Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 20:19, реферат

Описание работы

Несиелік серіктестіктер
Қаржылық компаниялар
Ломбардтар және олардың қызметі

Работа содержит 1 файл

Тақырып 11.doc

— 63.00 Кб (Скачать)

Тақырып 11. Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар

    1. Несиелік серіктестіктер
    2. Қаржылық компаниялар
    3. Ломбардтар және олардың қызметі

 

10.1. Несиелік серіктестіктер

Экономиканың жекелеген  салаларында қызмет ететін қаржы  институттарына несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар және т.б. жатады.

Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субьектілерін  қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету  мақсатында құрылған банк болып табылмайтын  заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуге елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Имұндай мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субьектілеріне немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге мүмкіндіктері бар.

Құрылтайшылық келісімшарт  негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зияндар тәуекелін көтереді.

Несиелік серіктестік  өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының  міндеттері бойынша жауап бермейді.

Ол коммерциялық ұйым бола отырып,  Қазақстан Республикасының  Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды  реттеу және қадағалау жөніндегі  агенттігінің лицензиясы негізінде  жекелеген банктік және басқа  да операцияларды орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады, және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тиым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісімшарт және жарғы болып табылады.

Құрылтайшылық келісімшартта  ҚР заң актілерімен қарастырылған  мәліметтерден басқа мыналар  болуы керек:

    • серіктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз шамадағы көлемі;
    • қатысушылардың міндетті төлемдері төлеу шарттары және тәртіптері;
    • таза табысты бөлу тәртібі;

Жарғыда ҚР заң актілерімен  қарастырылған мәліметтерден басқа  мыналар болуы керек:

    • фирманың атауы және орналасқан жері;
    • қатысушылардың міндеттері және құқықтары;
    • қатысудың шарты және тәртібі;
    • жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;
    • қатысушылардың қосымша жарналарын төлеу шарты және тәртібі;
    • несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім қабылдау тәртібі, соның ішінде, қатысушылардың жалпы жиналысында бар және ұсынылған қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет сұрақтар бойынша ережелер;
    • несиелік серіктестіктің органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу;
    • ақшаны орналастыру тәртібі;
    • жарғыға өзгертулер және толықтыруларды енгізу тәртібі;
    • резервтік капиталды қолдану және қалыптастыру тәртібі.

Несиелік серіктестік  Агенттікке өзінің жарғысына енгізген толықтырулар мен өзгертулер туралы оны қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде хабарлауы қажет.

Әлемдік тәжірибеде несиелік серіктестіктердің қызметтерінің  басталуы 1900  жылдарға жатқызылады. Бұл кезеңде коммерциялық банктер жеке тұлғаларға толық қамтамасыз етілмеген аз ғана несиені беруге де аса қызығушылықтары болған жоқ.

Несиелік серіктестіктің қатысушылары мынадай әрекеттерге  құқылы:

    • оның қызметтерін пайдалануға;
    • басқару ісіне қатысуға;
    • несиелік серіктестіктердің органдарын сайлау және сайланбалы  болуға;
    • серіктестіктің қызметінен табыс алуға;
    • құрылтайшылық құжаттар және қолданыстағы заңға сәйкес несиелік серіктестіктерден табыс алуға;
    • қолданыстағы заңмен және несиелік қатынастың жарғысымен қарастырылған тәртіпке қатысуға тиым салуға;
    • несиелік серіктестіктің жарғысымен қарастырылған тәртіпте оның бухгалтерлік және басқа да құжаттарынан оның қызметі туралы ақпарат алуға.

Қатысушылардың ҚР заң  актілері және жарғылық құжаттарында қарастырылған басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Несиелік серіктестіктерге қатысушылық мынадай жағдайларда  тоқтатылады:

    • өз еркімен шығу;
    • өз үлесін несиелік серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші тұлғаға беруі;
    • несиелік серіктестіктердің талабы бойынша қатысушылар қатарынан шығу;
    • несиелік серіктестіктің қызметінің тоқтауы;
    • ҚР заңдарымен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Несиелік серіктестіктен ерікті түрде шығу туралы өтініш басқармаға берілуі керек, ол өтінішті берілген күннен бастап 1 ай ішінде қарастыруы керек және серіктестіктің жалпы жиналысында қорытынды шығаруы тиіс.

Несиелік серіктестіктердің  ұйымдастырушылық құрылымын мынадай  түрде ұсынуға болады:

Серіктестіктің 1 мүшесі =1 дауыс


 


 

 

 

 

 

 

 

Несиелік серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы

 

Несиелік серіктестіктің органдарына мыналар жатады:

      • жоғарғы орган – несиелік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы;
      • атқарушы орган – басқарма;
      • бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.

Қадағалау кеңесін құруды несиелік серіктестіктің жарғысы қарастыруы мүмкін.

Несиелік серіктестікке  қатысушылардың жалпы жиналысының  ерекше компетенциясына мынадай  ішкі ережелерді және басқа да құжаттарды бекіту жатады:

    • қызметтің бағыты;
    • несиелік және инвестициялық саясат;
    • басқарма мүшелерінің, ревизиялық комиссияның және басқа да қызметкерлердің еңбекақылары көлемін анықтау;
    • қатысушылардың қосымша жарналарды беру тәртібін бекіту;
    • активтерді есептен шығару тәртібі;
    • несиелік серіктестікке қатысушыларды қабылдау және шағарып тастау;
    • жылдық шығындар және кірістер сметасын және оның орындалуының есебін бекіту;
    • есеп саясатын қалыптастыру;
    • жылдық қаржылық есеп беруді бекіту және т.б.

10.2.Қаржылық компаниялар

Қаржы нарығындағы үлкен  бөлікті әр түрлі қаржылық компаниялар  алады. Олар коммерциялық банктерден қол  жетерлік және арзан несие ала алмайтын жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сонымен қатар лизингтік несиелерді беруге негізделеді.

Көбіне қаржылық компаниялар  несиелерді жоғары деңгейлі тәуекелмен береді. Бұл ұйымдардың қаражаттары  банктік несиелер есебінен, коммерциялық қағаздарды сатудан, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерді эмиссиялау есебінен қалыптастырылады. Олардың капиталының негізгі бөлігі – қарыз қаражаттары. Олардың меншік капиталына деген арақатынасы 10/1. Қаржылық компаниялардың көптеген депозиттік институттардан айырмашылығы – олар ұсақ депозиттерді тартпайды.

Қаржылық компаниялардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы  әр түрлі болуы мүмкін: жеке меншік құқығындағы корпорациялар, ашық акционерлік  қоғамдар, сонымен қатар еншілес  кәсіпорындар, толығымен өндірушілер, коммерциялық банктердің холдингтік компаниялары, өмірді сақтандыру бойынша компаниялар немесе басқа да корпоративті меншік иелері толық ие болатын кәсіпорындар.

Қаржылық компанияларды  былайша бөлуге болады:

    • тұтынушылық несиелеумен айналысатын, мысалы шағын ссудалар;
    • кәсіпорындарды несиелеумен айналысатын;
    • факторингтік;
    • лизингтік;
    • ипотекалық;
    • инвестициялық компаниялар;
    • алғашқы ұйымның өнімдерін сатып алуды қаржыландырумен айналысатын;
    • «кэптивтік» компаниялар;
    • форфейтингті және т.б.

Факторингтік  компаниялар коммерциялық банктердің холдингтік компанияларының еншілес кәсіпорындарын білдіреді және фактура-шоттарды сатып алу мен дебиторлық қарыздар бойынша төлемдерді жинау арқылы өз клиенттеріне «несие береді».

Лизингтік компаниялар машиналарды, жабдықтарды әрі қарай сатып алу мүмкіндігі арқылы жалға берумен айналысады. Яғни, қымбат тұратын жабдықты сатып алуға жеткілікті ақшасы жоқ, шаруашылық жүргізуші субьекті сол жабдықтың меншік иесі болмаса да, оны өз мақсаттарына пайдалана алады және оның құнын амортизацияны есептей отырып, біртіндеп төлей алады.

Ипотекалықтар жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы кішігірім көлемдегі несиелер береді. Олардың клиенттері тиісті несиелерді банктерден алуға мүмкіндіктері жоқ жеке тұлғалар болып табылады.

«Кэптивтік» деп бөлшек сауданың басты қатысушылары мен автокөлік өндірушілерінің бақылауындағы және өздерінің туған фирмаларының өнімдерін сатуды қаржыландыруға көмектесетін қаржылық сауда компаниялары аталады.

Инвестициялық компаниялар – бұл қаржылық ресурстарға мұқтаж үкіметтік органдар мен жеке фирмалардың нарыққа қарыздық міндеттемелерінің және акцияларының жаңа шығарылымдарын шығарумен айналысатын фирмалар. Осының бәріне қоса, бұл компаниялар бағалы қағаздарды сатуды аяқтағаннан кейін брокерлер мен дилерлер ретінде қайталамалы нарықты құрады. Бағалы қағаздарды тарату жариялық (андеррайтинг) ұсыныс түрінде немесе жеке тарату түрінде жүргізілуі мүмкін.

10.3.Ломбардтар және олардың қызметі

Ломбард дегеніміз  – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның және ҚР Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болған кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды  тұлғаны,   коммерциялық ұйымды білдіреді. Ломбард мынадай операциялармен айналыса алады:

    • ломбардтық операциялар: депозитке салынған, жеңіл сатылатын бағалы қағаздарды және басқа да жылжитын мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несие беру;
    • лизингтік қызмет;
    • бағалы металдары мен тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
    • сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді кепілге қоюмен қоса, құжаттық түрде шығарылатын бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Ломбардтық, лизингтік  операцияларды, бағалы металдары мен  асыл тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды  жүргізуге арналған лицензия ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігімен беріледі.

Сейфтік операцияларды  жүргізуге арналған лицензияны белгіленген  формада және тек Агенттіктің  лицензиясы болған кезде ғана ҚР Ұлттық банк береді.

Ломбардтар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құрып атқара алады. Ломбардтың толық атауында міндетті түрде «ломбард» сөзі болуы тиіс. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар – ҚР резиденттері және резидент еместері бола алады.

Ломбардты ашуға рұқсатты алу үшін Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    • ашуға рұқсат беру туралы өтініш;
    • құрылатын ломбардтың құрылтай құжаттарының нотариалдық түрде куәландырылған үш данасы: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай шарты (бар болса) және жарғысы.

Егер де құрылтай құжаттарында өзгертулер мен толықтырулар туындаса, онда олар алдын ала Агенттікпен  келісулері керек.

Құрылтай құжаттары  ҚР қолданысындағы заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда ломбардты  ашуға рұқсат берілмейді.

Агенттік төмендегі негіздердің кез келгені болған жағдайда ломбардты ашуға рұқсат беруден бас тарта алады:

    • заңды тұлғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап негізге алынуы мүмкін мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
    • заңды тұлғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап алты ай ішінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алмаған жағдайда.

Информация о работе Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар