Қаржы нарығы және делдалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:15, лекция

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Тақырыптар, және олардын мазмуны
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
Тақырып 2. Капитал нарығы
1 Капитал нарығы түралы түсінік.
2.Жай акциялар. Облигациялар. Вексельдер
3 Капитл нарығының қатысушылары.
Тақырып 3. Ақша нарығы
1Ақша және ақша нарығы туралы түсінік
2 Қысқа мерзімді қазыналық вексельдер және оларға мінездеме.
3 Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері.
Тақырып 4 Валюталық нарықтар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Тақырып 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы
1 Туынды бағалы қағаздар туралы түсінік
2 Форвардтық, опциондық, фьючерстік келісімдер
3 Туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың ерекшеліктері
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3 Әлемдік ақша орталықтары.
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
Тақырып 8 Зейнетақы қорлары
1Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорын дамытудың проблемалары
Тақырып 9 Сақтандыру компаниялары
1Сақтандырудың экономикалық мәні.
2 Сақтандырудың жіктелуі
3 Сақтандыру компаниясының комерциялық қызметі
Тақырып 10 Инвестициялық компаниялар және қорлар
1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың күрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың экономикадақы ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар коржыны (портфелі)

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерлер,дилерлержәне трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер,фъючестік контрактілер және опциондар

Тақырып 11 Қаржы нарығындағы брокерлік-дилерлік қызмет
1 Қор нарығындағы кәсіби қызмет
2 Брокерле, диллерлер және трейдерлер
3 Биржалық мәмілелер, фьючерсті келісімдер және опциондар
Тақырып 12 Қазақстан Республикасының Үлттық банкі –қаржы нарығын реттеуші орган
1 Үлттық банктің қызметтері, өкілеттілігі және міндеттері
2 Реттеуші органның негізгі қызметтері : бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуын қамтамасыз ету
3 Заңдар, нормативтік актілер және нүсқауларды дайындауға қатысу
Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар
1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымдарының ролі
2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі
3 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емесзейнетақы қорлардың брокер-дилердің,тіркеушілердің ассоциациялары
Тақырып 14 Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвистициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 787.50 Кб (Скачать)

Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама алу үшін фирма:

1.      29, 350 доллар кіру жарнасын және әрбір жеке акция бойынша қосымша төлем төлейді.

2.      Жыл сайын айналмға алынған акциялардың санына қарй биржаның бағдарламалық қызметі үшін 11, 750 –58, 700 долларға дейін комиссиялық төлем төлейді. 1982 жылдан бастап жоғарыдағылардан басқа тағы қосымша талаптар анықталған. Олар:

3.      Компанияның әрбіреуіне 100-ден кем емес акциялары бар 2 мың акционері болуы қажет.

4.      Компания жеке акционерлер иелік ететін 1 млн қарапайым акцияны айналмға шығаруға міндетті.

5.      Инвесторлардың қолындағы акциялардың нарықтық құны 16 млн доллордан кем болмау қажет.

6.      Соңғы екі жылда компанияның жылдық табысы 2,5 млн доллардан кем болмауы қажет.

7.      Компанияның мүлкі 16 млн доллардан кем болмауы қажет.

Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.

Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс  айналымда да болады.

Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.

Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды.

Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:

1.      тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;

2.      сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;

3.      іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:

1.      құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.

2.      Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.

3.      Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.

4.      Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.

Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.

Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор биржасында айналатын өнеркәсіп және транспорт акциялары бойынша есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.

              Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс»  газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша

Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.

              Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.

Қор индекстері нарық жағдайына жалпы суреттемесін береді, сонымен бірге олар экономикалық болжамдар жасау үшін де қолданылады.

       Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың кесімді бағасының құндық өлшеміне күміс жүрді.

       Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.

       Биржаның басқару органдары:биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы;байқаушы орган – биржа кеңесі;орындаушы орган – басқарма;бақылаушы орган – түгендеу комиссиясы.

Құнды қағаздар  субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні неде ?

              Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

              Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздар ға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

              Мемлекеттік Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс қимыл жасайды.               Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.

              Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары - бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар  заңды тұлғалар.

              Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.

              Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

              Брокер - сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен, жасалатын мәмілелерді жүзіге асыруші делдал. Өз клиенттерін бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты үстаушы ретінде болу мүмкін.

              Диллер - бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.

              Костодиан - клиенттерін сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау және осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретінде қызметі және басқа қызметтер көрсету міндеттірін жүзеге асырады.

              Бағалы қағаздар дипозитарийі - бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды биматериаландыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.

              Орталық дипозитарий - комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құралады. Орталық дипозитарий алатын пайда оған қатысушылар арасында бөлініске салынбайды, ал техникалық дамуына жұмсалады. Орталық дипозийтаридің клиенттері брокер-диллерлер мен костодиандар болып табылады.

              Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді

              Өзін-өзі реттейтін ұйымдар комерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларына қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізігі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыногтегі қызмет ету ұдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және оларын сақталуын бақылау болып табылады.

              Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастырды реттеудін жұне қадағалау тиімдіігін арттырудың бір тұтас жүйесін ұймдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногің мемелекеттік реттеудін бір ынғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, №872) қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметің реттеу жөніндегі комитетінің функцияларымен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.

              Еліміздің есептік төлем балансың неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері - Төлем балансы мен валюталық реттеу департтаментің және Ұлттық банк басшылығының қызметің қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған.               Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметің мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бір түтас жұйесіне кезең кезені мен көшу қамтамасыз етілуі тиіс

Негізгі терминдер :

Капитал нарығы

Акция сертификаты

Инвесторлар

Эмитентер

Брокер

Диллер

Костодиан

Адеррайтер

 

Бақылау сұрақтары׃

Капитал дегеніміз не ?

Капитал нарығы деп нені айтамыз?

Капитал нарығының құралдары қандай ?

Капитал нарығының ақша  нарығының айырмашылығы  неде ?

Несиенің айырмашылығы неде ?

Несиенің эканомикалық категория болу себебі неге байланысты?

Акция мен облигацияның айырмашылығы неде?

Акцияның қандай түрлері бар?

Облигацияның қандай түрлері бар

 

Әдебиеттер:

1.Ілиясов Қ.Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы : Оқулық – Алматы : 2003.,  387-402 бет.

2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы  Алматы : Қазұлтагру, 2001., 13-15 бет.

3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002.,

95-106 бет

 

Тақырып 3   Ақша  нарығы.

1.Ақша және ақша  нарығы  туралы  түсінік.

2.Ақша  нарығының  құралдары.

3.Банктік   акцептер  және  оның  ерекшеліктері.

5.Коммерциялық  вексельдер.

4.Қысқа  мерзімдік  қазыналық  вексельдер.

6.Жай  және  аударма  вексельдер.

7.Депозиттік  сертификаттардың   түрлері   және  олардың   шығару  ерекшеліктері.

 

Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай?

                  Ақша  дегеніміз- тауардың  жалпы  эквивалентінің  жинақталған  түрі,    құнның  эквиваленттік  формасы  мен  тұтыну  құны  біте  қайнасқан  ерекше  тауар.  Ақшаның  қоғамдық  мәнін  К Маркс «  Жеке  адам » өзінің  қоғамдық  билігінде  қоғаммен  байланысын  да  өзінің  қалтасына  салып  жүреді   деген  афоризммен  сипаттады .  Ол  мынадан  айқын  көрінеді:

     Тек  ақшаға  айырбастау  арқылы  ғана  тауарлар  қоғамдық  еңбектің  нәтижесі  екенін  анықтауға  болады   М : А-Т-А

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар