Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 13:58, реферат
Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Реферат
Тақырып аттары: Қаржы жүйесін ұйымдастыру.
Парманова Р. С.
Орындаған: Абукасымов Е.
Алматы 2012
Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.
Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржылық қатынастардың
нысандары мен ақшалай қорлары
басқарылатын материалдың объектіні
құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқ
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен аныкталады: қаржы, бір жагынан, өндірістік катынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді басқа жағынан, өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың зацнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді.
Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындарда жоғары разрядтың элементтері болады: қаржылық қатынастар, қаржылық қорлар, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар. Ол қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім - коғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
Бірінші қосапқы буында - материалдық өндіріс сферасы қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған акшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі. Бұл қосалқы буынның қаржысы ондірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға қаржылық тұтқалардың белсенді ықпалын қамтамасыз етеді. Бұған төменгі буындар мен олардың жоғарғы органдарын қамтитын мына құрамдастардың: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы шаруашылык шүргізуші субъектілерінің, құрылыстың, байланыстың (өндіріске қызмет көрсету бөлігінің), өндірістік кооперацияның, су шаруашылығының, геологиялық барлау ұйымдарының, материалдық-өндіріс сферасының басқа қосалқы салаларының (айнапыс сферасында өндіріс үдерісінің жалғасымен байланысты мемлекеттік сатып апулар, дайындау, сауда) қаржылары жатады.
Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен рөлі оның ұлттык табысты бөлу жэне пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы буында каржылык қатынастар оның бастапқы күрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. Өндірістік емес сфера салаларының қаржылары мынадай құрамдастарды кіріктіреді: тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың, халыққа қызмет көрсету, көлік, тұтыну кооперациясы, бірқатар сапалардың (байланыс және өндірістік емес қызмет бөлігіндегі басқалары) денсаулық сақтау және физкультура, білім беру, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, банк-кредит және сақтық ұйымдарының, коммерциялық және делдал ұйымдарының (соның ішінде тауар және қор биржаларының, брокерлік кеңселердің, қорлардың және т.б.), басқару органдарының, қорғаныс, құқық сақтауды қорғау органдарының қаржылары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қаржылық қатынастар түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастыру арқылы одан ары тұтыну мақсатында кұнды қайта бөлудің арналары бойынша бұрын жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай каражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салык төлейді, өндірістік жэне өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор жәнет.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақшалай қатынастарды қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді.
Сонымен бірге халықтың ақшалай қаражаттарының әрбір жеке жағдайда мақсатты бағыттылығының немесе жинақталуының мүмкін болатынымен және олардың иелері қаражаттарды өзінің ойынша басқарып ұйымдастыра алатынымен, халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің - қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешілігінде болады. Азаматтардың дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл буында кең қаржылық қатынастар пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының буынында пайда болатын қатынастарға ұксас болады.
Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақшалай қорлардың құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындары белуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны
өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына
сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық
бағыныштылығына қарай
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды.
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға кызмет ететін нактылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.