Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 23:37, реферат
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
КІРІСПЕ
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
2. Қаржының функциялары мен рөлі
3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.Алғашқы белу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Сөйтіп, ұлттық
табысты қаржы көмегімен бөлу
және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның,
фирманың материал және ақша ресурстарының
ұдайы өндірістегі қажетті
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен - кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық жоне сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететің (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражатгарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында
қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының
нақтылы еңбек үлесі мен
3. Қаржының басқа
экономикалық категориялармен
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Баға - жұртқа мәлім,
тауар құнының ақшалай
Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде "т"-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың "с" және 'V ауқымы мен үйлесімі өзгереді.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үжен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардьщ жекедара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық
аударымдардың көлемін
Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығанның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы коры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өрідірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Ұлттық табысты
бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке
ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып,
қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша
ресурстарын жалпы мемлекеттік қорға
қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері,
зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін
жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді
қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді білдіреді. Ал, мемлекет өзінің қызметін атқаруға арналған қаржыларды мемлекеттік қаржы деп атаймыз. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты.
Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете алады.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының
Конституциясы. — Алматьі:
Қазақстан, 2000.- 96 бет.
Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексі. Қазақстан
Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан,
6 мамыр 2004 ж.
Әмірқанов Р.Ә.,
Тургулова А.Қ. Қаржы менеджменті.
Оқу
қүралы. - Алматы: 1999. - 188 бет.
Бабич А.М., Павлов
Л.Н. Фынансы. Учебник. — М.: 2001. -
760 с.
Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000. - 192 с.
Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. - М: 1999 - 512 с.
Берлин С.И. Теория
финансов. Учебное пособие. — М.:
Приор, 2000. - 256 с.
Гостенко Л.Н.
Страхование. Учебное пособие. - Алматы:
2003. - 183с.
Дробозына Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИТИ, 2000. - 527 с.
Дюсембаев К.Ш. Ананлиз
финансового положения
Елубаева Ж.М.,
Бюджетная система Республики Казахстан:
теория, практика и направления развития.
- Алматы: 2004
- 346с.