Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:17, реферат
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
1) Қаржы жүйесінің құрамы.
2) Мемлекеттік қаржылар.
3) Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.
4) Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.
5) Қаржы жүйесінің қағидаттары.
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші
Мемлекеттің қаржысы қаржы
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде
Қаржы жүйесінің функциялық
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық
Қаржы жүйесінің қағидаттары.
Қаржы жүйесі бірлігінің
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты
Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті
жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну
рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары
тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды
оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға
жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық
жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу
режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың
төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау,
коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің
барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды
индикативтік реттеу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников;
2) «Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ.