Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа
Мен осы курстық жұмысымда қаржы нарығының құрылымын, түрлерін, сонымен қатар, қаржы нарығының жұмыс істеуінің алғы шарттарын, бағалы қағаздар нарығын, қор биржасының құрылымына, түрлеріне, анықтамасына әлемдік қаржы нарығына кеңінен тоқталамын.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Қаржы нарығы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ........................................................................4
1.2. Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні ...................................7
1.3. Қаржы нарығы құрлымы, түрлері ..................................................................9
1.4. Қаржы нарығының қалыптасуы …………………………………………...12
ІІ. Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері
2.1. Құнды қағаздардың маңызы, түрлері ..........................................................17
2.2. Құнды қағаздар нарығының құрылымы ......................................................20
2.3. Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні …………...23
ІІІ. Әлемдік қаржы нарығы
3.1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы ....................................................25
3.2. Халықаралық несие қатынастарының нысандары..................................28
Қорытынды .........................................................................................................31
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................32
3.2. Халықаралық несие қатынастарының нысандары
Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ 60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.
Батыс Еуропа елдерінде мемлекет
дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі
ретінде рөл атқарады. АҚШ пен
Жапония қазіргі уақытта
Мемлекет тарапынан
Мемлекет сыртқа тауар шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден әкелетін тауарлардың бағаларын арзандатуға, сонымен бірге сол тауарлардың сауда жүйесінде бәсекелестік қабілетін- өтімділігін арттыруға ықпал жасады. Өйткені халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен тауар жанама салықтан босатылуы керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын талаптарға баса назар аудару негізінде орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді. [9]
Сыртқы рынокта
Ол банктер сыртқы сауда қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге несие берумен шұғылданды. Осы банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония және басқа елдерде де құрылған.
Экономикалық салада халықаралық несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан нысандары бар. Атап айтқанда:
-банктердің шетелдермен байланысы қызметінің шеңберін шектей білу
-ішкі және сыртқы қарым-
-ұлттық банктің халықаралық
банк консрциумдарымен қарым-
Экспорттық несие берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады. [10]
Экспорттық несиенің жалпы көлемі мемлекттердің инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/ доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды.
Бірақ 80-жылдардың ортасында
мұнайдың бағасы халықаралық саудада
арзандап, оны сатудан алынатын қаржы
мөлшері де азайды. Осының салдарынан
Батыс елдерінде қарыз
Қорытынды
Қорыта келгенде менің бұл курстық жұмысым 3 тараудан тұрады. Мен бұл тарауларда Қазақстан мен әлемдік қаржы нарықтарын талқыладым. 1 – тарауда мен қаржы нарығы туралы жаздым. Бұл тарау 4 бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде мен қаржының мазмұны мен мәнін, мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәнін, қаржы нарығының құрлымын, түрлерін, қаржы нарығының қалыптасуын талқыладым. Ал 2 – тарау 3 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері талқыланды. Яғни құнды қағаздардың маңызы, түрлері, құнды қағаздар нарығының құрылымы, құнды қағаздар субьектілерінің (қатысушыларының) мәні қарастырылды. Ал енді 3 бөлімге келетін болсақ, бұл тарау 2 бөлімнен тұрды. Бұнда мен әлемдік қаржы нарығы талқыланды.
Сонымен, қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Менің ойымша менің осы таңдаған тақырыбым арқылы қазіргі таңдағы Қазақстан қаржы нарығы мен әлемдік қаржы нарықтарын біліп, салыстыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: