Қаржы нарығының институционалдық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 22:16, реферат

Описание работы

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 316.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қаржы нарығының институционалдық құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 жыл

     Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

             Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.     Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма қол ақшаны ғана емес, сондай – ақ  қолма – қол  емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

            Қаржы нарығының құрылымын институционалды және функционалды тұрғыдан зерттеуге болады.

            Бүгінгі таңдағы қаржы нарығының институционалдық құрылымына биржалар, банктер, брокерлік фирмалар, инвестиялық фонд және т.б. Қазақстандағы қаржы нарығының институционалды құрылымын төмендегі кестелерден көруге болады:

 

          Жалпы қаржы нарығын бірнеше нарықтардың құрамдас бөлігінің жиынтығы деп аламыз. Оған несие нарығы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы жатады. Олардың әрқайсысының институционалдық құрылымы болады, енді соларға тоқталсақ.

          Несие нарығы - әртүрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан  және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен  байланысты болады. Несиелеу  механизмі – несиенің  берілу  және  қайтарылу әдіс-тәсілдерін және  несиелеу  процесін,  сондай-ақ  несиенің  қозғалысына  бақылауды  қамтитын  несиелік  механизмнің  құрамдас  бөлігі.

 

           Мұндағы ең маңызды элемент ретінде коммерциялық банктерді көрсетуге болады. Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы. Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр. Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

           Несие нарығында несиелер тек коммерциялық банктермен емес, сонымен бірге аранайы несиелеу ұйымдарымен де ұсынылуы мүмкін, олар қысқа мерзімге, кепілдікке алтын немесе көлікті талып ету сияқты шарттарын қояды.

           Депозит нарығында барлық депозиттік операциялар жүргізіледі. Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне — бұрынғыша несиелік ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту жатады. Оның институционалдық құрылымына келсек, депозит нарығының институционалдық құрылымына реттеуші бақылау органдары мен қатысушылары – шаруашылық субъектілері жатады. Бұл нарықтағы қаржы институттары салымдарды тарту арқылы өз шаруашылығын жүзеге асырады. Ұлттық банк ҚР несие жүйесінің ең жоғарғы буыны, ол барлық коммерциялық банктердің жұмысын қадағалайды. Сонымен бірге қаржы нарығын, соның ішінде депозит нарығын мемлекеттік тарапынан реттеу органы болып ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу агенствосы қызмет етеді.

           Негізгі депозит институттары болып коммерциялық банктер қызмет етеді. Олар негізгі қызметінің 80 %-ын тартылған қаражат арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге мұнда парабанктік жүйе ұйымдары да жатады.

           Жинақтаушы-депозиттік ұйымдар қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқарады. Олар пайда табу мақсатымен ресурстарды тартып, жинақтап, әр түрлі инвестициялық жобаларға бағыттауы мүмкін. Мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен салынатын салымдар.

 

         Сақтандыру нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

 

 

          Валюталық  нарық  уақытылы  есеп  айырысуларды жүзеге  асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық  операцияларға  қатысушылардың  валюталық  бағамдар  айырмасы  пайда  болуын, валюталық  тәуекелдердi  сақтандыруда  валюталық  бағамдарды  қатынас, валюталық  саясатты  жүргiзудi  қамтамасыз  ете отырып, iшкi  және  халықаралық  төлем  айналымына  қызмет  етедi . Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады.

               Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларына:

        Орталық банк

        Сауда банктері

        Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын

        Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары

        Валюталық биржалар

        Валюталық делдалдар

        Жеке тұлғалар жатады.

             Валюта нарығының қалыптасуында маңызды ролді брокерлік компаниялар атқарады. Негізінен, банкаралық нарық тікелей және брокерлік болып бөлінеді. Сондықтан, валюта нарығының институционалды құрылымында брокерлер маңызды болып келеді. Осы күнге дейін валюталық операциялардың 30% брокерлік фирмалар арқылы өтіп отырды. Брокерлер өздерінің  делдалдық қызметі үшін пайыздық өтемақы алып отырады. Валюталық операцияларды жүргізгендегі банкаралық байланыста электрондық құралдардың дамуы, брокерлердің ролін төмендетті. Алайда, әлі күнге дейін олар физикалық тұлғалар мен ұсақ кәсіпорындар операцияларында маңызды рол атқарып келеді.

              Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Ұлттық банк,

заңда көрсетілген мемлекеттік мекемелер мен валюталық бақылау агенттері жүзеге асырып отырады. Агенттерге құзыретті лицензиясы бар банктер мен мекемелер жатады. Бақылаушылар валюта нарығындағы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген ережелер мен талаптардың сәйкес жүргізілуін қадағалап отырады.

       

           Банк-кастодиан – клинттердің сеніп  тапсырған бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен  сақтау және есепке алу жөнінде қызмет көрсететін банк.

            Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйым -  мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

           Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу сатудың нақты объектісі ақшаның ролін шұғыл қажет етеді, ал қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Сондықтан қаржы нарығындағы институционалдық тұрғыдан қарағандағы элеметтерінің барлығы қаржы нарығының дамуына әсер етеді және оларды дамытудың маңызы зор.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Искаков У.М. Финансовые рынки и посредники.

2.      О. Баймұратов,  Қазақстан қаржы нарығы.

3.      Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп, 2008 жылғы желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қаржы нарығының институционалдық құрылымы