Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:03, лекция
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық
дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық- заттай эле- менттеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұ дайы өндіріс-ке белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дер-бестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Қаржылық
жоспарды талдау
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық
дамуына жетуге, біртұтас
ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының
қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс
өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз
етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі
сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-
заттай эле- менттеріне ақшамен қауыштырылған
бөлудің қоғамдық ұ дайы өндіріс-ке белсенді
ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы
дер-бестігіне байланысты ақшалай нысанда
жүзеге асырылады.
Қаржылық
жоспарлаудың мазмұны
экономикалық субъектілердің ақшалай
табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу
және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен
оңайландырудың күні бұрын анықталған
мүмкіндік ретінде болып көрінеді және
осының негізінде орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды
қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық
жоспарлаудың объекті шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің
қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі
қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың
дара жоспарларынан жасау болып табылады.
Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген
кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит
жүйелерінің буыедары мен байланыстары
анықталады.
Қаржылық
жоспарлаудың нақтылы
міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады.
Бұл:
1. Қаржылық ресурстарды
қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін
анықтау;
2. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйесімдерін белгілеу;
3. Ресурстарды
пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау
және қажетті резервтер жасау.
Қаржылық
жоспарлау экономиканы және оның
буындарын басқарудың аса маңызды функциясы
болып табылады. Қаржылық жоспарлауды
мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олар- дың жоғарғы
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы
құрылымдары жүзеге асырады.
Болжам
– арнайы ғылыми зерттелім негізінде
болашақта қандай да бір жай-күй туралы
ықтималдық жорамалау. Болжау – қандай
да бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының
нақтылы перспективалары туралы болжам
әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы
құбылыс дамуы – бұл қаржылық қатынастарды
мүмкіндігінше жетілдіру, объект – қаржылық
ресурстар, үдеріс – ақшалай қаражат қорларының
қозғалысы.
Жоспар – іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәрті- бін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірің- ғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау – тегінде жоспарлы әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдас-тыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.
Шаруашылық жүргізудің рыногтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни, ұсынбалы жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде әсер етеді.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағида- ларға негізделеді: орталықтандырылған тәсілдердің уйлесуі, бірлік, үздіксіз.
Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырыла-
ды, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1.Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсет-
кіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауға болады.
Есеп –қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің неме-се төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
Мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
Материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектінің жай-күйінің пара-метрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық косеткіштер белгі-ленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептен шығарылады.
4. Баланстық әдісі шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады.
5. Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде – жалпыұлттық, салалыұ, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми – техникалық бағдарламалар негізінде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр.
6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ – ді пайдалана отырып есеп – қисаптардың көп нұсқалығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидалар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.
Қаржы жоспарларының жүйесі жоспарларының әр алуан түрлерін кіріктіреді, олардың қамтитын қатынастардың кеңдігімен, демек, түсуге және пайдалануға жоспарланатын ресурстардың көлемімен айырмашылығы болады. Бұл белгілер бойынша олардың негізгі екі тобын ажыратады: бастапқы және жиынтық қаржы жоспарлары.