қаржы нарығы делдал

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:21, лекция

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.docx

— 48.43 Кб (Скачать)

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерлі қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

 Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.Демек,экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны болып табылады.

 Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

 а) елдің дамуының әрбір нақты кезңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғурлым мүмкін болатын көлемін қамтамасыз ету;

 ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында үтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

 б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

 Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

 Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

 Қаржы тактикасы қаржы байланыстыратын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.

 Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай ?

 Қаржы саясатының қағидаттары келесі :

 қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

 қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

 қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

 қаржы резервтерін жасау;

 қаржы механизмінің дүрыс қүрылуын қамтамасыз ету;

 салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;

 негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

 қаржы және кредит- ақша саясатының тепе-тендігі.

 Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады :

 объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

 нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

 өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

 Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады..

 Негізгі терминдер  :

 Қаржы

 Қаржы ресурстары

 Қаржы қорлары

 Қаржы саясаты

 Қаржы стратегиясы

 Қаржы тактикасы

 Қаржы механизмі 

 Әдебиеттер :

 Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.

 Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.

 Финансы в вопросах  и ответах : Учеб. Пособие Под.  Ред. д.э.н . проф. Иванова,

 д.э.н . проф. В.В.  Ковалева М: 2003 – 272 с.

1.Бақылау сұақтары :

1.Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған ?

2.Қаржының экономикалық категория болу себебі неге байланысты ?

3.Қаржының өзгеше белгілері қандай ?

4.Қаржының объективті қажеттігі неде ?

5.Қаржы қандай функцияларды орындайды ?

6.Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?

Информация о работе қаржы нарығы делдал