашингтон. Мөлшерлемелері федералды деңгейдегі табыс салығының мөлшерлемелерінен әлдеқайда төмен. Ең аз мөлшерлемелер 1-4% барынша көп мөлшерлемелер 3-11% аралығында болады.

Штат деңгейіндегі салықтардың  өзіндік салықтық жүйесі бар. Негізгі  табыс көзі болып саналатын салықтың бұл түрін - әмбебап акциз деп те атайды. Штат бюджетінің бас-ты салығы ретінде саналып, түсімдердің 40%, осы салықтың үлесіне тиеді. Салық салынатын объект - тауардан және қызмет көрсетуден түскен түсім. Мөлшерлемелер әр штатта әркилы, мы-салы: ең төменгі 3% (Колорадо, Вайолинг штаттары), ең жоғарғы мөлшерлемелер - 8,25% (Нью-Йорк, штатында). Көптеген штаттарда орташа 3-4% мөлшерлемелер қолданылады. Аляска, Дела-вэр сияқты штаттарда аталмыш салық мүлдем қолданыста жоқ.

Келесі жерде жергілікті өзін-өзі баскару органдарынын салық жүйесіне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, әрбір жергілікті басқару органдары, өз жеке бюджетін калыптастыра отырып, өздері салықтар енгізіп, шығындар көлемін анықтау мүмкіндіктерге ие,  Жергілікті басқару органдарына мыналар кіреді: құрамында 85 аудан есепке алынып, штаттардың барлығы графстволарға (30 мыңға жуығы бар), сондай-ақ 20 мың муниципалитеттерге (немесе қалалар) бөлінген органдар.


Информация о работе Ақш қаржы жүйесі