Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:35, дипломная работа
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын
Ұлы
Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат,
болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп
ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін
мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.
Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі
мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар
да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады,
артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының
басқа жан иелерінен айырмашылығы неде?
Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең
сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің
ілімінде, пәлсапалық шығармаларында
адам баласының өмір сүру мақсатын, сол
мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың
мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы
заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты
екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз
не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен
шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды
жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену
арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай
осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ
жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни
жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын
тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін,
іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер
жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде
де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып,
жетілген адам ғана қателікке ұрынбай,
өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре
алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің
тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді
Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді,
жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның
ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын,
олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір
адам осы жетілу жолдарынан өте отырып
өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің
келесі белесін анықтай алады. Мәні терең
ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам
өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай
әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің
жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген
көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық
шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген
өлеңдері мен прозалық шығармаларында
“… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль
философиясына төтелей қатынасы бар, толып
жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы
ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.
Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы
кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық
мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды,
«Абай философиясын» діншілдігі басым
әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның
жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек
болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ
ақыны Абайдың философиясы және оған сын.
«Советская степь», 1928, 2 тамыз).
Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен
жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов,
С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров
т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық
шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының
қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп
жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды
мәнінде ең озық реалист-суреткер болды
және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз,
сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін
баға жетпес байлық болып табылады, тап
солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды
өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі»
(«Казахстанская правда», 1934, 30 көкек).
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда
демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып,
дамуына негіз болған басты-басты идеялық
үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы
жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы
қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының
таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы
мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы
дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның)
философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен
табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін
айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың
ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің
шығармаларымен таныстықтың маңызы аса
зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық
ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал
еткенін атап көрсетті.
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық
озық ойымен байланысын оның аударған
шығармаларының санымен немесе оған революционер
демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым
түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек
болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге»
қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының
өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен
байланысын анықтайтын мәселелердің тым
тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді;
Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен
қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне
қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс
және қазақ халқының байланыстарын сол
кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен
тығыз органикалық байланыста карастыратынының»
методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов
М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149
6.)
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген
орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе,
А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың,
В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып,
зерттеді, орыс революционер-демократтарының
озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына
үлкен ықпал етті.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ,
Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың
ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы
таныс болды; Батыс Европа философиясын,
дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза,
Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды:
«...өзінің рационалдық философиясын Абай
кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай
бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп,
бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен
өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов
М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А.
, 1969, т.15 , 141-б.).
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық
ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану
ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың
материалистік психологиясы, нақтырақ
айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский
еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның
дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған,
саяси аударылған адамдарымен достығы
игі әсерін тигізді. Олардың арасында
Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың
идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы
зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың
көптеген өлеңдерінде терең философиялық
ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары
көрініс тапқан:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»,
«Көк тұман - алдыңдағы келер заман» т.
б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен жазылған
«Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының
мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының
тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен
әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра.
Бұл «Сөздер» қазақ хапқының сан ғасырғы
тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр,
әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т.
б.), адам және адамзат туралы ойларынан
сусындаған.
Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге
Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген
өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының
шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы
олардың терең тамырластығын ашып берді.
«Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдындағы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер...»
Абайдың философиялық көзқарастарын оларды
тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен,
өзіндік белгілерімен және сонылығымен,
басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен
байланысты және сол дәуірді танытатын
нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында
қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге
болады. Абайдың дүниетанымындағы айналадағы
қоршаған әлемнің объективті шындығы
таным барысын құдайға сенумен және жанның
өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын
көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі
болып келеді. Солай бола тұрса да ақын
кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының
алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені
әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске
шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті,
оның ақынның діни нанымы мен сеніміне
байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде
мұсылман дінінің кітаби қағидаларына
қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық
тұлға етіп адамды қояды, философиялық
ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік
мәселесіне баса көңіл бөледі. 17-19 ғасырлардағы
антропологизм, тіпті, Фейербахтың өзі
де, адамды абстрактылы түрде, жай ғана
биологиялық тіршілік иесі ретіңде қарастырып,
оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін
табиғи шығу тегімен ғана түсіндіреді.
Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық,
биологиялық-психологиялық, эстетикалық
және этикалық көзқарастан қарастырған.
Абайдың адам туралы негізгі түжырымдары
Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық
принцип» (1860) деген еңбегінде айтылатын
ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше
болмыс бірыңғай болған жағдайда адам
басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ
ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік
тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды)
құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші
сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем
екен демеклік. Дүниенің көрінген Һәм
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды»,
- дейді ойшыл-ақын.
Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды
тануға және адамдар бақытын о дүниеден
емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне
бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе, ғылыми
ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір хақиқатқа
тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны
тұт, өлсең айрылма!» Ол діни қағидалардың
мәнін аша келіп, Алланың «барлығының»
өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге
күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын
тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны
ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл
тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?
Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат
не болады? Алла мен бүкіл басқа дүниенің
арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің
ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп
пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей
бас тарту болып табылады. Абай дүниетанымы
бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген
тапжылмайтын дін сияқты емес, санаға
сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдеріңде
молдаларды, мұсылмаңдық қағидаларды
уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық
пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.
Абай мұрасында таным мен логика мәселелері
ерекше орын алады. 19 ғ-дың 2-жартысында
Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты
туған талаптар ойшыл-ақынды заңды түрде
таным мәселелеріне көңіл бөлуге мәжбүр
етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап
берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің
маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік
жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын
таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы
басты күш деп есептеді. Ол объективті
әлемді тану мүмкіндігін және оның даму
заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті.
Оның ойынша қандай да болмасын білімнің,
ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің сезім
мүшелері арқылы танитын объективті шындық.
Біздің біліміміздің салыстырмалы шама
екенін айта келіп, Абай «... хабарлардың
ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы
ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен
көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес
нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып
көңілде суреттемекке», - деп атап көрсетті.
Ол таным мәселесін шешкенде ерікті адамның
жеке басы мен оның белсенді күресіне
деген сеніміне сүйенеді. Адамды дәрменсіз,
әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге
қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді,
саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын
қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз
рухын» адам надандыққа қарсы күресте,
қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы
керек деп есептейді. Бір жағынан «сана
ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан
- сана мен еңбек әрқашанда бір жерден
көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді
адамдар үшін табиғат құпияларын танудың
шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар
мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім
жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең
мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол
ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа
құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін
білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына
біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл.
Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп
отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін
жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен,
оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен
танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының
құпияларын ұғу немесе соған байланысты
белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы
өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің
көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.
Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай,
хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған
ортаны тануға болатындығын мойындай
отырып, сонымен қатар таным қызметінің
мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша
танымның толық аяқталмайтындығын да
ескертеді. Ол мұның себебі материалдық
әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында,
бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды
көрдің, келісті керімдігіне және қандай
лайықты жарастықты законімен жаратылып,
оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің.
Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және
ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның
өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның
жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің
биік деңгейіне шыға алады. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын
тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы
жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында
«... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль
философиясына төтелей қатынасы бар, толып
жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы
ойшылдық пікірлері бар екені даусыз»
(Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.).
Абай шығармаларын зерттеуге арналған
еңбектер жеткілікті болғанымен, оның
философияның негізгі мәселелеріне байланысты
көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін
тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл
ақынның терең ойы мен дүниетанымының
ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей
келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті
мәселелері жөніндегі оның көзқарасының
күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде
қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде
қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің
алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның
идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына
айналды, «Абай философиясын» діншілдігі
басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның
жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек
болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ
ақыны Абайдың философиясы және оған сын.
«Советская степь», 1928,2тамыз). Көрнекті
мәдениет қайраткерлері мен жазушылар:
М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов,
С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық
мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан
қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының
қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп
жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды
мәнінде ең озық реалист-суреткер болды
және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз,
сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін
баға жетпес байлық болып табылады, тап
солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды
өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі»
(«Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек).
Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Европаның) филос. ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстіңде: «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы аса зор.
Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе елер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» туратын қара сезбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура. Бұл «Сездер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Бірқатар зерттеушілер философияның негізгі мәселесін шешуде «Абай теист болды» деген пікір айтады. Мыс., О. А. Сегізбаев «философиялық дүниетаным саласында ол тұтасымен деизм бағытын ұстады. Барлық деистер сияқты оның шығармаларынан материалистік бағдар мейлінше анық көрінеді» деп есептейді (Сегізбаев О. А. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм. - А. , 1973, 108-6.). Дегенмен, өзінің бұдан кейінгі зерттеулеріңде Сегізбаев: «Ыбырай Алтынсариннің, әсіресе, Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойындайды (С е г і з б а - ев О. А. Революцияға дейінгі Қазақстаңцағы қоғамдық ойдың материалистік және атеистік бағдарлары. Автореферат. Ташкент, 1979, 37-38-6.). Бұл еділ тұжырымдармен келіспеуге болмайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді. «Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде қарасөзбен жазылған «ойларынан» («Ғақлияларынан»), - деп жазды Әуезов, - Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың көз қарастарымен, олардың «Современник» беттерінде айтқан пікірлерімен жиі ұшырасамыз» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А. , 1961, 157-6.). Ұзақ жылдар бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демокр. көз қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген тұжырымды дәлелдеп шықты. Патриархалдық-феод. қазақ қоғамында өмір сүріп, аса күрделі де қайшылыққа толы жағдайда өлең жазған Абай мұрасын зерттеу барысында еткен ғасырлардағы ойшылдар шешкен мәселелердің шынайы мазмұнын анықтау онша жеңіл жұмыс еместігін есте ұстау керек, өйткені оларға идеологиялық тұрғыдан саяси логика. құрылымнан «берік сауыт киім» кигізілетін. Ойшыл-ақынның жеке шығармаларына ғана талдау жасамай, оның бүкіл әдеби мұрасының идеялық мазмұны мен ішкі логикасын тұтастай қарастыра қорытындылайтын болсақ, Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстады деп толық айтуымызға болады, осының езінен орыстың материалистік философиясының, ең алдымен Чернышевскийдің ықпалы айқын көрінеді. Рас «ақын Қазақстанның экономик. және мәдени мешеулігі жағдайында айқын да толық жетілген революциялық-демократиялық дүниетаным деңгейіне көтеріле алған жоқ, дегенмен ол ешқандай бұлталақсыз революцияшыл демократтарды жақтады» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. 210-6.). Абай филос. рационализм мен демократизм рухындағы езінің ең басты идеялық ұстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский көз қарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос. жүйелерге сын кезбен қарап, қорытынды жасайтын еңбектері арқылы Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен танысты. Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда болуы мәселесін «... дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем загонға қаратылып жаратылды», - деп түсінген. Атомистиканың кене заманнан бері материалистік дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, соңдай-ақ, атомизмнің дамуына зор үлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен таныс болғаны анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде өмір сүреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын себептілік байланысты, «әрбір істің себебін» тани білу қажет деп есептейді. Табиғат құбылыстарын тұрақты қозғалыста және даму үстінде, өзара байланысты және себептес деп қарастыратындықтан, ақын әлемнің бір орнында тұрмайтынын атап көрсетеді. Адамның өмірі мен қуаты да өзгеріссіз болмай тұрмайды. Абай әлемнің шексіздігін, қозғалыстың мәңгілігі мен қайталанбайтынын, тыныштықтың салыстырмалы түсінік екенін айқын түсіңді:
«Дүние - үлкен кел, :Заман - соққан жел, :Адуындағы толқын – ағалар :Артқы толқын - інілер, :Кезекпенен өлінер, :Баяғыдай керінер...»
Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді» (соңда, 142-6.). Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның қасиеті туралы ойын өрістете келіп: «Адам баласы екі нәрсеменен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба, кеппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - булар - кәсіби», - деп атап көрсетеді. Қ. Бейсембиев ақынның адам бойындағы туа бітетін «екі бастау» туралы тұжырымдарына «Абай дуализмге жол берді» деп есептеді («Қазақстандағы саяси-қоғамдық және философиялық ой тарихының очерктері». - А., 1976, 206- б.). Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты адам бойындағы заттық және рухани бастауларының бірлігін, адамның тұтастығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат етті. Ақын орыс ойшылдарының еңбектері мен өз қолына түскен жаратылыстану ғылымының деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан қарап, адамның «рухани қызметін» оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге түбірімен қайшы нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің ең басты принциптері «... шын мәнісінде бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -жасанды қарама-қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне қастықпен қарсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды жолмен өлшеу» (Г е р- ц е н А. И. Тандамапы философиялық шығармапары. -М. , 1948, т. 2, 113-6.). Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бүтіннің бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастығы, бірлік деп түсінді. «Бір» демеклік... алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін, - деп жазды Абай, - мүмкін аттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде не нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен құтылмайды». Әлемнің материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды.
Пайдаланған әдебиет