Қаржы нарығындағы валюта нарығының жаңалықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 04:52, реферат

Описание работы

Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Қазақстан Респ

Работа содержит 1 файл

Каржы нарыгы.docx

— 234.83 Кб (Скачать)

Қаржы нарығындағы  валюта нарығының жаңалықтары 

     Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып  алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

     Қазақстан Республикасының халықаралық  нарыққа шығуына кедергі жасап  тұрңан мәселелердің бірі –  теңгенің  айырбасталымдылығы. Бір  жағынан қазақстандық теңге бірнеше  валюталық шектеулері бар айырбасталатын  валюта болып саналады. Бірақ  бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік  валюта нарығының толық құқылы  қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

     Мемлекетіміздің ішкі валюталық  нарығы әлі қалыптасқан жоқ,  ол қалыптасу сатысында. Қазақстан  нарығының жастығынан кез келген  ірі қаржы институты, соның  ішінде шетелдік де, өзіне пайда  түсіре алды. Еліміздің коммерциялық  банктері сыртқы қарыздарын өтегенде  нарыққа валютаның айтарлықтай  қаражат көлемін шығарады, бұл  да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама  – қайшы  және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің  ішкі айырбасталымдылық жолына  тұруымен анықталады. Валютаны еркін  алып-сату отандық экономиканы  долларландыруға әкеліп соқты.  Қаржы нарығындағы болып жатқан  өзгерістер валюта нарығына тікелей  әсер етуде.

     Қаржы нарығы құнды қағаздар  айналысына байланысты экономикалық  қатынастар және мемлекеттің  бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды  бөлігі болып табылады және  тауар, ақша, несие, валюта, сақтық  және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен  байланысты болады. Қазіргі кезде  дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі  мен Жапония қаржы нарығының  ең үлкен қорларын иемденуде.  Қаржы нарығы біріне бірі байланысты  және бірін бірі толықтырып  тұратын, бірақ әрқайсысы өз  алдына қызмет жасайтын үш  нарықтан тұрады: қолма қол ақша  нарығы, несие капиталының нарығы  және бағалы қағаздар нарығы.

     Қаржы нарығының ұғымы көбінесе  кең түрде, оған ақша, несие,  валюта нарықтары қоса түсіндіріледі.  Қаржы нарығынан айырмашылығы  ақша нарығы төлем қаражаттарының  нарығы болып табылады, ол қолма  қол ақшаны ғана емес, сондай  – ақ  қолма – қол  емес  төлем қаражаттарының, оның ішінде  қысқа мерзімді банк несиесін  қамтиды.

     Несие нарығы банктердің орташа  және ұзақ мерзімді несие жөніндегі  банктік несие операцияларына  байланысты, бұған коммерциялық  несие де жатады.

     Қаржы нарығы негізінен ұзақ  мерзімді сипаттағы міндеттемелер  немесе куәліктер нарығы деп  те атайды. Ақша мен несие нарықтары  әдеттегідей айналым активтерінің  қозғалысына қызмет етеді. 

     Қызмет жағынан алғанда қаржы  нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату  арқылы халықтың уақытша бос  қаржысын жинап, қайта бөлуді  қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар  жүйесі.

    1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдігі;
    2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс риттеу; бұған қолма – қол  және қолма – қол  емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
    3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.

          Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары  мыналар болып табылады:

    1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
    2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.
    3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
    4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
 
 

Валюта нарығының  жаңалықтары 

"Қазақстандағы  валюта нарығындағы ахуал түбегейлі  тұрақтанды, тыныштанды. Айрықша атап  көрсететіндей алыпсатарлық шабуыл  болған жоқ", - деді Г. Марченко. 
Оның айтуынша, Ұлттық банктің валюта сатып алуы оңды ағымға саналады. "Жалпы алғанда, биржа мен банкаралық нарықты алып қарайтын болсақ, біз шамамен $150 млн сатып алдық. Яғни, өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басындағы ахуалмен салыстырғанда, Ұлттық банк валютаны үлкен көлемде сатқан болса, қазір біз сатып ала бастадық. Бұл ағым мамырда жалғасады", - деді Ұлттық банк басшысы.  
"Теңге шамалы нығая түсуде, ал біз шамалы көлемде сатып алудамыз. Біздің сатып алып жатқанымыздың өзі оңды фактор болып табылады, ал оған дейінгі бірнеше айда біз тек таза сатумен шұғылдандық. Біздің пікірімізше, бірақ қазір ең бастысы - біздің дұрыс дәлізді таңдап алғанымыз дәлелдене түсуде. 150 теңге деңгейі - дәліздің орта шені дұрыс таңдап алынған және ол нарықтағы жалпы ахуалға сәйкестендірілген", - деді Г. Марченко.  
Баспасөз баянына сәйкес, 2009 жылдың сәуір айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,15 - 151,08 теңге аралығында өзгерді. 2009 жылдың сәуірінде теңге 0,4%-ға нығайды (жылдың басынан бері 24,8%-ға құнсызданды) және айдың аяғында биржалық бағам 1 АҚШ доллары үшін 150,64 теңге болды.  
Ұлттық банк мәліметінше, сәуірде Қазақстан Қор биржасындағы операциялардың көлемі қосымша сауда-саттық мәмілелерін ескергенде 2009 жылдың наурыз айындағымен салыстырғанда 47,1%-ға азайып, $2,5 млрд (жыл басынан бері - $23,0 млрд) құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 0,9%-ға азайып, $2,9 млрд (жыл басынан бері - $23,0 млрд) болды.

Ұлттық банк биыл валюта дәлізін кеңейткен болатын. Осылайша, әр АҚШ долларының 150 теңгеден қалыптасқан бағамын өзгерткен еді. Енді теңгенің долларға шаққандағы құны өсімі бойынша 165 теңгені құрайды. Ал төмендеу көрсеткіші 127,5 теңгеге жетеді. 
Ұлттық банктің ақшалық-несие саясаты қазір инфляция деңгейін 6-8 пайыз мөлшерінде ұстап тұруға бағытталып отыр. Мамандардың дәлелінше, еуро мен доллардың төмендеу курсына әлемдік нарықтағы ахуалдың ықпалы мол.
 

Евро  мен Доллардың көрсеткіші 1,3750 

 

Информация о работе Қаржы нарығындағы валюта нарығының жаңалықтары