Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 11:31, контрольная работа
Қаржы нарығы — өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.
Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдардың мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы» Заңының (2003 ж. шілде) 1 бабына сәйкес қаржы нарығы: «қаржылық қызмет көрсету және тұтынуымен, сонымен бірге қаржы құралдарын шығаруы және айналысымен байланысты қатынастар жиынтығы».