Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:43, реферат
Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі.
Қазіргі уақытта қаржының
бөлгіштік және
Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады.. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу* кезінде яғни ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады. Бұл үдерістерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық үдерістерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі қадағаланып отырылады.
Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да – бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.Қаржының бөлгіштік функциясының әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақшалай қорларды жасаудан туындайды.
Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады. Қаржы – өндірістік категория, өйткені ол өндіріс үдерісінде өндірістік капиталдың толық айналымына қызмет көрсетеді. Қаржы – айырбас категориясы, өйткені айырбаста қоғамдық өнімді бөлу үдерісі жалғасады және қаржы бұл бөлістің құралы болып көрінеді.Керекті қаржылық ресурстарды өндіруші әр түрлі көздерден қалыптастырады: ірілендірілген түсінікте бұл – меншікті капитал; қарыздық қаражаттар; қаржы рыногында жұмылдырылған қаражаттар; бюджеттік ресурстар. Ұдайыөндірістік тұжырымдама жақтаушыларының қаржының мәнін кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ұдайыөндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы және қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды түсінген жөн. 2) бақылау функциясы
Қаржының ұдайыөндірістік
функциясының қосалқы функцияларының
мазмұнын табыстар мен ақшалай қаражаттардың
қорланымдарын жасау және пайдалану
үдерісінде болып жататын экономикалық
қатынастардың сипатымен
Мысалы, материалдық өндіріс сферасындағы қаржының іс-әрекеті материалдық, энергетикалық, ақшалай ресурстарды үнемдеуде, өндірістік қорларды жақсырақ пайдалануда шаруашылық ұжымдары мүдделігінің күшеюіне жеткізеді. Мемлекеттің қаржысы сферасында қаржылық үдерістер сипатының материалдық өңдіріс сферасындағы мұндай сипаттан айырмашылығы болады. Оның үстіне, тіпті мемлекеттің қаржысында, оның жеке өзара байланысты буындарында – салықтарда, мемлекеттік бюджетте, мемлекеттік кредитте – жұмыс істеу сипаты бірдей емес. Ақшалай нысанда тұлғаланған қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты болатын қаржы жалпы алғанда ұдайыөндірістік үдерісті бейнелеп көрсетуге қабілетті болады. Бұл қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды өнбойы бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл қаржының басқа функциясын – бақылау функциясын бейнелейді.
Қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – ішкі жалпы өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді, бірақ бұл ұғымдарды теңестіруге болмайды. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Бақылау функциясы сандық түрде қаржылық ресурстардың қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық үдерістерді бейнелейді.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан атқаруға мүмкіндік жасайды.